«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Аса жеңiл авиация саласында
сертификаттау қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 31
наурыздағы № 318 және «Азаматтық авиация саласындағы
мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды
тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20
шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы
13 қыркүйектегі № 1195 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30
желтоқсандағы № 1424 қаулысына баспасөз релизі
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 12) тармақшасына сәйкес 2013 жылғы 30 желтоқсандағы №1424 Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысымен жаңа редакцияда Аса жеңiл авиация саласында сертификаттау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) бекітілді.
Аса жеңiл авиацияның әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын және аса жеңiл авиацияның бекітілген үлгілік конструкциясы жоқ әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттауды әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Аса жеңiл авиацияның әуе кемесiнiң техникалық жай-күйiн тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау үшiн коммерциялық емес тиiстi ұйымдар азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша аса жеңiл авиацияның әуе кемелерiн тексеру бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн техникалық комиссия құрады.
Техникалық комиссияның құрамына білікті, әуе кемелерін пайдалануда кемінде бес жыл практикалық тәжірибесі бар техникалық сарапшылар мен ұшқыштар, сертификаттау орталықтарының, ғылыми-зерттеу, сынау және басқа да ұйымдар басшыларының келісімі бойынша осы ұйымдардың мамандары кіреді.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган актінің оң қорытындысы мен ұсынылған құжаттар негізінде өтініш берушіге аса жеңiл авиацияның әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын береді.
Қағиданы қабылдау әлеуметтік-экономикалық келеңсіз салдарға жеткізбейді.
Қағидалар мерзімді басылымдарда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрлігі