Еңбек ету қабiлетiнен айырылған және асыраушысынан айрылған жағдайларда Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн арттыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 320 қаулысы

      Баспасөз релизі

Еңбек ету қабiлетiнен айырылған және асыраушысынан айрылған
жағдайларда Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетін
әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн арттыру туралы

      2014 жылғы 4 сәуірде «Еңбек ету қабiлетiнен айырылған және асыраушысынан айрылған жағдайларда Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн арттыру туралы» № 320 қаулысы қабылданды.
      Аталған арттырулар 2014 жылғы 1 сәуірге дейін тағайындалған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айрылған және асыраушысынан айрылған жағдайларға әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылатын адамдарға қатысты.
      Еңбек ету қабілетінен айрылған және асыраушысынан айрылған жағдайларға әлеуметтік төлемдер мөлшерін 4,59 % арттыруды индекстеу арқылы автоматтандыру тәртібінде жүзеге асырылады.
      Бұл ретте, 2014 жылғы 1 сәуірден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлемдер арттырылған мөлшерде жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз