"Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 1152 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

"Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық
дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір
жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958
Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада:
      «Бағдарламаның мақсаты, басымдықтары, міндеттері мен принциптері» деген бөлім:
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «білім - ғылым - инновация - білікті кадрларды даярлау, ғылым жетістіктері, нарықта сұранысқа ие инновациялық технологиялар мен өнімдердің жаңа түрлерін жасау арасындағы өзара тығыз байланысты қамтамасыз ету үшін базалық құрамдауыш.»;
      «Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары» деген бөлімде:
      «1. Экономиканы әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттігінің өсуін қамтамасыз ететін басым секторларын дамыту» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Экономиканы әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттігінің өсуін қамтамасыз ететін басым секторларын дамыту
      Алдағы кезеңде индустрияландыру саясаты индустриялық-инновациялық үдерістердің жеделдетушісіне айналатын «дәстүрлі мамандандыру» салаларын дамыту арқылы шикізаттық емес басым секторларды озыңқы дамытуға бағытталатын болады.
      Мемлекеттің күш-жігері экономиканың мынадай басым секторларын дамытуға шоғырландырылады:
      1) дәстүрлі: мұнай-газ секторы, тау-кен металлургия кешені, шикізат өндірістерін кейіннен анағұрлым жоғары қайта бөлулерге ауыстыратын атом және химия өнеркәсібі;
      2) жер қойнауын пайдаланушылар, ұлттық компаниялар және мемлекет сұранысына негізделген: машина жасау, құрылыс индустриясы, фармацевтика;
      3) шикізаттық сектормен байланыстырылмаған және негізінен экспортқа бағдарланған өндірістер: агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл өнеркәсіп, туризм;
      4) келесі 15-20 жылда әлемдік экономикада үстем рөлге ие болатын «болашақ экономикасының» секторлары: ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар, баламалы энергетика, ғарыш қызметі.
      Көрсетілген секторлардың тізбесі толық емес әрі Бағдарламаны іске асыру барысында толықтырылып отырады.
      Жоғарыда көрсетілген басым бағыттардың өзектілігі 2010 - 2011 жылдары КИСТЕП Корея ғылым мен технологияларды бағалау және жоспарлау институтының әдіснамалық қолдауымен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жүргізген алғашқы ғылыми-технологиялық форсайт нәтижелерімен расталды. Айталық, технологиялық болжау қорытындылары бойынша экономиканың басым 7 саласы (тау-кен металлургия кешені, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, химия өнеркәсібі, мұнай-газ секторы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, машина жасау) бойынша Қазақстан үшін сындарлы 75 технологиядан тұратын тізбе айқындалды.
      Бұдан басқа, энергия тиімділігі технологиялары және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар салааралық сипаттағы технологияларға жатқызылған, оларды дамыту орталық және жергілікті атқарушы органдар үшін басымдыққа айналуға тиіс.
      Форсайтты зерттеулердің келесі кезеңінде сындарлы технологияларды дамыту мақсатында мемлекеттің, бизнес пен ғылымның өзара іс-қимыл жасауына негізделген түйінді өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді алу мақсатында сындарлы технологияларды дамыту бойынша тетіктер мен шаралар кешенін жүйелеуді көздейтін нысаналы технологиялық бағдарламалар (бұдан әрі - НТБ) әзірленіп, іске асырылатын болады. НТБ ғылыми-технологиялық саладағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің пәрменді тетігі болып табылады деп болжануда. Ұзақ мерзімді перспективада олар экономиканың түрлі секторларының бәсекеге қабілеттілігін күшейтуде оң рөл атқара алады.
      Бағдарламаны іске асыру кезінде әлемдік қоғамдастықтың үшінші индустриялық төңкеріске аяқ басқанын ескеру қажет, оның сипаттамаларының бірі сұраныстың кастомизациялануы (өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді нақты тұтынушының мүддесі мен талаптарын ескере отырып өндіру), тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірісінде жеке тәсілді қолдану болып табылады, бұл жұмыс күшіне, өндірістің орналастырылуына және ұйымдастырылуына қойылатын талаптарда елеулі із қалдыруға тиіс.
      Үшінші өнеркәсіптік төңкерістің негізгі 4 тренді ерекшеленеді:
      1) автоматтандыру, өндірістерді цифрландыру (ақпаратты берудің аналогтық нысанынан цифрлық нысанға ауысу) және робот техникасы;
      2) жаңа материалдар;
      3) жаңа буын логистикасы;
      4) «жасыл» технологиялар.
      Сонымен қатар, индустриялық-инновациялық саясат үшінші индустриялық төңкерістің негіз қалаушы мынадай талаптарына жауап беруі тиіс:
      1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігі технологияларын, энергия тұтынуды және қоршаған ортаға шығарындыларды азайтуды қамтамасыз ететін жаңартылатын энергия көздерін дамыту, сондай-ақ энергетикалық тәуелсіздікке көшу (яғни, электр энергиясын дербес өндіру);
      2) басқару жүйелерін автоматтандыру, роботтандырылған өндірістер құру, басып шығарудың 3D технологияларын қолдану есебінен өндірістердің икемділігіне қол жеткізу. Бұл орташа және ұсақ сериялы өндіріс шеңберінде жаңа өнімдер өндіруге және тауарларды тапсырыс бойынша жылдам өткізуге арналған технологиялық процестердің ұтқырлығын қамтамасыз етуге ықпал етеді;
      3) интернет мүмкіндіктерін кең ауқымда қолдануды қамтамасыз ететін ақпараттық қоғам қалыптастыру;
      4) өндіріс үшін мүлдем өзгеше мүмкіндіктерге ие және артықшылықты бірқатар сапалары (жоғары беріктік, жеңілдік, әмбебаптық, неғүрлым төмен құн) бар композитті материалдар, нанотехнологиялар сияқты жаңа материалдарды дамыту.
      Жоғарыда келтірілген басым бағыттарды іске асыру мақсатында оларды іске асыру кезіндегі негізгі проблемалар анықталып, технологияларды пайдаланудың перспективалылығына талдау жүргізілетін болады, технологияларды тұтынушыларды оқыту, ынталандыру, отандық қызметкерлерді осы технологиялармен жұмыс істеуге бейімдеу бойынша іс-шаралар жүзеге асырылады, сондай-ақ зерттеу орталықтарын, оқу зертханаларын, ірі көлемді инновациялық жобаларды құру бойынша іс-шаралар іске асырылады.
      Экономиканы ойдағыдай әртараптандыру республиканың орнықты дамуымен, оның ішінде орнықты дамуды басқару жүйесін оңтайландыру және төмен көміртекті экономиканың «жасыл» саясатын енгізу жолымен, инвестициялар тарту, экологиялық проблемаларды шешу, табиғат экожүйелеріне антропогендік жүктеменің келеңсіз әсерін төмендету, қоршаған ортаға эмиссияларды азайту бойынша табиғатты пайдаланушылардың жауапкершілігін күшейту, қалдықтарды кешенді қайта өңдеу арқылы дамуымен тығыз байланысты.
      Экономиканы әртараптандыруды жеделдету процесінде мемлекет тиімсіз жобаларды іске асыруға қарсы тұратын болады, сондықтан қолдау үшін жобаларды таңдаудың негізгі критерийлері өнімділік, энергия тиімділігі және ең алдымен, Кеден одағының әлеуетін іске асыру мүмкіндігімен байланысты экспортқа бағдарлану болып табылады.
      Индустриялық саясат өндірістік интеграция мен өнеркәсіптік кооперациядағы кәсіпорындардың бәсекелестік артықшылықтарын нысаналы қолдануға бағдарланатын болады, олардың нәтижесінде жаңа буын кластерлері қалыптасуы мүмкін. Ғылыми, технологиялық және маркетингтік қызмет салаларындағы әлемдік көшбасшылармен ынтымақтастықтың нәтижесі отандық кәсіпорындарға ғылыми-зерттеу және технологиялық әлеует деңгейін арттыруға технологиялардың қолданыстағыларының трансфертіне және жаңаларын жасауға ықпал етуге мүмкіндік береді.
      Бұдан басқа, трансфертке және озық технологияларды енгізу, қажетті ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын дамыту және отандық компаниялардың инновациялық қызметіне жағдай жасау мен оларды ынталандыруды қамтитын қолайлы «инновациялық климат» қалыптастыру базасын қамтамасыз ету қажеттілігі бар.
      Осыған байланысты, технологиялар трансферті негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады:
      Шетелдік технологияларға қолжетімділікті қамтамасыз ету. Өнеркәсіптің қажеттілігін анықтау мақсатында бастапқыда нарықты талдауды жүзеге асыру жөніндегі мәселелер, елдегі қандай да бір технологияларды қолдану және бейімдеу мүмкіндіктері, оның ішінде форсайттық зерттеулер шеңберінде пысықталатын болады. «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы арқылы алынған нәтижелердің негізінде шетелдік технологиялардың дерекқорларына жол ашу, байланысты жолға қоюға, технологиялар трансфертін, оның ішінде нысаналы технологиялық бағдарламалар арқылы қолдау көрсету бағдарламасы іске асырылатын болады. Өз кезегінде, осы жұмысты атқару отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін арттыруға ықпал ететін болады.
      Технологиялар трансферті желісін құру. Атап айтқанда, АҚШ және басқа да елдермен бірлесіп, технологиялар трансферті орталықтарын құру жөніндегі мәселелер пысықталатын болады. Мұндай орталықтар отандық кәсіпорындардың әлемдік қазіргі заманғы технологияларға және керісінше шетелдік перспективалы әзірлемелердің отандық нарыққа қол жеткізуіндегі байланыстырушы буын, сондай-ақ қазақстандық бизнестің жетекші «коммуникация нүктелері» әрі идеялардың негізгі генераторы болмақ. Технологиялар трансфертінің бірлескен халықаралық орталықтары отандық кәсіпорындарға шетелде технологиялық әріптестер мен технологияларды іздеуді, сондай-ақ қазақстандық стартаптарды алға жылжытуды жүзеге асыратын болады.
      Отандық технологиялар мен ғылыми әзірлемелерді әлемдік технологиялық нарыққа шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Ол үшін «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы үздік отандық технологиялық стартаптарды кейіннен шет елдерге жылжыту үшін оларды іріктеу жөніндегі бағдарлама, оның ішінде тағылымдамалар, оқытулар ұйымдастыру, консалтингтік қызметтерге ақы төлеу, сондай-ақ жетекші әлемдік бизнес-акселераторлармен ынтымақтастық арқылы іске асырады.»;
      «1.1 «Дәстүрлі индустриялардағы» өндірісті әртараптандыру» деген тарауда:
      «Мұнай-газ секторы» деген параграфта:
      «Саланы дамытудың негізгі бағыттарында»:
      «Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалау шараларында»:
      мынадай мазмұндағы «Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу» деген бөлікпен толықтырылсын:
      «Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу
      Мұнай-газ секторы саласындағы инновациялық саясатты іске асыру шеңберінде түйінді технологиялық міндеттерді шешуге және озық ғылыми-технологиялық жаңа бағыттарды дамытуға басымдық берілетін болады.
      «ҚазМұнайГаз» ҰК» акционерлік қоғамы кен орындарының үлгісінде игерудің кейінгі сатысындағы кен орындары үшін технологиялық болжамдау қорытындылары бойынша қабаттардың мұнай беруін арттыру технологиясын айқындайтын болады. Осы сындарлы технологияны дамыту — «ҚазМұнайГаз» ҰК» акционерлік қоғамы кен орындарының үлгісінде игерудің кейінгі сатысындағы кен орындары үшін қабаттардың мұнай беруін арттыру технологияларын дамыту» нысаналы технологиялық бағдарламасын іске асыру тетігі (қабаттық қысымды ұстап тұру, ерекше жағдайларда ұңғымаларды бұрғылау технологиялары, жоғары дәлдік қабілеті бар сейсмикалық барлау, егжей-тегжейлі моделін жасау үшін сейсмикалық барлау деректерін интеграцияланған түсіндіру технологиясы, мұнай дайындау технологиясы), сондай-ақ каталитикалық технологиялар арқылы, оның ішінде полимерлер мен эластомерлер (полиэтилен, полипропилен, синтетикалық каучук) алу процестері үшін қамтамасыз етілетін болады.»;
      «Кен металлургиясы саласы» деген параграфта:
      «Саланы дамытудың негізгі бағыттарында»:
      үшінші абзацтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «шағын және орта бизнес кәсіпорындарының базалық, жерде сирек және өте сирек кездесетін металдар негізінде жоғары бөліністі, қосылған құны жоғары түпкілікті өнім өндірістерін ұйымдастыру.»;
      «Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шараларында»:
      «Көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету» мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Іске асыру жоспарланған инвестициялық жобаларды энергетикалық және көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету жөніндегі мәселелер пысықталатын болады.»;
      «Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу» мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      «Тау-кен металлургиясы кешені саласындағы инновациялық саясатты іске асыру шеңберінде түйінді технологиялық міндеттерді шешуге және озық ғылыми-технологиялық жаңа бағыттарды дамытуға басымдық берілетін болады.
      Технологиялық болжамдау қорытындылары бойынша тау-кен металлургиясы кешені саласында мынадай сындарлы технологиялар айқындалды: түсті металдардың қорытпаларын, кешенді ферроқорытпаларды өндіру технологиялары, темірді тікелей қалпына келтіру, металдарды сілтісіздендіру, тозуға төзімді қорытпаларды балқыту, тозуға төзімді және ыстыққа төзімді бұйымдарды құю технологиялары, шойыннан, болаттан, түсті металдардан бұйым құю технологиялары, пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу мен барлаудың, техногендік кен орындарын қайта өңдеудің, ұжымдық концентраттар алудың, таза металдарды тікелей алудың, байытуы қиын және сапасы төмен шикізаттарды байыту мен қайта өңдеудің геологиялық-геофизикалық әдістерінің технологиялары. Аталған сындарлы технологияларды дамыту нысаналы технологиялық бағдарламалар тетігін іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі.
      Саланың минералды шикізаттан пайдалы компоненттерді кешенді алу және жоғары бөліністі металлургия бойынша инновациялық-технологиялық базасы жасалады және енгізіледі.
      Мыналар:
      1) тау-кен кәсіпорындарындағы негізгі өндірістік процестерді автоматтандыру жөніндегі жобаларды әзірлеу және іске асыру мәселелері пысықталады;
      2) импорттық технологияларды бейімдеу және жаңғырту тетіктері дайындалатын болады.»;
      «Ресурстық қамтамасыз ету» мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мыналар:
      1) халықаралық стандарттарға сәйкес пайдалы қазбалар қорын бағалау және есепке алу жүйесін құру;
      2) техногендік минералдық түзілімдерді (ТМТ) өнеркәсіптік пайдалануға тарту процестерін басқару жүйесін құру;
      3) іздеу-барлау жұмыстарын жүргізудің бірінші кезекті учаскелерін бөле отырып, болжамды ресурстардың жай-күйі мен орналастырылуына бағалау жүргізу мәселелері пысықталатын болады.»;
      «Химия өнеркәсібі» деген параграфта:
      «Саланы дамытудың негізгі бағыттарында»:
      «Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шараларында»:
      «Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу» мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      «Химия өнеркәсібі саласында инновациялық саясатты іске асыру шеңберінде түйінді технологиялық міндеттерді шешуге және озық ғылыми-технологиялық жаңа бағыттарды дамытуға басымдық берілетін болады.
      Технологиялық болжамдау қорытындылары бойынша химия өнеркәсібі саласында мынадай сындарлы технологиялар айқындалды: металл бұйымдарын алмастыру үшін композициялық және керамикалық материалдарды алу технологиялары, биомассадан (екінші буынның биоэтанолы, биоыдырайтын полимерлер) жасалған өнімдерді алудың биохимиялық технологиялары, мұнайды, газды қайта өңдеу процестеріне арналған нанокатализаторларды әзірлеу, күрделі (кешенді) минералдық және органикалық-минералдық тыңайтқыштарды алу технологиялары, көмір химиясын дамытуға арналған технологиялар. Аталған сындарлы технологияларды дамыту нысаналы технологиялық бағдарламалардың тетігін іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.»;
      «Атом өнеркәсібі» деген параграфта:
      «Негізгі даму бағыттарында»
      «Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шараларында»:
      мынадай мазмұндағы «Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу» деген бөлікпен толықтырылсын:
      «Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу
      Атом өнеркәсібі саласында инновациялық саясатты іске асыру шеңберінде түйінді технологиялық міндеттерді шешуге және озық ғылыми-технологиялық жаңа бағыттарды дамытуға басымдық берілетін болады.
      Технологиялық болжамдау қорытындылары бойынша атом өнеркәсібі саласында мынадай сындарлы технологиялар айқындалды: энергия өндіру үшін нанотехнологиялар негізінде жаңа материалдар шығару жөніндегі технологиялар, түрлі радиоизотопты өнімдерді (ядролық медицинаға және экономиканың басқа да салаларына арналған) алу технологиялары. Аталған сындарлы технологияларды дамыту нысаналы технологиялық бағдарламалардың тетігін іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.»;
      «1.2. Ішкі сұраныс негізінде салаларды дамыту» деген тарауда:
      «Машина жасау» деген параграфта:
      «Саланы дамудың негізгі бағыттарында»:
      «Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу» мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      «Машина жасау саласында инновациялық саясатты іске асыру шеңберінде түйінді технологиялық міндеттерді шешуге және озық ғылыми-технологиялық жаңа бағыттарды, оның ішінде технологиялық болжамдау қорытындылары бойынша айқындалған мынадай сындарлы технологияларды дамытуға басымдық беріледі: механикалық іске қосу, композиттік бөлшектер өндірісі, материалдарды механикалық әсерлерден (еріту, тозаң себу, қорғаныс қабатын тегістеу), химиялық әсерлерден (коррозияға қарсы жабындар; лак-бояу, оксидті), термиялық әсерлерден (термооқшаулағыш жағудың электр химиялық тәсілі, композиттерді еріту) қорғау технологиялары, 3D-принтинг, тораптарды құрастыру (құрастыру бірліктері), толық иленген дөңгелектерді және орталықтарды дайындау, газ-турбина қозғалтқыштарын жөндеу, қалпына келтіру және сынау технологиялары.
      Осы сындарлы технологияларды, сондай-ақ форсайттық зерттеулер мен талдаулар нәтижесінде айқындалатын өзге де бағыттарды дамыту нысаналы технологиялық бағдарламалар тетігін іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.»;
      «Фармацевтика өнеркәсібі» деген параграфта:
      «Саланы дамудың негізгі бағыттарында»:
      «Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шараларында»:
      мынадай мазмұндағы «Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу» деген бөлікпен толықтырылсын:
      «Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу
      Фармацевтика өнеркәсібі саласында инновациялық саясатты іске асыру шеңберінде түйінді технологиялық міндеттерді шешуге және озық ғылыми-технологиялық жаңа бағыттарды дамытуға басымдық берілетін болады.»;
      «Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру» деген параграфта:
      «Саланы дамытудың негізгі бағыттарында»:
      «Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шараларында»:
      «Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесуде» мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Құрылыс индустриясы саласында инновациялық саясатты іске асыру шеңберінде түйінді технологиялық міндеттерді шешуге және озық ғылыми-технологиялық жаңа бағыттарды дамытуға басымдық берілетін болады.»;
      «1.3. Экспорттық әлеуеті бар салаларды қолдау» деген тарауда:
      «Агроөнеркәсіптік кешен» деген параграфта:
      «Саланы дамытудың негізгі бағыттарында»
      «Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шараларында»:
      мынадай мазмұндағы «Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу» деген бөлікпен толықтырылсын:
      «Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу
      Агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық саясатты іске асыру шеңберінде түйінді технологиялық міндеттерді шешуге және озық ғылыми-технологиялық жаңа бағыттарды дамытуға басымдық берілетін болады.
      Технологиялық болжамдау қорытындылары бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласында мынадай сындарлы технологиялар айқындалды: топырақтың құнарлығын қалпына келтіру, суарудың прогрессивті жүйелері, мал шаруашылығын қарқынды дамыту технологиялары, ауыл шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеу технологиялары, инженерлік энзимология, жасушалық және геномдық селекция, жасушалық және молекулалық инженерия, биопрепараттарды жасау технологиялары, өнімдердің биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістері.
      Аталған сындарлы технологияларды дамыту нысаналы технологиялық бағдарламалар тетігін іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.»;
      «Жеңіл өнеркәсіп» деген параграфта:
      «Саланы дамытудың негізгі бағыттарында»
      «Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шараларында»:
      мынадай мазмұндағы «Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу» деген бөлікпен толықтырылсын:
      «Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу
      Жеңіл өнеркәсіп саласында инновациялық саясатты іске асыру шеңберінде түйінді технологиялық міндеттерді шешуге және озық ғылыми-технологиялық жаңа бағыттарды дамытуға басымдық берілетін болады.»;
      «Туристік сала» деген параграфта:
      «Саланы дамытудың негізгі бағыттарында»:
      «Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шараларында»:
      мынадай мазмұндағы «Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу» деген бөлікпен толықтырылсын:
      «Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу
      Туризм саласында инновациялық саясатты іске асыру шеңберінде түйінді технологиялық міндеттерді шешуге және озық ғылыми-технологиялық жаңа бағыттарды дамытуға басымдық берілетін болады.»;
      «1.4. «Болашақ экономикасы» секторларын дамыту» деген тарауда:
      «Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар» деген параграфта:
      «Саланы дамытудың негізгі бағыттарында»:
      «Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шараларында»:
      «Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу» мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      «АКТ саласында инновациялық саясатты іске асыру шеңберінде түйінді технологиялық міндеттерді шешуге және озық ғылыми-технологиялық жаңа бағыттарды дамытуға басымдық берілетін болады.
      Технологиялық болжамдау қорытындылары бойынша АКТ саласында мынадай сындарлы технологиялар айқындалды: бұлыңғыр есептеулер, ұтқыр және мультимедиалық технологиялар, үлгілерді және сөзді анықтау технологиялары, ақпараттық қауіпсіздік технологиялары. Аталған сындарлы технологияларды дамыту нысаналы технологиялық бағдарламалар тетігін іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.»;
      «Ғарыш қызметі» деген параграфта:
      «Саланы дамытудың негізгі бағыттары» мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Аталған жобалар шеңберінде өнеркәсіптік қуаттар импорты және технологиялар алмасу жүргізіледі, сондай-ақ бірлескен халықаралық компаниялар мен ел үшін пайдалы әріптестіктерді құру және дамыту жөніндегі мәселелер пысықталатын болады.»;
      «Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шараларында»:
      «Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу» мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Ғарыш саласында инновациялық саясатты іске асыру шеңберінде түйінді технологиялық міндеттерді шешуге және озық ғылыми-технологиялық жаңа бағыттарды дамытуға басымдық берілетін болады.»;
      «Жаңартылатын энергия көздері» деген параграфта:
      «Саланы дамытудың негізгі бағыттарында»:
      «Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шараларында»:
      мынадай мазмұндағы «Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу» деген бөлікпен толықтырылсын:
      «Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу
      Энергетика саласында, атап айтқанда жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласында инновациялық саясатты іске асыру шеңберінде түйінді технологиялық міндеттерді шешуге және озық ғылыми-технологиялық жаңа бағыттарды дамытуға басымдық берілетін болады.
      Технологиялық болжамдау қорытындылары бойынша жаңартылатын энергия көздері саласында мынадай сындарлы технологиялар айқындалды: термоэлементтер мен (күн) фотоэлементтерді шығару жөніндегі технологиялар, ауа ағынының концентраторларын пайдаланатын жел агрегаттарын шығару жөніндегі технологиялар, құйынды жел турбиналарын дайындау технологиялары, күн сәулесі есебінен жылумен жабдықтау және электр энергиясын өндіру жөніндегі технологиялар, күн сәулесі концентраторларын шығару жөніндегі технологиялар, парниктік газдардың шығарындыларын азайтуды және жаңартылатын энергия көздерін енгізуді экономикалық ынталандыру жөніндегі технологиялар. Аталған сындарлы технологияларды дамыту нысаналы технологиялық бағдарламалар тетігін іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.»;
      «2. Басым секторлардың дамуын қолдаудың басты шаралары» деген кіші бөлімде:
      «2.1. Энергетика инфрақұрылымымен қамтамасыз ету» деген тарауда:
      «Іс-қимылдар стратегиясы» деген параграфта»:
      мынадай мазмұндағы «Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу» деген бөлікпен толықтырылсын:
      «Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу
      Энергетика саласында инновациялық саясатты іске асыру шеңберінде түйінді технологиялық міндеттерді шешуге және озық ғылыми-технологиялық жаңа бағыттарды дамытуға басымдық берілетін болады.
      Технологиялық болжамдау қорытындылары бойынша электр энергетикасы саласында мынадай сындарлы технологиялар айқындалды: жасыл экономика және энергия үнемдеу технологиялары, тұрғын үй құрылысы саласындағы технологиялар, жаңа үлгідегі ионисторлар мен конденсаторларды шығару жөніндегі технологиялар, жаңа буынның аккумуляторларын шығару жөніндегі технологиялар, отынның жаңа түрін жасауға арналған технологиялар, пиролиз бен көмірді газдандыруды пайдаланатын қазандық агрегаттарды шығару жөніндегі технологиялар, отынның барлық түрлеріне арналған шағын қазан-агрегаттарды шығару жөніндегі технологиялар, энергия өндіруге арналған нанотехнологиялар негізінде жаңа материалдар шығару жөніндегі технологиялар, тік ағынды гидротурбиналары бар арынсыз ГЭС шығару жөніндегі технологиялар, магистралды құбыржолдардағы тік ағынды гидротурбиналарды шығару жөніндегі технологиялар, жарықтандырудың жарықдиодты шамдарын шығару жөніндегі технологиялар, көмірді газдандыру технологиялары, газды кәдеге жарату технологиялары, күлі көп көмірді жағу жөніндегі технологиялар, жылу шығаратын құрастырылымдар шығару жөніндегі технологиялар, энергия қондырғыларының жұмыс режимдерін бақылау және есепке алу датчиктерін шығару бойынша технологиялар, түрлі радиоизотопты өнімдер (ядролық медицина және экономиканың басқа да салалары үшін) алу технологиялары, күн сәулесі есебінен жылумен жабдықтау және электр энергиясын өндіру жөніндегі технологиялар, күн сәулесі концентраторларын шығару жөніндегі технологиялар. Аталған сындарлы технологияларды дамыту нысаналы технологиялық бағдарламалар тетігін іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.»;
      «2.2. Көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету» деген тарауда:
      «Іс-қимылдар стратегиясы» деген параграфта:
      «Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу» мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету саласында инновациялық саясатты іске асыру шеңберінде түйінді технологиялық міндеттерді шешуге және озық ғылыми-технологиялық жаңа бағыттарды дамытуға басымдық берілетін болады.»;
      «2.5 Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету» деген тарауда:
      «Іс-қимылдар стратегиясы» деген параграфта»:
      мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Еңбек ресурстарындағы қажеттілікті айқындау үшін салалық министрліктер әрбір нақты жобада жылдар бойынша, олардың құрылысы мен жұмыс істеу кезеңінде мамандықтар бөлінісінде еңбек ресурстарының қажеттілігін айқындайды және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсынады.
      Осы жобаларды қажетті көлемде және талап етілетін білікті мамандармен қамтамасыз ету:
      1) өңірлік еңбек нарығында, оның ішінде жұмыссыздардың арасынан қажетті кадрларды (жұмыскерлерді) іздеу;
      2) вахталық жұмыс әдісін қоса алғанда, елдің еңбек ресурстары артық басқа өңірлерінен еңбек ресурстарын тарту;
      3) бюджеттік бағдарламалар есебінен, сол сияқты ірі кәсіпорындардың оқу орталықтары базасында жұмыссыздар қатарынан кадрларды даярлау және қайта даярлау;
      4) нақты жобалардағы сұранысқа сәйкес шетелдік жұмыс күшін тарту есебінен жүзеге асырылатын болады.
      ҮИИМДБ жобаларының қажеттілігіне сәйкес білім беру жүйесі арқылы қажетті кадрларды жоспарлы даярлау осы мәселедегі бастапқы міндет ретінде қаралады.
      Қазіргі (болжамды) кадр тапшылығының орнын толтыру мақсатында кадрларды қажетті мамандықтарға (кәсіптерге) қайта оқыту, ішкі еңбек көші-қонына жәрдемдесу, сондай-ақ шетелдік қызметкерлерді тарту жөніндегі шаралар іске асырылатын болады.»;
      «2.8. Техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын құру» деген тарауда:
      «Іс-қимылдар стратегиясы» деген параграфта:
      мынадай мазмұндағы «Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу» деген бөлікпен толықтырылсын:
      «Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу
      Сонымен қатар, өнімділік, экологиялық, энергия тиімділігі және ресурс үнемдеу жөніндегі ұлттық стандарттар әзірленеді. Мұндай «технологиялық дәліздерді» қалыптастыру табиғи ресурстарды пайдаланудың тиімділігін, өнім (көрсетілетін қызметтер) қауіпсіздігін арттыруға, энергия және материал қажетсінуді азайтуға мүмкіндік береді.
      Осыған байланысты, кейіннен осы талаптарды стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға қоса отырып, орта мерзімді перспективада өнімдердің жекелеген түрлерін өндіру кезінде енгізу үшін технологияларға қойылатын ең аз талаптар айқындалатын болады.»;
      «2.10 Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу» деген тарауда:
      «Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау» деген параграф мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
      Бүгінгі күні Қазақстанда ғылымға жұмсалатын шығыстардың үлесі ел ЖІӨ-сінің 0,2 %-ын құрайды, ал дамушы елдер үшін Халықаралық академиялық кеңес ұсынатын шығыстардың үлесі ЖІӨ-нің 1-1,5 %-ын құрайды. Мысалы, Ресейде тиісті көрсеткіш ұлттық ЖІӨ-нің 1,3 %-ына, Қытайда - 1,4 %-ына, Германияда - 2,5 %-ына, АҚШ-та - 2,8 %-ына және Жапонияда - 3,3 %-ына тең. Қазақстанда берілген патенттердің саны 1671 патентті құрайды, ал Ресейде 19 641 патент, Қытайда - 26 292, АҚШ-та - 154 760 және Жапонияда - 217 364 патент берілді.
      1997 жылдан бастап 2008 жыл аралығында кәсіпорындар шығындарының құрамындағы ғылыми-техникалық көрсетілетін қызметтердің үлес салмағы 4,5 еседен астам ұлғайды, бұл ҒЗТКЖ өнімдеріне сұраныстың артқанын айғақтайды.
      Отандық ғылыми-зерттеу кешенінің толық құрылымын талдау кезінде республиканың барлық ғылым саласының 80 %-ын зерттеу бөлігі құрайтыны және 20 %-дан кемі ҒЗТКЖ-ға тиесілі екені анықталды. Қазақстандағы ғалымдарының, конструкторлардың және тәжірибелік өндіріс қызметкерлерінің арақатынасы 25:4:1, ал дамыған елдерде бұл арақатынас 1:2:4-ті құрайды. Ғылымды қаржыландыру жүйесі мынадай арақатынаста оңтайлы болмақ: іргелі зерттеулерге 20 %, қолданбалы зерттеулерге 30 %, ТКЖ-ға 50 %, бұл инновациялық технологияларды енгізудің тиімді жүйесін құруға мүмкіндік береді.
      2003 жылы индустриялық-инновациялық дамуға бағдар алған сәттен бастап, Қазақстан инновациялық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің өсуінде алғаш рет ең жоғарғы шекке қол жеткізді. Осы оң үрдіс көбінесе 2014 жылға дейінгі ҮИИДМБ бағдарламасын іске асырудың сәтті нәтижелеріне негізделген.
      Өткізілетін реформалар шеңберінде инновацияны ынталандыру шараларын күшейтуге екпін қойылды. Нәтижесінде бизнес пен қоғам инновациялық қызметке көбірек қызығушылық таныта бастады. Инновациялық белсенділік көрсеткіштерінің өсуінің оң серпінін отандық статистика деректерімен қатар, ірі халықаралық рейтингтер де растауда.
      Айталық, 2012 жылғы статистика деректері бойынша 2010 жылға қарағанда, инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі 5,2 %-дан 7,1 %-ға дейін жоғарылады, ал бұрын осы көрсеткіш орта есеппен шамамен 4 %-дан асқан емес.
      Зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған ішкі шығындар көлемінің өсуі байқалады, ол 2010 жылғы деңгеймен (33,5 млрд. теңге) салыстырғанда 53 %-ға өсіп, 51,2 млрд. теңгені құрады.
      Инновациялық өнім көлемі 2,7 есеге өсті және 379 млрд. теңгені құрады (2010 жылы - 142,2 млрд. теңге).
      Дүниежүзілік экономикалық форумның Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінің (бұдан әрі - ДЭФ БЖИ) деректері бойынша 2011 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан «өндіріс факторларымен», сондай-ақ «басқару тиімділігімен» дамитын елдердің ауыспалы тобынан «басқару тиімділігімен» және «инновациялармен» дамитын елдер санаттарының арасында тұратын неғұрлым жоғары деңгейдегі топқа ауысты. Бұл топқа сондай-ақ Аргентина, Бразилия, Малайзия, Ресей Федерациясы, Түркия және басқалары сияқты елдер де кірді.
      Бұл ретте, Қазақстан өзінің рейтингін 21 тармаққа біршама көтеріп, 51-орынға жетті (мысалы, 2010 жылы - 72 орын). Еліміз ДЭФ БЖИ есепке алынған бүкіл кезең ішінде Қазақстан ең жоғарғы позицияға қол жеткізе алды. Егер алдыңғы жылдары еліміз рейтингтің шамамен ортаңғы бөлігінде орналасса, 2011 жылы Қазақстан неғұрлым жоғары позицияларда орналасқан елдерге барынша жақындады.
      Сонымен қатар, технологиялық және инновациялық даму факторларын қоса алғанда, рейтингтің барлық дерлік қосалқы индекстерінің және оларды құрайтын факторлардың өсуі байқалады. Олардың арасында «Технологиялық деңгей» факторы бойынша Қазақстан өз позициясын 32 тармаққа жоғарылатып, 55-орынға жетті, «Инновациялық әлеует» факторы бойынша 13 позицияға өсті.»;
      «Негізгі міндеттер» деген параграф мынадай редакцияда жазылсын:
      «Негізгі міндеттер
      1. Тиімді ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру және инновациялық инфрақұрылымды дамыту.
      2. Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің жаңа түрлерінің инновациялық әзірлемелерін ауқымды және жеделдетіп игеруге ынталандыратын жағдайлар жасау.
      3. Отандық кәсіпорындардың техникалық, технологиялық және басқарушылық деңгейлерін, оның ішінде технологиялардың кең ауқымды трансферті есебінен жаңғырту.
      4. Осы шешімдерді кейіннен отандық кәсіпорындарға енгізу үшін ғылым алдында нақты технологиялық міндеттер қою.
      5. Денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі үшін ғылымды қажетсінетін технологияларды және бәсекеге қабілетті биотехнологиялық өнімдерді жасау және енгізу.
      6. Ғылым мен өнеркәсіптің өзара тығыз байланысын, оның ішінде нысаналы технологиялық бағдарламаларды іске асыру арқылы қамтамасыз ету.»;
      «Іс-қимылдар стратегиясы» деген параграф мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін ынталандыру
      Қазақстан Республикасын инновациялық дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес таяу жылдарға арналған инновациялық саясаттағы басты екпін негізінен технологиялар трансферті, техникалық жаңғырту, бизнес-процестерді жетілдіру арқылы кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін ынталандыруға жасалатын болады.
      Осыған байланысты қойылған міндетті іске асыруды қамтамасыз ету және инновациялық саясат саласындағы бірыңғай үйлестірілген іс-қимылдарды қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылға дейінгі күш-жігері мынадай басым бағыттарды дамытуға шоғырланатын болады.
      Бірінші - өңірлерді шоғырланған инновациялық дамыту. Жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын инновациялық саясатты жандандыру инновациялық қызметтің тиімділігін арттырудың маңызды алғышартына айналды.
      Өңірлерде өңірлік инновациялық жүйелерді құру мәселесі пысықталатын болады. Бұдан басқа, өңірлерде инновациялық саясатты іске асырудың меншікті құралдарды, инновацияларды қолдаудың тиісті құралдары, инновациялық инфрақұрылым элементтері болады.
      Бұдан басқа, әрбір өңірде өңірдің инновациялық әлеуетін, инновациялық өнімдерге деген қажеттіліктерін айқындау, ашу және дамыту, инновациялық жобаларды жылжыту және олардың бастамашыларына жан-жақты көмек көрсету мақсатында «бір терезе» қағидаты бойынша қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған және жеткілікті ресурстық әлеуетке ие инновацияларды қолдау орталықтарын құру мәселесі пысықталатын болады.
      Осы процестерді әдіснамалық және консультациялық сүйемелдеуді Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы арқылы қамтамасыз ететін болады.
      Сонымен қатар, өңірлерде технопарктерді дамытудың жүйелік мәселелері шешіледі, атап айтқанда, олардың мамандануы мен жұмыс істеу модельдері нақты айқындалатын болады.
      Назарбаев Университеті мен Инновациялық технологиялар паркі арасындағы рөлдер бөлініп, ұлттық инновациялық екі кластерді дамытуға барынша күш жұмсалады.
      Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, жаңғыртудың барынша сәтті моделі - бұл аса ірі университеттердің айналасындағы зияткерлік аймақтар. Осыған байланысты «Назарбаев Университетінің» айналасынан инновациялық-зияткерлік кластер құру трансфертке және оларды кейіннен өндіріске енгізе отырып, жаңа технологиялар құруға ықпал етеді.
      Инновациялық технологиялар паркі өнертапқыштыққа жауапты болуға және Қазақстанда Силикон алқабы мен Малайзиядағы Сабержая сияқты шетелдік желілік технопарктердің тәжірибесін енгізуге тиіс.
      Парк қамқоршылар кеңесіне және жер қойнауын пайдаланушылардың 1 % мөлшеріндегі аударым қаражатының есебінен құрылатын жеке нысаналы қорға сүйенуі тиіс.
      Осы технопарктер мен инновациялық кластерлерді қаржыландыру инновацияларды дамытуға жылдық жиынтық кірістің 1 %-ын аудару жөніндегі міндеттемелер шеңберінде жүргізіледі.
      Екінші - технологиялардың екіжақты трансферті саясатын іске асыру. Технологиялар трансферті және отандық өнеркәсіптің инновациялық әзірлемелерді игеруі үшін жүйелі жағдайлар жасалады. Осыған байланысты, бірінші кезеңде технологиялар трансфертінің бірлескен орталықтарын құру, сондай-ақ жетекші орталықтарда қазақстандық ірі өкілдіктерді ашу, инновацияларды жетекші инновациялық компаниялардың кеңселерімен қатар шоғырландыру арқылы озық серпінді технологиялар трансферті мәселесі пысықталатын болады.
      Бұдан басқа, ірі ЖОО, ҒЗИ және инновациялық жүйелердің басқа да субъектілерінің дарынды шетелдік ғалымдар мен мамандар трансфертін жүзеге асыруы шеңберінде олардың болуының әлемдік стандарттар деңгейіндегі бәсекелі шарттарын және бейімдеу мақсатында барлық қажетті қолдауды көздейтін жеке шаралар кешенін пысықтау қажет.
      Үшінші - инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау құралдарын ұсыну рәсімдерінің тиімділігін арттыру. Тәуекелді қаржыландыруды дамытуға ерекше мән беру керек. Қазақстан Республикасының Үкіметі инновациялық жобаларды мемлекеттік қаржыландыру тәуекелдерінің жүйесін әзірлеу мәселесін қарастыруға тиіс. Инновациялық қаржыландырудың ерекше табиғатын ескере отырып, мұндай жобалардың іске асырылуын бақылау бюджет қаражатының жұмсалуын дәстүрлі бақылаудан мүлдем өзгеше болуға тиіс. Жобалардың сәтті болуының жоғары ықтималдығын қамтамасыз ететін шешімдерді қабылдаудың айқын әрі икемді рәсімдерін корпоративтік деңгейде бекіту қажет. Бақылау тек осы рәсімдерді сақтаудан ғана тұруы тиіс.
      Сонымен қатар, орталық және жергілікті атқарушы органдардың инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау көрсету жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу бөлігіндегі жұмыстарды күшейту жөніндегі мәселе пысықталатын болады. Осы шара халықтың хабардар болу деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік береді және қолдау құралдарын ұсынуға өтініш берушілер санын көбейтуге септігін тигізеді.
      Төртінші - инновациялық қызметті салықтық ынталандыруды қамтамасыз ету. Осы бағытта Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамытуды ынталандыру шаралары қолданылатын болады.
      Бұдан басқа, ұлттық инновациялық жүйені дамытудың әлемдік үздік тәжірибесіне сәйкес шағын инновациялық кәсіпорындардың ерекше мәртебесін айқындау жөніндегі шаралар қабылданады.
      Бесінші - нысаналы технологиялық бағдарламалар (бұдан әрі - НТБ) тетігін іске асыру. Қолданбалы зерттеулерді жүргізу кезінде нысаналы технологиялық бағдарламалар мемлекет пен бизнестің үлестік қатысуы негізінде технологиялық құзыретті арттыру тетігіне айналуға тиіс.
      НТБ барынша тиімді іске асыру мақсатында НТБ іске асыруды тиісті саладағы уәкілетті органға бекітуді көздейтін қаржыландыру тетігі әзірленеді.
      Алтыншы - инновациялық жобалардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру. Осы бағыт шеңберінде Инновациялар картасы қалыптастырылады. Инновациялар картасы жобаларының мониторингі және оларды жылжытудың тиісті тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын болады.
      Жетінші - технологияларды коммерцияландыру жүйесінің тиімділігін арттыру. Осыған байланысты инновациялық жобалар мен зияткерлік меншікті коммерцияландыру жүйесін дамыту жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны жасау мәселесі пысықталатын болады.
      Сонымен қатар, жыл сайын өзіне PR-стратегияны, жастар мен кәсіпорындар қызметкерлері, бизнесмендер арасында байқаулар, семинарлар, көрмелер, конгрестер және халықта инновациялар мен инноваторлар туралы жағымды пікір қалыптастыратын басқа да іс-шараларды өткізуді қамтитын кешендік насихаттауды іске асыру бойынша жұмыс жүргізіледі.
      Инновациялық қызметті ынталандырудағы негізгі рөл ұлттық компанияларға - отандық экономиканың негізгі флагмандарына тиесілі болады, олардың даму стратегиялары, бағдарламалары мен жоспарлары ғылыми қызметті, технологиялар мен инновацияларды дамыту саласындағы қызметтің негізгі бағыттарын көрсетуі тиіс. Сонымен қатар, олар инновацияны дамытуға арналған міндетті аударымдар түрінде жыл сайын бөлетін қаражат ұлттық инновациялық жүйені нығайтуға септігін тигізеді.
      Сонымен қатар, қазіргі уақытта инновацияны дамыту барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар үшін басым қызмет болып табылатындығын ескере отырып, орталық және жергілікті атқарушы органдардың салалық және өңірлік бағдарламалық құжаттарында инновациялық даму саласындағы қызметінің негізгі бағыттарының міндетті түрде көрсетілуін қарастыру қажет, бұл біріншіден, оларды инновациялық саясатты іске асыруға тартуға мүмкіндік береді, екіншіден, мемлекеттік органдардың инновациялық қызметіне рейтингтік бағалау жүргізу шеңберінде көшбасшы позицияларға жету үшін қуатты түрткі болады.»;
      «Заңнаманы жақсарту» деген параграф мынадай редакцияда жазылсын:
      «Заңнаманы жақсарту
      Қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және мынадай нормативтік құқықтық актілерді қабылдау:
      1. «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
      2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.»;
      «2.12 Инвестициялар тарту және арнайы экономикалық аймақтарды дамыту» деген тарауда:
      «Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау» мынадай редакцияда жазылсын»:
      «Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
      2006 - 2012 жылдар аралығындағы кезеңде ел экономикасына 146,9 млрд. АҚШ доллары тікелей шетелдік инвестициялар (бұдан әрі - ТШИ), оның ішінде экономиканың шикізат емес секторларына - 25,5 млрд. АҚШ доллары тартылады (жалпы көлемнің 17,4 %-ы).
      Әлемде тікелей шетелдік инвестициялар үшін артып келе жатқан жаһандық бәсекелестік байқалады.
      БҰҰ-ның Сауда және даму бойынша конференциясының (ЮНКТАД) деректеріне сәйкес соңғы алты жылда әлемдік ТШИ нарығы 2007 жылғы тарихи рекордтық деңгей 1,9 триллион АҚШ долларынан шамамен 40 %-ға қысқарды.
      Әлемдік қаржылық дағдарыс салдарынан әлемдік ТШИ ағындары 2009 жылы 33 %-ға қысқарды, тіпті 2011 жылы жылдық көрсеткіш дағдарысқа дейінгі деңгейден 15 %-ға төмен болды. Ал Қазақстан Республикасында осы кезеңде ТШИ келу ағыны орнықты серпінін сақтады, ал 2011 жылы дағдарысқа дейінгі деңгейден 9 %-ға артық рекордтық 20,8 млрд. АҚШ долларына жетті.
      Өңдеуші өнеркәсіп шеңберінде осы кезеңде алғашқы рет фармацевтика және компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндіру сияқты жоғары технологиялық салаларға ТШИ тартылғанын атап өту керек. Қазақстан үшін перспективалы көптеген экономика секторларының тартымдылығына кері әсер ететін факторлардың арасында мыналар негізгілері болып табылады:
      1) ішкі нарық сыйымдылығының төмендігі;
      2) ірі өткізу нарықтарынан шалғай орналасуы және ыңғайлы логистиканың болмауы тауарларды тасымалдауда едәуір шығыстарға әкеледі;
      3) біліктілігі жоғары кадрлардың жетіспеуінен жұмыс күші құнының салыстырмалы жоғары болуы және тиісті инфрақұрылымның болмауы;
      4) инвестицияларды мемлекеттік қолдау құралдары тиімділігінің жеткілікті болмауы.
      Қазіргі уақытта ТШИ тарту арналарын кеңейту инвесторлармен, оның ішінде шетелдік инвесторлармен жұмыс істеу бойынша орталықтандырылған жүйенің белсенділігін арттыру, еркін экономикалық аймақтардың (бұдан әрі — ЕЭА), индустриялық аймақтардың (бұдан әрі — ИА) инвестициялық тартымдылығын арттыру және мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) тетіктерін дамыту арқылы жүзеге асырылады.
      «Іс-қимылдар стратегиясы» деген параграф мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      «Өнеркәсіптік қуаттарды импорттау және технологиялар алмасу бойынша жоспарлы жұмыс Қазақстан Республикасына инвестиция тарту үшін бұрын айқындалған нысаналы топ — бұл басым 20 инвестор ел және 136 технологиялық көшбасшы шеңберінде жалғасын табатын болады.
      Атқарылған жұмыстар нәтижесінде:
      1) Германия Федеративтік Республикасы — инвесторлары өз өнеркәсіптік қуаттарын қомақты көлемде Қазақстан Республикасына, атап айтқанда «Сарыарқа» АЭА-ға импорттаған басым елдердің бірі болып табылады;
      2) 136 технологиялық көшбасшының бірі болып табылатын Тоуоtа Моtors Corporation компаниясының жобасы іске асырудың белсенді кезеңіне жақындап келеді.
      Жоғарыда аталған нысаналы топты өткізілген технологиялық форсайт шеңберінде айқындалған сындарлы 75 технология бойынша неғұрлым құзыретті шетелдік компаниялармен толықтыру ұсынылады. Перспективалы технологиялық бағыттарды тарту және дамытудың сценарийі ретінде «шикізатты технологияларға айырбастау» формуласын пайдалану ұсынылып отыр, яғни Қазақстан Республикасының шикізаттық әлеуеті өнеркәсіптік қуаттар импортына және технологиялар трансфертіне айырбасталып пайдаланылатын болады.
      Нысаналы топ өкілдерін іздестіру аясында роуд-шоу және бизнес-форумдар өздерін жақсы жағынан көрсетті. Роуд-шоу тиімді құралын осы компаниялармен байланысқа шығу үшін пайдалану ауқымын кеңейту ұсынылып отыр.
      Нысаналы топ өкілдерін Қазақстан Республикасына тарту өңір шеңберінде еліміздің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттырады. Әлемдегі озық елдердің өнеркәсіптік қуаттарын импорттау және технологиялық көшбасшылардың технологияларына қол жеткізу Қазақстан Республикасының өнімдерінің Кеден одағы мен Орта Азия елдерінің нарықтарына таралуын қамтамасыз етеді.
      Нысаналы топтағы шетелдік инвесторлармен өзара іс-қимылды бірлескен халықаралық компаниялар және еліміз үшін пайдалы әріптестіктерді құру және дамыту негізінде құру ұсынылып отыр. Осыған байланысты ынтымақтастықтың барынша өзекті нысаны бірлескен кәсіпорындар құру болып табылады, бұл үшін барынша перспективалы отандық серіктестерді айқындау қажет.
      Бұл ретте отандық кәсіпкерлер тарапынан үлеске кіру үшін өз капиталының болмауы тәуекелінің мүмкін екенін ескеру керек. Осы проблеманы шешу үшін жобалық, қарыздық және акционерлік қаржыландыру сияқты қаржыландыру құралдарына субсидияланған кредит беру және дамыту түріндегі қажетті мемлекеттік қолдау көрсету мәселесі қаралатын болады.
      Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасында ТШИ тарту жүйесі құрылған, Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығы жоспарлы түрде дамуда, бірақ осы саладағы мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық, сол сияқты институционалдық өрісіне белгілі өзгерістер енгізу талап етіледі.
      Осылайша, инвесторлардың халықаралық коммерциялық арбитражға қолжетімділігін кеңейту мәселелері пысықталатын болады, осының шеңберінде «Инвестициялар» ұғымын заңнамалық тұрғыда егжей-тегжейлі түсіндіру, халықаралық шарттарға сәйкес арбитраждық келісімдер нысандарының тізбесін кеңейту, үшінші тұлғаның арбитраждық шешімге шағымдану мүмкіндігі туралы норманы алып тастау, шетелдік халықаралық коммерциялық арбитражда талап-арызды қамтамасыз етуге қатысты олқылықтарды жою ұсынылып отыр.
      Экономикада мемлекеттің қатысу үлесін және шетелдік инвесторларға тосқауылдарды азайту шеңберінде инвестициялық ағындарға мемлекеттің ең аз ықпалын және кемсітпеушілік, ашықтық, есеп берушілік қағидаттарын қамтамасыз ете отырып, ұлттық қауіпсіздік саласындағы үздік халықаралық тәжірибені қолдану ұсынылады.
      Шетелдік инвесторлардың ұлттық нарыққа неғұрлым тиімді кіруін қамтамасыз ету мақсатында шетелдік жұмысшылардың дербес жұмысқа орналасуы үшін кәсіптер тізбесінің шектеулілігі мәселелерін шешу ұсынылып отыр.
      ТШИ келуі мен шағын және орта бизнестің (одан әрі — ШОБ) дамуы — экономикалық өсудің айтарлықтай қозғаушы күші болып табылады, бұл ретте қосымша құнның жаһандық тізбектерінің бөлшектенуі Қазақстан Республикасының ШОБ үшін инвесторлардың жеткізу тізбегіне интеграциялануға және осылайша технологияларды, дағдылар мен ноу-хауды берудің сыртқы оң әсерлерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
      Осы саясатты қалыптастыру және іске асыру процесінде ШОБ және ТШИ арасында байланыстарды орнату және пайдалану арқылы құн жасаудың жаһандық тізбектеріне шағын және орта кәсіпорындардың ықпалдасуына бағытталған мемлекеттік қолдау көрсету мәселесі қаралатын болады. Кластерлер, жергілікті қамту, әлеуетті және дағдыларды арттыру ШОБ пен ТШИ арасындағы байланыстарды дамыту үшін тиімді стратегиялар ретінде қарастырылуда. Бұл ретте, өңірлік даму бағдарламаларымен және ТШИ ынталандыру стратегияларымен үйлестіру қажет.
      Жоғарыда көрсетілген бағыттардан басқа мемлекеттік кәсіпорындарда корпоративтік басқару, зияткерлік меншікті қорғау, бизнесті жауапкершілікпен жүргізу тәжірбиесін дамыту және сауда саясатын ырықтандыру мәселелері пысықталады.
      Алдағы жылдары ТШИ тартудың қалыптасқан жүйесі шеңберінде тиісті өңірдің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының құрылымдық бөлімшелері және еншілес кәсіпорындары ретінде еліміздің барлық өңірлерінде құрылған Инвесторларға қызмет көрсету орталықтарының (бұдан әрі - ИҚО) толыққанды қызметіне кедергі болатын бірқатар проблемалық мәселелер шешілетін болады. Инвесторларға операциялық қызмет көрсету үшін ИҚО фронт-офис болып табылады және клиентпен тікелей қарым-қатынасты жүзеге асырады (бастапқы құжаттарды, қажетті байланыс деректерін және жобаны жылжытуды бастау үшін қажетті басқа ақпаратты алу), сондай-ақ шетелдік инвесторлардың өтінішіне жергілікті жерде жедел және дұрыс деп қоюды қамтамасыз етеді.
      Қызмет үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатында ИҚО еліміздің өңірлерінде жұмыс істеп жатқан инвесторлармен тұрақты түрде талқылаулар өткізетін болады.
      ИҚО күшейтумен қатар, ТШИ үшін өсіп келе жатқан жаһандық бәсекелестік шеңберінде инвестициялар тарту жөніндегі ұлттық оператордың өкілеттіктерін кеңейту жоспарланып отыр.».
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі екі ай мерзімде осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады