Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 362 қаулысы

Баспасөз хабарламасы

      «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 362 қаулысы туралы
      Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғауға бағытталған қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мақсатында 2014 жылғы 17 сәуірде «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» (бұдан әрі – Жоспар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданды.
      Қаулы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және басқа да нормативтік құқықтық актілерінің ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдарды әлеуметтік қолдау бөлігіне ғылыми көзқарастарға негізделген өзгерістер мен толықтырулар енгізуге мүмкіндік береді.
      Осы мақсаттарға Іс-шаралар жоспарында көзделген 2014 - 2016 жылдары «Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумақтарына және оған іргелес жатқан аумақтардағы халыққа медициналық және радиоэкологиялық салдарын бағалау бойынша ретроспективті және проспективті талдау» тақырыбына ғылыми зерттеулер жүргізуге республикалық бюджеттен барлығы 83,8 млн. теңге бөлінген.

      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз