"Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 188 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 23 шілдедегі № 573 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 23.07.2015 № 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 49, 560-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) ережесінде:
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Субъектілерге жаңа үлгідегі таңбаларды беруді салық органы жүзеге асырады.»;
      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Пайдаланылмаған ескі үлгідегі таңбаларды ескі үлгідегі таңбалары бар субъектілер және салық органдары жаңа үлгідегі таңбалар енгізілген күннен бастап үш ай ішінде ескі үлгідегі таңбаларды жою жөніндегі комиссияның қатысуымен жоюға тиіс.»;
      25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Ескі үлгідегі таңбаларды жою жөніндегі комиссияның құрамына салық органдарының бірінші басшылары, салық органының таңбалар үшін материалдық-жауапты адамдары және субъектінің уәкілетті өкілдері міндетті түрде енгізілуге тиіс.
      26. Ескі үлгідегі таңбалардың іс жүзінде жойылғаны туралы осы Ережеге 12-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жойылған есепке алу-бақылау таңбаларының сериясы, нөмірлерін диапазоны, түрі мен саны, ескі үлгідегі акциздік таңбалардың түрі мен саны көрсетілетін ескі үлгідегі таңбаларды жою актісі (бұдан әрі – акт) екі данада жасалады. Жою актісінің әрбір данасына комиссия мүшелері мен субъектінің уәкілетті өкілі қол қояды, сондай-ақ салық органының және субъектінің мөрлерімен расталады.
      Актінің бір данасы салық органында қалады, актінің екінші данасы субъектіге беріледі.»;
      көрсетілген Ережеге 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 5 наурыздағы
№ 188 қаулысына   
қосымша       

Шарап материалы мен сыраны    
қоспағанда, алкоголь өнімін есепке
алу-бақылау таңбаларымен және темекі
бұйымдарын акциздік таңбалармен  
таңбалау (қайта таңбалау) ережесіне
1-қосымша            

Ескі үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларын жою
актісі

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы №
1349 қаулысына сәйкес біз, мынадай құрамдағы комиссия:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
саны:
_______________________________________ данадағы ескі үлгідегі есепке
алу-бақылау таңбаларын, оның ішінде:
______________________________________________________________ данада
      (сериясы және нөмірінің диапазондары, саны жазумен)

Комиссия төрағасы:
1) __________________________________________________________________
                       (Т.А.Ә., лауазымы, қолы)

Комиссия мүшелері:
2) __________________________________________________________________
                       (Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
3) __________________________________________________________________
                       (Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
Ұйымның өкілі: ______________________________________________________
                       (Т.А.Ә., лауазымы, қолы)

Мөр орны                            Мөр орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады