«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2014 – 2018
жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1439
қаулысына баспасөз-релизі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 62-бабын, «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджеті туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 148-V Заңын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1439 қаулысы бекітілді.
Стратегиялық жоспармен 5 стратегиялық бағытты іске асыру көзделген:
- заңнаманы және нормашығармашылықты жетiлдiру;
- сот актiлерiн орындау институтын жетiлдiру;
- сот-сараптамалық қызметтi жетiлдiру;
- Дүниежүзілік сауда ұйымының және Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының нормаларына сәйкес зияткерлік меншік құқықтарын қорғау;
- Әдiлет органдары ұсынатын мемлекеттiк қызметтердiң сапасын, азаматтардың құқықтық мәдениетiн арттыру және бiлiктi заң көмегiне қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету.
Аталған стратегиялық бағыттармен 6 мақсат, 19 мақсатты индикатор, 12 міндеттері, 38 тікелей нәтижелер көрсеткіштері және 55 тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралары анықталған.
2014-2018 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарында Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингісінің жаңа мақсатты индикаторлары көзделген (бұдан әрі – ДЭФ ЖБИ):
- «Қоғамның саясаткерлерге сенімі» индикаторы бойынша ДЭФ ЖБИ рейтингiндегi ұстанымды жақсарту;
- «Мемлекеттік қызметшілер шешімдеріндегі фаворитизм» индикаторы бойынша ДЭФ ЖБИ рейтингiндегi ұстанымды жақсарту.
Сондай-ақ, Стратегиялық жоспардың «Бюджеттік бағдарламалар» 7-бөліміне өзгерістер енгізілді.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі