Баспасөз хабарламасы
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік
төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу және
арттыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1307 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
2014 жылғы 10 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру үшін әзірленген 2014 жылғы 2 сәуірде ««Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу және арттыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1307 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 308 қаулысы қабылданды.
Қабылданған өзгерістерге сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ)әлеуметтік қатерлердің бес түрі бойынша: еңбек ету қабілетінен айырылған, асыраушысынан айырылған, жұмысынан айырылған, жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайлардатөленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі нақтыланған.
Осы қаулы әлеуметтiк қатерлер туындаған кезде МӘСҚ-нан төленетінәлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, қайта есептеу жәнеарттыру бөліміндеміндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі