Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға және оған Хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 қаңтардағы № 9 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Сербия Республикасының Үкiметi арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияның және оған Хаттаманың жобалары мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Венгриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрбах Тұрарұлы Рүстемовке Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Сербия Республикасының Үкiметi арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға және оған Хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 20 қаңтардағы
№ 9 қаулысымен    
мақұлданған     

Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының
Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға
қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан
жалтаруға жол бермеу туралы
конвенция

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Сербия Республикасының Үкiметi,
      Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция жасасуға ниет бiлдiре отырып,
      төмендегілер туралы келiстi:

1-бап
Конвенция қолданылатын тұлғалар

      Осы Конвенция Уағдаласушы Мемлекеттердің бiрiнiң немесе екеуiнiң де резиденттерi болып табылатын тұлғаларға қолданылады.

2-бап
Конвенция қолданылатын салықтар

      1. Осы Конвенция Уағдаласушы Мемлекеттiң немесе оның әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің немесе жергілікті билік органдарының атынан өндіріп алынатын табыс пен капиталға салынатын салықтарға оларды өндіріп алу әдiсiне қарамастан қолданылады.
      2. Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығарудан өндіріп алынған табыстарға салынатын салықтарды, кәсiпорындар төлейтiн қызметақының немесе жалақының жалпы сомасынан алынатын салықтарды, сондай-ақ капитал құнының өсiмiне салынатын салықтарды қоса алғанда, табыстың жалпы сомасынан, капиталдың жалпы сомасынан немесе табыстың немесе капиталдың жекелеген элементтерiнен алынатын салықтардың барлық түрлерi табыс пен капиталға салынатын салықтар болып есептеледi.
      3. Осы Конвенция қолданылатын қазіргі салықтар, атап айтқанда, мыналар:
      1) Қазақстанда:
      - корпоративтік табыс салығы;
      - жеке табыс салығы;
      - заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
      (бұдан әрi «Қазақстан салығы» деп аталады);
      2) Сербияда:
      - корпоративтік табыс салығы;
      - жеке табыс салығы;
      - капиталға салынатын салық;
      (бұдан әрi «Сербия салығы» деп аталады) болып табылады.
      4. Конвенцияға қол қойылған күннен кейiн қолданыстағы салықтарға қосымша немесе олардың орнына өндіріп алынатын бiрдей немесе мәнi бойынша ұқсас кез келген салықтарға да осы Конвенция қолданылады. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары өздерінің салық заңнамасындағы кез келген елеулi өзгерiстер туралы бiрiн-бірі хабардар етеді.

3-бап
Жалпы анықтамалар

      1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн:
      1) «Уағдаласушы Мемлекет» және «екiншi Уағдаласушы Мемлекет» терминдерi мәнмәтiнге қарай Қазақстанды және Сербияны бiлдiредi;
      2) «Қазақстан» терминi - Қазақстан Республикасын бiлдiредi және географиялық мағынада пайдаланылған кезде «Қазақстан» терминi өзінің заңнамасына және өзі қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк аумағын және Қазақстан өзінің егемендiк құқықтары мен юрисдикциясын жүзеге асыратын аймақтарды қамтиды;
      3) «Сербия» термині Сербия Республикасын бiлдiредi және географиялық мағынада пайдаланылған кезде ол Сербия Республикасының аумағын қамтиды;
      4) «ұлттық тұлға» термині мыналарды:
      - Уағдаласушы Мемлекеттің азаматтығы бар кез келген жеке тұлғаны;
      - Уағдаласушы Мемлекеттiң қолданыстағы заңнамасының негiзiнде осындай мәртебе алған кез келген заңды тұлғаны, серіктестікті немесе қауымдастықты бiлдiредi.
      5) «тұлға» терминi жеке тұлғаны, компанияны және тұлғалардың кез келген басқа да бiрлестiгiн қамтиды;
      6) «компания» терминi кез келген корпоративтік құрылымды немесе салық салу мақсаттары үшiн корпоративтік құрылым ретiнде қарастырылатын кез келген ұйымды бiлдiредi;
      7) «бір Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны» және «екiншi Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны» терминдері тиiсiнше бір Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті басқаратын кәсіпорынды және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқаратын кәсiпорынды бiлдiредi;
      8) «халықаралық тасымал» терминi теңiз немесе әуе кемесi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттегі пункттер арасында ғана пайдаланылатын жағдайлардан басқа, тиімді басқару орны Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан кәсіпорын пайдаланатын теңiз немесе әуе кемесімен кез келген тасымалды бiлдiредi;
      9) «құзыреттi орган» терминi мыналарды:
      - Қазақстанда: Қаржы министрлiгiн немесе оның уәкiлеттi өкiлiн;
      - Сербияда: Қаржы министрлiгiн немесе оның уәкiлеттi өкiлiн бiлдiредi.
      2. Уағдаласушы Мемлекет осы Конвенцияны кез келген уақытта қолданған кезде, онда айқындалмаған кез келген термин, егер түпмәтiннен өзгеше туындамаса, осы Конвенция қолданылатын салықтарға қатысты осы Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасы бойынша сол кезде қандай мағынаға ие болса, сондай мағынаны иеленеді, осы Уағдаласушы Мемлекеттің салық заңнамасына сәйкес кез келген мағынасы осы Уағдаласушы Мемлекеттiң басқа заңдары бойынша терминге берiлетiн мағынадан басым болады.

4-бап
Резидент

      1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн «Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi» терминi осы Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасы бойынша өзінің тұрғылықты жерi, тіркелген орны, резиденттiгi, басқару орны немесе осыған ұқсас сипаттағы кез келген басқа критерий негiзiнде онда салық салынуға жататын кез келген тұлғаны бiлдiредi және Уағдаласушы Мемлекет пен оның кез келген әкімшілік-аумақтық бөлімшесін немесе жергiлiктi билiк органын да қамтиды. Алайда, бұл термин осы Уағдаласушы Мемлекеттегi көздерден алынатын табысқа немесе онда орналасқан капиталға ғана қатысты осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуға жататын кез келген тұлғаны қамтымайды.
      2. Егер осы баптың 1-тармағының ережелерiне сәйкес жеке тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болып табылса, онда оның мәртебесi мынадай түрде айқындалады:
      1) ол өзi иелiгiндегi тұрақты тұрғын жайы орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттiң ғана резидентi болып саналады; егер оның иелiгiнде Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнде де тұрақты тұрғын жайы болса, ол неғұрлым тығыз жеке және экономикалық қатынастары (өмірлік мүдделер орталығы) бар Уағдаласушы Мемлекеттiң ғана резидентi болып саналады;
      2) егер оның өмірлік мүдделер орталығы бар Уағдаласушы Мемлекеттi айқындау мүмкiн болмаса немесе егер оның Уағдаласушы Мемлекеттердiң ешқайсысында өзi иелiгiндегi тұрақты тұрғын жайы болмаса, ол өзi әдетте тұрып жатқан Уағдаласушы Мемлекеттiң ғана резидентi болып саналады;
      с) егер ол әдетте Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнде де тұрып жатса немесе олардың бiреуiнде де тұрмаса, ол өзі ұлттық тұлғасы болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң ғана резидентi болып саналады;
      d) егер жеке тұлға резиденттігінің мәртебесін осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларының ережелеріне сәйкес айқындау мүмкін болмаса, онда Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары бұл мәселені өзара келісу бойынша шешеді.
      3. Егер осы баптың 1-тармағының ережелерiне сәйкес жеке тұлғадан өзге тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болып табылса, ол өзінің тиiмдi басқару орны орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттiң ғана резидентi болып саналады.

5-бап
Тұрақты мекеме

      1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн «тұрақты мекеме» терминi, сол арқылы кәсiпорынның кәсiпкерлiк қызметi толық немесе iшiнара жүзеге асырылатын тұрақты қызмет орнын бiлдiредi.
      2. «Тұрақты мекеме» терминi, атап айтқанда мыналарды:
      1) басқару орнын;
      2) филиалды;
      3) кеңсені;
      4) фабриканы;
      5) шеберхананы;
      6) сауда нүктесін;
      7) басқа адамдарға сақтау үшін орын беретін адамдарға қатысты қойманы; және
      8) шахтаны, кенішті, мұнай немесе газ ұңғымасын, карьерді, бұрғылау қондырғысын немесе теңіз кемесін немесе табиғи ресурстарды барлайтын немесе өндiретін кез келген басқа да орынды, сондай-ақ осыған байланысты көрсетілетін қадағалау қызметтерін қамтиды;
      3. «Тұрақты мекеме» терминi, сондай-ақ, мыналарды:
      1) құрылыс алаңын немесе құрылыс, монтаждау немесе құрастыру жобасын немесе 9 айдан астам мұндай алаңмен, қызметпен немесе жобамен байланысты көрсетілетін бақылау қызметтерін;
      2) егер мұндай сипаттағы қызмет Уағдаласушы Мемлекеттің шегінде (осындай немесе оған байланысты жоба үшін) кез келген он екі айлық кезең шегінде 183 күннен астамын құрайтын кезең немесе кезеңдер бойында жалғасса ғана кәсіпорын осындай мақсаттар үшін жалдаған қызметшілер немесе басқа персонал арқылы немесе өзара байланысты тарап болып табылатын тұлға арқылы көрсетілетін консультациялық қызметтерді қоса алғанда, кәсіпорын көрсететін қызметтерді қамтиды.
      Осы тармақшаның мақсаттары үшін, егер екінші Уағдаласушы Мемлекетте қызметтер көрсететін Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны белгілі бір уақыт кезеңі ішінде осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте болған және дәл осындай қызметтер көрсететін бір немесе одан да көп жеке тұлғалар арқылы осындай немесе онымен байланысты жобалар үшін осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте осыған ұқсас қызметтер көрсететін екінші кәсіпорынмен байланысты болса, онда алғашқы аталған кәсіпорын екінші Уағдаласушы Мемлекетте осындай немесе онымен байланысты жобалар үшін осындай тұлғалар арқылы қызметтер көрсетеді деп есептеледі. Алдыңғы сөйлемнің мақсаттары үшін, егер олардың біреуін екіншісі тікелей немесе жанама немесе осындай тұлғалардың Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатынына немесе табылмайтынына қарамастан, екі кәсіпорынды да тікелей немесе жанама сол бір тұлғалар бақылайтын болса, кәсіпорын екінші кәсіпорынмен байланысты болып есептеледі.
      4. Осы баптың алдыңғы ережелерiне қарамастан, «тұрақты мекеме» терминi мыналарды:
      1) құрылыстарды кәсiпорынға тиесiлi тауарларды немесе бұйымдарды сақтау, көрсету немесе жеткiзу мақсаттары үшiн ғана пайдалануды;
      2) кәсiпорынға тиесiлi тауарлар немесе бұйымдар қорын сақтау, көрсету немесе жеткiзу мақсаттары үшiн ғана ұстауды;
      3) кәсiпорынға тиесiлi тауарлар немесе бұйымдар қорын басқа кәсiпорынның қайта өңдеу мақсаттары үшiн ғана ұстауды;
      4) тұрақты қызмет орнын тауарларды немесе бұйымдарды сатып алу мақсаттары үшiн немесе кәсiпорынға арналған ақпарат жинау үшiн ғана күтіп-ұстауды;
      5) тұрақты қызмет орнын кәсiпорын үшiн тек дайындық немесе қосалқы сипаттағы кез келген басқа қызметтi жүзеге асыру мақсаттары үшiн ғана күтіп-ұстауды;
      6) осындай амал нәтижесiнде туындайтын тұрақты қызмет орнының жиынтық қызметi дайындық немесе қосалқы сипатта болған жағдайда, тұрақты қызмет орнын осы тармақтың 1) - 5) тармақшаларында тізбеленген қызмет түрлерiнiң кез келген амалын жүзеге асыру үшiн ғана күтіп-ұстауды қамтымайды.
      5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерiне қарамастан, егер оған осы баптың 6-тармағы қолданылатын тәуелсiз мәртебесi бар агенттен өзге тұлға кәсiпорынның атынан әрекет етсе және кәсiпорын атынан келiсiмшарттар жасасуға өкiлеттiктерi болса және оны әдетте Уағдаласушы Мемлекетте пайдаланса, егер осындай тұлғаның қызметі осы баптың 4-тармағында айтылған қызметпен ғана шектелмесе, егер оны тұрақты қызмет орны арқылы жүзеге асырса да, осы тұрақты қызмет орнын осындай тармақтың ережелерiне сәйкес тұрақты мекемеге айналдырмаса, онда мұндай кәсiпорын, осы тұлғаның кәсiпорын пайдасына жүзеге асыратын кез келген қызметiне қатысты осы Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар кәсiпорын ретiнде қарастырылады.
      6. Кәсіпорын кәсiпкерлiк қызметін осы Уағдаласушы Мемлекетте брокер, комиссионер немесе тәуелсiз мәртебесi бар кез келген басқа агент арқылы жүзеге асырғаны үшiн ғана, осындай тұлғалар өздерiнiң әдеттегi қызметi шеңберiнде әрекет жасаған жағдайда, Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар кәсiпорын ретiнде қарастырылмайды. Алайда, мұндай агенттің қызметі осындай кәсіпорынның атынан толық немесе толық дерлік орындалса және осындай кәсіпорын мен агенттің арасында олардың коммерциялық және қаржылық өзара қатынастарында тәуелсіз кәсіпорындар арасында орнатылуы мүмкін болатыннан өзгеше жағдайлар жасалса, онда ол осы тармақты түсінуде тәуелсіз мәртебесі бар агент болып есептелмейді.
      7. Осы баптың алдыңғы ережелеріне қарамастан, қайта сақтандыруды қоспағанда, егер ол екінші Уағдаласушы Мемлекеттiң аумағында жарна жинаумен айналысса немесе онда бола тұрып, осы баптың 6-тармағының ережелері қолданылатын тәуелсіз мәртебесі бар агенттен өзге тұлға арқылы тәуекелдерді сақтандырса, бір Уағдаласушы Мемлекеттiң сақтандыру ұйымы екінші Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекеме құрады.
      8. Бір Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияны бақылауы немесе оның бақылауында болуы немесе осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте кәсiпкерлiк қызметтi (не тұрақты мекеме арқылы не өзге түрде) жүзеге асыруы фактiсi осы компаниялардың бiреуін екіншісінің тұрақты мекемесiне айналдырмайды.

6-бап
Жылжымайтын мүліктен алынатын табыс

      1. Бір Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен алатын табысына (ауыл немесе орман шаруашылығынан алатын табысты қоса алғанда) осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. «Жылжымайтын мүлiк» терминi қарастырылып отырған мүлiк орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасы бойынша айқындалады. Мұндай термин кез келген жағдайда жылжымайтын мүлiкке қатысты қосалқы мүлiктi, ауыл және орман шаруашылықтарында пайдаланылатын мал мен жабдықты, жер меншiгiне қатысты заңнаманың ережелерi қолданылатын құқықтарды, жылжымайтын мүлiк узуфруктын және минералдық шикiзат кен орындарын, көздерiн және басқа да табиғи ресурстарды игеру немесе игеру құқығы үшін берiлетiн өтемақы ретiндегi өзгермелі немесе тiркелген төлемдерге құқықтарды қамтиды. Теңiз және әуе кемелерi жылжымайтын мүлiк ретiнде қарастырылмайды.
      3. Осы баптың 1-тармағының ережелерi жылжымайтын мүлiктi тiкелей пайдаланудан, жалға беруден немесе кез келген басқа нысанда пайдаланудан алынған табысқа қолданылады.
      4. Осы баптың 1 және 3-тармақтарының ережелерi кәсiпорынның жылжымайтын мүлкінен алынатын табысына да және тәуелсіз жеке қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлкінен алынатын табысына да қолданылады.

7-бап
Кәсіпкерлік қызметтен алынатын пайда

      1. Егер бір Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекетте кәсiпкерлiк қызметтi сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмаса, кәсiпорынның пайдасына осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер кәсiпорын кәсiпкерлiк қызметтi жоғарыда айтылғандай жүзеге асырса, онда кәсiпорынның пайдасына екiншi Уағдаласушы Мемлекетте, бiрақ осындай тұрақты мекемеге қатысты бөлiгiне ғана салық салынуы мүмкiн.
      2. Осы баптың 3-тармағының ережелерiн ескере отырып, егер бір Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекетте кәсiпкерлiк қызметтi сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырса, онда әрбiр Уағдаласушы Мемлекетте, егер ол оқшауланған және жеке кәсiпорын болып, осындай немесе ұқсас жағдайларда дәл осындай немесе ұқсас қызметпен айналысып және өзi тұрақты мекемесi болып табылатын кәсiпорыннан толық тәуелсiз әрекет жасағанда алуы мүмкiн пайда осындай тұрақты мекемеге жатқызылады.
      3. Тұрақты мекеменiң пайдасын анықтау кезiнде олардың тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте немесе басқа жерде жұмсалғанына қарамастан, басқару және жалпы әкiмшiлiк шығыстарды қоса алғанда, тұрақты мекеменiң мақсаттары үшiн жұмсалған шығыстарды шегеруге жол берiледi.
      4. Егер кәсіпорын пайдасының жалпы сомасын оның әртүрлі бөлімшелері арасында пропорционалды бөлу негізінде тұрақты мекемеге жататын пайданы анықтау Уағдаласушы Мемлекетте әдеттегі практика болып табылса, онда осы баптың 2-тармағында ешнәрсе де осы Уағдаласушы Мемлекетке салық салынатын пайданы әдеттегі практика негізінде осындай бөлу арқылы анықтауға тыйым салмайды, алайда, таңдалған бөлу әдісі осы бапта қамтылған қағидаттарға сәйкес нәтижелер беруге тиіс.
      5. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органының қолжетімді ақпараты кәсіпорынның тұрақты мекемесінің пайдасын анықтау үшін жеткіліксіз болып табылса, осы баптағы ешнәрсе де осы баптың қағидаттарына сәйкес Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органының қолжетімді ақпаратын ескере отырып, осындай заңдар немесе нормативтік актілер қолданылған жағдайда салық салынуға жататын осындай тұрақты мекеменің пайдасын осы Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органының бағалауы арқылы осы тұрақты мекеменің салықтық берешегін анықтауға қатысты осы Уағдаласушы Мемлекеттің қандай да бір заңын немесе нормативтік актісін қолдануға тыйым салмайды.
      6. Тұрақты мекеменiң кәсiпорын үшiн тауарларды немесе бұйымдарды сатып алуының негiзiнде ғана осы тұрақты мекемеге қандай да бір пайда есепке жатқызылмайды.
      7. Осы баптың алдыңғы тармақтарының мақсаттары үшiн тұрақты мекемеге жататын пайда, егер осындай тәртiптi өзгерту үшiн жеткiлiктi және дәлелдi себептер болмаса, жыл сайын біркелкі тәсілмен айқындалады.
      8. Егер пайда осы Конвенцияның басқа баптарында жеке айтылатын табыстардың түрлерiн қамтыса, онда мұндай баптардың ережелерi осы баптың ережелерiн қозғамайды.

8-бап
Халықаралық тасымалдау

      1. Теңiз, әуе кемелерiн халықаралық тасымалдауда пайдаланудан алған пайдаға кәсіпорынды тиімді басқару орны орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      2. Егер кеме жүзу кәсіпорнының тиімді басқару орны теңіз кемесінің бортында орналасқан болса, онда ол теңіз кемесін тізімге алу порты тұрған Уағдаласушы Мемлекетте немесе осындай тізімге алу порты болмаса, теңіз кемесін пайдаланушы тұлға резиденті болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан болып есептеледі.
      3. Осы баптың 1-тармағының ережелерi пулға, көлік құралдарын пайдалану жөніндегі бiрлескен кәсiпорынға немесе халықаралық ұйымға қатысудан алынатын пайдаға да қолданылады.

9-бап
Қауымдасқан кәсіпорындар

      1. Егер:
      1) бір Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнын басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысса, немесе
      2) бiр ғана тұлғалар бір Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнын басқаруға, бақылауға немесе олардың капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысса,
      және кез келген жағдайда екi кәсiпорынның арасында олардың коммерциялық немесе қаржылық өзара қатынастарында тәуелсiз екi кәсiпорынның арасында орын алуы мүмкiн жағдайлардан өзгеше жағдайлар жасалса немесе орнықса, онда кәсiпорындардың бiрiне есептелуi мүмкiн, бiрақ мұндай жағдайлардың орын алуына байланысты оған есептелмеген кез келген пайда осындай кәсiпорынның пайдасына қосылуы және оған тиiсiнше салық салынуы мүмкiн.
      2. Егер бір Уағдаласушы Мемлекет екiншi Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынатын пайдасын осы Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының пайдасына қосса және оған тиісінше салық салса және осылайша қосылған пайда алғашқы аталған Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнына есептелетiн пайда болып табылса, егер екi кәсiпорынның арасындағы шарттар тәуелсiз кәсiпорындардың арасындағыдай болса, онда осы екінші Уағдаласушы Мемлекет осындай пайдадан есептелетін салық сомасына тиісті түзету жүргізеді. Осындай түзетудi айқындау кезiнде осы Конвенцияның басқа да ережелерi ескерiлуге тиiс және қажет болған кезде Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары бiр-бiрiмен консультация жүргiзiп отыруға тиiс.

10-бап
Дивидендтер

      1. Бір Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төлейтiн дивидендтеріне осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Алайда, резидентi дивидендтер төлейтiн компания болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес осындай дивидендтерге салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер дивидендтердiң нақты иесi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, онда осылайша алынатын салық:
      1) егер нақты иесi дивидендтердi төлейтiн компания капиталының кемiнде 25 пайызына тiкелей иелiк ететiн компания (әріптестіктен өзге) болып табылса, дивидендтердiң жалпы сомасының 10 пайызынан;
      2) қалған барлық жағдайларда дивидендтердiң жалпы сомасының 15 пайызынан аспауға тиiс.
      Осы тармақтың ережелерi одан дивидендтер төленетiн компанияның пайдасына салық салуды қозғамайды.
      3. «Дивидендтер» терминi осы бапта қолданылған кезде акциялардан немесе пайдаға қатысуды беретін борыштық талаптар болып табылмайтын басқа да құқықтардан алынатын табысты, сондай-ақ пайданы бөлушi компания резидентi болып табылатын сол Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес акциялардан алынатын табыс сияқты осындай салықтық реттеуге жататын басқа да корпоративтiк құқықтардан алынатын табысты бiлдiредi.
       4. Егер бір Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын дивидендтердiң нақты иесi дивидендтер төлейтiн компания резидентi болып табылатын екінші Уағдаласушы Мемлекетте кәсiпкерлiк қызметтi сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырса немесе осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты базадан тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және өзіне қатысты дивидендтер төленетін холдинг шын мәнiнде осындай тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда мән-жайларға қарай осы Конвенцияның 7-бабының немесе 15-бабының ережелерi қолданылады.
      5. Егер бір Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компания екiншi Уағдаласушы Мемлекеттен пайда немесе табыс алатын болса, онда осы екiншi Уағдаласушы Мемлекет мұндай дивидендтер осы екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн немесе өзiне қатысты дивидендтер төленетiн холдинг шын мәнiнде осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болатын жағдайларды қоспағанда, осындай компания төлейтiн дивидендтерден кез келген салықты ала алмайды және егер тіпті төленетiн дивидендтер немесе бөлiнбеген пайда толығымен немесе iшiнара осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте пайда болған пайдадан немесе табыстан құралса да, компанияның бөлiнбеген пайдасынан бөлiнбеген пайда салығы алынбайды.
      6. Осы Конвенцияның ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның екiншi Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi болса, тұрақты мекеменің пайдасына осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте, оның заңына сәйкес қосымша салық салынуы мүмкiн, бірақ осылайша есептелген қосымша салық одан осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте алынатын табыс салығын және басқа да табысқа салынатын салықтарды шегергеннен кейінгі осындай пайда сомасының 10 пайызынан аспайды.
      7. Егер өздеріне қатысты дивидендтер төленетін акцияларды немесе басқа да құқықтарды жасауға немесе беруге байланысты кез келген тұлғаның негізгі мақсаты немесе негізгі мақсаттарының бірі осындай жасау немесе беру жолымен осы баптан пайда табу болса, осы баптың ережелері қолданылмайды.

11-бап
Пайыздар

      1. Бір Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн пайыздарға осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Алайда, мұндай пайыздарға олар пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер пайыздардың нақты иесi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, онда осылайша алынатын салық пайыздардың жалпы сомасының 10 пайызынан аспауға тиiс.
      3. Осы баптың 2-тармағының ережелерiне қарамастан, бір Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төленетін пайыздарға, егер алушы пайыздардың нақты иесі болып табылса және осындай пайыздарды мыналар:
      1) екінші Уағдаласушы Мемлекеттің Үкіметі немесе әкімшілік-аумақтық бөлімшелері немесе жергілікті билік органдары;
      2) екінші Уағдаласушы Мемлекеттің Орталық немесе Ұлттық банкі алса, осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      4. «Пайыздар» терминi осы бапта қолданылған кезде кепiлмен қамтамасыз етiлген немесе қамтамасыз етiлмеген және борышкердiң пайдаға қатысу құқығын беретiн немесе бермейтiн кез келген түрдегі борыштық талаптардан алынатын табысты және атап айтқанда, мемлекеттiк бағалы қағаздардан алынатын табысты және осындай бағалы қағаздар, облигациялар немесе борыштық мiндеттемелер бойынша төленетiн сыйақылар мен ұтыстарды қоса алғанда, облигациялардан немесе борыштық мiндеттемелерден алынатын табысты бiлдiредi.
      5. Егер бір Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын пайыздардың нақты иесi пайыздар пайда болатын екінші Уағдаласушы Мемлекетте кәсiпкерлiк қызметтi сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырса немесе сонда орналасқан тұрақты базадан осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және өзіне қатысты пайыздар төленетін борыштық талабы шын мәнiнде осындай тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда мән-жайларға қарай осы Конвенцияның 7-бабының немесе 15-бабының ережелерi қолданылады.
      6. Егер төлеушi осы Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, пайыздар Уағдаласушы Мемлекетте пайда болады деп есептеледі. Алайда, егер пайыздарды төлеуші тұлғаның Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатынына немесе табылмайтынына қарамастан, Уағдаласушы Мемлекетте пайыздарды төлеу жөніндегі міндеттеме пайда болуына байланысты тұрақты мекемесі немесе тұрақты базасы болса және мұндай пайыздар жөніндегі шығыстарды тұрақты мекеме немесе тұрақты база көтеретін болса, онда мұндай пайыздар осындай тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан сол Уағдаласушы Мемлекетте пайда болады деп есептеледі.
      7. Егер төлеушi мен олардың нақты иесi арасындағы немесе сол екеуi мен қандай да бір басқа тұлғаның арасындағы арнайы қатынастардың болуы себебiнен төленетiн борыштық талаптың негiзiнде оған қатысты пайыздардың сомасы төлеушi мен олардың нақты иесi арасында мұндай қатынастар болмаған кезде келісе алатындай сомадан асып кетсе, онда осы баптың ережелерi соңғы айтылған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда төлемдердің басы артық бөлiгiне осы Конвенцияның басқа ережелерi ескеріле отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес салық салынуға тиіс.
      8. Егер өздерiне қатысты пайыздар төленетiн борыштық талаптардың жасалуына немесе берілуіне байланысты кез келген тұлғаның негiзгi мақсаты немесе негiзгi мақсаттарының бiрi осындай жасау немесе беру жолымен осы баптан пайда табу болса, осы баптың ережелерi қолданылмайды.

12-бап
Роялти

      1. Бір Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн роялтиге осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Алайда, мұндай роялтиге, сондай-ақ олар пайда болатын сол Уағдаласушы Мемлекетте және осы Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ, егер роялтидiң нақты иесi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, онда осылайша алынатын салық роялтидiң жалпы сомасының 10 пайызынан аспауға тиiс.
      3. «Роялти» термині осы бапта пайдаланылған кезде радио немесе телехабарлар үшін пайдаланылатын кинематографиялық фильмдерді немесе таспаларды немесе магниттік жазбаларды және бағдарламалық қамтылымды қоса алғанда, әдебиет, өнер туындыларына немесе ғылыми жұмыстарға кез келген патентке, сауда таңбасына, дизайнға немесе модельге, жоспарға, құпия формулаға немесе процеске кез келген авторлық құқықты пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергені үшін немесе өнеркәсіптік, коммерциялық немесе ғылыми жабдықтарды пайдаланғаны үшін немесе пайдалану құқығын бергені үшін немесе өнеркәсіптік, коммерциялық немесе ғылыми тәжірибеге қатысты ақпарат үшін сыйақы ретінде алынған төлемдердің кез келген түрін білдіреді.
      4. Егер бір Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын роялтидің нақты иесі роялти пайда болатын екінші Уағдаласушы Мемлекетте кәсiпкерлiк қызметтi сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырса немесе осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты базадан тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және өздеріне қатысты роялти төленетін құқық немесе мүлік шын мәнiнде осындай тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда мән-жайларға қарай осы Конвенцияның 7-бабының немесе 15-бабының ережелерi қолданылады.
      5. Егер төлеушi осы Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, роялти Уағдаласушы Мемлекетте пайда болады деп есептеледі. Алайда, егер роялтиді төлеуші тұлғаның Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатынына немесе табылмайтынына қарамастан, Уағдаласушы Мемлекетте роялтиді төлеу жөніндегі міндеттеменің пайда болуына байланысты тұрақты мекемесі немесе тұрақты базасы болса және мұндай роялти жөніндегі шығыстарды тұрақты мекеме немесе тұрақты база көтеретін болса, онда осындай роялти тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан сол Уағдаласушы Мемлекетте пайда болады деп есептеледі.
      6. Егер төлеушi мен оның нақты иесi арасында немесе сол екеуi мен қандай да бiр басқа тұлғаның арасындағы арнайы қатынастардың болуы себебiнен олардың негізінде төленетiн пайдалануға, құқыққа немесе ақпаратқа қатысты роялтидiң сомасы төлеушi мен оның нақты иесi арасында мұндай қатынастар болмаған кезде келісе алатындай сомадан асып кетсе, онда осы баптың ережелерi соңғы айтылған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда төлемдердің басы артық бөлiгiне осы Конвенцияның басқа ережелерi ескеріле отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес салық салынуға тиіс.
      7. Егер өзiне қатысты роялти төленетiн құқықтың немесе мүліктің жасалуына немесе берілуіне байланысты кез келген тұлғаның негiзгi мақсаты немесе негiзгi мақсаттарының бiрi осындай жасау немесе беру жолымен осы баптан пайда табу болса, осы баптың ережелерi қолданылмайды.

13-бап
Техникалық қызметтерге төленетін сыйақылар

      1. Бір Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төленетін техникалық қызметтерге сыйақыларға осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. Алайда, мұндай техникалық қызметтерге төленетін сыйақыларға олар пайда болатын және осы Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін, бірақ егер техникалық қызметтерге төленетін сыйақылардың нақты иесі екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылса, онда осылайша алынатын салық роялтидің жалпы сомасының 10 пайызынан аспауға тиіс.
      3. «Техникалық қызметтерге төленетін сыйақылар» термині осы бапта пайдаланылған кезде кез келген басқару, техникалық, консультациялық қызметтер көрсеткені үшін төленетін сыйақылар ретінде алынатын төлемдердің кез келген түрін білдіреді.
      4. Егер бір Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын техникалық қызметтерге төленетін сыйақылардың нақты иесі техникалық қызметтерге төленетін сыйақылар пайда болған екінші Уағдаласушы Мемлекетте кәсіпкерлік қызметті сонда орналасқан тұрақты мекемесі арқылы жүзеге асырса немесе сонда орналасқан тұрақты базадан осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте тәуелсіз жеке қызметтерді көрсетсе және техникалық қызметтерге төленетін сыйақылар шын мәнінде осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға байланысты болса, осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда мән-жайларға қарай осы Конвенцияның 7-бабының немесе 15-бабының ережелерi қолданылады.
      5. Егер төлеуші осы Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылса, техникалық қызметтерге төленетін сыйақылар Уағдаласушы Мемлекетте пайда болады деп есептеледі. Алайда, егер техникалық қызметтерге төленетін сыйақыларды төлейтін тұлғаның Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатынына немесе табылмайтынына қарамастан, Уағдаласушы Мемлекетте оған байланысты техникалық қызметтерге төленетін сыйақыларды төлеу жөніндегі міндеттеме пайда болған тұрақты мекемесі немесе тұрақты базасы болса және мұндай техникалық қызметтерге төленетін сыйақылар бойынша шығыстарды тұрақты мекеме немесе тұрақты база көтеретін болса, онда мұндай техникалық қызметтерге төленетін сыйақылар тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан сол Уағдаласушы Мемлекетте пайда болады деп есептеледі.
      6. Егер төлеуші мен олардың нақты иесi арасындағы немесе сол екеуi мен қандай да бір басқа тұлғаның арасындағы арнайы қатынастардың болу себебiнен олардың негiзiнде төленетiн қызметтерге жататын техникалық қызметтерге төленетін сыйақының сомасы төлеушi мен олардың нақты иесi арасында мұндай қатынастар болмаған кезде өзара келiсе алатындай сомадан асып кетсе, осы баптың ережелерi соңғы айтылған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда, төлемдердің басы артық бөлiгiне осы Конвенцияның басқа да ережелерi ескеріле отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес салық салынуға жатады.

14-бап
Мүлік құнының өсімінен түсетін табыстар

      1. Бір Уағдаласушы Мемлекет резидентiнің осы Конвенцияның 6-бабында айқындалған және екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығарудан алған табыстарына осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Бір Уағдаласушы Мемлекет кәсіпорнының екінші Уағдаласушы Мемлекеттегi тұрақты мекемесiнiң кәсiпкерлiк мүлкiнiң бiр бөлiгiн құрайтын жылжымалы мүлiктi иеліктен шығарудан немесе осындай тұрақты мекеменi немесе тұрақты базаны (жеке немесе бүкiл кәсiпорынмен бірге) иеліктен шығарудан алынатын осындай табыстарды қоса алғанда, Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң екінші Уағдаласушы Мемлекетте иелігіндегі тұрақты базаға жататын жылжымалы мүлiктен тәуелсiз жеке қызметтерді көрсету мақсаттары үшiн алынған табыстарға, екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      3. Халықаралық тасымалдауда пайдаланылатын теңiз, әуе кемелерiн немесе осындай теңiз, әуе кемелерiн пайдалануға байланысты жылжымалы мүлiктi иелiктен шығарудан алынған табыстарға кәсіпорынның тиімді басқару орны орналасқан сол Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      4. Бір Уағдаласушы Мемлекет резидентiнің екінші Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен өз құнының 50 %-нан астамын тiкелей немесе жанама түрде алатын, ондағы қатысу үлесін немесе оған теңестірілген бағалы қағаздарды иелiктен шығарудан алған табыстарына осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      5. Осы баптың 123 және 4-тармақтарында көзделгендегіден гөрі өзге кез келген мүлiктi иелiктен шығарудан алынатын табыстарға мүлiктi иелiктен шығарушы тұлға резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.

15-бап
Тәуелсіз жеке қызметтер

      1. Уағдаласушы Мемлекет резидентiнің кәсiби қызметтеріне немесе тәуелсiз сипаттағы басқа да қызметіне қатысты алған табысына осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады, мыналарды қоспағанда:
      1) егер оның өз қызметiн жүзеге асыру мақсаттары үшiн екінші Уағдаласушы Мемлекеттегі оған тұрақты негiзде тиесілі тұрақты базасы бар болса; бұл жағдайда табыстың осы тұрақты базаға жататын бөлiгiне ғана осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн; немесе
      2) егер оның екінші Уағдаласушы Мемлекетте болуы тиісті қаржы жылында басталатын немесе аяқталатын кез келген он екі айлық кезеңде 183 күннен астамын құрайтын кезең немесе кезеңдер ішінде жалғасса; бұл жағдайда оның осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асыратын қызметінен алған табысының бір бөлігіне ғана осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынады.
      2. «Кәсiби қызметтер» терминi тәуелсiз ғылыми, әдеби, әртістiк, бiлiм беру немесе оқытушылық қызметті, сондай-ақ дәрiгерлердiң, заңгерлердiң, инженерлердiң, сәулетшiлердiң, тiс дәрiгерлерi мен бухгалтерлердiң тәуелсiз қызметiн қамтиды.

16-бап
Жалдамалы жұмыстан түсетін табыстар

      1. Осы Конвенцияның 17192021 және 22-баптарының ережелерiн ескере отырып, бір Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi жалдамалы жұмысына байланысты алған қызметақыға, жалақыға және басқа да ұқсас сыйақыға, егер жалдамалы жұмыс екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орындалмаса ғана осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер жалдамалы жұмыс осылайша орындалса, осыған байланысты алынған осындай сыйақыға осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерiне қарамастан, бір Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орындалатын жалдамалы жұмысына байланысты алған сыйақысына, егер:
      1) алушы тиiстi салық жылында басталатын немесе аяқталатын кез келген он екі айлық кезеңде жалпы жиынтығы 183 күннен аспайтын кезең немесе кезеңдер ішінде екiншi Уағдаласушы Мемлекетте болса, және
      2) сыйақыны екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылмайтын жұмыс беруші төлесе немесе жұмыс берушінің атынан төленсе, және
      3) сыйақы төлеу жөнiндегi шығыстарды жұмыс берушінің екіншi Уағдаласушы Мемлекеттегi тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы көтермесе, онда алғашқы айтылған Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      3. Осы баптың алдыңғы ережелерiне қарамастан, халықаралық тасымалдауда пайдаланылатын теңiз, әуе кемесiнiң бортында орындалатын жалдамалы жұмысқа байланысты алынған сыйақыға кәсіпорынның тиімді басқару орны орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.

17-бап
Директорлардың гонорарлары

      Екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын компанияның директорлар кеңесінің немесе оған ұқсас органның мүшесі ретінде бір Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті алған директорлардың гонорарларына және басқа да осыған ұқсас төлемдерге осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.

18-бап
Әртістер мен спортшылар

      1. Осы Конвенцияның 15 және 16-баптарының ережелерiне қарамастан, бір Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi театр, кино, радио немесе телевизия әртісі немесе музыкант сияқты өнер қызметкері ретінде немесе спортшы ретiнде екiншi Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асыратын өзiнiң жеке қызметiнен алған табысына осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Егер өнер қызметкерінің немесе спортшының осындай сипатта жүзеге асыратын жеке қызметiнен алатын табысы өнер қызметкерінің немесе спортшының өзiне емес, басқа тұлғаға есептелсе, онда мұндай табысқа осы Конвенцияның 15 және 16-баптарының ережелерiне қарамастан, өнер қызметкерінің немесе спортшының қызметi жүзеге асырылатын Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерiне қарамастан Уағдаласушы Мемлекеттің резидентiнің өнер қызметкерi немесе спортшы ретіндегі өзінің жеке қызметінен алған табысына, егер оның қызметін толығымен немесе айтарлықтай дәрежеде Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де қоғамдық қорлары немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлiмшелерi немесе жергiлiктi билік органдары қаржыландырса немесе қызметін Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуімен де келісілген мәдени немесе спорттық алмасу бағдарламасы шеңберінде екінші Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асырса, осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.

19-бап
Зейнетақылар

      Осы Конвенцияның 20-бабы 2-тармағының ережелерiне сәйкес бір Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне бұрын жүзеге асырған жалданбалы жұмысы үшiн төленетiн зейнетақы мен осыған ұқсас басқа да сыйақыға осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.

20-бап
Мемлекеттік қызмет

      1. 1) Уағдаласушы Мемлекет немесе оның әкімшілік-аумақтық бөлімшесі немесе жергілікті билік органы жеке тұлғаға осы Уағдаласушы Мемлекет немесе оның әкімшілік-аумақтық бөлімшесі немесе жергілікті билік органы үшін жүзеге асыратын қызметi үшiн төлейтiн қызметақыға, жалақыға және осыған ұқсас басқа да сыйақыға осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      2) Алайда осындай қызметақыға, жалақыға және осыған ұқсас басқа да сыйақыға, егер қызмет екінші Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асырылса және екінші Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын жеке тұлға:
      - екінші Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық тұлғасы болып табылса; немесе
      - осындай қызметтi жүзеге асыру мақсатында ғана екінші Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болмаса, осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      2. 1) Осы баптың 1-тармағының ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекет немесе оның әкімшілік-аумақтық бөлімшесі немесе жергілікті билік органы құрған қорлардан жеке тұлғаға осы Уағдаласушы Мемлекет немесе оның әкімшілік-аумақтық бөлімшесі, орталық немесе жергілікті билік органы үшін жүзеге асыратын қызметіне төленетін зейнетақыға және осыған ұқсас басқа да сыйақыға осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      2) Алайда, осындай зейнетақыларға және осыған ұқсас басқа да сыйақыға, егер жеке тұлға екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті және ұлттық тұлғасы болып табылса, екiншi Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      3. Осы Конвенцияның 161718 және 19-баптарының ережелерi Уағдаласушы Мемлекет немесе оның әкімшілік-аумақтық бөлімшесі немесе жергiлiктi билiк органы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметпен байланысты қызметке қатысты қызметақыға, жалақыға, зейнетақыларға және осыған ұқсас басқа да сыйақыға қолданылады.

21-бап
Студенттер немесе тағылымдамадан өтушілер

      1. Бір Уағдаласушы Мемлекетке нақты келгенге дейін екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын немесе болып табылған және бірінші айтылған Уағдаласушы Мемлекетте бiлiм алу, тағылымдамадан өту мақсатында ғана болатын студент немесе тағылымдамадан өтуші өзiн-өзі қамтамасыз ету, бiлiм алу, тағылымдамадан өту мақсатында алатын төлемдерге осындай төлемдер осы Уағдаласушы Мемлекет шегінен тыс жерлердегі көздерден жүргізілетін жағдайда осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салынбайды.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген гранттарға, стипендияларға және осыған ұқсас басқа да сыйақылар мен жалдамалы жұмыстан алған сыйақыларға қатысты осы баптың 1-тармағында айтылған студент немесе тағылымдамадан өтушi осындай бiлiм алу, тағылымдамадан өту кезiнде өзі болатын Уағдаласушы Мемлекеттің резиденттерiне берiлетiн салықтарға қатысты дәл сондай жеңілдіктерге, төмендетулерге немесе шегерiмдерге құқығы бар.

22-бап
Оқытушылар, профессорлар мен зерттеушілер

      1. Бір Уағдаласушы Мемлекетке оқыту, дәріс оқу немесе осы Уағдаласушы Мемлекеттің университетінде, колледжінде, мектебінде немесе соған ұқсас басқа ғылыми-зерттеу институтында ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында келетін және тікелей келер алдында екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылған немесе табылатын жеке тұлға, осындай мақсат үшін алғашқы келген күнінен бастап екі жыл бойы бірінші айтылған Уағдаласушы Мемлекетте осындай оқыту немесе ғылыми зерттеу жүргізгені үшін сыйақыға қатысты, егер мұндай сыйақы осы Уағдаласушы Мемлекеттің шегінен тыс көздерден пайда болса, салық салудан босатылады.
      2. Егер мұндай ғылыми зерттеу қоғамдық мақсаттарда емес, негізінен белгілі бір тұлғаның немесе тұлғалардың жеке мүдделері үшін жүргізілетін болса, ғылыми зерттеу жүргізуден алынатын сыйақыға осы баптың 1-тармағының ережелері қолданылмайды.

23-бап
Басқа да табыстар

      1. Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң осы Конвенцияның алдыңғы баптарында көзделмеген табысының түрлерiне, олардың пайда болу көзiне қарамастан, осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      2. Осы Конвенцияның 6-бабының 2-тармағында айқындалған жылжымайтын мүлiктен алынатын табыстан өзге табыстарға, егер мұндай табысты алушы бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi бола тұра, кәсiпкерлiк қызметтi екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырса немесе сонда орналасқан тұрақты база арқылы осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте тәуелсіз жеке қызметтер көрсетсе және осыларға байланысты табыс төлеу жүргізілген құқығы немесе мүлкі шын мәнінде осындай тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, осы баптың 1-тармағының ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда мән-жайларға қарай осы Конвенцияның 7-бабының немесе 15-бабының ережелерi қолданылады.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң осы Конвенцияның алдыңғы баптарында көзделмеген және екінші Уағдаласушы Мемлекетте пайда болған табысының түрлеріне осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынуы мүмкін.

24-бап
Капитал

      1. Бір Уағдаласушы Мемлекет резидентiне тиесілі және екінші Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан, осы Конвенцияның 6-бабында айқындалған жылжымайтын мүлік түрінде ұсынылған капиталға осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. Тәуелсiз жеке қызметтер көрсету мақсаттары үшiн бір Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсіпорны екінші Уағдаласушы Мемлекетте ие болып отырған тұрақты мекеменiң кәсiпкерлiк мүлкiнiң бiр бөлiгiн құрайтын жылжымалы мүлiк немесе екінші Уағдаласушы Мемлекетте Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң иелігіндегі тұрақты базаға жататын жылжымалы мүлiк түрiнде ұсынылған капиталға осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      3. Халықаралық тасымалдауда пайдаланылатын теңiз, әуе кемелерi және осындай теңiз немесе әуе кемелерiн пайдалануға байланысты жылжымалы мүлiк түрiнде ұсынылған капиталға кәсіпорынды тиімді басқару орны орналасқан осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      4. Уағдаласушы Мемлекет резидентi капиталының барлық басқа элементтерiне осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.

25-бап
Қосарланған салық салуды жою

      1. Егер бір Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін табыс алса немесе капиталға иелік етсе, алғашқы аталған Уағдаласушы Мемлекет мынаған:
      1) осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте төленген табыс салығына тең соманы осындай резиденттiң табысына салынатын салықтан шегеруге,
      2) осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте төленген капиталға салынатын салыққа тең соманы осындай резиденттің капиталына салынатын салықтан шегеруге рұқсат береді.
      Мұндай шегерім кез келген жағдайда осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте табысқа немесе капиталға салық салынуы мүмкін болатын мән-жайларға қарай, шегерім берілгенге дейін есептелген табысқа немесе капиталға салынатын салық сомасынан аспауға тиіс.
      2. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті алған табыс немесе капитал осы Конвенцияның кез келген ережелерiне сәйкес осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салудан босатылса, осындай Уағдаласушы Мемлекет дегенмен де мұндай резиденттің табысы немесе капиталының қалған бөлігіне салынатын салық сомасын есептеу кезінде салық салудан босатылған табысы мен капиталының сомасын есепке алуы мүмкін.

26-бап
Кемсітпеу

      1. Бір Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары екінші Уағдаласушы Мемлекетте осы екінші Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары дәл сондай мән-жайларда, атап айтқанда, резиденттiкке қатысты ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкін кез келген салық салуға немесе оған байланысты өзге немесе салық салуға немесе онымен байланысты міндеттемеге қарағанда ауыртпалығы неғұрлым басым кез келген мiндеттемеге ұшырамайды. Осы ереже 1-баптың ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де резиденттерi болып табылмайтын тұлғаларға да қолданылады.
      2. Бір Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екінші Уағдаласушы Мемлекеттегі ие болып отырған тұрақты мекемеге салық салу дәл сондай қызметті жүзеге асыратын осы екінші Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорындарына салынатын салыққа қарағанда осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте неғұрлым қолайсыз болмауға тиіс. Осы ереже Уағдаласушы Мемлекеттi екінші Уағдаласушы Мемлекеттiң резиденттерiне салық салу мақсаттары үшiн өзiнiң резиденттерiне олардың азаматтық мәртебесi немесе отбасылық жағдайы негiзiнде беретiн кез келген жеке салықтық жеңiлдiктер, төмендетулер мен шегерімдер беруге мiндеттейтiндей етіп түсіндірілуі мүмкін емес.
      3. Осы Конвенцияның 9-бабы 1-тармағының, 11-бабы 7-тармағының немесе 12-бабы 6-тармағының, 13-бабы 6-тармағының ережелерi қолданылатын жағдайларды қоспағанда, бір Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екінші Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне техникалық қызметтер үшін төленетін пайыздар, роялти, сыйақылар және басқа төлемдер осындай кәсiпорынның салық салынатын пайдасын айқындау мақсатында олар бірінші айтылған Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне қалай төленсе, дәл сондай жағдайларда шегерiлуге тиiс. Осы сияқты бір Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының екінші Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне кез келген берешегі осындай кәсiпорынның салық салынатын капиталын айқындау мақсатында бірінші айтылған Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң берешегі қалай шегерiлсе, дәл сондай жағдайларда шегерiлуге тиiс.
      4. Капиталы екінші Уағдаласушы Мемлекеттiң бiр немесе бiрнеше резиденттерiне толық немесе iшiнара тиесілі немесе олардың тiкелей немесе жанама түрде бақылауында тұрған бір Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорындары алғашқы аталған Уағдаласушы Мемлекеттiң басқа осындай кәсiпорындары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкін кез келген салық салуға немесе оған байланысты өзге немесе салық салуға немесе онымен байланысты міндеттемеге қарағанда ауыртпалығы неғұрлым басым кез келген мiндеттемеге алғашқы аталған Уағдаласушы Мемлекетте ұшырамайды.
      5. Осы баптың ережелерi осы Конвенцияның 2-бабында көрсетілген салықтарға қолданылады.

27-бап
Өзара келісу рәсімі

      1. Егер тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де iс-әрекеттерi өзiне қатысты осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес келмейтін салық салуға әкеп соғуда немесе әкеп соғады деп есептесе, ол осы Уағдаласушы Мемлекеттердiң заңнамасында көзделген қорғау құралдарына қарамастан өзi резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органының қарауына немесе егер оның iсiне осы Конвенцияның 26-бабы 1-тармағының күші қолданылатын болса, өзi ұлттық тұлғасы болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органының қарауына өз iсiн бере алады. Өтiнiш осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға әкеп соғатын iс-әрекеттер туралы алғашқы хабарлама берiлген кезден бастап үш жыл iшiнде ұсынылуға тиiс.
      2. Бір Уағдаласушы Мемлекеттің құзыреттi органы, егер ол мұндай өтiнiштi негiздi деп есептесе және егер өзi қанағаттанарлық шешiмге келе алмаса, осы Конвенцияға сәйкес келмейтiн салық салуды болдырмау мақсатында iстi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органымен өзара келiсу бойынша шешуге ұмтылады. Кез келген қол жеткiзiлген келiсу Уағдаласушы Мемлекеттердiң заңнамасында көзделген уақыттағы кез келген шектеулерге қарамастан орындалады.
      3. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары осы Конвенцияны түсiндiру немесе қолдану кезiнде туындайтын кез келген қиындықтарды немесе күмәндi өзара келiсу бойынша шешуге ұмтылады. Сондай-ақ, олар осы Конвенцияда көзделмеген жағдайларда қосарланған салық салуды жою мақсатында бiр-бiрiмен консультация жүргізе алады.
      4. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары бiр-бiрiмен, оның ішінде осы баптың алдыңғы тармақтарына сәйкес келiсiмге қол жеткiзу мақсатында, олардың өздерінен және олардың өкілдерінен тұратын бірлескен комиссиялар арқылы тiкелей байланысқа түсе алады.

28-бап
Ақпарат алмасу

      1. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары осы Конвенцияның ережелерін орындау немесе әкімшілендіру немесе Уағдаласушы Мемлекеттердiң немесе олардың әкімшілік-аумақтық бөлiмшелерiнiң немесе жергiлiктi билiк органдарының атынан өндіріп алу сипаттамасына қатысты заңнаманы қолдану үшін осы Конвенцияға қайшы келмейтін дәрежеде салық салу алынатын кез келген түрдегі және сипаттағы салықтарға қатысты, атап айтқанда алаяқтықты және осындай салықтардан жалтаруды болдырмау үшін қажетті ақпаратпен алмасады. Ақпарат алмасу осы Конвенцияның 1 және 2-баптарымен шектелмейді.
      2. Уағдаласушы Мемлекет осы баптың 1-тармағына сәйкес алған кез келген ақпарат осы Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес алынған ақпарат сияқты құпия болып есептеледі және осы баптың 1-тармағында айтылған салықтарға қатысты бағалаумен немесе жинаумен, мәжбүрлеп өндiрiп алумен немесе сот қудалауымен немесе апелляцияларды қараумен және жоғарыда көрсетілгендердің барлығын қадағалаумен айналысатын тұлғаларға немесе органдарға (соттарды және әкiмшiлiк органдарды қоса алғанда) ғана жария етіледі. Осындай тұлғалар немесе органдар ақпаратты осы мақсаттар үшiн ғана пайдалана алады. Олар ақпаратты ашық сот отырысы барысында немесе сот шешiмдерiн қабылдаған кезде жария етуі мүмкін.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармағының ережелерi Уағдаласушы Мемлекетке:
      1) осы немесе екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасы мен әкiмшiлiк практикасына қайшы келетiн әкiмшiлiк шараларды қолдану;
      2) осы немесе екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасы бойынша немесе әдеттегi әкiмшiлендіру барысында алуға болмайтын ақпаратты ұсыну;
      3) қандай да бiр сауда, кәсiпкерлiк, өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе кәсіби құпияны немесе сауда процесiн ашуы мүмкiн ақпаратты немесе ашылуы мемлекеттiк саясатқа (ordre public) қайшы келуi мүмкiн ақпаратты ұсыну мiндеттемесiн жүктейтiндей мағынада түсіндірілмейді.
      4. Егер ақпаратты осы бапқа сәйкес бір Уағдаласушы Мемлекет сұратса, екінші Уағдаласушы Мемлекет осындай ақпарат тіпті осы екінші Уағдаласушы Мемлекетке өзінің жеке салықтық мақсаттары үшін қажет болмаса да, сұрау салынған ақпаратты жинау жөніндегі шараларды қолданады. Алдыңғы сөйлемде қамтылған міндеттеме осы баптың 3-тармағының шектеулеріне түседі, бірақ мұндай шектеулер Уағдаласушы Мемлекетке осындай ақпаратқа ішкі мүдделіліктің болмауы себебінен ғана ақпарат ұсынудан бас тартуға рұқсат беретіндей мағынада түсіндіруге болмайды.
      5. Осы баптың 3-тармағының ережелерін ақпарат иесі банк, басқа қаржы мекемесі, номиналды ұстаушы немесе агент немесе сенім білдірілген өкіл болып табылатындығы себебінен немесе ақпараттың меншік құқығы берілген тұлғаға қатысты болуы себебінен Уағдаласушы Мемлекетке ақпарат ұсынудан бас тартуға рұқсат беретіндей мағынада түсіндіруге болмайды.

29-бап
Дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің
қызметкерлері

      Осы Конвенцияда ешнәрсе де дипломатиялық өкiлдiктер немесе консулдық мекемелер қызметкерлерiнiң халықаралық құқықтың жалпы нормаларында немесе арнайы халықаралық шарттардың ережелерiне сәйкес берiлген салықтық артықшылықтарын қозғамайды.

30-бап
Күшіне енуі

      1. Осы Конвенция оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Уағдаласушы Мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.
      2. Осы Конвенция, ол күшіне енген жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан немесе бірінші қаңтарынан кейін басталатын салық салу кезеңінде алынған табысқа салынатын салықтарға немесе иелігіндегі капиталға салынатын салықтарға қатысты қолданылады.

31-бап
Қолданысын тоқтату

      1. Осы Конвенция Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрi оның қолданысын тоқтатқанғанға дейін күшiнде қалады. Кез келген Уағдаласушы Мемлекет осы Конвенция күшiне енген күннен бастап бес жылдық кезең өткеннен кейiнгi кез келген күнтiзбелiк жылдың аяқталуына дейін алты айдан кешіктірмей, оның қолданысын тоқтату туралы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы жiбере отырып, осы Конвенцияның қолданысын тоқтата алады.
      2. Осы Конвенция, оның қолданысын тоқтату туралы жазбаша хабарлама берілген жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан немесе бірінші қаңтарынан кейін басталатын салық кезеңінде алынған табысқа салынатын салықтарға немесе иелігіндегі капиталға салынатын салықтарға қатысты қолданысын тоқтатады.

      Осыны куәландыру үшiн тиiстi түрде уәкiлеттiк берілген төмендегі қол қоюшылар осы Конвенцияға қол қойды.

      20__ жылғы ________ ________ қаласында ағылшын тiлiнде екі төлнұсқада жасалды әрі екі төлнұсқаның күші бірдей.

      Қазақстан Республикасының                Сербия Республикасының
            Үкiметi үшiн                             Үкiметi үшiн

Хаттама

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Сербия Республикасының Үкiметi арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға (бұдан әрі Конвенция ретінде аталатын) қол қою кезінде төмендегi қол қоюшылар осы Конвенцияның ажырамас бөлiгi болып табылатын мынадай ережелер туралы келісті:
      I. Осы Конвенцияның ережелері Уағдаласушы Мемлекетке салықтан жалтаруға немесе шын мәнінде сол сияқты сипатталған жалтаруға қарсы өзінің ішкі заңнамасының ережелері мен шараларын қолдануға ешқандай жағдайда тыйым салмайды деп түсініледі.
      II. Осы Конвенцияның 14-бабының 4-тармағына қатысты:
      Өз құнының 50 пайызынан астамын тікелей немесе жанама түрде екінші Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүліктен алатын, акциялары жоқ басқа ұйымдардағы (әріптестік, траст немесе басқа) компанияның акцияларын немесе оның қатысу үлесін анықтау осындай жылжымайтын мүліктің құнын және компанияның немесе акциялары жоқ басқа ұйымдардың (әріптестік, траст немесе басқа) міндеттемелерін немесе берешектерін есепке алмастан, компанияның немесе акциялары жоқ басқа ұйымдардың (әріптестік, траст немесе басқа) бүкіл мүлкінің құнын салыстыру жолымен жүргізіледі.

      Осыны куәландыру үшін тиісті түрде уәкілеттік берілген төмендегі қол қоюшылар осы Хаттамаға қол қойды.

      20__ жылғы ________ ________ қаласында ағылшын тiлiнде екі төлнұсқада жасалды әрі екі төлнұсқаның күші бірдей.

      Қазақстан Республикасының                Сербия Республикасының
            Үкiметi үшiн                             Үкiметi үшiн

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұдан әрі Келісімнің және оған Хаттаманың ағылшын тіліндегі мәтіндері берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады