Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.08.2015 № 620 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 245 бұйрығын қараңыз.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1585 қаулысымен
бекітілген
«Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық
емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге
асыру құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
біліктілік емтиханынан өткені туралы материалдарды қарау кезінде – 10 (он) жұмыс күні;
біліктілік емтиханынан өткені туралы шешім шығару кезінде – емтихан өткізілгеннен кейін келесі күннен кешіктірмей жібере отырып, 3 (үш) жұмыс күні;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:
1) біліктілік емтиханынан өткені туралы Комиссияның шешімі не емтиханнан өтпегені туралы Комиссияның хаттамасынан үзіндінің көшірмесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
2) мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия, лицензияны қайта ресімдеу, оның телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіште лицензияны алу үшін жүгінген жағдайда, лицензия электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және басшысының қолымен расталады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы және (немесе) тегін түрде көрсетіледі:
1) біліктілік емтиханның өткізілуі – тегін;
2) мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді:
1) осы қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезінде 6 айлық есептік көрсеткішті(бұдан әрі – АЕК) құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 % құрайды, бірақ 4 АЕК-тен аспайды;
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 % құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу үшін электрондық сұрау салынған кезде ақы төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырыла алады.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен көрсетіледі;
2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарды жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
біліктілік емтиханынан өту үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес қызметтің түріне біліктілік талаптары туралы ақпарат қамтылған мәліметтердің нысаны;
3) жеке тұлға үшін (немесе оның уәкілетті өкілі үшін) – көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
4) өкілдің өкілеттігін растайтын құжат;
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылып куәландырылған электрондық құжат нысандағы сұрау салу;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес қызметтің түріне біліктілік талаптары туралы ақпарат қамтылған мәліметтердің нысаны.
Жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы немесе мемлекеттік қызмет көрсетудің ақпараттық мониторинг жүйесі арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылып куәландырылған электрондық құжаттар нысанында дербес алады;
лицензия алу үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш;
2) жеке тұлға үшін – көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
3) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлеген жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша берілген медициналық анықтамалар;
5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес қызметтің түріне біліктілік талаптары туралы ақпарат қамтылған мәліметтердің нысаны;
6) мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі тағылымдамадан өту туралы қорытындының көшірмесі;
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылып куәландырылған электрондық құжат нысандағы сұрау салу;
2) ЭҮТШ арқылы бюджетке қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленгенін растайтын ақпарат, түбіртек қағаз жеткізгіште болған жағдайда, сұрау салуға құжаттың электрондық көшірмесі түрінде қоса беріледі;
3) мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі тағылымдамадан өту туралы қорытындының көшірмесі (сұрау салуға құжаттың электрондық көшірмесі түрінде қоса беріледі);
4) бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша берілген медициналық анықтамалар (сұрау салуға құжаттың электрондық көшірмесі түрінде қоса беріледі);
5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес қызметтің түріне қойылатын біліктілік талаптары туралы ақпарат қамтылған мәліметтердің нысаны.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), бюджетке қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленгенін растайтын, сотталмағаны туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы немесе мемлекеттік қызмет көрсетудің ақпараттық мониторинг жүйесі арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылып куәландырылған электрондық құжаттар нысанында дербес алады;
телнұсқа алу үшін:
лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталда тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметті алуға мүмкіндік болмаған кезде ғана мынадай құжаттарды ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылып куәландырылған электрондық құжат нысандағы сұрау салу;
2) ЭҮТШ арқылы бюджетке қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленгенін растайтын ақпарат, түбіртек қағаз жеткізгіште болған жағдайда, сұрау салуға құжаттың электрондық көшірмесі түрінде қоса беріледі.
Жеке басын куәландыратын, бюджетке қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленгенін растайтын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы немесе мемлекеттік қызмет көрсетудің ақпараттық мониторинг жүйесі арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылып куәландырылған электрондық құжаттар нысанында дербес алады;
лицензияны қайта ресімдеу үшін:

3) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлеген жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) тегін, атын және әкесінің атын ауыстыруды тіркеу туралы мәліметтер 2008 жылға дейін жүргізілген жағдайда, тегін, атын және әкесінің атын ауыстыру туралы куәліктің көшірмесі (түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі);
5) қағаз жеткізгіште берілген жағдайда лицензияның түпнұсқасы (көрсетілетін қызметті алушы қайта ресімделген лицензияны алғанға дейін бұрын берілген лицензияны қайтарады);
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылып куәландырылған электрондық құжат нысандағы сұрау салу;
2) электрондық сұрау салуға сканерленген түрде қоса берілетін тегін, атын және әкесінің атын ауыстыру туралы куәліктің көшірмесі (тегін, атын және әкесінің атын ауыстыруды тіркеу туралы мәліметтер 2008 жылға дейін жүргізілген жағдайда);
3) ЭҮТШ арқылы бюджетке қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленгенін растайтын ақпарат, түбіртек қағаз жеткізгіште болған жағдайда, сұрау салуға құжаттың электрондық көшірмесі түрінде қоса беріледі.
Жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы немесе мемлекеттік қызмет көрсетудің ақпараттық мониторинг жүйесі арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылып куәландырылған электрондық құжаттар нысанында дербес алады.
Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылып куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды сұратуға жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі және олардың талаптары бойынша жеңілдіктер көзделмеген.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз жеткізгіште өтініштің қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны болып табылады;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.
10. Егер:
1) қызмет түрімен айналысуға субъектілердің осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынса;
2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрімен айналысу құқығына лицензиялық алым енгізілмесе;
3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
4) көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беру келісім беретін көрсетілетін қызметті берушімен келісілмесе;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болса;
6) сот орындаушысының ұсынымы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуына тыйым салса, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері болып табылады.
3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері
бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі
11. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Министрлік басшысының атына 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 13-кіреберіс, № 1021 және (немесе) № 925 кабинеттер мекенжайы бойынша, сондай-ақ 8 (7172) 74-07-68, 74-07-97 телефондары бойынша беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда пошта бойынша не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алатын мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылдануын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қолдану үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс – орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» жіберген кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізу туралы белгі, тіркеу, орындау, қаралуы туралы жауап немесе қараудан бас тарту) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағым ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін, оның ішінде электрондық нысанда
көрсетілетін қызмет ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де
талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.adilet.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналасқан.
14. Көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы ЭЦҚ-ның болу шартымен электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58-00-58 және Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: (1414).
«Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін,
материалдық емес активтердің құнын қоспағанда)
жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына
біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Қайда ___________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
кімнен __________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызметті
_________________________________________
алушының толық атауы)
ӨТІНІШ
Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық
емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі біліктілік емтиханын
тапсыруға жіберуді сұраймын.
Қоса берілетін құжаттар: ______________________________________
_____________________________________________________________________
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы _____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________
(қолы)
20__ ж. «___» _______________
Өтініш қарауға қабылданды 20__ ж. «___» _______________

(жауапты адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
___________ 20__ ж. «___» _________
___________________________________
(қолы)
«Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін,
материалдық емес активтердің құнын қоспағанда)
жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына
біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Қызметтің түріне қойылатын біліктілік талаптары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер
нысаны
1. Диплом туралы мәліметтер:
«бағалау» мамандығы бойынша ___________________________________
жоғары экономикалық ___________________________________________
жоғары техникалық _____________________________________________
1. жоғары оқу орнының атауы ___________________________________
2. мамандықтың атауы __________________________________________
3. мамандықтың шифрі __________________________________________
4. дипломның нөмірі ___________________________________________
5. дипломның берілген күні ____________________________________
«Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін,
материалдық емес активтердің құнын қоспағанда)
жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына
біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
алуға заңды тұлғаның
ө т і н і ш і
Қайда _____________________________
(лицензиардың толық атауы)
кімнен ____________________________
(заңды тұлғаның толық атауы,
___________________________________
бизнес–сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________
(қызметтің түрін және (немесе) қызметтің кіші түрін (түрлерін)
көрсету)
айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз
жеткізгіште __________ (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған
жағдайда, Х белгісін қою) беруіңізді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен,

көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондар __________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банктік есепшот _____________________________________________________
(есепшоттың нөмірі, банктің атауы мен орналасқан жері)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лары) ______________________________

_______________ парақ қоса беріледі
Осы арқылы:
көрсетілген деректердің бәрі ресми байланыс болып табылатыны
және оларға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе
беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге
болатыны;
өтініш иесіне лицензияланатын қызметтің түрімен және (немесе)
қызметтің кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағаны;
қоса берілген барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және
жарамды болып табылатыны расталады.
Басшы ____________ _______________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Мөрдің орны Толтырылған күні: 20__ ж. «___» _______________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
___________ 20__ ж. «___» ____________
______________________________________
(қолы)
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
алу үшін жеке тұлғаның
ө т і н і ш і
Қайда _______________________________________
(лицензиардың толық атауы)
кімнен ______________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
_____________________________________________
(болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________
(қызметтің түрін және (немесе) қызметтің кіші түрін (түрлерін)
көрсету)
айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз
жеткізгіште _________________ (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет
болған жағдайда, Х белгісін қою) беруіңізді сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы __________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен,
_____________________________________________________________________
көшенің атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондары _________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банктік есепшот _____________________________________________________
(есепшоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лары) ______________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен,
_____________________________________________________________________
көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
_______________ парақ қоса беріледі
Осы арқылы:
көрсетілген деректердің бәрі ресми байланыс болып табылатыны
және оларға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе
беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге
болатыны;
өтініш иесіне лицензияланатын қызметтің түрімен және (немесе)
қызметтің кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағаны;
қоса берілген барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және
жарамды болып табылатыны расталады.
Жеке тұлға _______________________________
(қолы)
__________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Мөрдің орны (бар болса)
Толтырылған күні: 20__ ж. «___» __________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
__________ 20__ ж. «___» _________________
__________________________________________
(қолы)
«Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін,
материалдық емес активтердің құнын қоспағанда)
жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына
біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша
Қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары туралы ақпаратты
қамтитын мәліметтер нысаны
жеке тұлғалар үшін
1. Жоғарғы білімінің болуы:
«бағалау» мамандығы бойынша __________________________________;
жоғарғы экономикалық _________________________________________;
жоғарғы техникалық ___________________________________________.
1. жоғарғы оқу орнының атауы _________________________________;
2. мамандықтың атауы _________________________________________;
3. мамандықтың шифрі _________________________________________;
4. дипломның нөмірі __________________________________________;
5. дипломның берілген күні ____________________________________
2. Бағалау қызметі бойынша біліктілік комиссиясында біліктілік
емтиханынан өту:
1. күні ______________________________________________________;
2. қала ______________________________________________________;
3. Бағалау қызметі бойынша біліктілік комиссиясында біліктілік
емтиханынан өтуі туралы шешім ______________________________________;
заңды тұлғалар үшін
1. Штатта тұрған лицензиялары бар қызметкерлердің тізімі,
лицензиялары туралы және бұйрықтар не еңбек келісімдері туралы
мәліметтер:
1. Штатта тұрған жеке тұлғалардың тізімі:
ЖШС директоры лицензиясының нөмірі ___________________________;
Т.А.Ә. _______________________________________________________;
ЖШС қызметкері лицензиясының нөмірі __________________________;

2. Бұйрықтың не еңбек келісімінің нөмірі және күні ____________

5-қосымша
Қайда _________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
кімнен ________________________________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

(қызметтің түрін көрсету)
айналысуға лицензияны қайта ресімдеуді, телнұсқасын беруді сұраймын.
Қоса берілетін құжаттар: ____________________________________________
_____________________________________________________________________
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы _____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________
(қолы)
20__ ж. «___» _______________
Өтініші қарауға қабылданды 20__ ж. «___» _______________

(жауапты тұлғаның қолы, тегі, аты, әкесінің аты)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
___________ 20__ ж. «___» ________
__________________________________
(қолы)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1585 қаулысымен
бекітілген
«Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын
бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік
емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
біліктілік емтиханынан өткені туралы материалдарды қарау кезінде – 10 (он) жұмыс күні;
біліктілік емтиханынан өткені туралы шешім шығару кезінде – емтихан өткізілгеннен кейін келесі күннен кешіктірмей жібере отырып, 3 (үш) жұмыс күні;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:
1) біліктілік емтиханынан өткені туралы Комиссияның шешімі не емтиханнан өтпегені туралы Комиссияның хаттамасынан үзіндінің көшірмесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
2) зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия, лицензияны қайта ресімдеу, оның телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіште лицензияны алу үшін жүгінген жағдайда, лицензия электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және басшысының қолымен расталады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы және (немесе) тегін түрде көрсетіледі:
1) біліктілік емтиханның өткізілуі – тегін;
2) зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді:
1) осы қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезінде 6 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 % құрайды, бірақ 4 АЕК-тен аспайды;
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 % құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу үшін электрондық сұрау салынған кезде ақы төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен көрсетіледі;
2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарды жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
біліктілік емтиханынан өту үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес қызметтің түріне біліктілік талаптары туралы ақпараты бар мәліметтердің нысаны;
3) жеке тұлға үшін (немесе оның уәкілетті өкілі үшін) – көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
4) өкілдің өкілеттігін растайтын құжат;
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылып куәландырылған электрондық құжат нысандағы сұрау салу;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес қызметтің түріне біліктілік талаптары туралы ақпараты бар мәліметтердің нысаны.
Жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы немесе мемлекеттік қызмет көрсетудің ақпараттық мониторинг жүйесі арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылып куәландырылған электрондық құжаттар нысанында дербес алады;
лицензия алу үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш;
2) жеке тұлға үшін – көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
3) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлеген жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша берілген медициналық анықтамалар;
5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес қызметтің түріне біліктілік талаптары туралы ақпарат қамтылған мәліметтердің нысаны;
6) зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі тағылымдамадан өту туралы қорытындының көшірмесі;
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылып куәландырылған электрондық құжат нысандағы сұрау салу;
2) ЭҮТШ арқылы бюджетке қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленгенін растайтын ақпарат, түбіртек қағаз жеткізгіште болған жағдайда, сұрау салуға құжаттың электрондық көшірмесі түрінде қоса беріледі;
3) зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі тағылымдамадан өту туралы қорытындының көшірмесі (сұрау салуға құжаттың электрондық көшірмесі түрінде қоса беріледі);
4) бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша берілген медициналық анықтамалар (сұрау салуға құжаттың электрондық көшірмесі түрінде қоса беріледі);
5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес қызметтің түріне қойылатын біліктілік талаптары туралы ақпарат қамтылған мәліметтердің нысаны.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), бюджетке қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленгенін растайтын, сотталмағаны туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы немесе мемлекеттік қызмет көрсетудің ақпараттық мониторинг жүйесі арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылып куәландырылған электрондық құжаттар нысанында дербес алады;
телнұсқа алу үшін:
лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталда тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметті алуға мүмкіндік болмаған кезде ғана мынадай құжаттарды ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылып куәландырылған электрондық құжат нысандағы сұрау салу;
2) ЭҮТШ арқылы бюджетке қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленгенін растайтын ақпарат, түбіртек қағаз жеткізгіште болған жағдайда, сұрау салуға құжаттың электрондық көшірмесі түрінде қоса беріледі.
Жеке басын куәландыратын, бюджетке қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленгенін растайтын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы немесе мемлекеттік қызмет көрсетудің ақпараттық мониторинг жүйесі арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылып куәландырылған электрондық құжаттар нысанында дербес алады;
лицензияны қайта ресімдеу үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлеген жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) тегін, атын және әкесінің атын ауыстыруды тіркеу туралы мәліметтер 2008 жылға дейін жүргізілген жағдайда тегін, атын және әкесінің атын ауыстыру туралы куәліктің көшірмесі (түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі);
5) қағаз жеткізгіште берілген жағдайда лицензияның түпнұсқасы (көрсетілетін қызметті алушы қайта ресімделген лицензияны алғанға дейін бұрын берілген лицензияны қайтарады);
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылып куәландырылған электрондық құжат нысандағы сұрау салу;
2) электрондық сұрау салуға сканерленген түрде қоса берілетін тегін, атын және әкесінің атын ауыстыру туралы куәліктің көшірмесі (тегін, атын және әкесінің атын ауыстыруды тіркеу туралы мәліметтер 2008 жылға дейін жүргізілген жағдайда);
3) ЭҮТШ арқылы бюджетке қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленгенін растайтын ақпарат, түбіртек қағаз жеткізгіште болған жағдайда, сұрау салуға құжаттың электрондық көшірмесі түрінде қоса беріледі.
Жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы немесе мемлекеттік қызмет көрсетудің ақпараттық мониторинг жүйесі арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылып куәландырылған электрондық құжаттар нысанында дербес алады.
Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылып куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды сұратуға жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі және олардың талаптары бойынша жеңілдіктер көзделмеген.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз жеткізгіште өтініштің қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны болып табылады;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.
10. Егер:
1) қызмет түрімен айналысуға субъектілердің осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынса;
2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда, қызметтің жекелеген түрімен айналысу құқығына лицензиялық алым енгізілмесе;
3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
4) көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беру келісім беретін көрсетілетін қызметті берушімен келісілмесе;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болса;
6) сот орындаушысының ұсынымы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуына тыйым салса, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері болып табылады.
3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері
бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі
11. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Министрлік басшысының атына 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 13-кіреберіс, № 1021 және (немесе) № 925 кабинеттер мекенжайы бойынша, сондай-ақ 8 (7172) 74-07-68, 74-07-97 телефондары бойынша беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда пошта бойынша не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алатын мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылдануын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қолдану үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс–орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» жіберген кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізу туралы белгі, тіркеу, орындау, қаралуы туралы жауап немесе қараудан бас тарту) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағым ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін, оның ішінде электрондық нысанда
көрсетілетін қызмет ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де
талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.adilet.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналасқан.
14. Көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы ЭЦҚ-ның болу шартымен электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58-00-58 және Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: (1414).
«Зияткерлік меншікті, материалдық емес
активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті
жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын
өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Қайда ___________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
кімнен __________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызметті
_________________________________________
алушының толық атауы)
ӨТІНІШ
Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын
бағалау бойынша біліктілік емтиханын тапсыруға жіберуді сұраймын.
Қоса берілетін құжаттар: ______________________________________
_____________________________________________________________________
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы _____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________
(қолы)
20__ ж. «___» _______________
Өтініш қарауға қабылданды 20__ ж. «___» _______________
_____________________________________________________________________
(жауапты адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
___________ 20__ ж. «___» ________
__________________________________
(қолы)
«Зияткерлік меншікті, материалдық емес
активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті
жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын
өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Қызметтің түріне қойылатын біліктілік талаптары туралы
ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
1. Диплом туралы мәліметтер:
«бағалау» мамандығы бойынша ___________________________________
жоғары экономикалық ___________________________________________
жоғары техникалық _____________________________________________
1. жоғары оқу орнының атауы ___________________________________
2. мамандықтың атауы __________________________________________
3. мамандықтың шифрі __________________________________________
4. дипломның нөмірі ___________________________________________
5. дипломның берілген күні ____________________________________
«Зияткерлік меншікті, материалдық емес
активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті
жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын
өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
алуға заңды тұлғаның
ө т і н і ш і
Қайда _____________________________
(лицензиардың толық атауы)
кімнен ____________________________
(заңды тұлғаның толық атауы,
___________________________________
бизнес–сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________
(қызметтің түрін және (немесе) қызметтің кіші түрін (түрлерін)
көрсету)
айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз
жеткізгіште __________ (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған
жағдайда, Х белгісін қою) беруіңізді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен,
_____________________________________________________________________
көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондар __________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банктік есепшот _____________________________________________________
(есепшоттың нөмірі, банктің атауы мен орналасқан жері)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лары) ______________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен,
_____________________________________________________________________
көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
_______________ парақ қоса беріледі
Осы арқылы:
көрсетілген деректердің бәрі ресми байланыс болып табылатыны
және оларға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе
беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге
болатыны;
өтініш иесіне лицензияланатын қызметтің түрімен және (немесе)
қызметтің кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағаны;
қоса берілген барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және
жарамды болып табылатыны расталады.
Басшы ____________ _______________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Мөрдің орны Толтырылған күні: 20__ ж. «___» _______________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
___________ 20__ ж. «___» __________
____________________________________
(қолы)
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
алу үшін жеке тұлғаның
ө т і н і ш і
Қайда _______________________________________
(лицензиардың толық атауы)
кімнен ______________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
_____________________________________________
(болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________
(қызметтің түрін және (немесе) қызметтің кіші түрін (түрлерін)
көрсету)
айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз
жеткізгіште _________________ (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет
болған жағдайда, Х белгісін қою) беруіңізді сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы __________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен,
_____________________________________________________________________
көшенің атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондары _________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банктік есепшот _____________________________________________________
(есепшоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лары) ______________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен,
_____________________________________________________________________
көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
_______________ парақ қоса беріледі
Осы арқылы:
көрсетілген деректердің бәрі ресми байланыс болып табылатыны
және оларға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе
беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге
болатыны;
өтініш иесіне лицензияланатын қызметтің түрімен және (немесе)
қызметтің кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағаны;
қоса берілген барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және
жарамды болып табылатыны расталады.
Жеке тұлға _______________________________
(қолы)
__________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Мөрдің орны (бар болса)
Толтырылған күні: 20__ ж. «___» __________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
__________ 20__ ж. «___» _________________
__________________________________________
(қолы)
«Зияткерлік меншікті, материалдық емес
активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті
жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын
өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша
Қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары туралы ақпаратты
қамтитын мәліметтер нысаны
жеке тұлғалар үшін
1. Жоғарғы білімінің болуы:
«бағалау» мамандығы бойынша __________________________________;
жоғарғы экономикалық _________________________________________;
жоғарғы техникалық ___________________________________________.
1. жоғарғы оқу орнының атауы _________________________________;
2. мамандықтың атауы _________________________________________;
3. мамандықтың шифрі _________________________________________;
4. дипломның нөмірі __________________________________________;
5. дипломның берілген күні ____________________________________
2. Бағалау қызметі бойынша біліктілік комиссиясында біліктілік
емтиханынан өту:
1. күні ______________________________________________________;
2. қала ______________________________________________________;
3. Бағалау қызметі бойынша біліктілік комиссиясында біліктілік
емтиханынан өтуі туралы шешім ______________________________________;
заңды тұлғалар үшін
1. Штатта тұрған лицензиялары бар қызметкерлердің тізімі,
лицензиялары туралы және бұйрықтар не еңбек келісімдері туралы
мәліметтер:
1. Штатта тұрған жеке тұлғалардың тізімі:
ЖШС директоры лицензиясының нөмірі ___________________________;
Т.А.Ә. _______________________________________________________;
ЖШС қызметкері лицензиясының нөмірі __________________________;
Т.А.Ә. _______________________________________________________;
2. Бұйрықтың не еңбек келісімінің нөмірі және күні ____________
_____________________________________________________________________
«Зияткерлік меншікті, материалдық емес
активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті
жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын
өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
5-қосымша
Қайда _________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
кімнен ________________________________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)
ӨТІНІШ
_____________________________________________________________________
(қызметтің түрін көрсету)
айналысуға лицензияны қайта ресімдеуді, телнұсқасын беруді сұраймын.
Қоса берілетін құжаттар: ____________________________________________
_____________________________________________________________________
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы _____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________
(қолы)
20__ ж. «___» _______________
Өтініші қарауға қабылданды 20__ ж. «___» _______________
_____________________________________________________________________
(жауапты тұлғаның қолы, тегі, аты, әкесінің аты)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
___________ 20__ ж. «___» _____________
_______________________________________
(қолы)