"Автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктерді тасымалдау жөнiндегi кейбір мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1381 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 783 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.09.2015 № 783 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi кейбiр мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 14, 176-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Автомобиль көлігімен қауiптi жүктерді тасымалдау қағидаларында:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 1, 6 және 7-класты қауiптi жүкті тасымалдау рұқсат беру құжаты – Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсат негiзiнде, арнайы бейімделген автомобильмен немесе осы мақсаттар үшін арнайы қайта жабдықталған басқа да автокөлік құралдарымен жүзеге асырылады.»;
      7-тармақ алынып тасталсын;
      11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) әрбір автокөлік құралына ақпараттық табло;»;
      25-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) Жол қозғалысы қағидаларына және Қауіпті жүктерді халықаралық жолдарда тасымалдау туралы еуропалық келісімге (ҚЖХЖТ) сәйкес тану белгiлерiмен жабдықтау;»;
      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «40. Қауiптi жүктерді тасымалдауға қатысушылар адамдардың денсаулығы мен өмiрiне, қоршаған ортаға зиян келтiрудi болдырмау мақсатында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі тиiстi ұйымдастыру және техникалық шаралар қабылдайды.
      Қауiптi жүктерді жөнелтушілердің және (немесе) тасымалдаушылардың негізгі немесе қосымша қызметі қауiптi жүктерді тасымалдауды немесе онымен байланысты тиеу-түсіру операцияларын қамтыса, өз құрамында тасымалдау процесінің қауіпсіздігіне жауапты қызметкерлері болады.
      Қауіпті жүктерді тасымалдау үшін барлық қолданыстағы маршруттардан адамдардың денсаулығы мен өмiрiне, қоршаған ортаға зиян келтiрудi болдырмау мақсатында тасымалдаушы қауіптілігі мейлінше төмен маршрутты таңдайды.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады