Баспасөз хабарламаcы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары
бюджеттерінің 2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық
бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге
берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану
қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 17 ақпандағы қаулысы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңын іске асыру мақсатында қабылданды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің аталған қаулысы 2014 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының облыстық бюджеттерінің «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізуге пайдалану тәртібін және Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 –- 2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін қарастырады.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі