"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 335 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссия туралы

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында мынадай құрамда Комиссия құрылсын:

Келімбетов
Қайрат Нематұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы, басшы

Сұлтанов
Бақыт Тұрлыханұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

Орынбаев
Ербол Тұрмаханұлы

-

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі

Әбіқаев
Нұртай Әбіқайұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

Дауылбаев
Асхат Қайзоллаұлы

-

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры

Түсіпбеков
Рашид Төлеутайұлы

-

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) төрағасы

Жаңбыршин
Қозы-Көрпеш Есімұлы

-

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы

Досаев
Ерболат Асқарбекұлы

-

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі

      2. Комиссия тұрақты негізде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың мақсатты, заңды және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын инфрақұрылымдық және индустриялық жобалардың іске асырылуына мониторинг және қаржылық бөлігіне аудит жүргізсін.
      3. Комиссияға:
      1) мемлекеттік органдардан, мемлекет қатысатын ұйымдардан және лауазымды адамдардан қажеттi ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды, оның ішінде тиісті лауазымды адамдардың ауызша және жазбаша түсініктемелерін талап ету;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын инфрақұрылымдық және индустриялық жобалардың іске асырылуына мониторинг және қаржылық бөлігіне аудит жүргізу үшін сыртқы сарапшыларды (аудиторларды) тарту;
      3) тиісті мемлекеттік органдардың және мемлекет қатысатын ұйымдардың лауазымды адамдарының тәртіптік және өзге де жауапкершілігі туралы мәселені шешу үшін материалдарды жіберу;
      4) заңнамада белгiленген тәртiппен қарау үшін ақпаратты құқық қорғау органдарына және ұлттық қауіпсіздік органдарына жіберу құқығы берілсін.
      4. Комиссияның басшысы Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуының жай-күйі туралы тоқсан сайын есеп берсін.
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Комиссияның жұмыс органы болып белгiленсiн.
      6. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады