«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 269 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген алқа мәжілісінде берген тапсырмасын орындау мақсатында қабылданды.
Мемлекеттік мекемелер және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына 10 % мөлшерінде ай сайынғы үстемақы белгілеу мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерін бұдан әрі ынталандыруға ықпал етеді.
Қаулыны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі