Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының екінші кезеңін (2014 – 2015 жылдар) бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 254 қаулысы

«Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз
ету және өміp сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018
жылдарға арналған ic-шаралар жоспарының екінші кезеңін
(2014 - 2015 жылдар) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 254 қаулысына
БАСПАСӨ3 РЕЛИЗІ

      «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға және Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның Факультативтік хаттамасына қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 желтоксандағы № 711 Жарлығын icкe асыру мақсатында Қаазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 254 қаулысымен Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмip сұру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған ic-шаралар жоспарының екінші кезеңі (2014 - 2015 жылдар) (бұдан әрі - Ic-шаралар жоспары) бекітілді.
      Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру, жұмыспен қамтудын қолжетімділігін қамтамасыз ету, мүгедектердің тіршілік әрекетінің негізгі салаларындағы объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету Ic-шаралар жоспарынын негізгі мақсаты болып табылады.
      Сонымен қатар, Ic-шаралар жоспарын icкe асырудың 9 бағыты айкындалды:
      - қолжетімді ортаны қалыптастырудың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
      медициналық-элеуметтік сараптама жүйесін Тіршілік-тынысы мен денсаулықтың қызмет етуінің, шектелуінің халықаралық жіктемесінің ережелерін ескере отырып жетілдіру;
      - оңалту және арнаулы әлеуметтік қызметтердің тиімділігін арттыру;
      - мүгедектерді оңалтудың техникалық құралдарымен және тиісті қызметтермен қамтамасыз ету және оларды ендіру инфрақұрылымын дамыту;
      - жұмыспен қамтудың қолжетімділігін қамтамасыз ету;
      - мүгедектердің негізгі тыныс-тіршілк салаларындағы объектылерге қолжетімділігін қамтамасыз ету;
      - хабардар болу;
      - саяси және қоғамдық өмірге қатысу;
      - статистика және деректерді жинақтау.
      Ic-шаралар жоспарын іске асыру мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмip cүpүiнe және қоғамға кірігуне тең құқық пен мүмкіндіктер туғызуға мүмкіндіктер береді сондай-ақ басты құндылықтары адам, оның құқықтары және бостандықтары болып табылатын демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде Қазақстанның халықаралық имиджне он әсер етеді.

      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз