Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы RF-9010 модельді инспекциялық-тексеріп қарау кешенін өтеусіз беру туралы хаттар алмасу нысанындағы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 125 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы RF-9010 модельді инспекциялық-тексеріп қарау кешенін өтеусіз беру туралы хаттар алмасу нысанындағы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Ғұсман Кәрімұлы Әмринге Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы RF-9010 модельді инспекциялық-тексеріп қарау кешенін өтеусіз беру туралы хаттар алмасу нысанындағы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Жоғары мәртебелі
Қытай Халық Республикасының
Коммерция министрі
Гао Хочэнге,

2014 жылғы «   »

Жоғары мәртебелі!

      Осы хат арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Жоғары мәртебелі Сіздің төменде баяндалған мынадай мазмұндағы 2014 жылғы «   »           қазақ тіліндегі хатыңызды алғанымызды растау құрметіне ие болып отырмын:
      «Осы хат арқылы Қытай Халық Республикасы Үкіметінің атынан достық консультациялардың нәтижесінде бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қытай Халық Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі төмендегілер туралы келіскенін растаймын:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өтініші бойынша Қытай Халық Республикасының Үкіметі өтеусіз негізде Қазақстан Республикасының Үкіметіне теміржол көлігімен өткізілетін жүктерді тексеріп қарау үшін RF-9010 модельді инспекциялық-тексеріп қарау кешенін (бұдан әрі – ИТК), сондай-ақ қажетті жинақтауыш материалдарды беру жолымен техникалық көмек көрсетуге келісті.
      Қытай тарапы «Достық» өткізу пунктіне ИТК-ны және жинақтауыш материалдарды жеткізуге, монтаждауды, іске қосуды, өз материалдарын пайдалана отырып, тиісті құрылыс жұмыстарын жүргізуді жүзеге асыруға, Қазақстан тарапы үшін мамандарды даярлауды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      2. Қазақстан тарапы ИТК-ны және жинақтаушы материалдарды кедендік тазартуды, сондай-ақ оларды қабылдауды қамтамасыз етуге, жабдықты монтаждау мен іске қосуды жүзеге асыру кезінде Қытай тарапына жәрдем көрсету үшін тиісті қызметкерлерді тағайындауға, ИТК-ны және жинақтаушы материалдарды кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатуға міндеттенеді.
      Қазақстан тарапы Қытай тарапына қытай мамандары үшін Қазақстан Республикасына кіруге және одан шығуға рұқсат ресімдеуге және келісімшартты іске асыру кезеңінде олардың Қазақстан Республикасының аумағында болуы бойынша жәрдем көрсетеді.
      3. ИТК-ның құрылысы және жабдықтың құрылысына, монтаждауға және іске қосуға байланысты өзге іс-шаралар бойынша нақты шарттар Қытай тарапынан – уәкілетті орган Қытай Халық Республикасының Коммерция министрлігі, Қазақстан тарапынан – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті қол қоятын келісімшартта көзделетін болады.
      4. Құрылыс жөніндегі іс-шараларды аяқтағаннан кейін Тараптар қабылдап алу-тапсыру актісіне қол қояды.
      Егер, Жоғары мәртебелі Сіз Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан жоғарыда жазылғандарды жауап хатпен растасаңыз, осы хат және Сіздің жауап хатыңыз Қытай Халық Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында RF-9010 модельді инспекциялық-тексеріп қарау кешенін өтеусіз беру туралы хаттар алмасу нысанындағы келісім деп саналатын болады.
      Осы Келісім Қытай тарапы Қазақстан тарапының жауап хатын алған күнінен бастап күшіне енеді.»
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда жазылған шарттармен келісетінін, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының 2014 жылғы «   »           №           хаты және осы хат Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасында хаттар алмасу нысанындағы келісімді құрайтынын растау құрметіне ие болып отырмын.
      Жағдайды пайдалана отырып, өзімнің жоғары құрметімді қайта білдіруге рұқсат етіңіз.

      Құрметпен,

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Кедендік бақылау комитетінің төрағасы
Ғұсман Әмрин

Жоғары мәртебелі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Кедендік бақылау комитетінің төрағасы
Ғұсман Әмринге

2014 жылғы «   »

Жоғары мәртебелі!

      Осы хат арқылы Қытай Халық Республикасы Үкіметінің атынан достық консультациялардың нәтижесінде бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қытай Халық Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі төмендегілер туралы келіскенін растаймын:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өтініші бойынша Қытай Халық Республикасының Үкіметі өтеусіз негізде Қазақстан Республикасының Үкіметіне теміржол көлігімен өткізілетін жүктерді тексеріп қарау үшін RF-9010 модельді инспекциялық-тексеріп қарау кешенін (бұдан әрі – ИТК), сондай-ақ қажетті жинақтауыш материалдарды беру жолымен техникалық көмек көрсетуге келісті.
      Қытай тарапы «Достық» өткізу пунктіне ИТК-ны және жинақтауыш материалдарды жеткізуге, монтаждауды, іске қосуды, өз материалдарын пайдалана отырып, тиісті құрылыс жұмыстарын жүргізуді жүзеге асыруға, Қазақстан тарапы үшін мамандарды даярлауды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      2. Қазақстан тарапы ИТК-ны және жинақтаушы материалдарды кедендік тазартуды, сондай-ақ оларды қабылдауды қамтамасыз етуге, жабдықты монтаждау мен іске қосуды жүзеге асыру кезінде Қытай тарапына жәрдем көрсету үшін тиісті қызметкерлерді тағайындауға, ИТК-ны және жинақтаушы материалдарды кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатуға міндеттенеді.
      Қазақстан тарапы Қытай тарапына қытай мамандары үшін Қазақстан Республикасына кіруге және одан шығуға рұқсат ресімдеуге және келісімшартты іске асыру кезеңінде олардың Қазақстан Республикасының аумағында болуы бойынша жәрдем көрсетеді.
      3. ИТК-ның құрылысы және жабдықтың құрылысына, монтаждауға және іске қосуға байланысты өзге іс-шаралар бойынша нақты шарттар Қытай тарапынан – уәкілетті орган Қытай Халық Республикасының Коммерция министрлігі, Қазақстан тарапынан – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті қол қоятын келісімшартта көзделетін болады.
      4. Құрылыс жөніндегі іс-шараларды аяқтағаннан кейін Тараптар қабылдап алу-тапсыру актісіне қол қояды.
      Егер, Жоғары мәртебелі Сіз Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан жоғарыда жазылғандарды жауап хатпен растасаңыз, осы хат және Сіздің жауап хатыңыз Қытай Халық Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында RF-9010 модельді инспекциялық-тексеріп қарау кешенін өтеусіз беру туралы хаттар алмасу нысанындағы келісім деп саналатын болады.
      Осы Келісім Қытай тарапы Қазақстан тарапының жауап хатын алған күнінен бастап күшіне енеді.

      Жоғары құрметпен,

Қытай Халық Республикасының
Коммерция министрі
Гао Хочэн.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұдан әрі Келісімнің қытай тіліндегі мәтіні берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады