Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 ақпанда № 10272 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 747 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 15.05.2018 № 747 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2014 жылғы 16 мамырдағы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағы 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      2) Зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

      3) Жеке тұлғалар үшін мәліметтер нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

      4) Заңды тұлғалар үшін мәліметтер нысаны осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Әділет министрі

Б. Имашев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ E. Досаев

      2015 жылғы 3 ақпан


      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _______________ А. Исекешев

      2015 жылғы 4 ақпан



  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 17 бұйрығына 1-қосымша

Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес
активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге
асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға
сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі


Біліктілік талаптары

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

Жеке тұлғалар үшін

1.

"бағалау" мамандығы бойынша жоғары білімінің және (немесе) жоғары экономикалық немесе техникалық білімінің болуы

"бағалау" мамандығы бойынша жоғары білімінің және (немесе) жоғары экономикалық немесе техникалық білімінің барын растайтын дипломның болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес)

шетелдік білім мекемелері берген дипломдар үшін "Білім беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімінен өткенін растайтын құжат көшірмесін ұсыну қажет

2.

жоғары экономикалық және (немесе) техникалық білімі бар тұлғалар үшін мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бойынша тағылымдамадан өту

тағылымдамадан өткені туралы қорытындының көшірмесі

құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады

3.

бағалау қызметі жөніндегі біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханынан өту

бағалау қызметімен айналысу құқығына біліктілік емтиханынан өткені туралы ақпарат қамтылған мәліметтер нысаны

мәлімет нысаны түрінде ұсынылады

4.

наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғандығы туралы мәліметтердің болмауы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне үсынғанға дейін бір айдан кем болмайтын мерзімде наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден алынған анықтамалар

құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады

5.

соттылығының болмауы

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (бұдан әрі - ҚР БП ҚСАЕК) адамның қылмыс жасағаны туралы есепке алуы бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы ақпарат

"Е-лицензиялау" МДҚ ықпалдасқан ҚР БП ҚСАЕК дерекқорында болған жағдайда талап етілмейді

Заңды тұлғалар үшін

6.

заңды тұлғаның директорын қоса алғанда, штатта мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар кемінде екі қызметкердің болуы

лицензиясы бар штатта тұрған жеке тұлғалар, лиңензиялар, бұйрықтар мен еңбек келісімдерінің болуы туралы ақпарат қамтылған мәліметтер нысаны (осы бұйрыққа 4-қосымша)

мәлімет нысаны түрінде ұсынылады

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 17 бұйрығына 2-қосымша

Зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің
құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын
біліктілік талаптары мен оларға сәйкестігін растайтын құжаттар
тізбесі


Біліктілік талаптары

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

Жеке тұлғалар үшін

1.

"бағалау" мамандығы бойынша жоғары білімінің және (немесе) жоғары экономикалық немесе техникалық білімінің болуы

"бағалау" мамандығы бойынша жоғары білімінің және (немесе) жоғары экономикалық немесе техникалық білімінің барын растайтын дипломның болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

шетелдік білім мекемелері берген дипломдар үшін "Білім беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімінен өткенін растайтын құжат көшірмесін ұсыну қажет

2.

жоғары экономикалық және (немесе) техникалық білімі бар тұлғалар үшін зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын бағалау бойынша тағылымдамадан өту

тағылымдамадан өткені туралы қорытындының көшірмесі

құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады

3.

бағалау қызметі жөніндегі біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханынан өту

бағалау қызметімен айналысу құқығына біліктілік емтиханынан өткені туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы бұйрыққа 3-қосымша)

мәлімет нысаны түрінде ұсынылады

4.

наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғандығы туралы мәліметтердің болмауы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне үсынғанға дейін бір айдан кем болмайтын мерзімде наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден алынған анықтамалар

құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады

5.

соттылығының болмауы

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (бұдан әрі - ҚР БП ҚСАЕК) адамның қылмыс жасағаны туралы есепке алуы бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы ақпарат

"Е-лицензиялау" МДҚ ықпалдасқан ҚР БП ҚСАЕК дерекқорында болған жағдайда талап етілмейді

Заңды тұлғалар үшін

6.

заңды тұлғаның директорын қоса алғанда, штатта зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар кемінде екі қызметкердің болуы

лицензиясы бар штатта тұрған жеке тұлғалар, лицензиялар, бұйрықтар мен еңбек келісімдерінің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

мәлімет нысаны түрінде ұсынылады

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 17 бұйрығына 3-қосымша

      Нысан

Мәліметтер нысаны
(жеке тұлғалар үшін)

      1. Диплом туралы мәліметтер:

      "бағалау" мамандығы бойынша__________________________________________

      жоғары экономикалық__________________________________________________

      жоғары техникалық____________________________________________________

      1) жоғары оқу орнының атауы__________________________________________

      2) мамандықтың атауы ________________________________________________

      3) мамандықтың шифры_________________________________________________

      4) дипломның нөмірі__________________________________________________

      5) дипломның берілген күні___________________________________________

      2. Бағалау қызметі бойынша біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханынан өту:

      1. күні_____________________________________________________________;

      2. қала_____________________________________________________________;

      3. Бағалау қызметі бойынша біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханынан өту туралы шешім________________________________________.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 17 бұйрығына 4-қосымша

      Нысан

Мәліметтер нысаны
(заңды тұлғалар үшін)

      1. Штатта тұрған лицензиялары бар қызметкерлердің тізімі, лицензиялар

      туралы және бұйрықтар не еңбек келісімдері туралы мәліметтер:

      1. Штатта тұрған жеке тұлғалардың тізімі:

      ЖШС директоры лицензиясының нөмірі__________________________________;

      Т.А.Ә_______________________________________________________________;

      ЖШС қызметкері лицензиясының нөмірі_________________________________;

      Т.А.Ә.______________________________________________________________;

      2. Бұйрықтың не еңбек келісімінің нөмірі және күні__________________.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады