Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринариялық-санитариялық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау функцияларын кеден органдарына беру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринариялық-санитариялық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау функцияларын кеден органдарына беру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139 -құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140- құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87- құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102- құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат;№ 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат;№ 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар;№ 4, 32-құжат; № 5, 35, 36- құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар;№ 13, 62-құжат; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 49, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат):
1) 555-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2). Кеден органдары осы тармақта келтірілген әкімшілік құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалса, осы Кодекстің 175 (екінші бөлігінде), 220, 240 (бірінші бөлігінде), 247, 294 (бірінші бөлігінде), 307, 310 (алтыншы, жетінші, тоғызыншы бөліктерінде), 323 (бірінші бөлігінде), 447 (екінші және үшінші бөліктерінде), 447-1 (бірінші бөлігінде), 447-2, 447-3, 460 (автомобиль көлігіндегі әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша), 461 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, 6-1) бөліктерінде), 463 (екінші және үшінші бөліктерінде), 467-1, 470 (үшінші бөлігінде), 477 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.»;
2) 636-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының отыз алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«кеден органдарының (140 (екінші бөлігі), 218-1 (жетінші бөлігі), 400-1, 400-2, 405 (бірінші бөлігі), 409, 410, 413, 413-1, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 425-1, 426-430, 433-баптар), сондай-ақ осы Кодекстің 308, 323 (екінші бөлігінде), 357-1, 461 (3-1-бөлігінде)-баптарында көзделген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша;».
2. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат):
1) 8-баптың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«19) әкелінетін бақылауға жататын тауарларға және карантинге жатқызылған өнімдерге зертханалық бақылау жүргізу жөніндегі функцияларды қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде құжаттамалық және физикалық мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүргізу;»;
2) 192-баптың 6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында жүзеге асырылады және Кеден одағының кедендік аумағын Кеден одағына мүше болып табылмайтын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық аурулары қоздырғыштарының әкелінуі мен таралуынан қорғауға бағытталған.
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде құжаттамалық және физикалық мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен кеден органдарының лауазымды адамдары жүзеге асырады.
7. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде карантиндік фитосанитариялық бақылау Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында жүзеге асырылады және Кеден одағына мүше болып табылмайтын басқа мемлекеттерден тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін карантиндік объектілердің Кеден одағының кедендік аумағына әкелуінен немесе өздігінен кіруінен қорғауға бағытталған.
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде карантиндік фитосанитариялық бақылауды, зертханалық сараптама функцияларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен кеден органдарының лауазымды адамдары жүзеге асырады.
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру кезіндегі өсімдіктер карантині бойынша уәкілетті орган мен кеден органдарының өзара іс-қимыл тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.».
3. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж. № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 9-1) және 10-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) карантиндік фитосанитариялық бақылау – уәкілетті органның және автомобиль өткізу пункттерінде уәкілетті органның тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және қадағалау жөніндегі қызметі, оның нәтижесі бойынша жедел ден қоюсыз құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін;
6-2) карантиндік фитосанитариялық қадағалау - уәкілетті органның тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасы талаптарын сақтауын тексеру және қадағалау жөніндегі қызметі, оның нәтижесі бойынша құқық шектеу сипатындағы, оның ішінде ден қою шаралары қолданылуы мүмкін;
9-1) құқық шектейтін шара – жеке және заңды тұлғаларға қатысты уәкілетті орган және автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті орган қолданатын карантиндік шара;
10-1) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттеріндегі өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті орган) – Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының кеден органдары;»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) фитосанитариялық бақылау бекеті – уәкілетті орган ведомствосының шекара және кеден пункттерінің (автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің) аумағында, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген жерлерде орналасқан, қажетті жабдықтармен және аспаптармен жарақтандырылған мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық қадағалауды жүзеге асыратын бөлімшесі;»;
мынадай мазмұндағы 19) және 20) тармақшалармен толықтырылсын:
«19) құжаттамалық карантиндік фитосанитариялық бақылау – Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарына карантинге жатқызылған өнімдердің фитосанитариялық қауіпсіздігінің сәйкестігіне, сондай-ақ карантиндік объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелуге, әкетуге немесе транзитке рұқсат беруде уәкілетті органның келісімінің болуын растайтын карантиндік құжаттарды тексеру;
20) тексеріп қарау – карантинге жатқызылған өнімдерді, оның ішінде көлік құралдарын, багаждарды, жеке адамдардың қол жүктерін, сондай-ақ жүк ыдыстарын көру арқылы тексеру.»;
2) 4-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік реттеу, мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау және Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық;»;
3) 6-бап мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Қазақстан Республикасының кеден органдары кіреді.»;
4) 7-баптың 1 тармағында:
1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;»;
16), 17), 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«16) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімге алғашқы карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды, қажет болған жағдайда карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) актісін жасай отырып, карантинге жатқызылған өнімді әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне рұқсат беру немесе тыйым салу туралы карантиндік және тауар-көліктік құжаттарға тиісті белгілерді қоя отырып, көлік құралдарынан, қол жүгі мен багаждан үлгілерді іріктей отырып, зертханалық сараптама жүргізеді;
17) карантинге жатқызылған өнімдердің межелі пунктінде қайталама карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды, үлгілерді іріктеуді, қажет болған жағдайда аумақтың фитосанитариялық сипаттамасын және оның шыққан жерін, межелі пунктін, сондай-ақ карантиндік объектілерден бос жатқан немесе олар аз таралған аймақтарды есепке ала отырып, карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) актісін жасап және карантиндік және тауарлық-ілеспе құжаттарына тиісті белгілерді қоя отырып, көлік құралдарына, қол жүгі мен багажға зертханалық сараптама жүргізеді;»;
«19) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімдерге құжаттамалық карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізеді;»;
2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды тікелей жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамдары өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар болып табылады.»;
5) мынадай мазмұндағы 7-3-баппен толықтырылсын:
«7-3-бап. Автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті органның құзыреті
1. Автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті орган:
1) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік көлік құралдарында, қол жүгі мен багажда өткізілетін карантинге жатқызылған өнімдерге, карантиндік фитосанитариялық бақылау актісін жасай отырып және карантинге жатқызылған өнімді әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне рұқсат беру немесе тыйым салу туралы карантиндік және тауар-көліктік құжаттарға тиісті белгілерді қоя отырып, карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізеді;
2) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімдерге құжаттамалық карантиндік фитосанитариялық бақылауды, сондай-ақ тексеріп қарауды және (немесе) қарап тексеруді жүргізеді;
3) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде:
Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы;
өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындау туралы нұсқама береді және оның орындалуын бақылайды.
2. Автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті орган өз қызметін шекара қызметімен, уәкілетті органмен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылда жүзеге асырады.»;
6) 8-бапта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың:»;
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) карантинге жатқызылған өнім мен карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерін тексеріп қарау, қарап тексеру, фитосанитариялық сараптама жүргізу және қажет болған жағдайда, залалсыздандыру кезінде, сондай-ақ оларды фитосанитариялық не карантиндік сертификатсыз тасымалдау кезінде немесе олар фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кідіртуге;
«2) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау объектілеріне баруға және оларда Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан зерттеп-қарауды жүргізуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алуға;
7) 9-2 бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«9-2 бап. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.»;
8) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау»;
9) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру
1. Осы Заңның 7-бабы 1-тармағының 16), 17) және 19) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының аумағына карантиндік объектілердің әкелінуін және таралуын болдырмау мақсатында уәкілетті органның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының аумағына карантиндік объектілерді әкелуді болдырмау, олардың таралу қаупі бар ошақтарын уақытылы анықтау, оқшаулау және жою мақсатында карантинге жатқызылған өнімдерді карантиндік тұрақты қарап тексеру, үлгілерін іріктей отырып, оның зертханалық сараптамасын, іріктеу арқылы бақылап тексеру жүргізу, карантиндік құжаттарды қарау және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындауға қадағалауды жүзеге асыру өсімдік және азық-түлік ресурстарын қорғауға, карантиндік объектілермен күресте бюджет қаражатының болжанбаған шығындарына жол бермеуге, сондай-ақ отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
2. Осы Заңның 7-3-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын карантиндік фитосанитариялық бақылауды Қазақстан Республикасының аумағына карантиндік объектілердің әкелінуін және таралуын болдырмау мақсатында автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті органның лауазымды адамдары жүзеге асырады.
3. Карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалау және карантиндік шараларды өткізу адамдардың өсімдіктер карантині бойынша бақылау және қадағалау объектілеріне жатқызылған мүлкін сақтауға бағытталған.»;
10) 11-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар»;
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ведомствоның және оның фитосанитариялық бақылау бекеттері бар аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық қадағалауды тікелей жүзеге асыратын лауазымды адамдары нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етіледі.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар қаза тапқан немесе мертіккен жағдайда олардың Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен зиянды өтеттіруге құқығы бар.»;
11) 12-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілері»;
бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектiлерi мыналар болып табылады:»;
12) 13-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының аумағына карантинге жатқызылған өнiмдi әкелуге фитосанитариялық бақылау бекеттері мен Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері арқылы ғана рұқсат етiледi.
Карантинге жатқызылған өнiмге кедендік құжаттарды ресімдеу карантиндік фитосанитариялық бақылау мен (немесе) қадағалау аяқталғаннан кейін жүргізіледi.
Әкелінетін карантинге жатқызылған өнiмге кедендік құжаттарды ресімдеу межелі пунктте қайталама карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және (немесе) қадағалаудан кейін жүргізіледi.
Басқа мемлекеттердiң карантиндік шаралары, егер олар Қазақстан Республикасында қолданылатын фитосанитариялық қорғаудың тиісті деңгейiн қамтамасыз ететін болса, танылады.
Импорттық және транзиттік карантинге жатқызылған өнім Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жабық немесе изотермиялық, ақаусыз және пломбаланған контейнерлермен, герметикалық орамдармен, вагондармен, автофургондармен, авторефрижераторлармен және басқа да көлiк құралдарымен тасымалданады.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктердiң, консулдық мекемелердiң, халықаралық ұйымдар өкiлдiктерiнiң, сондай-ақ артықшылықтар мен иммунитеттi пайдаланатын адамдардың карантинге жатқызылған өнiмдi әкелуi Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүргiзiледi.»;
5-тармақта:
төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер тасымалдаушы карантинге жатқызылған өнiмдi мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық қадағалау жүргізу үшін көрсетуден бас тартса, онда өнім экспорттаушы елге оның иесiнiң қаражаты есебiнен қайтаруға жатады, ол туралы өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін, Қазақстан Республикасының шекара және кеден органдарын хабардар етедi.»;
сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Карантинге жатқызылған өнiм карантиндiк қарап тексеруден өткеннен кейiн және өсімдіктер карантині жөніндегі қажетті іс-шаралар жүргiзiлген соң өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор межелі пунктке әкелуге немесе транзитіне рұқсат бере отырып, тауарлық-көлiктік iлеспе құжаттарына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық қадағалаудан өткенi туралы белгіленген үлгiдегi мөртабан басады және оның иесiне карантиндiк қарап-тексеру актiсiн бередi.»;
тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Фитосанитариялық қадағалау бекеттерінде карантинге жатқызылған өнiммен жүк операцияларын (басқа көлік құралдарына қайта тиеуді) оның иелері мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық қадағалау және мiндеттi карантиндiк қарап тексеру жүргiзiлгеннен кейiн өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың рұқсаты бойынша жүргiзедi.».
4. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар):
1) 1-бапта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) ветеринариялық бақылау бекеті – уәкілетті орган ведомствосының шекара және кеден пункттері аумағында (автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері) орналасқан, өткізілетін (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қажетті жабдықтармен және аспаптармен жарақтандырылған бөлімшесі;»;
мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
«21-1) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы шекара және кеден автомобиль өткізу пункттерінде ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының кеден органдары болып табылады;»;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) жануарды ветеринариялық тексеріп қарау - жануар денсаулығының жалпы жай-күйін айқындау мақсатында жүргізілетін ветеринариялық дәрігердің, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың, сондай-ақ Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде кеден органының лауазымды адамының оны клиникалық тексеріп қарауы;»;
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«28) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты ветеринариялық тексеріп қарау - қауіпсіздікті алдын ала айқындау мақсатында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, ветеринариялық дәрігер, сондай-ақ Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде кеден органының лауазымды адамы жүзеге асыратын жануарлардың ұшасы мен ағзаларының, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың көзге көрінетін өзгерістерін, оларда аурулардың пайда болуының патологиялық белгілерін анықтау үшін тексеріп қарау жүргізу;»;
мынадай мазмұндағы 48) және 49) тармақшалармен толықтырылсын:
«48) құжаттамалық мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау – бақылауға жататын тауарлардың қауіпсіздігін, әкелуге (әкетуге) немесе олардың транзитіне рұқсаттың болуын, сондай-ақ берілген құжаттар мазмұнының Кеден одағының Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды тексеру;
«49) физикалық мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауға жататын өткізілетін (тасымалданатын) объектілерді қарап тексеру және жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты ветеринариялық тексеріп қарау, ұсынылған ветеринариялық ілеспе құжаттарда көрсетілген деректерге сәйкестігін тексеру, оларда көрсетілмеген объектілердің бар болуын, сондай-ақ үйлеспейтін объектілердің бірге өтуін (тасымалдануын) болдырмау, көлік құралының өткізу (тасымалдау) шарттары мен режиміне сәйкестігін, орамның және таңбалаудың белгіленген ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігін бақылау.»;
2) 14-1-бапта:
1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) шекара және кеден пункттерінде (автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (өткізу) кезінде;»;
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары құжаттамалық және физикалық бақылау нысанында жүзеге асырады. Зертханалық бақылауды уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.»;
3) 16-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, шекара және кеден пункттерінде (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру кіреді.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті