Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасын бекiту туралы" 2011 жылғы 11 мамырдағы № 493 және "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 1399 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 778 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.12.2016 № 778 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 11 мамырдағы № 493 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 452-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасында:
      2-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрi – тасымалдаушы) – меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдарына иелiк ететiн, жолаушыларды, багажды, жүктердi немесе поштаны тасымалдауда ақылы немесе жалданып қызметтер көрсететiн жеке немесе заңды тұлға;»;
      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «14-1) электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындаушы (бұдан әрі – карточкаларды дайындаушы) – электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;»;
      23) және 27) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «23) өтiнiш берушi – электрондық (цифрлық) тахографқа электрондық карточка беру үшiн карточкаларды дайындаушыға өтiнiш бiлдiрген жеке немесе заңды тұлға;»;
      «27) тахограф – жүргiзушiлердiң еңбек және демалыс режимiн тiркеудiң механикалық не электрондық (цифрлық) бақылау құрылғысы;»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде автобустарды, жүк, оның ішінде мамандандырылған автомобильдерді:
      1) жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін тіркеудің бақылау құрылғыларынсыз (тахографтарсыз);
      2) ақауы жоқ тахографты ажыратып;
      3) диаграммалық дискілерді толтырмай;
      4) бұрын пайдаланылған диаграммалық дискілерді қолданып;
      5) электрондық (цифрлық) тахографтарды қолданған жағдайда, электрондық карточкаларды пайдаланбай;
      6) жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін күнделікті тіркеу парақтарын жүргізбей (бақылау құрылғысының ақауы болған жағдайда) пайдалануға жол берілмейді.»;
      53719798 және 103-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «53. Тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргiзудi облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөнiндегi қызметтiң жүзеге асырыла бастағаны туралы белгіленген нысандағы хабарламаны берген жеке немесе заңды тұлғалар жүзеге асырады.»;
      «71. Тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтiң жүзеге асырыла бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тiзiлiмiне енгiзiлген белгiнiң нысанын, мазмұнын және бедерiн Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлiк) бекiтедi және олар КҚЕК талаптарына сәйкес келуi тиiс.»;
      «97. Тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтiң жүзеге асырыла бастағаны туралы хабарламаны берген жеке және заңды тұлғалардың тiзiлiмiн (бұдан әрi – тiзiлiм) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары жүргiзедi.»;
      «98. Жеке немесе заңды тұлғалар тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтi жүзеге асыруды бастамас бұрын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына белгiленген нысанда хабарлама жiберуге мiндеттi.»;
      «103. Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы, заңды тұлғаның орналасқан жерi, хабарламада көрсетiлген қызметтi немесе iс-қимылды жүзеге асыру мекенжайы, сондай-ақ хабарламада толтыру үшiн ол туралы ақпарат мiндеттi болып табылатын тiркеу деректерi өзгерген жағдайда, субъект он жұмыс күнi iшiнде көрсетiлген өзгерiстер туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына хабарлама беруге мiндеттi.»;
      6-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды сертификаттау, дайындау және беру тәртібі»;
      112-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «112. Электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындауды және беруді «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен уәкiлеттi органға белгіленген нысанда электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру жөніндегі қызметтің жүзеге асырыла бастағаны туралы хабарлама берген жеке немесе заңды тұлғалар жүзеге асырады.»;
      мынадай мазмұндағы 112-1, 112-2, 112-3, 112-4 және 112-5-тармақтармен толықтырылсын:
      «112-1. Электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру жөніндегі қызметтің жүзеге асырыла бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін (бұдан әрі – карточкаларды дайындаушылар тізілімі) уәкiлеттi орган жүргізеді.
      112-2. Карточкаларды дайындаушыларды тiзiлiмнен алып тастау субъектiнiң өтiнiшi, дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiне немесе қызметiнiң жекелеген түрлерiне тыйым салу туралы сот шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырылады.
      112-3. Карточканы дайындаушы электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру жөніндегі жұмысты жүзеге асыруды бастамас бұрын және белгіленген нысанда хабарлама жібермес бұрын көлiктiк бақылау саласындағы уәкiлеттi органмен электрондық (цифрлық) тахографтарға карточкалардың үлгілерін келіседі.
      112-4. Карточканы дайындаушы:
      1) электрондық (цифрлық) тахографтарға берілген, қолданыстағы, жоғалған және алмастырылған карточкалар туралы деректерді жазады;
      2) басқа тұлғаларға карточканың PIN-кодын жарияламайды;
      3) карточкалардың басқа тұлғалардың қолдану мүмкіндігі туралы көлiктiк бақылау саласындағы уәкiлеттi органға хабарлайды;
      4) электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру бойынша орындалған жұмыстар туралы ақпаратты тіркеу және есепке алу журналын жүргізеді.
      112-5. Карточкаларды дайындаушы бағдарламалық-техникалық құралдарды Тахографтар бойынша дерекқорға қосуды қамтамасыз етеді.»;
      131-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «131. Карточкалар берудi карточкаларды дайындаушы жүзеге асырады.
      Карточкалардың күшiн жою туралы шешiм қабылдауды көлiктiк бақылау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.»;
      132-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) бұрынғы карточканы жасау кезiнде карточкаларды дайындаушыға берiлген деректер өзгергенде;»;
      134-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «134. Жүргiзушi карточкасын беру үшiн карточкаларды дайындаушыға мынадай құжаттар ұсынылады:»;
      136-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «136. Тасымалдаушы карточкасын беру үшiн карточкаларды дайындаушыға мынадай құжаттар ұсынылады:»;
      138-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «138. Сервис орталығының карточкасын беру үшiн карточкаларды дайындаушыға мынадай құжаттар ұсынылады:»;
      139-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «139. Бақылау карточкасы көлiктiк бақылау және жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы уәкiлеттi органның қызметкерлерiне берiледi.
      Көлiктiк бақылау инспекторы не жол полициясы инспекторы қолданыстағы бiр бақылау карточкасын ғана иелене алады.
      Бақылау карточкалары екі жыл мерзiмге берiледi.»;
      140-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «140. Бақылау карточкасын беру үшiн карточкаларды дайындаушыға мынадай құжаттар ұсынылады:»;
      140-1143145146 және 147-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «140-1. Карточканы дайындаушы 15 жұмыс күннен кешіктірмей тиісті құжаттарды бергеннен кейін жүргiзушiнiң, тасымалдаушының, сервис орталығының карточкаларын немесе бақылау карточкасын берудi не оларды беруден дәлелді бас тартуды жүзеге асырады.»;
      «143. Егер бұрынғы карточканы берген кезде карточканы дайындаушыға берiлген деректер өзгерсе, карточканы беруге арналған өтiнiш тиiстi өзгерiстер енгiзiлген сәттен бастап күнтiзбелiк 15 күннен кешiктiрмей берiледi.»;
      «145. Карточканы дайындаушы осы Қағиданың 135137139141-тармақтарында көрсетiлген Өтiнiш берушi ұсынған құжаттардағы деректердi тiркейдi.
      146. Берiлген карточкаларды және карточкаларды беруге арналған өтiнiштердi тiркеудi карточкаларды дайындаушы арнайы журналда жүргiзедi.
      147. Карточкаларды дайындаушы карточка беру үшiн алынған өтініштер жөнінде тiркелген деректердi не Өтiнiш берушiде карточкалар болған жағдайда оларды беруден бас тартуды көлiктiк бақылау саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады.»;
      148-тармақ алынып тасталсын;
      150151152 және 154-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «150. Берiлген карточкалар жөніндегі құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейiн карточкаларды дайындаушыда сақталады.
      151. Карточкалардың күшiн жою немесе күшiн жоюдан бас тарту туралы шешiм қабылданған жағдайда, карточкаларды дайындаушы ол туралы көлiктiк бақылау саласындағы уәкiлеттi органды немесе карточканы ұстанушыны хабардар етедi.
      152. Көлiктiк бақылау саласындағы уәкiлеттi орган берілген және күші жойылған карточкалар туралы деректерді өзінің жанынан құрылған тізілімге енгізеді.»;
      «154. Карточканы ұрлатып немесе жоғалтып алған жағдайларды қоспағанда, карточканың күшi жойылған жағдайда, карточканы ұстаушы оны күнтiзбелiк 15 күннiң iшiнде карточкаларды дайындаушыға қайтарады.»;
      155-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) карточканы беру кезiнде карточкаларды дайындаушыға ұсынған деректер өзгергенде;»;
      156-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «156. Көлiктiк бақылау саласындағы уәкiлеттi орган карточканың күшiн жою туралы шешiмдi мынадай жағдайларда қабылдайды:»;
      156-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) карточканы ұстаушының қайтыс болуы, тасымалдаушының, сервис орталығының немесе көлiктiк бақылау және жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы уәкiлеттi органдарының жойылуы (қызметін тоқтатуы);»;
      157-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «157. Карточканың күшi жойылған жағдайда, өтiнiш берушi карточканы алу үшiн осы Қағидада көзделген тәртiппен карточкаларды дайындаушыға өтiнiш жасай алады.»;
      158-тармақтың 7)8)9) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) егер карточканың PIN-коды жоғалған болса немесе үшiншi тұлғаға белгiлi болса, жаңа карточка алуға карточкаларды дайындаушыға құжаттар тапсырады не карточканың күшiн жоюға еркін түрде жазбаша өтiнiш бередi;
      8) карточканың бүлiну, жоғалу немесе ұрлану фактiлерi белгiлi болғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде карточкаларды дайындаушы жаңа карточканы беруге немесе карточканың бүлiну, жоғалу немесе ұрлану жағдайын көрсету арқылы еркiн нысандағы жазбаша өтiнiш және карточка жоғалған немесе ұрланған жағдайда, карточканың жоғалғанын не ұрланғанын растайтын құжаттарды бередi;
      9) ағымдағы карточканы алу үшін егер карточкаларды дайындаушыға берген деректер өзгерсе, күнтiзбелiк 15 күннен кешiктiрмей карточкаларды дайындаушыға жаңа карточканы беруге құжаттарды не карточканы жоюға еркiн нысандағы жазбаша өтiнiш бередi;»;
      «11) карточканың жоғалу, ұрлану жағдайларын қоспағанда, егер карточка жарамсыз болып табылса, күнтiзбелiк 15 күн iшiнде карточканы карточкаларды дайындаушыға тапсырады.».
      2) «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 70, 1007-құжат):
      1-тармақтың 2) және 5) тармақшалары алынып тасталсын:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша, сондай-ақ www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік қызмет «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1416-баптарына, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының интернет-ресурсында;»;
      1216171920 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. ХҚО-да бекітілген нысандағы өтініш бланкілері күту залында арнайы орындарда не ХҚО қызметкерінде, сондай-ақ ХҚО: www.con.gov.kz., облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес интернет-ресурсында орналастырылады.»;
      «16. ХҚО мемлекеттік қызметті алушы осы стандартқа 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары лицензияны беруден мынадай:
      1) аталған субъектілер санаты үшін қызмет түрлерімен айналысу Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған;
      2) қызмет түріне лицензия беруге арналған өтініш берілген жағдайда, қызметтің жекелеген түрімен айналысу құқығына лицензиялық алым енгізілмеген;
      3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
      4) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жеке түрімен айналысуға тыйым салатын соттың үкімі заңды күшіне енген;
      5) сот атқарушысының ұсынымы негізінде сот өтініш берушіге лицензия алуға тыйым салған жағдайларда;
      6) «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында көзделген негіздер болған жағдайларда, бас тартады.
      17. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары мен ХҚО-ның мемлекеттік қызметті алушыларға қатысты қызметі сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына және адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың, Мемлекеттiк қызметшiлердiң ар-намыс кодексiнiң сақталуына негiзделедi.»;
      «19. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын олардың тиісті нормативтік құқықтық актілерімен бекiтіледi.
      20. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары маманының немесе ХҚО қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсіндіру және шағымды дайындауда жәрдем көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы тиісті әкімнің атына немесе ХҚО-ға осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жүгінеді.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым қағаз тасығышта облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін түскі асқа үзіліспен, жұмыс күндері сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайларға беріледі.
      Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.»;
      22-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.»;
      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
      «22-1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдануға құқылы.
      Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.»;
      көрсетілген Стандартқа 1 және 5-қосымшалар осы қаулыға 1 және  2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1399 қаулысына     
1-қосымша        

«Жолаушыларды облысаралық қалааралық,   
ауданаралық (облысішiлiк қалааралық)    
және халықаралық қатынастарда автобустармен,
шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау,
сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста
автобустармен, шағын автобустармен     
тұрақты тасымалдау бойынша қызметпен айналысу
құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу,  
лицензия телнұсқасын беру»         
мемлекеттік қызмет стандартына       
1-қосымша                  

Жергілікті атқарушы органдар тізбесі

р/с

Әкімдіктердің атауы

Толық заңды мекенжайы

Байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы

1

2

3

4

1

Алматы облысының әкімдігі

Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесі, 38

8 (7282) 27-08-18
www.zhetysu-gov.kz

2

Павлодар облысының әкімдігі

Павлодар қаласы, Академик Сәтпаев көшесі, 49

8 (7182) 32-33-35
www.pavlodar.gov.kz

3

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Шымкент қаласы, Тәуке хан көшесі, 6

8 (7252) 53-74-07
www.ontustik.gov.kz

4

Атырау облысының әкімдігі

Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77

8 (7122) 35-40-92
www.e-atyrau.kz

5

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40

8 (7232) 57-85-80
www.akimvko.gov.kz

6

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13

8 (7212) 42-10-45
www.karaganda-region.kz

7

Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылорда қаласы, Жахаев көшесі, 76

8 (7242) 27-00-81
www.e-kyzylorda.gov.kz

8

Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11

8 (7172) 55-64-23
www.astana.kz

9

Қостанай облысының әкімдігі

Қостанай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 66

8 (7142) 57-50-02
www.kostanay.gov.kz

10

Ақмола облысының әкімдігі

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83

8 (7162) 29-72-00
www.akim@akmo.kz

11

Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбе қаласы, Әбілхайырхан көшесі, 40

8 (7132) 54-36-30
www.akto.kz

12

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58

8 (7152) 46-42-70
www.sko.kz

13

Маңғыстау облысының әкімдігі

Ақтау қаласы, 14 шағын ауданы 1-үй

8 (7292) 31-42-15
www.mangystau.kz

14

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Орал қаласы, Достық даңғылы, 179

8 (7112) 51-08-82
www.bko.gov.kz

15

Жамбыл облысының әкімдігі

Тараз қаласы, Абай көшесі, 125

8 (7262) 43-18-22
www.zhambyl.kz

16

Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласы, Республика алаңы, 4

8 (7272) 71-60-50
www.almaty.kz

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1399 қаулысына     
2-қосымша         

«Жолаушыларды облысаралық қалааралық,  
ауданаралық (облысішiлiк қалааралық)   
және халықаралық қатынастарда автобустармен,
шағын автобустармен тұрақты         
емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды  
халықаралық қатынаста автобустармен,    
шағын автобустармен тұрақты тасымалдау  
бойынша қызметпен айналысу құқығына    
лицензия беру, қайта ресімдеу,      
лицензия телнұсқасын беру»         
мемлекеттік қызмет стандартына      
5-қосымша                  

Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк
қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын
автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды
халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен
тұрақты тасымалдау қызметін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік
талаптарына сәйкес құжаттар тізбесі

      1) меншік құқығындағы немесе өзге заңды негіздерде автобустар мен шағын автобустардың бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелері;
      2) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі жөндеу-өндірістік базасының бар екенін растайтын құжаттардың не ұйыммен(-дармен) жасасқан қызметтер көрсету туралы шарттың көшірмелері;
      3) автобустар мен шағын автобустарға рейс алдындағы техникалық байқау, жүргізушілерге рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеру жүргізу үшін қызметтердің және білікті персоналдың бар екенін растайтын құжаттардың не осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттардың көшірмелері;
      4) тахографтарды тексеру туралы тиісті сертификаттың көшірмелері;
      5) автобустар мен шағын автобустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының, сондай-ақ тасымалдауға ұсынылатын барлық жылжымалы құрамға міндетті техникалық байқаудан өткізу туралы куәліктердің көшірмелері;
      6) жеке тұлға үшін – тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің не заңды тұлға үшін жүргізуші құрамының тиісті санаттағы жүргізуші куәліктерінің, тиісті санаттағы көлік құралдары жүргізушісінің жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмелері;
      7) тасымалдарды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны айқындау туралы бұйрықтың көшірмелері.
      Салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, мемлекеттік қызметті алушы жоғарыда көрсетілген құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады