«Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қарашадағы № 1201 қаулысына (бұдан әрі - Қаулы) пресс-релизі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 129 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарымен телекоммуникация саласындағы реттелетін қызметтерге табиғи монополия аясына жатқызу мәніне талдау жүргізу бойынша іс-шара көзделген. Министрлікпен жергілікті деңгейде байланыс операторлардың телекоммуникация желілерін қосу қызметтерінің нарығын талдау жүргізілген. Талдау жүргізу барысында аталған нарықта бәсекелестік және бәсекелестікті дамыту мүмкіндігі бар екендігін анықталды. Осыған байланысты, Қаулымен жергілікті деңгейде байланыс операторлардың телекоммуникация желілерін қосу қызметтер табиғи монополиялар салаларынан шығарылған.
Қаулы қабылдау болжанатын әлеуметтік-экономикалық келеңсіз салдарға жеткізбейді.
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрлігі