Жерлерді бір санаттан басқасына ауыстыру және оларды қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 58 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі 13-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімшілік бағынысты аумағындағы Приречное ауылдық округінің жалпы алаңы 50,4 гектар жер учаскесі босалқы жерлер санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.
      2. Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін тұрақты жер пайдалану құқығында мынадай жер учаскелері:
      1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «2034 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылдық округінің Бесқарағай ауылы елді мекендерінің жерлері санатынан Сейфуллин көшесі, 205-үйде орналасқан жалпы алаңы 0,3252 гектар «Бесқарағай» шекара комендатурасының ғимаратына қызмет көрсету үшін;
      2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесіне Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы елді мекендерінің жерлері санатынан Гагарин даңғылы, 5-үйде орналасқан жалпы алаңы 0,06 гектар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Риддер қалалық бөлімінің ғимаратын орналастыру және қызмет көрсету үшін;
      3) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің «5511 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесіне осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесі атыс алаңын орналастыру үшін берілсін.
      3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің «5511 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес республикалық бюджет кірісіне ауыл шаруашылығы алқаптарын ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтесін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 4 ақпандағы
№ 58 қаулысына   
қосымша       

Босалқы жерлер санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш
қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер
және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына
ауыстырылатын жерлердің экспликациясы

р/с

Жер санаты

Жалпы аудан, гектар

Оның ішінде:

орман көмкерген

егістік

шабындық

жайылым

батпақ

басқа алқаптар

1.

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Приречное ауылдық округінің босалқы жерлері

50,4




50,4



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады