«Мемлекет меншігінде болатын геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми,
коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты
Қазақстан Республикасынан тысқары жерге әкету қағидасын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы
11 наурыздағы № 251 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Үкіметтің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1519
қаулысына баспасөз парақшасы
«Мемлекет меншігінде болатын геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасынан тысқары жерге әкету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 251 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Үкімет қаулысы (бұдан әрі – қаулы) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012 жылғы 19 наурыздағы № 8-П қаулысының 2-тармағын орындау мақсатында әзірленді.
Қаулы 2014 жылдың 30 қаңтарында бұқаралық ақпарат құралдарымен жарияланды және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді (2014 жылдың 10 ақпанында).
Геологиялық ақпаратты пайдалану үшін төлемнің келіп түсуіне бақылау жүргізуші уәкілетті органды анықтау, сондай-ақ олардың есепке алыну тәртібін орнату және құпиялылық туралы келісімнің үлгілік нысанын бекіту қаулының мақсаты болып табылады.
Болжамдалатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлары: жобаны қабылдаудың жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарлары болмайды, мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді.
Болжамдалатын тиімділігі: геологиялық ақпаратпен жұмыс барысын жеңілдету, атап айтқанда:
1) мүдделі тұлғалар уәкілетті органның шешімі бойынша үзіндіні алуға және көшірме жасауға деген құқығынсыз, жер қойнауын пайдаланудан бос объект бойынша геологиялық ақпаратпен танысуға құқылы;
2) құпиялылық туралы келісімді жасасу шарттарының тармақтары және ақылы және ақысыз негіздердегі құпиялылық туралы келісімнің нысаны анықталды;
3) конкурс нәтижелері бойынша немесе тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығына ие болған жер қойнауын пайдаланушылармен құпиялылық туралы келісімді жасасу шарттары, геологиялық ақпаратты алу шарттары және геологиялық ақпаратты қайтару тәртібі, геологиялық ақпараттың құнын төлеу мерзімі мен тәртібі анықталды;
4) қосымша мердігерлік жұмыстарды орындау үшін, уақытша пайдалануға геологиялық ақпаратты беруге үшжақты шартты жасасудың негіздері мен шарттары, сондай-ақ үшжақты шарттың нысаны анықталды;
5) Кеден одағының (бұдан әрі – КО) аумағы шегінде (аумағынан тыс) жерлерге геологиялық ақпаратты табиғи және жасанды жеткізгіштерде әкетуге қатысты өзгерістер енгізілді, онда өтінімді қарау мерзімі, тәртібі және КО аумағы шегінде (аумағынан тыс) жерлерге геологиялық ақпаратты әкетуге лицензияны/рұқсатты алу үшін қажетті құжаттар тізімі анықталады. Өтінімді беру жолы (бір терезе қағидасы) жеңілдетілді, оған сәйкес жер қойнауын пайдаланушы өтінімді тиісті мемлекеттік органға береді және белгіленген мерзімде жауап алады.
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі