"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 845 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1472 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 624 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 624 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 845 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Тексеру жүргізу үшін жауапты мемлекеттік орган:
      1) өз қызметкерлерінің, мүдделі мемлекеттік органдар, уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті берушілер, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері өкілдерінің, жауапты мемлекеттік органның қаралып отырған қызмет саласындағы тәуелсіз сарапшыларының қатарынан жұмыс тобын (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрады;
      2) әлеуметтік желілердегі өзінің парақтарында, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік органның құзыретіне кіретін көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде ұсыныстар жинаудың басталғаны туралы хабарландыруды орналастырады.
      Мүдделі мемлекеттік органдар, уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті берушілер, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, тәуелсіз сарапшылар жауапты мемлекеттік органның сұратуы бойынша жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс тобының құрамы жөніндегі ұсыныстарын жібереді.
      11. Тексеру жүргізу басталған сәттен бастап жауапты мемлекеттік орган:
      1) жұмыс тобының мүшелерін мемлекеттік көрсетілетін қызметті тексеру үшін қажетті ақпаратпен, құжаттармен, нормативтік құқықтық актілермен, әдіскерлер, жауапты мемлекеттік органның басқа да құзыретті тұлғалары тарапынан консультациялармен, сондай-ақ жұмыс орындарымен, кеңселік техникамен, байланыспен және басқа да материалдармен;
      2) «электрондық үкімет» веб-порталында қажетті құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді орналастыруды және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандыру жөнінде келіп түскен ұсыныстар бойынша кері байланысты қамтамасыз етеді.»;
      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
      «11-1. Мемлекеттік орган «электрондық үкімет» веб-порталында өз құзыреті шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі халықтың жиналған ұсыныстарына талдау жүргізеді және оны тексеру жүргізу кезінде есепке алады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады