"Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 791 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1486 қаулысы

«Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту
жөніндегі 2010 ? 2014 жылдарға арналған бағдарлама туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 791
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2014 жылғы
8 қантардағы № 1486 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына
баспасөз хабарламасы

      «Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 ? 2014 жылдарға арналған бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 791 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 қантардағы № 1486 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) «Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 1 тамыздағы № 607 Жарлығының 2-тармағына сәйкес құрастырылған.
      Қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Қаулы нысаналы көрсеткіштерге фармацевтикалық өнеркәсiбін дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөнiндегi өзгерістерді енгізуді қарастырады.
      Қаулы республикалық бюджеттен қаржы шығындарын қарастырмайды және теріс әлеуметтік-экономикалық пен құқықтық салдарларға алып келмейді.

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз