"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2014 жылға арналған шекті шамасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 1404 қаулысы

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2014 жылға арналған шекті шамасы Қор шотына түскен активтер мөлшерінен 0,45 пайыздан асырылмай бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады