Оңтүстік Қазақстан облысында жекелеген жер учаскелерін орман қоры жерлері санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 247 қаулысы

      2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексі 45-бабының 2-тармағына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 22-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшада көрсетілген «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жалпы аумағы 119978,418 га жер учаскесі орман қоры жерлері санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстырылсын.
      2. Осы аумақтағы ормандар «мемлекеттік өңірлік табиғи парктер ормандары» мемлекеттік орман қоры санатына жатқызылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2014 жылғы 20 наурыздағы
№ 247 қаулысына   
қосымша         

Оңтүстік Қазақстан облысында орман қоры жерлері санатынан
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына
ауыстырылатын жекелеген жер учаскелерінің экспликациясы

Р/с №

Атауы

Жалпы алаңы, га

Оның ішінде, га

Орманды жерлер

Ормансыз жерлер

Орман көмкерген

Орман көмкермеген

Жиыны орманды жерлер

Шабындықтар

Жайылымдар

Егістік

Су астында

Жолдар

Өзге жерлер

Жиыны ормансыз жерлер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

1

Бәйдібек ауданы:
орман қоры жерлері (Боралдай ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі)

36255

6324

3484

9808

100

7820

40

115

246

18126

26447

2

Арыс қаласы:
орман қоры жерлері
(Арыс ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі)

28018,44

16802

997

17799

130

9107,13

72

206

158

546,31

10219,44

3

Отырар ауданы:
орман қоры жерлері (Отырар ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі)

32656,17

21722,23

277

21999,23

1091,8

8658,94

46,6

493,1

275,2

91,3

10656,94

4

Түркістан қаласы
орман қоры жерлері (Түркістан ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі)

4998,808

1853

702

2555

1172

774

0

0

29

468,808

2443,808

5

Сарыағаш ауданы:
орман қоры жерлері (Шардара ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі)

2906

1042

264

1306

13

1230

67

22

48

220

1600

6

Шардара ауданы:
орман қоры жерлері (Шардара ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі)

15144

10230

948

11178

39

2733

195

155

140

704

3966


ЖИЫНЫ

119978,418

57973,23

6672

64645,23

2545,8

30323,07

420,6

991,1

896,2

20156,418

55333,188

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады