«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық
жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы
31 желтоқсандағы № 1574 қаулысына баспасөз хабарламасы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1574 қаулысы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес әзірленген.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.
Қаулының мақсаты «2014-2016 жылға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын жаңа мерзімге кезеңге бекіту болып табылады.
Қаулы республикалық бюджеттен мынадай қаржылық шығындарды:
2014 жыл – 133 602 580 мың теңге;
2015 жыл – 112 709 926 мың теңге;
2016 жыл – 103 838 347 мың теңгені болжайды және әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді.
Болжанатын тиімділігі: Жобаны қабылдау Стратегиялық жоспардағы индустриялық-инновациялық даму, электр энергетикасы, тау-кен және атом өнеркәсібі, техникалық реттеу және метрология, инвестициялық ынтымақтастық салаларында қойылған нысаналы индикаторларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі