Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 30, 297-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларында:
4-тармақта:
5) тармақшадағы «үміткерлерге (бұдан әрі – тағылымдамаға үміткерлер санаты) тағайындалады.» деген сөздер «үміткерлерге (бұдан әрі – тағылымдамаға үміткерлер санаты);» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсырған кезде мәдениет қызметкерлері, мәдениет ұйымдарының шығармашылық қызметкерлері болып табылатын, мәдениет ұйымдарында кемінде бір жыл жалпы жұмыс өтілі бар магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі – мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер санаты);
7) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсырған кезде бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері болып табылатын, бұқаралық ақпарат құралдары саласында кемінде бір жыл жалпы жұмыс өтілі бар магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі – бұқаралық ақпарат құралдары редакциясы қызметкерлер санаты) тағайындалады.»;
9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, жоғары оқу орындарының түлектері, мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері санаттары бойынша қатысатын үміткерлер үшін – бакалавр немесе маман дипломының орташа балы кемінде 4,00 балға (5,0-ден) немесе бағалар баламалығы кестесіне сәйкес оның баламасына және осы диплом бойынша мамандықтың Жұмыс органы бекітетін «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқу үшін мәндес мамандықтар тізбесіне (бұдан әрі – мәндес мамандықтар тізбесі) сәйкес шетелде оқу үшін таңдап алған мамандыққа сәйкес болуы.»;
10-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Қағидалардың 4-тармағының 2), 3), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген үміткерлер үшін, оның ішінде конкурсқа философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкер арасынан өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын үміткерлер үшін – Жұмыс органы бекітетін нысан бойынша жұмыс орнын сақтау шартымен маман даярлауға жұмыс берушінің өтінімін (бұдан әрі – өтінім);»;
6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жеке куәліктің және паспорттың түпнұсқалары мен көшірмелерін. Түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады;
7) қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломының нотариалды куәландырылған көшірмесін (осы Қағидалардың 4-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген үміткерлер қосымшасын ұсынбайды), сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған болса – білімі туралы құжатты тану және нострификациялау туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін не Заңның 39-бабының 5-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, білімі туралы құжатты тану туралы өзге де құжаттың көшірмесін;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) осы Қағидаларға сәйкес талап етілетін еңбек қызметі кезеңдері үшін еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;»;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын адамдар бағдарламаны, мамандықты және оқу кезеңін көрсете отырып, академиялық оқуға шартсыз қабылданғанын растайтын құжаттардың көшірмесін (қаржылық шарттарды және философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін, резидентурада оқу үшін түскен адамдар үшін – шет тілін білу деңгейін талап етілетін деңгейге дейін арттыру жөніндегі шарттарды қоспағанда) және ол болған жағдайда, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжатты/мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтаманы;»;
14) тармақшадағы «сертификат көшірмесін ұсынады.» деген сөздер «сертификат көшірмесін;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) бар болған жағдайда, белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижемен мемлекеттік тілден емтихан тапсырған туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың көшірмесін ұсынады.»;
11-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Құжаттар осы Қағидалардың талаптары мен шарттарына сәйкес келмеген және «электрондық үкімет» веб-порталы не Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы өтініш берілген кезде құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда, Әкімші «электрондық үкімет» веб-порталы не Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы өтініш берген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде құжаттарды қабылдаудан және тіркеуден бас тартатындығы туралы дәлелді жауап береді.»;
19-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тағылымдамадан өтуге, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға, резидентурада оқуға шақыруларда шет тілін білу деңгейін тағылымдамаға қабылдаушы ұйым, шетелдік жетекші жоғары оқу орны талап ететін деңгейге дейін көтеру шарты жоқ адамдар;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) шақыруларында шет тілін білу деңгейін талап етілетін деңгейге дейін көтеру шарты бар философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін, резидентурада оқу үшін түскен адамдарды қоспағанда, өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын адамдар босатылады.»;
мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
«19-1. Белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижемен мемлекеттік тілден емтихан тапсырғандығы туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың көшірмесін тапсырғандар мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау бойынша тестілеуден босатылады.»;
25-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Республикалық комиссияның шешімінде «Болашақ» стипендиясы есебінен тағылымдама өткізуді жүзеге асыратын шетелдік жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың талаптарына сәйкес конкурстың мынадай жеңімпаздары үшін тілдік курстардан өту қажеттілігі туралы көрсетіледі:»;
1), 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Қағидалардың 4-тармағының 2), 3), 4), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген санаттар бойынша Жұмыс органы бекітетін тілдік курстардың ұзақтығы кестесіне (бұдан әрі – кесте) сәйкес мерзім, бірақ 18 айдан аспайды;
2) осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттар және философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу, резидентурада оқу үшін түскендер бойынша Жұмыс органы бекітетін кестеге сәйкес мерзім, бірақ 12 айдан аспайды;
3) осы Қағидалардың 4-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген санат бойынша 6 айдан аспайды.»;
27-тармақта:
5) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Қағидалардың 4-тармағының 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген адамдар, сондай-ақ өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысатын және осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтінім берген ғылыми не педагог қызметкерлер үшін – өтінімге сәйкес өздері жіберілген ұйымдарда;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Жұмыс берушінің осы Қағидалардың 4-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген үміткерлер үшін, сондай-ақ өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысатын және осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтінім берген үміткерлер үшін жұмыс орнын (лауазымын) міндетті сақтау бойынша шарт;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов