Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2014 – 2018
жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1540 қаулысымен (бұдан әрі – Қаулы) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар) бекітілді.
Қаулы «2014 – 2016 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 148-V Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру үшін қабылданды.
Стратегиялық жоспарда бір стратегиялық жоспар «Ұсынылатын ақпараттың сапасын жақсарту» және 3 стратегиялық мақсат қаралған:
1. Экономиканың барлық аяларын, салаларын сапалы көрсеткіштермен қамтамасыз ету және статистикалық деректерді түзуді оңтайландыру;
2. «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
3. Статистикалық ақпаратты тарату жүйесін дамыту.
Стратегиялық жоспардың жаңа міндеттері болып ауылшаруашылық санақты өткізуді жоспарлау және 2020 халық санағын өткізу бойынша дайындық жұмыстары табылады.
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі