Оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 248 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.02.2016 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлер айқындалсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2014 жылғы 20 наурыздағы
№ 248 қаулысына   
қосымша         

Оралмандарды қоныстандыруға арналған өңірлер

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.07.2014 № 783 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Ақмола облысы
      2. Ақтөбе облысы
      3. Алматы облысы
      4. Атырау облысы
      5. Шығыс Қазақстан облысы
      6. Жамбыл облысы
      7. Батыс Қазақстан облысы
      8. Қарағанды облысы
      9. Қостанай облысы
      10. Қызылорда облысы
      11. Маңғыстау облысы
      12. Павлодар облысы
      13. Солтүстік Қазақстан облысы
      14. Оңтүстік Қазақстан облысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады