Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Алматы қаласының шекарасы оның шегіне жалпы алаңы 23200 гектар Алматы облысы, оның ішінде алаңы 604,6 гектар Іле ауданы, алаңы 16069,7 гектар Қарасай ауданы және алаңы 6525,7 гектар Талғар ауданы жерінің бір бөлігін қоса отырып өзгертілсін.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы « »
№ Жарлығына
ҚОСЫМША
Алматы қаласының шегіне қосылатын Алматы облысы жерлері
бөлігінің экспликациясы
гектар
Р/с № | Аудандардың атауы | Барлық жер | Оның ішінде | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ауылшаруашылық алқаптары | Өнеркәсіп, көлік, байланыс және ауылшаруашылығына арналмаған өзге де жерлер | Тұрғын үй құрылысының жерлері | Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері | Өзге жерлер | |||||
Егістік | Көпжылдық өсімдіктер | Жайылым | |||||||
1 |
Іле |
604,60 |
14,58 |
- |
24,02 |
320,70 |
227,00 |
- |
18,30 |
2 |
Қарасай |
16069,70 |
549,45 |
3467,24 |
386,58 |
1675,50 |
1701,5 |
5843,00 |
2446,43 |
3 |
Талғар |
6525,70 |
175,08 |
1180,31 |
603,56 |
579,55 |
387,7 |
2089,00 |
1510,5 |
Барлығы | 23200,00 | 739,11 | 4647,55 | 1014,16 | 2575,75 | 2316,2 | 7932,00 | 3975,23 |