Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының
кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы объектілерінің
жұмысын бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасының Заң жобасы туралы» 2013 жылғы 29 қарашадағы №
1286 қаулысының баспасөз хабарламасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1778 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарына сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы объектілерінің жұмысын бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) әзірленді.
Қаулының мақсаты – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы объектілерінің жұмысына бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің қарауына енгізу.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды және республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді.
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігі