Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Катар Мемлекетінің Үкiметi арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге және оған Хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 8 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Катар Мемлекетінің Үкiметi арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімнің және оған Хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Катар Мемлекетінің Үкiметi арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге және оған Хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 15 қаңтардағы
№ 8 қаулысымен    
мақұлданған      

Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Катар Мемлекетінің
Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты
қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға
жол бермеу туралы
келісім

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Катар Мемлекетінің Үкіметі Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісім жасасуға ниет бiлдiре отырып, төмендегілер туралы келiстi:

1-бап
Келісім қолданылатын тұлғалар

      Осы Келісім Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiреуiнiң немесе екеуiнiң де резиденттерi болып табылатын тұлғаларға қолданылады.

2-бап
Келісім қолданылатын салықтар

      1. Осы Келісім Уағдаласушы Мемлекеттiң немесе оның орталық немесе жергілікті билік органдарының атынан алынатын табысқа салынатын салықтарға оларды алу әдiсiне қарамастан қолданылады.
      2. Табыстың жалпы сомасынан немесе табыстың жеке элементтерiнен алынатын салықтардың барлық түрлерi табысқа салынатын салықтар болып есептеледі.
      3. Мыналар:
      а) Қазақстан Республикасы жағдайында:
      (і) корпоративтік табыс салығы және
      (іі) жеке табыс салығы
      (бұдан әрi «Қазақстан салығы» деп аталатын); және
      b) Катар Мемлекеті жағдайында:
      табыс салықтары
      (бұдан әрi «Катар салығы» деп аталатындар) осы Келісім қолданылатын қазіргі салықтар болып табылады.
      4. Осы Келісім күшiне енген күннен кейiн қолданыстағы салықтарға қосымша немесе олардың орнына алынатын кез келген бiрдей немесе мәнi бойынша ұқсас салықтарға да осы Келісім қолданылады. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары өз мемлекетінің салық заңнамасындағы кез келген елеулi өзгерiстер туралы бiр-бiрiн хабардар етеді.

3-бап
Жалпы анықтамалар

      1. Егер түпмәтiннен өзгеше туындамаса, осы Келісімнің мақсаттары үшiн:
      а) «Қазақстан» термині Қазақстан Республикасын бiлдiредi және географиялық мағынада пайдаланылған кезде «Қазақстан» термині Қазақстан Республикасының мемлекеттiк аумағын және Қазақстан өзiнiң заңнамасына және өзі қатысушысы болып табылатын халықаралық келісімдерге сәйкес өзiнiң егемендiк құқықтары мен юрисдикциясын жүзеге асыратын аймақтарын қамтиды;
      b) «Катар» термині Катар Мемлекетін бiлдiредi және географиялық мағынада пайдаланылған кезде «Катар» термині халықаралық құқықтың және Катардың ұлттық заңнамасы мен нормаларының ережелеріне сәйкес Катар Мемлекеті өзiнiң егемендiк құқықтары мен юрисдикциясын жүзеге асыратын Катар Мемлекетінің аумағын, ішкі суларды, оның түбі мен жер қойнауларын қоса алғанда, аумақтық теңізін, олардың үстіндегі әуе кеңістігін, айрықша экономикалық аймағын және континенталдық қайраңын қамтиды;
      с) «Уағдаласушы Мемлекет» және «екінші Уағдаласушы Мемлекет» терминдері, түпмәтiнге қарай Қазақстанды немесе Катарды бiлдiредi;
      d) «компания» термині кез келген корпоративтік құрылымды немесе салық салу мақсаттары үшiн корпоративтік құрылым ретiнде қаралатын кез келген ұйымды бiлдiредi;
      е) «құзыретті орган» термині:
      (i) Қазақстан Республикасы жағдайында: Қаржы министрлiгiн немесе оның уәкiлеттi өкiлiн;
      (ii) Катар Мемлекеті жағдайында: Экономика және қаржы министрлігiн немесе оның уәкiлеттi өкiлiн бiлдiредi;
      f) «кәсiпорын» термині кез келген кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға қолданылады;
      g) «бір Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны» және «екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны» терминдері тиiсiнше бір Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқаратын кәсiпорынды және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқаратын кәсiпорынды бiлдiредi;
      h) «халықаралық тасымал» термині теңiз немесе әуе кемесі тек екiншi Уағдаласушы Мемлекеттің пункттері арасында ғана пайдаланылатын жағдайлардан басқа, Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны пайдаланатын теңiз немесе әуе кемесiмен кез келген тасымалды бiлдiредi;
      і) «ұлттық тұлға» термині:
      (i) Уағдаласушы Мемлекеттің азаматтығы бар кез келген жеке тұлғаны;
      (ii) Уағдаласушы Мемлекеттiң қолданыстағы заңнамасы негізінде осындай мәртебені алған кез келген заңды тұлғаны, серiктестiктi немесе қауымдастықты бiлдiредi;
      j) «тұлға» термині жеке тұлғаны, компанияны және салық салу мақсаттары үшін заңды тұлға ретінде қаралатын кез келген басқа тұлғалар бірлестігін білдіреді; және сондай-ақ Уағдаласушы Мемлекеттi және оның кез келген орталық немесе жергілікті билік органын қамтиды;
      k) «салық» термині түпмәтінге қарай Қазақстан салығын немесе Катар салығын білдіреді;
      l) «кәсiпкерлiк қызмет» термині кәсiби көрсетілетін қызметті және тәуелсiз сипаттағы басқа да қызметтi орындауды қамтиды.
      2. Уағдаласушы Мемлекет осы Келісімді кез келген уақытта қолданған кезде, онда айқындалмаған кез келген термин, егер түпмәтiннен өзгеше туындамаса, осы Келісім қолданылатын салықтарға қатысты осы Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасы бойынша сол уақытта қандай мағынаға ие болса, сондай мағынасы болады. Терминнің кез келген мағынасы осы Уағдаласушы Мемлекеттiң салық заңнамасына сәйкес осы Уағдаласушы Мемлекеттiң басқа заңдары бойынша терминге берiлетiн мағынадан басым болады.

4-бап
Резиденттік

      1. Осы Келісімнің мақсаттары үшiн «Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi» терминi:
      а) Қазақстан жағдайында, Қазақстанның заңнамасы бойынша тұратын жерi, резиденттiгi, азаматтығы, басқару орны немесе осыған ұқсас сипаттағы кез келген басқа да критерий негiзiнде онда салық салынуға жататын кез келген тұлғаны бiлдiредi және Қазақстан мен оның кез келген орталық немесе жергілікті билік органын да қамтиды. Алайда, осындай термин тек Қазақстандағы көздерден алынатын табысқа қатысты ғана Қазақстанда салық салынуға жататын кез келген тұлғаны қамтымайды;
      b) Катар жағдайында, тұратын жері, өмiрлiк мүдделер орталығы бар немесе әдетте Катарда тұратын кез келген жеке тұлғаны және Катарда құрылған немесе онда оның тиімді басқару орны бар компанияны білдіреді. Термин Катар Мемлекетін және оның кез келген саяси немесе әкімшілік бөлімшесін, жергілікті билік органын немесе оның заңнамасында көзделген органды да қамтиды.
      2. Егер осы баптың 1-тармағының ережелеріне сәйкес жеке тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуінің де резидентi болып табылса, онда оның мәртебесі мынадай түрде айқындалады:
      a) өзінің иелігіндегі тұрақты баспанасы қай Уағдаласушы Мемлекетте болса, соның ғана резидентi болып есептеледі, егер Уағдаласушы Мемлекеттердің екеуінде де оның иелігінде тұрақты баспанасы болса, ол өте тығыз жеке және экономикалық қатынастары (өмірлік мүдделер орталығы) бар Уағдаласушы Мемлекеттің ғана резидентi болып есептеледі.
      b) егер оның өмірлік мүдделер орталығы бар Уағдаласушы Мемлекетті айқындау мүмкін болмаса немесе Уағдаласушы Мемлекеттердің ешқайсысында оның иелігінде тұрақты баспанасы болмаса, ол өзі әдетте тұрып жатқан Уағдаласушы Мемлекеттің ғана резидентi болып есептеледі;
      с) егер ол әдетте Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнде де тұрып жатқан болса немесе олардың ешқайсысында да тұрмаса, ол өзі тек ұлттық тұлғасы болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң ғана резидентi болып есептеледi;
      d) егер жеке тұлғаның резиденттiк мәртебесiн осы тармақтың а), b) және с) тармақшаларының ережелеріне сәйкес айқындау мүмкін болмаса, онда Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуінің де құзыреттi органдары осы мәселені өзара келісуі бойынша шешеді.
      3. Егер осы баптың 1-тармағының ережелерiне сәйкес жеке тұлғадан өзге тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болып табылса, ол өзінің тиiмдi басқару орны орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттiң ғана резидентi болып есептеледi.

5-бап
Тұрақты мекеме

      1. Осы Келісімнің мақсаттары үшiн «тұрақты мекеме» терминi кәсiпорынның кәсiпкерлiк қызметi толық немесе iшiнара жүзеге асырылатын тұрақты қызмет орнын бiлдiредi.
      2. «Тұрақты мекеме» терминi, атап айтқанда:
      а) басқару орнын;
      b) филиалды;
      с) кеңсенi;
      d) фабриканы;
      е) шеберхананы;
      f) сауда орны ретінде пайдаланылатын үй-жайды;
      g) ферманы немесе плантацияны;
      h) шахтаны, кенiштi, мұнай немесе газ ұңғымасын, карьердi, қондырғыны, құрылысты немесе табиғи ресурстарды өндiрудің немесе барлаудың кез келген басқа да орнын, сондай-ақ осыған байланысты байқау қызметтерiн;
      i) құрылыс алаңын, құрылыс, монтаждау немесе құрастыру жобасын, немесе осындай алаңмен немесе жобамен немесе 6 айдан астам созылған қызметпен байланысты кез келген байқау қызметін;
      j) кәсіпорынның қызметшілер немесе осындай мақсат үшін кәсіпорын жалдаған басқа персонал арқылы, бірақ егер осындай сипаттағы қызмет (осындай немесе оған байланысты жоба үшін) Уағдаласушы Мемлекеттің аумағында кез келген он екі айлық кезеңде 6 айдан астам жалғастырылса ғана консультациялық қызметтерді қоса алғанда, қызметтер көрсетуді қамтиды.
      3. Осы баптың алдыңғы ережелерiне қарамастан, «тұрақты мекеме» терминi мыналарды:
      а) құрылыстарды кәсiпорынға тиесiлi тауарларды немесе бұйымдарды тек сақтау, көрсету немесе беру мақсаттары үшiн ғана пайдалануды;
      b) кәсiпорынға тиесiлi тауарлар немесе бұйымдар қорын тек сақтау, көрсету немесе беру мақсаттары үшiн ғана ұстауды;
      с) кәсiпорынға тиесiлi тауарлар немесе бұйымдар қорын тек басқа кәсiпорынның өңдеу мақсаттары үшiн ғана ұстауды;
      d) тұрақты қызмет орнын тек тауарларды немесе бұйымдарды сатып алу мақсаттары үшiн немесе кәсiпорынға арналған ақпаратты жинау үшiн ғана ұстауды;
      е) тұрақты қызмет орнын тек кәсiпорын үшiн дайындық немесе көмекшi сипаттағы кез келген басқа қызметтi жүзеге асыру мақсаттары үшiн ғана ұстауды; және
      f) тұрақты қызмет орнының осындай амал нәтижесiнде пайда болатын жиынтық қызметi дайындық немесе көмекшi сипатта болған жағдайда тұрақты қызмет орнын тек осы тармақтың а)-е) тармақшаларында тізбеленген қызмет түрлерiнiң кез келген амалын жүзеге асыру үшiн ғана ұстауды қамтымайды.
      4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерiне қарамастан, егер осы баптың 6-тармағы қолданылатын, тәуелсiз мәртебесi бар агенттен өзге тұлға кәсiпорынның атынан әрекет етсе және Уағдаласушы Мемлекетте кәсiпорын атынан келiсiмшарттар жасасуға өкiлеттiктерi болса және оны әдетте пайдаланса, егер осындай тұлғаның қызметi осы баптың 3-тармағында көрсетілген қызметпен ғана шектелмесе, егер ол тұрақты қызмет орны арқылы жүзеге асырылса да, ол осы тармақтың ережелеріне сәйкес тұрақты қызмет орнын тұрақты мекемеге айналдырмаса, онда осындай кәсiпорын осы тұлға кәсiпорын пайдасына жүзеге асыратын кез келген қызметке қатысты осы Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар деп қаралады.
      5. Осы баптың алдыңғы ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттің сақтандыру кәсіпорны, қайта сақтандыруды қоспағанда, егер ол осы екінші Уағдаласушы Мемлекеттің аумағында сақтандыру сыйлықақыларын жинаумен айналысса немесе осы баптың 6-тармағы қолданылатын тәуелсіз мәртебесі бар агенттен өзге тұлға арқылы онда орналасқан тәуекелдерді сақтандыратын болса, онда ол екінші Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесі бар деп қаралады.
      6. Кәсіпорын өз кәсiпкерлiк қызметiн Уағдаласушы Мемлекетте брокер, комиссионер немесе тәуелсiз мәртебесi бар кез келген басқа агент арқылы жүзеге асырғаны үшiн ғана, осындай тұлғалар өздерiнiң әдеттегi қызметi шеңберiнде әрекет жасаған жағдайда, ол осы Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар деп қаралмайды.
      7. Егер бір Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компания екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын немесе осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын (не тұрақты мекеме арқылы не өзге жолмен) компанияны бақыласа немесе оның бақылауында болса, онда осы компаниялардың бiрі екiншiсiнiң тұрақты мекемесін құрмайды.

6-бап
Жылжымайтын мүліктен алынатын табыс

      1. Бір Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен алатын табысына (ауыл немесе орман шаруашылығынан алатын табысты қоса алғанда) осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. «Жылжымайтын мүлiк» терминi қаралып отырған мүлiк орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасы бойынша айқындалады. Мұндай термин кез келген жағдайда жылжымайтын мүлiкке қатысты қосалқы мүлiктi, мал мен ауыл және орман шаруашылықтарында пайдаланылатын жабдықты, жер меншiгiне қатысты заңнаманың ережелерi қолданылатын құқықтарды, жылжымайтын мүлiк узуфруктын және минералдық шикізаттың кен орындарын, көздерін және басқа да табиғи ресурстарды игеру немесе игеру құқығына берiлетiн өтемақы ретiндегi ауыспалы немесе бекітілген төлемдерге құқықтарды қамтиды. Теңiз, өзен және әуе кемелерi жылжымайтын мүлiк ретiнде қаралмайды.
      3. Осы баптың 1-тармағының ережелерi жылжымайтын мүлiктi тiкелей пайдаланудан, жалға беруден немесе оны кез келген басқа нысанда пайдаланудан алынған табысқа қолданылады.
      4. Осы баптың 1 және 3-тармақтарының ережелерi кәсiпорынның жылжымайтын мүлкiнен алынатын табысына да қолданылады.

7-бап
Кәсіпкерлік қызметтен түсетін пайда

      1. Бір Уағдаласушы Мемлекет кәсіпорнының пайдасына, егер де кәсіпорын кәсіпкерлік қызметін сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы екінші Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асырмаса ғана, тек осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер кәсіпорын кәсіпкерлік қызметін жоғарыда көрсетілгендей жүзеге асырса, онда кәсіпорынның пайдасына екінші Уағдаласушы Мемлекетте, бірақ тек:
      (а) осындай тұрақты мекемеге;
      (b) осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте осындай тұрақты мекеме арқылы өткізілетін тауарларға немесе бұйымдарға ұқсас немесе бірдей тауарлар мен бұйымдардың өткізілуіне;
      (с) немесе сипатына қарай осындай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметке сәйкес келетін немесе ұқсас осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асырылатын басқа кәсіпкерлік қызметке қатысты бөлігінде ғана салық салынуы мүмкін.
      2. Осы баптың 3-тармағының ережелерiн ескере отырып, егер бір Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны кәсіпкерлік қызметті екiншi Уағдаласушы Мемлекетте онда орналасқан тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырса, онда әрбiр Уағдаласушы Мемлекетте, егер ол оқшауланған және жеке кәсiпорын болып, осындай немесе осыған ұқсас жағдайларда дәл осындай немесе осыған ұқсас қызметпен айналысып және өзi тұрақты мекемесi болып табылатын кәсiпорыннан толық тәуелсiз әрекет етіп қана алуы мүмкiн пайда осы тұрақты мекемеге жатқызылады.
      3. Тұрақты мекеменiң пайдасын айқындау кезiнде басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстарды қоса алғанда, олардың тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте немесе тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттің ұлттық заңнамасының ережелеріне сәйкес рұқсат етілген басқа жерде жұмсалғанына қарамастан, тұрақты мекеменiң мақсаттары үшiн жұмсалған шығыстарды шегеруге жол берiледi.
      4. Егер Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемеге қатысты пайданы кәсіпорын пайдасының жалпы сомасын оның әртүрлі бөлімшелері арасында барабар бөлу негізінде айқындау әдеттегі практика болып табылса, онда осы баптың 2-тармағында осы Уағдаласушы Мемлекетке салық салынатын пайданы әдеттегі практикаға сүйене отырып, осындай бөлу арқылы айқындауға ештеңе тыйым салмайды. Алайда, таңдалған бөлу әдісі осы бапта қамтылған қағидаттарға сәйкес нәтижелер беруге тиіс.
      5. Егер, Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органында бар ақпарат осы Уағдаласушы Мемлекеттегі осы тұлғаның тұрақты мекемесіне қатысты пайдасын айқындауға жеткіліксіз болып табылған жағдайларда, қолда бар ақпараттың негізінде тұрақты мекеменің пайдасын айқындау осы бапта көрсетілген қағидаттарға сәйкес келген жағдайда Уағдаласушы Мемлекеттің тұлғаның салық міндеттемесін айқындауға қатысы бар кез келген заңын қолдануға осы бапта ештеңе де ықпал етпеуге тиіс.
      6. Осы тұрақты мекеменің кәсіпорын үшін тауарларды немесе бұйымдарды сатып алуы негізінде ғана қандай да бір пайда тұрақты мекемеге есептелмейді.
      7. Осы баптың алдыңғы тармақтарының мақсаттары үшiн тұрақты мекемеге жататын пайда, егер осындай тәртiптi өзгертуге жеткiлiктi және дәлелді себептер болмаса, жыл сайын бірдей тәсілмен айқындалады.
      8. Егер пайда осы Келісімнің басқа баптарында жеке айтылатын табыстардың түрлерiн қамтыса, онда осындай баптардың ережелерiн осы баптың ережелерi қозғамайды.

8-бап
Теңіз және әуе көлігі

      1. Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының халықаралық тасымалдауда теңiз немесе әуе кемелерiн пайдаланудан алған пайдасына осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелері көлік құралдарын пайдалану жөніндегі пулға, бірлескен кәсіпорынға немесе халықаралық ұйымға қатысудан алынатын пайдаға да қолданылады.

9-бап
Қауымдасқан кәсіпорындар

      1. Егер:
      а) бір Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнын басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысса; немесе
      b) сол бiр тұлғалар бір Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнын басқаруға, бақылауға немесе олардың капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысса,
      және кез келген жағдайда екi кәсiпорынның арасында олардың коммерциялық немесе қаржылық өзара қатынастарында екi тәуелсiз кәсiпорынның арасында орын алуы мүмкiн жағдайлардан өзгеше жағдайлар жасалса немесе орнықса, онда кәсiпорындардың бiрiне есептелуi мүмкiн, бiрақ осындай жағдайлардың болуына байланысты оған есептелмеген кез келген пайда осы кәсiпорынның пайдасына қосылуы және оған тиiсiнше салық салынуы мүмкiн.
      2. Егер бір Уағдаласушы Мемлекет осы Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорнын пайдаға қосса және тиісінше пайдаға салық салса, оған қатысты екінші Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорнына осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынады және осылайша, қосылған пайда, егер екi кәсiпорын арасындағы жағдай тәуелсіз кәсiпорындар арасындағы жағдайлар сияқты болатын болса, бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнына есепке жазылуы мүмкін болатын пайда болып табылса, онда осы екiншi Уағдаласушы Мемлекет осындай пайдадан есептелген салықтың сомасына тиiстi түзету жүргізеді. Мұндай түзетудi айқындау кезiнде осы Келісімнің басқа да ережелерi ескеріледі және Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары қажет болған кезде бiр-бiрiмен консультация жүргiзiп отырады.

10-бап
Дивидендтер

      1. Бір Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компания екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төлейтiн дивидендтерге осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. Алайда резидентi дивидендтерді төлейтiн компания болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес осындай дивидендтерге салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер дивидендтердiң iс жүзiндегi иесi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, онда осылайша алынатын салық:
      а) егер iс жүзiндегi иесi дивидендтердi төлейтiн компания капиталының кемiнде 10 пайызын тiкелей иеленетiн резидент болса, дивидендтердiң жалпы сомасының 5 пайызынан;
      b) қалған барлық жағдайларда дивидендтердiң жалпы сомасының 10 пайызынан аспауға тиiс.
      Осы тармақтың ережелерi компанияның дивидендтер төленетiн пайдасына салық салуды қозғамайды.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын компания төлейтін дивидендтерге, егер дивидендтердің іс жүзіндегі иесі:
      а) Қазақстан жағдайында:
      (і) Қазақстан Республикасының Үкіметі, оның орталық немесе жергілікті билік органдары;
      (іі) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
      (ііі) Қазақстан Республикасының Үкіметіне, оның орталық немесе жергілікті билік органдарына немесе заңнамада көзделген органдарға толық, тікелей немесе жанама түрде тиесілі кез келген институт; және
      (іv) Қазақстан Республикасының Үкіметіне, оның орталық немесе жергілікті билік органдарына немесе Уағдаласушы Мемлекеттер арасында мезгіл-мезгіл келісіліп отыруы мүмкін заңнамада көзделген органдарға ішінара, тікелей немесе жанама түрде тиесілі кез келген институт;
      b) Катар Мемлекетінің жағдайында:
      (і) Катар Мемлекеті, оның орталық немесе жергілікті билік органдары;
      (іі) заңнамада көзделген орган;
      (ііі) Катардың Орталық Банкі;
      (іv) Катар Мемлекетінің Үкіметіне, оның орталық немесе жергілікті билік органдарына немесе заңнамада көзделген органдарға толық, тікелей немесе жанама түрде тиесілі кез келген институт; және
      (v) Катар Мемлекетінің Үкіметіне, оның орталық немесе жергілікті билік органдарына немесе Уағдаласушы Мемлекеттер арасында мезгіл-мезгіл келісіліп отыруы мүмкін заңнамада көзделген органдарға ішінара, тікелей немесе жанама түрде тиесілі кез келген институт болып табылса, тек екінші Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      4. «Дивидендтер» терминi осы бапта пайдаланылған кезде акциялардан немесе борыш талаптары болып табылмайтын пайдаға қатысуға берілетін басқа құқықтардан алынатын табысты, сондай-ақ пайданы бөлушi компания резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес акциялардан алынатын табыс сияқты дәл осындай салықтық реттеуге жататын басқа да корпоративтiк құқықтардан алынатын табысты бiлдiредi.
      5. Егер дивидентердің бір Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын iс жүзiндегi иесi дивидендтердi төлейтiн компания резидентi болып табылатын екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы онда кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса және төленіп жүрген дивидендтерге қатысы бар холдинг осындай мекемемен нақты байланыста болса, осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерi қолданылмайды. Осындай жағдайда осы Келісімнің 7-бабының ережелерi қолданылады.
      6. Егер бір Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын компания екінші Уағдаласушы Мемлекеттен пайда немесе табыс алып отырса, осы екiншi Уағдаласушы Мемлекет, осындай дивиденттер осы екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төленетін немесе төленіп жүрген дивиденттерге қатысы бар холдинг осы екінші Уағдаласушы Мемлекеттегі тұрақты мекемемен нақты байланысты болған жағдайларды қоспағанда, осындай компания төлейтін дивиденттерден кез келген салық алынбайды және тіпті төленетін дивиденттер немесе бөлінбеген пайда толығымен немесе ішінара осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте пайда болған пайдадан немесе табыстан тұрса да, компанияның бөлінбеген пайдасынан бөлінбеген пайдаға салынатын салық алынбайды.
      7. Осы Келісімде Уағдаласушы Мемлекетке осы Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық тұлғасы болып табылатын компанияның пайдасына есептелетiн салыққа қосымша осы Уағдаласушы Мемлекеттегi тұрақты мекемеге жататын компанияның пайдасына салық салуға кез келген қосымша есептелген салық алдыңғы салық салынған жылдары осындай қосымша салық салуға салынбаған осындай пайда сомасының 10 пайызынан аспайтын жағдайда, еш нәрсе кедергі болмайды деп түсіндірілмейді. Осы тармақтың мақсаттары үшiн пайда одан тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте алынатын, осы тармақта аталған қосымша салықтан өзге барлық салықты шегерiп тастағаннан кейiн айқындалады.

11-бап
Пайыздар

      1. Бір Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн пайыздарға осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. Алайда осындай пайыздарға олар пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер пайыздардың іс жүзіндегі иесi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, онда осылайша алынатын салық пайыздардың жалпы сомасының 10 пайызынан аспауға тиiс.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерiне қарамастан, егер:
      а) Қазақстан жағдайында:
      (і) Қазақстан Республикасының Үкіметі, оның орталық немесе жергілікті билік органдары;
      (іі) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
      (ііі) Қазақстан Республикасының Үкіметіне, оның орталық немесе жергілікті билік органдарына немесе заңнамада көзделген органдарға толық, тікелей немесе жанама түрде тиесілі кез келген институт; және
      (іv) Қазақстан Республикасының Үкіметіне, оның орталық немесе жергілікті билік органдарына немесе Уағдаласушы Мемлекеттер арасында мезгіл-мезгіл келісіліп отыруы мүмкін заңнамада көзделген органдарға ішінара, тікелей немесе жанама түрде тиесілі кез келген институт;
      b) Катар Мемлекетінің жағдайында:
      (і) Катар Мемлекеті, оның орталық немесе жергілікті билік органдары;
      (іі) заңнамада көзделген орган;
      (ііі) Катардың Орталық Банкі;
      (іv) Катар Мемлекетінің Үкіметіне, оның орталық немесе жергілікті билік органдарына немесе заңнамада көзделген органдарға толық, тікелей немесе жанама түрде тиесілі кез келген институт; және
      (v) Катар Мемлекетінің Үкіметіне, оның орталық немесе жергілікті билік органдарына немесе Уағдаласушы Мемлекеттердің арасында мезгіл-мезгіл келісіліп отыруы мүмкін заңнамада көзделген органдарға ішінара, тікелей немесе жанама түрде тиесілі кез келген институт пайыздардың іс жүзіндегі иесі болып табылса, бір Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төленетін пайыздарға екінші Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      4. «Пайыздар» терминi осы бапта пайдаланылған кезде кепiлмен қамтамасыз етiлген немесе қамтамасыз етiлмеген және борышкердiң пайдасына қатысу құқығын беретiн немесе бермейтiн борыш талаптарының кез келген түрінен алынатын табысты және атап айтқанда, үкiметтiк/мемлекеттiк бағалы қағаздардан алынатын табысты және осындай бағалы қағаздар, облигациялар және борыштық мiндеттемелер бойынша төленетiн сыйлықақылар мен ұтыстарды қоса алғанда, облигациялардан немесе борыштық мiндеттемелерден алынатын табысты бiлдiредi. Уақтылы төленбегені үшін айыппұлдар осы баптың мақсаттары үшін пайыздар ретінде қаралмайды.
      5. Егер бір Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын пайыздардың iс жүзiндегi иесi пайыздар пайда болатын екiншi Уағдаласушы Мемлекетте онда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса және өзiне қатысты пайыздар төленетiн борыш талабы осындай тұрақты мекемемен нақты байланысты болса, осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда осы Келісімнің 7-бабының ережелерi қолданылады.
      6. Егер төлеушi осы Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, пайыздар Уағдаласушы Мемлекетте пайда болады деп есептеледi. Алайда, егер пайыздарды төлеушi тұлға Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылуына немесе табылмауына қарамастан, Уағдаласушы Мемлекетте оған байланысты пайыздарды төлеу бойынша міндеттемелер туындайтын тұрақты мекемесі болса және осындай пайыздар бойынша шығыстарды тұрақты мекеме көтеретін болса, онда осындай пайыздар осындай тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте пайда болды деп есептеледi.
      7. Егер төлеушi мен іс жүзіндегі иесi арасындағы немесе сол екеуi мен қандай да болсын басқа бiр тұлғаның арасындағы арнайы қатынастардың себебiнен негізге алынып төленетiн борыш талабына жататын пайыздардың сомасы пайыздар төлеушi мен іс жүзіндегі иесi арасында осындай қатынастар болмаған кезде келiсетіндей сомадан асып кетсе, осы баптың ережелерi соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда төлемдердің артық бөлiгiне осы Келісімнің басқа ережелерiн ескере отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес салық салынуға тиiс.

12-бап
Роялти

      1. Бір Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн роялтиге осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Алайда мұндай роялтиге де ол пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ, егер роялтидiң іс жүзіндегі иесi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, онда осылайша алынатын салық роялтидiң жалпы сомасының 10 пайызынан аспауға тиiс.
      3. «Роялти» терминi осы бапта пайдаланылған кезде бағдарламалық қамтамасыз етудi, әдебиет, өнер туындыларына немесе ғылыми жұмыстарға (кинематографиялық және өзге де фильмдердi, радио немесе телебағдарламалар үшін пайдаланылатын дискілерді немесе магниттік жазбаларды қоса алғанда), кез келген патентке, сауда таңбасына, дизайнға немесе модельге, жоспарға, құпия формулаға немесе процеске кез келген авторлық құқықты пайдаланғаны үшiн немесе пайдалану құқығын бергенi үшiн немесе өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми тәжiрибеге қатысты ақпарат үшiн кез келген сыйақыны, сондай-ақ өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми тәжiрибеге қатысты ақпарат үшiн төлемдердi бiлдiредi.
      4. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын роялтидiң iс жүзiндегi иесi кәсiпкерлiк қызметті роялти туындайтын екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырса және оған қатысты роялти төленетiн құқық немесе мүлiк шын мәнiнде осындай тұрақты мекемемен байланысты болса, осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда осы Келісімнің 7-бабының ережелерi қолданылады.
      5. Егер төлеушi осы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, роялти Уағдаласушы Мемлекетте пайда болды деп есептеледi. Алайда, егер роялти төлеушi тұлға Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылуы-табылмауына қарамастан, Уағдаласушы Мемлекетте оған байланысты роялти төлеу мiндеттемесi туындайтын тұрақты мекемесi болса және мұндай роялти бойынша шығыстарды тұрақты мекеме көтеретін болса, онда мұндай роялтилер осындай тұрақты мекеме орналасқан Мемлекетте туындайды деп есептеледi.
      6. Егер роялти төлеушi мен оның iс жүзiндегi иесi арасында немесе сол екеуi мен қандай да бір басқа тұлғаның арасындағы арнайы қатынастардың себебі бойынша пайдалануға, төленуіне негіз болатын құқыққа немесе ақпаратқа қатысты роялтидiң сомасы мұндай қатынастар болмаған кезде роялти төлеушi мен оның iс жүзiндегi иесi арасында келiсетіндей сомадан асып кетсе, онда осы баптың ережелерi тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда төлемнiң басы артық бөлiгiне осы Келісімнің басқа ережелерi ескеріле отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес салық салынуға тиіс.

13-бап
Мүлік құнының өсімінен алынатын табыстар

      1. Бір Уағдаласушы Мемлекет резидентiнің осы Келісімнің 6-бабында айқындалған және екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығарудан алған табыстарына осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Бір Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекетте иеленiп отырған тұрақты мекеменiң кәсiпкерлiк мүлкiнiң бiр бөлiгiн құрайтын жылжымалы мүлiктi иелiктен шығарудан алынатын табысқа мұндай тұрақты мекеменi (жеке немесе бүкiл кәсiпорынмен қоса) иелiктен шығарудан алынған табысты қоса алғанда, осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      3. Уағдаласушы Мемлекет резидентінің халықаралық тасымалда пайдаланылатын теңiз немесе әуе кемелерiн немесе мұндай теңiз немесе әуе кемелерiн пайдалануға байланысты жылжымалы мүлiктi иелiктен шығарудан алған табыстарына осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      4. Осы баптың 12 және 3-тармақтарында көзделгеннен өзге кез келген мүлiктi иелiктен шығарудан алынатын табыстарға мүлiктi иелiктен шығарушы тұлға резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.

14-бап
Жалданып істейтін жұмыстан алынатын табыстар

      1. Осы Келісімнің 1517 және 18-баптарының ережелерiн ескере отырып, бір Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi жалданып iстеген жұмысына байланысты алған қызметақыға, жалақыға және басқа да осыған ұқсас сыйақыға, егер тек жалданып жұмыс iстеу екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орындалмаса, осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер жалданып iстейтiн жұмыс осылайша орындалса, осыған байланысты алынған мұндай сыйақыға осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерiне қарамастан, бір Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орындалатын жалданып жұмыс iстеуiне байланысты алған сыйақыға салық, егер:
      а) алушы тиiстi салық жылы басталатын немесе аяқталатын кез келген он екi айлық кезеңде жалпы жиынтығы 183 (бір жүз сексен үш) күннен аспайтын кезең немесе кезеңдер бойы осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте болса;
      b) сыйақыны екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылмайтын жұмыс беруші төлесе немесе жұмыс берушінің атынан төленсе; және
      с) сыйақы төлеу жөнiндегi шығыстарды жұмыс берушінің екіншi Уағдаласушы Мемлекеттегi тұрақты мекемесi көтермесе, тек бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекетте салынады.
      3. Осы баптың алдыңғы ережелерiне қарамастан, халықаралық тасымалда Уағдаласушы Мемлекеттің кәсiпорны пайдаланылатын теңiз немесе әуе кемесiнiң бортында орындалатын жалданып істейтін жұмысқа қатысты алынған сыйақыға осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      4. Уағдаласушы Мемлекеттің және екінші Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан әуе немесе теңіз кәсіпорнының қызметкері алған қызметақыға, жалақыға, жалақыға үстемеақыға және қосымша табыстарға бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.

15-бап
Директорлардың гонорарлары

      1. Екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның директорлар кеңесiнiң мүшесi ретiнде бір Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi алған директорлардың гонорарларына және басқа да осыған ұқсас төлемдерге осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның басқарушы лауазымының жоғары деңгейлі лауазымды адамы ретiнде Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi алған қызметақыға, жалақыға және басқа да осыған ұқсас сыйақыға осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.

16-бап
Әртістер мен спортшылар

      1. Осы Келісімнің 7 және 14-баптарының ережелерiне қарамастан, бір Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi театр, кино, радио немесе телевидение әртісi немесе музыкант сияқты өнер қызметкері ретінде немесе спортшы ретiнде екiншi Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асыратын өзiнiң жеке қызметiнен алған табысына осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Егер өнер қызметкерінің немесе спортшының осы өзінің сипатында жүзеге асыратын жеке қызметiнен алатын табысы өнер қызметкерінің немесе спортшының өзiне емес, басқа тұлғаға есептелсе, онда бұл табысқа осы Келісімнің 7 және 14-баптарының ережелерiне қарамастан, өнер қызметкерінің немесе спортшының қызметi жүзеге асырылатын Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      3. Егер осы екінші Уағдаласушы Мемлекетке сапар толығымен немесе елеулі дәрежеде Уағдаласушы Мемлекеттердің бірінің қоғамдық қорларынан қаржыландырылса оны орталық немесе жергілікті билік органдары қаржыландырса не мәдени келісімнің немесе Уағдаласушы Мемлекеттердің Үкіметтері арасындағы келісім шеңберінде өткізілсе, осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделгендей Уағдаласушы Мемлекет резидентінің екінші Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асыратын қызметінен алған табысы осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салудан босатылады.

17-бап
Зейнетақылар мен аннуитеттер

      1. Осы Келісімнің 18-бабы 2-тармағының ережелерiне сәйкес бір Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және екінші Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн зейнетақылар мен басқа да осыған ұқсас сыйақыға және аннуитеттерге бірінші айтылған Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      2. «Аннуитеттер» термині ақша немесе құны түрінде барабар және толық өтеу орнына төлем жүргізу міндеттемесіне сәйкес мерзімді түрде жеке тұлғаға өмір бойы немесе белгілі бір уақыт кезеңінде белгіленген мерзімде төленетін тіркелген сомаларды білдіреді.

18-бап
Мемлекеттік қызмет

      1. а) Уағдаласушы Мемлекет немесе орталық немесе жергiлiктi билiк органы жеке тұлғаға осы Уағдаласушы Мемлекет немесе оның орталық немесе жергiлiктi билiк органы үшiн жүзеге асырған қызметi үшiн зейнетақыдан басқа төлейтiн қызметақыға, жалақыға және басқа осыған ұқсас сыйақыға осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады;
      b) Алайда, мұндай қызметақыға, жалақыға және басқа осыған ұқсас сыйақыға, егер қызмет осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асырылса және осы екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын жеке тұлға:
      (i) осы екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық тұлғасы болып табылса; немесе
      (ii) осындай қызметтi жүзеге асыру мақсатында ғана осы екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болмаса, екiншi Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      2. а) Уағдаласушы Мемлекет немесе орталық немесе жергілікті билік органы өздері құрған қорлардан жеке тұлғаға осы Уағдаласушы Мемлекет немесе оның билік органы үшін жүзеге асырған қызметі үшін төлейтін кез келген зейнетақыға осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады;
      b) Алайда, мұндай зейнетақыға, егер жеке тұлға осы Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті және ұлттық тұлғасы болып табылса, екiншi Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      3. Осы Келісімнің 141516 және 17-баптарының ережелерi Уағдаласушы Мемлекет немесе оның орталық немесе жергiлiктi билiк органы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметпен байланысты қызметке қатысты қызметақыларға, жалақыларға, зейнетақыларға және басқа осыған ұқсас сыйақыларға қолданылады.

19-бап
Оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер

      1. Бір Уағдаласушы Мемлекетке тiкелей келуге дейін екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылған және бірінші айтылған Уағдаласушы Мемлекет Үкіметінің немесе университетінің, колледжінің, мектебінің, мұражайының немесе басқа мәдениет мекемелерінің бірінші айтылған Уағдаласушы Мемлекетте немесе мәдени алмасудың ресми бағдарламасы бойынша осы Уағдаласушы Мемлекетте кейінгі үш жылдан аспайтын кезеңде, тек қана осындай мекемелерде дәріс оқу немесе зерттеулер жүргізу үшін тұратын жеке тұлғаға осы Уағдаласушы Мемлекетте осындай қызметі үшін оның сыйақысына қатысты, осындай сыйақы осы Уағдаласушы Мемлекеттен тыс жердегі көздерден төленген жағдайда салық салынбайды.
      2. Зерттеу жұмыстарынан алынатын табысқа, егер осындай зерттеулер мемлекет мүддесіне емес, негізінен белгілі бір тұлғаның немесе тұлғалардың жеке пайдасы үшін жүргізілген болса, осы баптың 1-тармағының ережелері қолданылмайды.

20-бап
Студенттер мен тағылымдамадан өтушілер

      1. Бір Уағдаласушы Мемлекетке тiкелей келуге дейін екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын немесе болып табылған және бірінші айтылған Уағдаласушы Мемлекетке тек бiлiм алу немесе тағылымдамадан өту мақсатында келген студент немесе практикант немесе тағылымдамадан өтуші өзінің күнкөрісі, бiлiм алу немесе тағылымдамадан өту мақсатында алатын төлемдерге мұндай төлемдер осы Уағдаласушы Мемлекеттің шегінен тыс жердегі көздерден жүргізілген жағдайда осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салынбайды.
      2. Гранттарға, стипендияларға және осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген жалданып істейтін жұмыстан алатын сыйақыларға осы баптың 1-тармағында көрсетілген студенттің практиканттың немесе тағылымдамадан өтушінің білім алуы немесе тағылымдамадан өтуі кезінде өзі тұрған Уағдаласушы Мемлекеттің резиденттеріне берілетін салықтарға қатысты дәл сондай жеңілдіктерге, жеңілдетулерге немесе шегерімдерге құқығы бар.

21-бап
Басқа да табыстар

      1. Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң осы Келісімнің алдыңғы баптарында көзделмеген табыс түрлерiне, олардың пайда болу көзiне қарамастан, осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      2. Уағдаласушы Мемлекет алған табысқа, егер мұндай табысты алушы Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемесі арқылы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса және соларға байланысты табыс төлеу жүргiзiлген құқық немесе мүлiк шын мәнінде осындай тұрақты мекемеге байланысты болса, осы баптың 1-тармағының ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда осы Келісімнің 7-бабының ережелерi қолданылады.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелеріне қарамастан, осы Келісімнің алдыңғы баптарында қарастырылмаған және екінші Уағдаласушы Мемлекетте пайда болған бір Уағдаласушы Мемлекет резиденті табыстарының түрлеріне де осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.

22-бап
Қосарланған салық салуды жою

      Егер бір Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті осы Келісімнің ережелеріне сәйкес екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін табыс алып жүрсе, бірінші аталған Мемлекет осындай резиденттің табысына салынатын салықтан осындай шегерім шегерімді бергенге дейін есептелген табысқа салықтың сол бөлігінен аспаған, екінші Уағдаласушы Мемлекетте алынған табысқа жататын жағдайда осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте төленген табыс салығына тең соманы шегеруге рұқсат береді.

23-бап
Кемсітпеу

      1. Бір Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары екiншi Уағдаласушы Мемлекетте кез келген салық салуға немесе дәл сондай жағдайларда, атап айтқанда, резиденттiкке қатысты осы екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салудан және оған байланысты мiндеттемелерден өзгеше немесе ауыртпалықты салық салу болып табылатын оған байланысты кез келген мiндеттемеге ұшырамайды. Осы ереже осы Келісімнің 1-бабының ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiреуiнiң немесе екеуiнiң резидентi болып табылмайтын тұлғаларға да қолданылады.
      2. Бір Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекетте иеленетiн тұрақты мекемеге салық салу осы екiншi Уағдаласушы Мемлекеттің осыған ұқсас қызметтi жүзеге асыратын кәсiпорындарына салық салуға қарағанда осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте қолайсыздау болмауға тиiс. Осы ереже Уағдаласушы Мемлекеттi екінші Уағдаласушы Мемлекеттiң резиденттерiне салық салу мақсаттары үшiн азаматтық мәртебе немесе отбасылық мiндеттерi негiзiнде ол өзiнiң резиденттерiне беретiн кез келген жеке салықтық жеңiлдiктер, жеңілдетулер мен шегерiмдер беруге мiндеттейтiндей болып түсіндірілмеуге тиiс.
      3. Осы Келісімнің 9-бабы 1-тармағының, 11-бабы 7-тармағының немесе 12-бабы 6-тармағының ережелерi қолданылатын жағдайларды қоспағанда, бір Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төлейтiн пайыздар, роялтилер мен басқа да төлемдер осындай кәсiпорынның салық салынатын пайдасын айқындау мақсаттары үшiн бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетін жағдайларда шегерімге жатқызылуға тиіс.
      4. Капиталы екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң бiр немесе бiрнеше резидентiне толық немесе iшiнара тиесiлi немесе олардың тiкелей немесе жанама түрде бақылауында болатын бір Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорындары бірінші айтылған Уағдаласушы Мемлекетте салық салуға немесе бірінші айтылған Уағдаласушы Мемлекеттiң басқа ұқсас кәсiпорындары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салу мен онымен байланысты мiндеттемелерге қарағанда онымен өзгеше немесе анағұрлым ауыртпалықты болып табылатын кез келген салық салуға немесе онымен байланысты кез келген мiндеттемелерге бірінші айтылған Уағдаласушы Мемлекетте ұшырамауға тиiс.
      5. Катардың салық заңнамасы шеңберінде Катардың ұлттық тұлғаларын салық салудан босату осы баптың ережелеріне сәйкес кемсіту ретінде қарастырылмайды.
      6. Осы бапта «салық салу» термині осы Келісімнің нысанасы болып табылатын салықтарды білдіреді.

24-бап
Өзара келісу рәсімі

      1. Егер тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де iс-әрекеттерi өзiн осы Келісімнің ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға әкеп соғып отыр немесе әкеп соғады деп есептесе, ол осы Уағдаласушы Мемлекеттердiң ұлттық заңнамасында көзделген қорғау құралдарына қарамастан, өзiнiң iсiн өзi резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органының қарауына немесе егер оның iсi осы Келісімнің 23-бабы 1-тармағының қолданысына түссе, онда өзi ұлттық тұлғасы болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органының қарауына бере алады. Өтiнiш осы Келісімнің ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға әкеп соқтыратын iс-әрекеттер туралы бірінші хабарлама берiлген кезден бастап үш жыл iшiнде берiлуге тиiс.
      2. Құзыреттi орган, егер ол өтiнiштi негiздi деп есептесе және егер өзi қанағаттанарлық шешiмге келе алмаса, осы Келісімге сәйкес келмейтiн салық салуды болдырмау мақсатында iстi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органымен өзара келiсiм бойынша шешуге ұмтылады. Кез келген қол жеткiзiлген келiсiм Уағдаласушы Мемлекеттердiң ұлттық заңнамасында көзделген уақыттағы кез келген шектеуге байланыссыз орындалатын болады.
      3. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары Келісімді түсiндiру немесе қолдану кезiнде пайда болатын кез келген қиындықтарды немесе күмәндi өзара келiсiм бойынша шешуге ұмтылады. Олар сол сияқты Келісімде көзделмеген жағдайларда қосарланған салық салуды жою мақсатында бiр-бiрiмен консультация өткізе алады.
      4. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары осы баптың алдыңғы тармақтарына сәйкес келiсiмге қол жеткiзу мақсатында бiр-бiрiмен тiкелей байланысқа түсе алады. Құзыретті органдар осы баптың орындалуын қамтамасыз ету үшін екіжақты рәсімдерді, өзара келісу рәсімдерін өткізудің талаптарын, әдістері мен тәсілдерін консультациялар арқылы жетілдіреді.

25-бап
Ақпарат алмасу

      1. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары осы Келісімнің ережелерiн орындау немесе осы Келісімге қайшы келмейтiндей дәрежеде Уағдаласушы Мемлекеттердiң немесе олардың орталық немесе жергiлiктi билiк органдарының атынан алынатын кез келген түрдегi және сипаттағы салықтарға қатысты ұлттық заңнамасын әкiмшiлендiру немесе қолдану үшiн қажетті ақпарат алмасады. Ақпарат алмасу осы Келісімнің 1 және 2-баптарымен шектелмейдi. Уағдаласушы Мемлекет алған кез келген ақпарат осы Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық заңнамасына сәйкес алынған ақпарат сияқты құпия болып есептеледі және бірінші сөйлемде айтылған бағалаумен немесе жинаумен, мәжбүрлеп өндiрiп алумен немесе сот қудалауымен немесе салықтарға қатысты шағымдарды қараумен айналысатын тұлғаларға немесе органдарға (соттарды және әкiмшiлiк органдарды қоса алғанда) ғана хабарланады. Осындай тұлғалар немесе органдар ақпаратты осы мақсаттар үшiн ғана пайдалана алады. Олар ақпаратты ашық сот отырысы барысында не сот шешiмдерiн қабылдаған кезде ашуы мүмкiн.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi Уағдаласушы Мемлекетке:
      а) осы немесе екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасы мен әкiмшiлiк практикасына қайшы келетiн әкiмшiлiк шараларын қолдану;
      b) осы немесе екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасы бойынша немесе әдеттегi әкiмшiлiк практикасы барысында алуға болмайтын ақпарат беру;
      с) қандай да бiр сауда, кәсiпкерлiк, өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе кәсiптiк құпияны немесе сауда процесiн ашуы мүмкiн ақпарат немесе ашылуы мемлекеттiк саясатқа (ordre public) қайшы келуi мүмкiн ақпарат беру міндеттемесін жүктейтіндей мағынада түсіндірілмейді.
      3. Егер ақпаратты бір Уағдаласушы Мемлекет осы бапқа сәйкес сұратса, мұндай ақпарат тіпті осы екінші Уағдаласушы Мемлекетке өзінің жеке салықтық мақсаттары үшін талап етілмесе де, екінші Уағдаласушы Мемлекет сұрау салынған ақпаратты жинақтау жөніндегі шараларды қабылдайды. Алдыңғы сөйлемде қамтылған мiндеттеме осы баптың 2-тармағының шектеулерiне жатады, бірақ мұндай шектеулер Уағдаласушы Мемлекетке осындай ақпаратқа ішкі мүдделіліктің болмауы себебінен ғана ақпарат беруден бас тартуға рұқсат беру ретінде түсіндірілмейтін болады.
      4. Осы баптың 2-тармағының ережелері ақпарат иесі банк, басқа қаржы мекемесі, номиналды ұстаушы немесе агент немесе сенім білдірілген өкіл болып әрекет ететін тұлға болып табылатындығы себебінен немесе ақпарат меншік құқығы берілген тұлғаға қатысты болу себебінен Уағдаласушы Мемлекетке ақпаратты беруден бас тартуға рұқсат беру ретінде түсіндірілмейді.

26-бап
Дипломатиялық өкiлдiктердің немесе консулдық мекемелердің
қызметкерлерi

      Осы Келісімде ешнәрсе де дипломатиялық өкiлдiктердің немесе консулдық мекемелер қызметкерлерiнiң халықаралық құқықтың жалпы нормаларында немесе арнайы халықаралық шарттардың ережелерiне сәйкес берiлген салықтық артықшылықтарын қозғамайды.

27-бап
Күшіне енуі

      1. Әрбір Уағдаласушы Мемлекеттің Үкіметі осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсiмдердiң аяқталғаны туралы жазбаша түрде дипломатиялық арналар арқылы бірін-бірі хабардар етеді. Осы Келісім соңғы хабарлама алынған күннен бастап 30-шы күні күшіне енеді.
      2. Осы Келісімнің ережелері:
      а) төлем көзінен Келісім күшіне енген жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап немесе одан кейін төленетін немесе есептелетін табыстардан ұсталатын салықтарға қатысты; және
      b) Осы Келісім күшіне енген жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап немесе одан кейін басталатын салық салынатын кезеңге жататын басқа салықтарға қатысты қолданылады.

28-бап
Қолданылуын тоқтату

      1. Осы Келісім 5 жыл мерзімге жасалады және егер Уағдаласушы Мемлекеттер Үкіметтерінің бiрi күнтізбелік жылдың 30 маусымынан кейін оның қолданылуын тоқтатуы туралы екінші Уағдаласушы Мемлекетті дипломатиялық арналар арқылы жазбаша нысанда хабардар етпесе, әрбір келесі күнтізбелік жылға автоматты түрде ұзаратын болады.

      2. Осы келісімнің ережелері өз қолданысын:
      а) осындай хабарлама берiлген жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың бірінші қаңтарынан бастап немесе одан кейiн төленген немесе есептелген сомаларға қатысты табыс көздерінен ұсталатын салықтарға қатысты; және
      b) осындай хабарлама берiлген жылдан кейiнгi күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап немесе одан кейiн басталатын салық салынатын кезеңге жататын басқа да салықтарға қатысты тоқтатады.

      Осыны куәландыру үшiн тиiстi түрде қол қоюға уәкiлеттiк берiлген төменде қол қоюшылар осы Келісімге қол қойды.

      201__ жылғы ________ ________ қаласында қазақ, орыс, араб және ағылшын тiлдерiнде ________ екі данада жасалды. Барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Алшақтықтар туындаған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтін айқындаушы болып табылады.

      Қазақстан Республикасының                    Катар Мемлекетінің
            Үкiметi үшiн                              Үкiметi үшiн

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Катар Мемлекетінің
Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты
қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға
жол бермеу туралы келісімге
хаттама

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Катар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге қол қою кезінде төменде қол қойғандар осы Келісімнің ажырамас бөлiгi болып табылатын мынадай ережелер туралы келісті.

      Осы Келісімнің 10-бабы 7-тармағына қатысты:
      Егер табыс іс жүзінде осы Келісімнің 10-бабының 3-тармағында көрсетілген кез келген тұлғаға тиесілі болса, осы баптың 7-тармағының ережелері қолданылмайтыны туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

      Осы Келісімнің 24-бабына қатысты:
      Өзара келісу рәсімі қажет болған жағдайда құзыретті органдар «Өзара келісу рәсімі» бабының ережелеріне сәйкес істі мемлекетішілік сот органдарына көрсетуге дейін шешуге ұмтылады деп түсіну керек.

      201__ жылғы ________ ________ қаласында қазақ, орыс, араб және ағылшын тiлдерiнде ________ екі данада жасалды. Барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Алшақтықтар туындаған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтін айқындаушы болып табылады.

      Қазақстан Республикасының                    Катар Мемлекетінің
            Үкiметi үшiн                              Үкiметi үшiн

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұдан әрі Келісімнің және оған Хаттаманың ағылшын және араб тілдеріндегі мәтіндері берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады