Баспасөз хабарламасы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа
толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған
жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті
зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
2014 жылғы 19 ақпанда «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 108 қаулысы қабылданды.
Міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста жүрген жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушылардың пайдасына ай сайын жүзеге асырылатын болады. Осы норманың арқасында жиынтықты міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар төленген табыстан 10 % құрайтын болады. Міндетті зейнетақы жарналарының 4 % міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен әлеуметтік төлемдер есебінен, 6 % бюджет қаражаттары есебінен қамтамасыз етілетін болады.
Осылайша, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі