"Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 826 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 1306 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 113 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.02.2016 № 113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      1. «Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 826 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 645-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасында:
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрі – тасымалдаушы) – меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарына иелік ететін, жолаушыларды, багажды, жүктерді немесе поштаны тасымалдауда ақыға немесе жалға қызметтер көрсететін заңды немесе жеке тұлға;»;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) өзі аударғыш – жүктi түсiру үшiн механикалық еңкейтiлетiн шанағы бар, жүктi өзi түсiретiн автомобиль, тiркеме немесе жартылай тiркеме;»;
      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
      «10-1. Тасымалдаушы автокөлік құралдарын пайдалану процесінде жүргізушілердің рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруден өтуін, сондай-ақ автокөлік құралдарының рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық қарап тексеруден өтуін қамтамасыз етеді.»;
      20-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Автокөлік құралының жолдама парақтары және тауар-көлік жүкқұжаттары жолдама парақтары мен тауар-көлік жүкқұжаттары қозғалысын есепке алу журналдарында тіркеуге және тасымалдаушыда журналдармен бірге 5 жыл бойы сақталуға жатады.»;
      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «28. Тиеу жұмыстарын жүзеге асыру кезінде жүк автокөлік құралының салмақтық және габариттік параметрлері заңнамада белгіленген жол берілетін параметрлерден аспайтындай етіп орналастырылады.»;
      мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
      «28-1. Жүк жөнелтушіге автокөлік құралына жүк тиеу процесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жол берілетін салмақтық және габариттік параметрлерді арттыруға жол берілмейді.»;
      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «34. Белгілі бір жүкті тасымалдауға арналған автокөлік құралдарын қосымша жабдықтау мен жарақтандыруды жүк жөнелтуші тасымалдаушымен келісім бойынша ғана жүргізуі мүмкін, ал қауіпті, ірі габаритті немесе ауыр салмақты жүктер тасымалданған жағдайда, Қазақстан Республикасының әкімшілік полициясы органдарымен келісіледі.»;
      57-тармақ алынып тасталсын;
      234-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «234. Астық, сүрлем массасы және қант қызылшасы ыдыссыз тәсiлмен ернеулi автокөлiк құралдарымен және (немесе) өзi аударғыштармен тасымалданады.»;
      254-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жануарларды өзi аударғыштармен тасымалдауға жол берілмейді.»;
      295-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «295. Сұйық бетон мен құрылыс ерiтiндiлерiн тасымалдау үшiн тасымалдаушылар өзi аударғыштарды, ожау немесе бункерлік үлгiлердегi шанақтары бар жүк автомобильдерін, цистерналарды бөледі. Құрғақ бетон қоспаларын және құрылыс ерiтiндiлерiн ыдыстық тәсiлмен қаптарда тасымалдау үшiн тасымалдаушылар ернеулi автокөлік құралдарын, ал ыдыссыз тәсiлмен тасымалдау кезiнде бункер үлгiсiндегi шанақтары бар жүк автомобильдері мен цистерналарды бөледі.»;
      296-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «296. Сұйық бетон мен құрылыс ерiтiндiлерiн тасымалдауға арналған өзi аударғыштардың тығыздалған артқы ернеуi, 450-500 мм биіктетілген алдыңғы және қаптал ернеулерi болады.»;
      312-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «312. Үйiп тасымалданатын жүктердi тасымалдау үшiн тасымалдаушылар өзi аударғыштарды бөледi.»;
      мынадай мазмұндағы 312-1-тармақпен толықтырылсын:
      «312-1. Рұқсат етiлген ең көп массасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген автокөлiк құралының жол берілетін жалпы массасынан асатын өзi аударғышпен жүктердi Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары арқылы автомобильмен тасымалдауларға жол берiлмейдi.»;
      313-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «313. Тасымалдаушылар жүктi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша өзi аударғыштарды жылыту жүйесімен жабдықтауды жүк жөнелтушiнiң немесе жүк алушының есебiнен төлеу арқылы осы жұмыстарды өздерiне қабылдап алуы мүмкiн.».
      2. Осы қаулы 1-тармақтың 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін жиырма сегізінші және жиырма тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады