"Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 3 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасында Қазақстан
Республикасының Елшілігін ашу туралы» Қазақстан Республикасының
Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің
қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      С. Ахметов

Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы

      Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасымен дипломатиялық қатынастарын нығайту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Аддис-Абеба қаласында (Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы) Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады