"Жалақыны қорғау туралы конвенцияны (95-конвенция) ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 5 қаулысы

«Жалақыны қорғау туралы конвенцияны (95-конвенция)
ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15
қаңтардағы № 5 қаулысына баспасөз-релизі

      «Жалақыны қорғау туралы конвенцияны (95-конвенция) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 5 қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) қабылдау халықаралық шартты ратификациялау бойынша ішкі мемлекеттік рәсімдерді өткізу үшін қажет.
      Қазақстан Республикасының заңнамасы Халықаралық Еңбек Ұйымының Жалақыны қорғау туралы Конвенцияның (95-Конвенция) (бұдан әрі – Конвенция) ережелеріне сәйкес келеді.
      Конвенцияны ратификациялау 2011 жылғы 29 желтоқсанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2012-2014 жылдарға арналған бас келісімнің 3-тарауының 3.3-тармағында көзделген.
      Конвенцияны ратификациялау жалақыны қорғауды қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын арттырады және халықаралық стандарттарды одан әрі енгізуді қамтамасыз етеді, яғни Қазақстанның осы саладағы халықаралық нормаларды сақтау және орындау жолын ұстанатынын растайды.
      Қаулыны қабылдау теріс әлеуметтiк-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз