"Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешенін мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 115 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қарашадағы № 1183 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 765 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.12.2016 № 765 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешенін мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 115 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Жанжүменов                - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Талғат Жеңісұлы             министрлігі Әскери-техникалық саясат
                            департаментінің бастығы, хатшы

Әбдірайым                 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Бақытжан Жарылқасынұлы      министрінің орынбасары

Абдулов                   - Қазақстан Республикасы Республикалық
Айдарбек Мұстажапұлы        ұланы қолбасшысының орынбасары
                            (келісім бойынша);

      көрсетілген құрамнан Сергей Николаевич Громов, Омархан Көптілеуұлы Елемесов, Нұрлан Базаргелдіұлы Жылқайдаров шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады