Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке қаржыландыру жоспарлары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарлары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспары кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне, кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларына, бюджеттік бағдарламаларға, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтініміне, Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына (бұдан әрі - ҚР ББС), Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің анықтамалығына (бұдан әрі - Мемлекеттік мекемелердің анықтамалығы) сәйкес және осы Ережеде белгіленген тәртіппен әзірленеді.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру және бағдарламалық құжаттарда көзделген міндеттерді орындау мақсатында заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын арттыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды іске асыратын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері стратегиялық жоспардың бюджеттік бағдарлама нысандарында немесе мемлекеттік органның бюджеттік бағдарламасында көзделген іс-шаралардың мерзімдеріне сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын жасайды.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік мекеме жеке қаржыландыру жоспарлары жобаларының жасалу дұрыстығын, дәйектілігін және олардың тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісіне уақтылы берілуін қамтамасыз етеді.»;
26-тармақтың тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Аумақтық қазынашылық бөлімшелері белгіленген талаптарды орындамаған кезде жеке қаржыландыру жоспарлары осы Ереженің тиісті тармақтарына сілтеме жасалып, себептері көрсетіле отырып («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша осы Ереженің тиісті тармақтарына сілтеме жасалып, себептері көрсетіле отырып қайтарылады), түзету үшін республикалық бюджет бойынша - республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне, жергілікті бюджет бойынша — жергілікті уәкілетті органға қайтарылады.»;
37-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Ереженің 34-тармағы үшінші бөлігінің оныншы абзацында көрсетілген нормативтік құқықтық акті болмаған кезде, аумақтық қазынашылық бөлімшесі осы Ереженің тиісті тармақтарына сілтеме жасалып, себептері көрсетіле отырып, («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша осы Ереженің тиісті тармақтарына сілтеме жасалып, себептері көрсетіле отырып қайтарылады) бюджеттік бағдарлама әкімшісіне жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы орындамай («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша себебін көрсете отырып қайтарады) қайтарады.»;
41-тармақтың бірінші, екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Бюджеттік бағдарламалардың жиынтық қаржыландыру жоспарларына мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мен оны өтеу бойынша өзгерістер енгізу, атқарушылық құжаттарды орындау жағдайларын, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды қоспағанда, жиынтық қаржыландыру жоспарларын өзгертуге арналған өтінімді бюджеттік бағдарламалар әкімшілері айына бір реттен артық ұсынбайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарларын өзгертуге, сондай-ақ бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мен оны өтеу бойынша немесе атқарушылық құжаттарды орындау үшін қаражат белуге бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі - ағымдағы ай ішінде, ал соңғы айда - ағымдағы қаржы жылының аяқталуына үш жұмыс күні қалғанда қабылданады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бөлінетін бюджеттік бағдарламаларға байланысты жоспарларды, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мен оны өтеуді, бағамдық айырманы, форс-мажорлық мән-жайларды, сот талқылауларын, аванс төлемінің мөлшерін азайтуды, бағаның өзгеруі мен заттай тұтыну көлемі есебінен пайда болған жете пайдаланылмаған қаражат қалдықтарын, бос қызмет орындарының бар болуы, ақысыз демалыстар беру және уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары бойынша төлемдер есебінен қалыптасқан ағымдағы шығындар бойынша үнемдеуді, сондай-ақ жоспарланғанға қарағанда бюджет қаражатын алушылардың іс жүзіндегі санын азайтумен, кредиттер, қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін өзгертумен, іссапарлар кестесінің өзгеруіне, сапарға шығу, іс-шаралар өткізу мерзімдерінің ауысуына байланысты өзге де ағымдағы шығындар бойынша іс-шаралар жоспарының өзгеруімен байланысты жоспарларды қоспағанда, міндеттемелер мен төлемдер бойынша ағымдағы айдың жоспарларын өзгертуге арналған өтінімді алдағы айларға ауыстыра отырып ұсынуға жол берілмейді.»;
57-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде өткен қаржы жылында іс-шаралардың толық орындалмау себептерін көрсете отырып, төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы ақпарат, бюджеттік даму бағдарламалары бойынша инвестициялық жобалар бөлінісінде қабылданған, бірақ ақысы төленбеген міндеттемелер сомасы; дайындалу және жеткізу мерзімі бір қаржы жылынан асатын активтер мен басқа да тауарларды сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалар; сыртқы қарыздар, гранттар және бюджеттік кредиттер қаражаты есебінен іске асырылатын бюджеттік даму бағдарламаларын қоспағанда, көрсетілу мерзімі бір қаржы жылынан асатын қызметтер.»;
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«58. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі тиісті уәкілетті орган ұсынған, осы Ереженің 57-тармағында көрсетілген ақпарат негізінде белгіленген тәртіппен бюджеттік бағдарламалар тізбесін оларды бюджет қаражатының қолда бар қалдықтары көлемінің шегінде ағымдағы қаржы жылы қаржыландыру жөніндегі ұсыныспен бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
65-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) және Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарттарға немесе байланысты гранттар туралы шарттарға сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан (бұдан әрі - сыртқы қарыздардың немесе байланысты грантты қайтадан айырбастау шоты) қайтадан ұлттық валютаға айырбасталатын үкіметтік сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың ақшасын жұмсауға;»;
69-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге кодтар беру үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік мекеменің коды ашылғаннан кейін ұсынылатын осы Ереженің 91-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, осы Ереженің 10-тарауында көзделген құжаттар жинағын қалыптастыруға қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Ереженің 32-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік - және орыс тілдерінде мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге өтінім жібереді.»;
9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«9-тарау. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына шоттар ашуы»;
74-тармақ мынадай мазмұндағы 7), 8), 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоты;
8) сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты;
9) сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына
ашылған шот.»;
75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«75. Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадаң айырбастау қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар осы Ережеге 33, 52-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жазбаша рұқсаттар береді.»;
76-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«76. Демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастау қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашуға жазбаша рұқсаттар тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қолдаухатының негізінде беріледі.»;
екінші бөліктің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«баптың, тармақтың, тармақшаның нөмірлерін көрсете отырып, бюджет қаражатынан басқа өзге де қаржыландыру көздеріне жол беретін заңнамалық актінің атауы мен күнін (сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастау қолма-қол ақшаны бақылау шоты үшін - Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыз туралы халықаралық шарттың немесе байланысты грант туралы шарттың нөмірі мен күні, сондай-ақ шығыстарды бағыттау мақсаттары).»;
77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«77. Мемлекеттік мекемелерге демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашуға жазбаша рұқсат бір рет беріледі және осы Ереженің 12-тарауында көзделген жағдайларда олар жабылғанға дейін қолданыста болады. Мемлекеттік мекемелерге сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға жазбаша рұқсат қарыздың немесе байланысты гранттың қолданылу мерзіміне беріледі.»;
78-тармақтың бірінші, екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«78. Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге шетел валютасында шоттар, сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттарды ашу үшін жазбаша рұқсаттарды осы Ережеге 34, 52-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган береді.
Шетел валютасындағы шот, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотты ашуға жазбаша рұқсаттар валюта түрін және шығыстар түрлерін көрсете отырып, рұқсаттың қолданыс мерзімі: шетел валютасындағы шот үшін - ағымдағы қаржы жылының соңына дейін, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шот үшін - қарыздың немесе байланысты гранттың қолданылу мерзімі көрсетіле отырып, тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухаты негізінде беріледі.»;
үшінші бөліктің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«шот ашу үшін негіздеме.»;
79-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотты ашуына қолдаухат беруге - шарттарында осындай шот ашу көзделген Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыз туралы халықаралық шарт немесе байланысты грант туралы шарт негіз болып табылады.
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі шетел валютасында шот ашуға, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотты ашуына қолдаухат беру негізділігін қамтамасыз етеді.»;
80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«80. Демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастау қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шотты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотты ашуға жазбаша рұқсат 3 данада ресімделеді, олардың екеуі оны кейіннен мемлекеттік мекемеге және мемлекеттік мекемеге қызмет көрсетілетін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне беру үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне беріледі, үшінші данасы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органда қалады.»;
84-тармақта:
бірінші бөліктің мемлекеттік тілдегі мәтінінде екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастау қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шотты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотты ашуға жазбаша рұқсатының және аумақтық қазынашылық бөлімшелерден ақылы қызметтердің қолма-қол ақша шотын ашуға арналған өтінімдерінің негізінде жазбаша рұқсаттар берілген және аумақтық қазынашылық бөлімшелерден ақылы қызметтердің қолма-қол ақша шотын ашуға арналған өтінімдері түскен күні республикалық бюджеттен;
аумақтық қазынашылық бөлімшелерінен қолма-қол ақша шотын ашуға өтінім түскеннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шетел валютасындағы шотын ашуға рұқсаттың берілген күні, аталған рұқсаттың және аумақтық бөлімшелерінің қолма-қол ақша шотын ашуға арналған өтінімдерінің негізінде жергілікті бюджеттерден мемлекеттік мекемелерге қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттарды ашуды жүзеге асырады.»;
87-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік мекеменің атауы өзгергеннен кейін оған осы тарауда айқындалған тәртіппен жаңа жазбаша рұқсат беріледі, бұл ретте бұрын берілген ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастау қолма-қол ақшаны бақылау шоты, шетел валютасындағы шот, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шот өзгеріссіз қалдырылады.»;
89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«89. Тиісті бюджеттердің, ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын тіркеу осы Ережеге 38-қосымшаға сәйкес 5-19 «Тиісті бюджеттер, ақылы қызметтер, демеушілік, қайырымдылық көмек, уақытша ақша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарының және квазимемлекеттік сектор субъектілері шоттарының тізбесі» нысаны бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесінің ішкі есебінде көрсетіледі.
Шетел валютасында ашылған шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттарды тіркеу осы Ережеге 39-қосымшаға сәйкес 8-08 «Шетел валютасындағы шоттардың, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарының, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттардың тізбесі» нысаны бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесінің есебінде көрсетіледі.»;
11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«11-тарау. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттарды жүргізу.»;
101-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«101. Аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің мемлекеттік мекемелердің кодтарын, ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқару, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттарды және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын жүргізуі тиісті бюджеттердің, ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан, шетел валютасындағы шоттардан, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарынан, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттардан, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарынан төлемдер жүргізуді және ақша аударуды, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген есептерді қалыптастыру мен ұсынуды қамтиды.»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарында, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарында, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттарда және жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында пайдаланылмаған ақша қалдықтарының болуына жол беріледі.»;
102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«102. Мемлекеттік мекемелердің кодтарын, тиісті бюджеттерінің, ақылы қызметтерінің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттарды /квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жүргізуді аумақтық белгісі бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшелері жүзеге асырады. Орналасқан орны бойынша басқа әкімшілік-аумақтық бірлікке қызмет көрсететін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жақын тұрған мемлекеттік мекемелердің кодтарын, ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттарды /квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын жүргізуге осы аумақтық қазынашылық бөлімшесімен келісім бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның жазбаша рұқсатымен жол беріледі.»;
103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«103. Тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарының ақшасына билік етушілер бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар, ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шоттағы ақшасына билік етушілер - мемлекеттік мекемелердің басшылары, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарына - квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына - аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері болып табылады.»;
106-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«106. Ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, шетел валютасындағы шоттардағы, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарындағы, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттардағы ақша қозғалысы жөніндегі есептерді беруді аумақтық қазынашылық органдар жүзеге асырады және:»;
1) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Ережеге 46-қосымшаға сәйкес 8-17 «Мемлекеттік мекемелердің шетел валютасындағы шоттары, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттары, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттар бойынша үзінді» нысаны бойынша;»;
2) тармақшаның үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Ережеге 48-қосымшаға сәйкес 8-07 «Шетел валютасындағы шоттардағы, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарындағы, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттардағы қалдықтар туралы есеп» нысаны бойынша;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға есепті тоқсаннан кейінгі 3-ші күнге дейін тоқсан сайын және жыл сайын жылдық есепке осы Ережеге 49-қосымшаға сәйкес 5-34А «Ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың ҚБШ-дағы және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы қалдықтар туралы есеп» нысаны бойынша;»;
мынадай мазмұндағы 107-1-тармақпен толықтырылсын:
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсету кезінде мемлекеттік мекеме кассалық шығыстарды салыстыруды жүзеге асыру үшін тоқсан сайын, ай аяқталғаннан кейін осы Ережеге 31-қосымшаға сәйкес 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысаны бойынша есепті дербес қалыптастырады және есептің деректерін өзінің бухгалтерлік есеп деректерімен салыстырады.
Алшақтықтар болмаған кезде есептерге мемлекеттік мекеменің басшысы мен бас бухгалтері не мемлекеттік мекеменің басшысы уәкілеттік берген тұлғалар (олар болмаған жағдайда) қол қояды және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мер бедерімен куәландырылады.
Мемлекеттік мекеме деректерінің 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысаны есебінің деректерінен алшақтығы болған кезде мемлекеттік мекеме алшақтық себептерін анықтау және жою үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жазбаша жүгінеді.»;
12-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«12-тарау. Кодтарды, қолма-қол ақшаның бақылау шоттарын және шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына шоттарды жабу.»;
110-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«110. Мемлекеттік мекеменің коды осы Ережеге 50-қосымшаға сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі бойынша, квазимемлекеттік сектор субъектісінің коды және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоты осы Ережеге 50-1-қосымшаға сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектісінің өтінімі бойынша, ал ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол бақылау шоттары, шетел валютасындағы шоттар, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттары, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттар осы Ережеге 51-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекеменің өтініші бойынша:»;
5) тармақшадағы «болмаған жағдайларда жабылады.» деген сөздер «болмаған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) қарыз туралы шартта көрсетілген қарызды жабатын күн басталған немесе оның негізінде сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол бақылау шоты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шот ашылған байланысты грант туралы шарттың қолданылу мерзімі өткен жағдайларда жабылады.»;
112-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«112. Ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шотты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шотты жабу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ережеге 51-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2 данада өтініш береді. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі тиісті ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол бақылау шотын, шетел валютасындағы шотты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотты жабу туралы жазбаша өтінішін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесін жапқаннан кейін жабылуы туралы белгісі бар өтініштің бір данасын мемлекеттік мекемеге қайтарады.»;
113-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«113. Жабылатын ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол бақылау шотында, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотында, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотында, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотта, шетел валютасындағы шотта ақша қалдығы болған кезде мемлекеттік мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі жабылатын:»;
6) тармақшадағы «жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ есептеу арқылы төлеуге берілетін шотты, пайдаланылмаған ақша қалдығын аударуға төлем тапсырмасын немесе шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінімді («Қазынашылық-клиент» АЖ-де электронды түрін қалыптастырады) ұсынады.» деген сөздер «жергілікті өзін-өзі басқарудың;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7), 8), 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол бақылау шоты:
ақша ұлттық валютаға қайта айырбасталған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шетел валютасындағы соманы кейіннен қалпына келтіре отырып, ақша қалдығын айырбастауды жүзеге асыру жолымен;
құқықтық мирасқордың сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол бақылау шотына;
8) сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотында:
қарыз берушіге мемлекеттік қарыз беру туралы халықаралық шарттың талаптарына сәйкес немесе донорға байланысты грант туралы шарттың талаптарына сәйкес;
құқықтық мирасқордың сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына;
9) сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын берілген шотта:
сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына соманы кейіннен қалпына келтіре отырып, шетел валютасындағы ақша қалдығын валютаға қайта айырбастауды жүзеге асыру жолымен пайдаланылмаған ақша қалдығын аудару үшін төлеуге берілетін шот («Қазынашылық-клиент» АЖ-да электрондық бейне қалыптастырады), шетел валютасын қайта айырбастауға төлем тапсырмасын немесе өтінімді ұсынады.»;
113-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Құқықтық мирасқордың қолдаухаты қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеменің деректемелерін: мемлекеттік мекеменің атауын, БСН, кодын, қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірін, сондай-ақ қолма-қол ақшаны бақылау шоттары аударуға жататын ақша қалдығының сомасын және аудару үшін барлық қажетті деректемелерді қамтуы тиіс. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі қолдаухатты алған күннен кейінгі күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде осы Ереженің 113-тармағында көзделген жұмсау бағыттары бойынша қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеменің ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы ақша қалдығын аударуды жүзеге асырады.»;
115, 116, 117-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«115. Екінші деңгейдегі банктерде немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда мемлекеттік мекемелерге сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың және байланысты гранттың арнайы шотына шоттар, бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шотын ашу тәртібі банктік заңнамада белгіленеді.
116. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қолдаухатының негізінде осы Ережеге 52-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шоттар, бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шотын ашуға 3 данада рұқсат қалыптастырады, олардың екеуін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне, ол өз кезегінде бір данасын мемлекеттік мекемеге, екіншісін екінші деңгейдегі банкке немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға береді.
117. Сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шоттарды ашуға рұқсат қарыздың немесе байланысты гранттың қолданылу мерзіміне беріледі.»;
119-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«119. Сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты қарыз туралы немесе байланысты грант туралы шарттың талаптарымен айқындалған шетел валютасында беріледі.
Сыртқы қарыздың және байланысты гранттың арнайы шотына шот қарыз туралы немесе грант туралы шарттың талаптарымен шетел валютасында беріледі.
Бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шоты қарыз туралы немесе байланысты грант туралы шарттың талаптарымен айқындалған шетел валютасында беріледі.»;
121-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«121. Сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шоттан төлемдерді жүзеге асыру қарыз туралы немесе байланысты грант туралы шартта айтылған талаптар мен мақсаттарға сәйкес жүргізіледі.»;
123-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«123. Сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шот, бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру және оларды жаңарту Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүргізіледі. Екінші деңгейдегі банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым үш күндік мерзімде шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға хабарлайды.»;
125-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шот ашуға рұқсатты кері қайтару үшін себептерін көрсете отырып, кері қайтару туралы жазбаша жүгінген;»;
2) тармақша алынып тасталсын;
128-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Төлем құжатының «Бюджеттік сыныптама кодтары» деген ашық жолақтағы деректемелер мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес толтырылады. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік сыныптама кодтарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚР ҰБ) назарына жеткізеді.»;
161-тармақ алынып тасталсын;
175-тармақта:
16) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«16) егер ақша алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда, шарт талаптарында сатып алынатын тауарлар, көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар бойынша ҚҚС сомасын міндетті түрде көрсетудің болуы, егер ақша алушы ҚҚС төлеуші болмаған жағдайда ҚҚС болмауы;
17) шарттың, оны аумақтық қазынашылық бөлімшесінде міндетті тіркегеннен кейін күшіне ену талаптарының шартта болуы.»;
177-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша өтінімнің электрондық түрі оған тіркелген құжаттарға не осы Ереженің 175, 176-тармақтарында белгіленген шарт талаптарына сәйкес келмеген кезде, қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі осы Ереженің тиісті тармақтарына сілтеме жасап, қабылдамау себептерін көрсете отырып, өтінімді қабылдамайды.»;
190-тармақта:
6), 8), 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тауарларды сатып алу не жеткізу кезінде шот-фактуралардың, тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың көшірмелерін, актілер жасалмайтын көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді орындау кезінде орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер актісінің көшірмелерін немесе тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша аванстық төлемнің сомасын қоспағанда, төлем жүргізген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрінің (бұдан әрі - растаушы құжаттар) көшірмесін беруді. Көрсетілген құжаттарға өнім беруші жеке қолымен немесе БЦҚ-мен қол қоюы тиіс. Бұл ретте, көрсетілген құжаттардың көшірмелері орталық атқарушы органның жауапты хатшысының/аппарат басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адамның) немесе ол уәкілеттік берген адамның, ал ондайлар болмаған жағдайда — мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның өз қолымен және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөр бедерімен беріледі;
8) «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсету кезінде - орталық атқарушы органның жауапты хатшысының/аппарат басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адамның) немесе ол уәкілеттік берген адамның, ал ондайлар болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қойылған растаушы құжаттардың түпнұсқадан сканерленген үлгісін тіркеуді;
9) «Қазынашылық-клиент» АЖ пайдалану кезінде заңды тұлғаның құжат топтамасында берген орталық атқарушы органның жауапты хатшысының/аппарат басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адамның) немесе ол уәкілеттік берген адамның, ал ондайлар болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның және мемлекеттік мекеменің бас бухгалтерінің ЭЦҚ дұрыстығын қамтамасыз етеді.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Аванстық төлемнің сомаларын қоспағанда, республикалық немесе коммуналдық меншікте тұрған мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру бойынша негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу үшін төлемдер жүргізген кезде мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне шот-фактуралардың, тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың немесе мемлекеттік мекемеге мемлекеттік кәсіпорын ұсынған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрінің көшірмесін ұсынады. Бұл ретте көрсетілген құжаттардың әрбір парағы мемлекеттік мекеме мөрінің түпнұсқасымен куәландырылады және орталық атқарушы органның бірінші басшысы орынбасарының (ол уәкілеттік берген тұлғаның) немесе мемлекеттік мекеме басшысының (ол уәкілеттік берген тұлғаның) қолымен дәйектеледі.»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың әрбір парағы мемлекеттік мекеменің түпнұсқалық мөрінің бедерімен куәландырылады және орталық атқарушы органның бірінші басшысы орынбасарының (ол уәкілеттік берген тұлғаның) немесе мемлекеттік мекеме басшысының (ол уәкілеттік берген тұлғаның) қолымен дәйектеледі.»;
алтыншы және жетінші бөліктер алынып тасталсын;
197-тармақта:
төртінші бөлік мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) ұсынылған МТ102 форматтағы электрондық хабарлама деректері төлеуге берілетін шоттың мынадай - деректеріне сәйкес болмаған:
атауларының толық және қысқартылып көрсетілуіне байланысты алшақтықтарды қоспағанда, мемлекеттік мекеменің атауы мен ақша алушының атауы;
төлеуге берілетін шоттың сомасы мен МТ102 хабарламасының жалпы сомасы;
төлемнің мақсатында көрсетілген шығыстардың бағыты;
төлеуге берілетін шоттағы төлеу кезеңі мен МТ102 хабарламасындағы «РЕRІOD» түйін сөзінде көрсетілген кезең (зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар үшін);»;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде келіп түскен төлеуге берілетін шоттағы деректердің қабылдау және одан әрі өңдеу кезеңінде жоғарыда санамаланған талаптарға сәйкессіздігі анықталған кезде, төлеуге берілетін шот осы Ереженің тиісті тармақтарына сілтеме жасап, қабылдамау себебін көрсете отырып, электрондық түрде мемлекеттік мекемеге қайтарылады.»;
199-тармақтың 16) тармақшасының алтыншы абзацы алынып тасталсын;
28-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«28-тарау. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға квазимемлекеттік сектор субъектілеріне ақша аудару тәртібі және инвестициялық жобаларды іске асыруға оларды пайдалану, сондай-ақ мемлекеттік тапсырманы орындауға квазимемлекеттік сектор субъектілеріне ақша аудару»;
мынадай мазмұндағы 217-1-тармақпен толықтырылсын:
«217-1. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе арттыруға төлем жүргізген кезде бюджеттік бағдарлама әкімшісі аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлемге шотты («Қазынашылық-клиент» АҚ - қалыптастырады) және қаржылық-экономикалық негіздемесіне немесе техникалық-экономикалық негіздемесіне (жобалау-сметалық құжаттама) сәйкес төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың (шот-фактуралар немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжат (акт), жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді орындаған кезде - орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер актісінің көшірмелерін) көшірмесін («Қазынашылық-клиент» АҚ - сканерленген бейнесін тіркейді), жарияланған акциялар (бағалы қағаздар) шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне квазимемлекеттік сектор субъектісі ұсынатын басқару органдарының тиісті шешімін ұсынады.
Бұл ретте, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң экономикалық қорытындысының көшірмелерін қоса бере отырып, қаржылық-экономикалық негіздеменің көшірмелері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң экономикалық қорытындысының көшірмелерін қоса бере отырып, кейіннен толықтырулар мен өзгерістерді ескере отырып, қаржылық-экономикалық негіздемені беру арқылы әрбір инвестициялық жобаға аумақтық қазынашылық бөлімшесіне бір рет беріледі.
Мемлекеттік тапсырманы орындауға арналған аванстық төлемдердің сомаларын қоспағанда, төлемдерді жүргізген кезде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлемге шотты («Қазынашылық-клиент» АҚ - қалыптастырады) және техникалық-экономикалық негіздемесіне (жобалау-сметалық құжаттамаға) сәйкес төлем негізділігін растайтын құжаттардың (шот-фактуралар немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжат (акт), жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді орындау кезінде - орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтер актісінің көшірмелері) көшірмесін («Қазынашылық-клиент» АҚ — сканерленген бейнесін тіркейді) ұсынады.
Көрсетілген құжаттардың әрбір парағы мемлекеттік мекеме мөрінің бедерімен расталады және орталық атқарушы органның бірінші басшысының орынбасары (ол уәкілеттік берген адам) немесе мемлекеттік мекеме басшысы (ол уәкілеттік берген адам) дәйектейді.»;
247-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сот орындаушысы инкассолық өкімді кері қайтарып алған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабында белгіленген жағдайларда инкассолық өкімді қайтарады.»;
252-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сот орындаушысы инкассолық өкімді кері қайтарып алған кезде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабында белгіленген жағдайларда инкассолық өкімді қайтарады.»;
255-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«255. Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне салық (кеден) органының салық (кеден) органдарының бірінші басшының қолы қойылған, елтаңбалық мөрімен расталған шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы аумақтық қазынашылық бөлімшесінің өкімі келіп түскен кезде, қазынашылықтың жауапты орындаушысы салық және кеден заңнамасында көзделген шығыстарды қоспағанда, ҚБШ өкімінде көрсетілуі бойынша мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің барлық төлемдері мен аудармаларын жүргізуді тоқтатады.»;
261-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«261. Мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттер сомасы осы трансферттерді бөлген жоғары тұрған бюджетке мемлекеттік қаржылық бақылау актісіне қол қойылғаннан кейін үш айдан кешіктірілмей міндетті түрде қайтаруға жатады.»;
мынадай мазмұндағы 262-1-тармақпен толықтырылсын:
«262-1. Жергілікті атқарушы органдардың өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша жалпы сипаттаға трансферттердің көлемдері туралы заңмен (облыстық мәслихаттың шешімімен) белгіленген шығыстардың жекелеген бағыттарының белгіленген және төленген сомасының арасындағы айырма соманы қайтару тиісті бюджеттің түзету және оларды бөлген тиісті жоғары тұрған бюджеттің кірісіне бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына түсімдер сыныптамасының кодына аудару жолымен ағымдағы қаржы жылының 1 наурызынан кешіктірмей жүргізіледі.»;
304-18-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне төлемнің негізділігін растайтын мынадай құжаттарды: шот-фактураның немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың (акт) немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжат түрінің көшірмелерін ұсынуын, ал «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсеткен кезде - квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы мен квазимемлекеттік сектор субъектісінің бас бухгалтері ЭЦҚ қойған сканерленген бейнесі қоса тіркелуін;»;
304-19-тармақта:
3) тармақша алынып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттік тапсырысты орындау кезінде - шот-фактураның немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың (акт) немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжат түрінің көшірмелерін ұсынады.»;
304-22-тармақтың екінші бөлігі бесінші абзацының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
351-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Белгіленген талаптарды орындамаған жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлімшесі мемлекеттік мекемеге анықтаманы осы Ереженің тиісті тармақтарына сілтеме жасап, себептерін көрсете отырып («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша осы Ереженің тиісті тармақтарына сілтеме жасап, себебін көрсете отырып кері қайтарады), орындамай қайтарады.»;
385-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сайлауды, республикалық референдумды қаржыландыру үшін шот бойынша және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қаржыландыру үшін шот бойынша операциялар жүргізу үшін аумақтық сайлау комиссиясы аумақтық қазынашылық органына сайлау комиссиясының төрағасын тағайындау туралы сайлау комиссиясы шешімінің көшірмесі мен нотариалды куәландырылған қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатты ұсынады.»;
410-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың тиісінше резервінен ақша бөлу туралы қолдаухатқа және жиынтық есеп айырысуларға тиісінше орталық атқарушы органның бірінші басшысының орынбасары немесе жергілікті атқарушы органның басшысы (ол уәкілеттік берген адам) қол қояды. Егер қолдаухат жергілікті атқарушы органдардың сұрауы бойынша берілсе, онда негіздемелер мен есеп айырысуларға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның басшысы немесе өзі уәкілеттік берген адам да қол қояды.»;
412-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«412. Қазақстан Республикасының аумағында әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, сондай-ақ төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар өткізілген жағдайда, төтенше жағдайдың тиісті түрі саласындағы орталық уәкілетті орган заңнамаға сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға тиісті негіздемелері мен есеп айырысулары бар Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлу туралы қолдаухатты ұсынады. Бұл ретте пайда болған әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай өңірлік немесе жаһандық ауқым алуға тиіс»;
420-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«420. Қазақстан Республикасы ресми ізгілік көмекті ақшалай нысанда көрсеткен жағдайда, ақша қаражатын аудару Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде алушы ел шот деректемелерін ресми ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.»;
614-тармақ алынып тасталсын;
757-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«757. Қазақстан Республикасы Үкіметінің одан әрі қарыз алуын көздемейтін бірлесіп қаржыландырумен байланысты гранттарды қоспағанда, және грант туралы шартта өзгеше айтылмаған болса, үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар есебінен қаржылық операциялар бюджеттік бағдарлама әкімшісі қаражатты алуға арналған өтінімдердің негізінде шетел қарыз берушісінің немесе донордың атына жіберілетін нысан бойынша және қарыз шартына немесе байланысты грант туралы шартқа сәйкес, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Бұл ретте, үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар қаражатын бюджеттік бағдарлама әкімшісі тиісті қарыз немесе байланысты грант туралы шартта көзделмеген мақсаттарға ала алмайды.»;
759-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«759. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған шоттан сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан үкіметтік сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың қаражатын алуға арналған өтінімде бірінші топтың қолын алу және бірлесіп қаржыландыру үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қаражат алуға арналған өтініммен бірге бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға мыналарды:»;
жетінші абзац алынып тасталсын;
760-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«760. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде шоттан үкіметтік сыртқы қарыз қаражатын немесе байланысты грантты алуға арналған өтінімнің үкіметтік сыртқы қарыздар және байланысты гранттар шеңберінде жасасқан келісімшарттарға және қарыз шартының талаптарына немесе байланысты гранттар туралы келісімге сәйкестігін тексереді, қол қояды және оны шетелдік қарыз берушіге немесе донорға беру үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне қайтарады.»;
761-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«761. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Ереженің 757-759-тармақтарына сәйкес қарау үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ұсынған несие шотынан, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған арнайы шоттан және бірлесіп қаржыландыру шотынан қаражат алуға арналған өтінімді мынадай:;»
762-тармақта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы түсімдерінің бюджеттік сыныптамасына сәйкес түсімдер ретінде сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына аударған кезде;»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Ережеде көзделген сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотына қаражат аудару шетел қарыз берушілерінің немесе Қазақстан Республикасы Үкіметіне қарыз қаражатын немесе байланысты грантты беретін донорлар қарыз немесе байланысты грант туралы шарт талаптарына сәйкес шоттардан қаражат алуға бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің өтінімі негізінде жүргізіледі.»;
763, 764, 765, 766-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«763. Сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына осы шоттан бұрын жүргізілген шығыс операциялары бойынша қаражатты қайтару жағдайларын қоспағанда, қарыз немесе байланысты грант туралы шарттың талаптарына сәйкес көрсетілген шотты толықтыруға арналған үкіметтік сыртқы қарыз қаражаттарынан немесе байланысты гранттан басқа өзге де қаражаттар есепке алынбайды.
764. Сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарынан жобаларды іске асыруға байланысты бюджеттік бағдарламалар ұлттық немесе шетел валюталарында қаржыландырылады.
765. Сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына арналған шоттарға сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан айырбасталған қаражат қана есепке алынады.
766. Екінші деңгейдегі банк пен бюджеттік бағдарлама әкімшісі арасында жасалған шартқа сәйкес екінші деңгейдегі банк есептейтін сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотындағы немесе сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотының шотындағы қалдыққа есептелген сыйақылар, сондай-ақ екінші деңгейдегі банк төлейтін өсімақылар түсімдердің бюджеттік сыныптамасының тиісті кодтары бойынша республикалық бюджетке есептеуге жатады.»;
767-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«767. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерімен сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шоттарын ашуға шарттар жасасқан кезде мынадай тармақтарды:
бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қарыз немесе байланысты грант туралы халықаралық шарттарына сәйкес ашылған сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотындағы қаражаттың қозғалысы туралы үзінді көшірмелерді алу құқығын;»;
мынадай мазмұндағы 768-1, 768-2, 768-3-тармақтармен толықтырылсын:
«768-1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған Үкіметтік сыртқы қарыздың немесе байланысты грант қаражатын жұмсау үшін бюджеттік бағдарлама әкімшісі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне шетел валютасында ақша аударуға арналған өтінішті және осы Ереженің 81-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан үкіметтік сыртқы қарыз немесе байланысты грант қаражатын алуға арналған өтінімді ұсынады.
Сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотынан үкіметтік сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың қаражатын алуға арналған өтінім қойылған қолдардың екі тобымен куәландырылады, онда бірінші топқа бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, ал екінші топқа - жобаны іске асыруға жауапты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі қол қояды.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотынан үкіметтік сыртқы қарыз немесе байланысты грант қаражатын алуға арналған өтінімді бес жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шарттар мен келісімшарттардың талаптарына сәйкестігін қарайды және келісілу рәсімінен кейін қол қояды және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсыну үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне қайтарып береді.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотынан үкіметтік сыртқы қарыз немесе байланысты грант қаражатын алуға өтінімді келісу рәсімі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының қолымен және жауапты орындаушы мөртабанының бедерімен расталады.
768-2. Ұлттық валютада сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың қаражатын жұмсау қажет болған жағдайда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан үкіметтік сыртқы қарыз қаражатын немесе байланысты грантты алуға өтінімімен бірге бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қолма-қол ақшаны қайта айырбастаудың бақылау шотында ашылған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан шетелдік валютаны қайта айырбастауға арналған өтінімді сағат 10-00-ге дейін қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне береді. Сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қолма-қол ақшаны қайта айырбастаудың бақылау шотынан сыртқы қарыз немесе байланысты грант қаражатының жұмсалуы қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне бюджеттік бағдарлама әкімшісі беретін сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан үкіметтік сыртқы қарыз немесе байланысты грант қаражатын алуға төлем шотының және өтінімнің негізінде жүзеге асырылады.
Қарыз немесе байланысты грант валютасынан өзгеше ұлттық валютада сыртқы қарыз немесе байланысты грант қаражатын жұмсау қажет болған жағдайда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан үкіметтің сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотынан үкіметтің сыртқы қарыз немесе байланысты грант қаражатын алуға өтінімімен бірге аумақтың қазынашылықтың бөлімшесіне сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қолма-қол ақшаны қайта айырбастаудың бақылау шотындағы сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан шетелдік валютада қайта айырбастаудың өтінімін сағат 10-00-ге дейін қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне береді. Қарыз немесе байланысты грант валютасынан өзгеше шетел валютасында сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотына сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қолма-қол ақшаны қайта айырбастаудың бақылау шотынан шетелдік валютада қайта айырбастаудың төлеміне шот пен өтінімі бір мезгілде беріледі.
Сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына арналған шоттан сыртқы қарыз немесе байланысты грант қаражатын жұмсау шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтініш және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ұсынатын сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотынан үкіметтік сыртқы қарыз немесе байланысты грант қаражатын алу өтінімі негізінде жүзеге асырылады.
768-3. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шотында (сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотындағы шотта) ашылған сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотынан қайта айырбасталған ұлттық (шетел) валютасындағы ақшаларды бюджеттік бағдарлама әкімшісі мақсаттылығы бойынша 5 жұмыс күні ішінде пайдалануы тиіс.
Көрсетілген мерзім ішінде ұлттық (шетел) валютасындағы ақшаны пайдаланбаған не түгел пайдаланбаған жағдайда, бюджеттік бағдарлама әкімшісі ұлттық (шетел) валютасындағы қайта айырбасталған (айырбасталған) сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотындағы шетел валютасындағы соманы кейіннен қалпына келтіре отырып, оларды айырбастау үшін құжаттарды аумақтық қазынашылық бөлімшесіне береді.
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі осы тармақта көрсетілген құжаттардың уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.»;
көрсетілген Ережеге 32-1, 38, 39, 46, 48, 49, 52, 81, 93-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Ереже осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес 81-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 22 сәуірдегі
№ 385 қаулысына
1-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету ережесіне
32-1-қосымша
_____________________________________________________________________
(бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган/бюджетті атқару
жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық қазынашылық бөлімшесі)
__________ жылғы «__» _____________________
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне код беруге және шот
ашуға арналған өтінім
КСС атауы, ксс коды (болған кезде) |
Орналасқан жері |
Экономика секто ры |
КСС басшысының Т.А.Ә. |
КСС бас бухгалтерінің Т.А.Ә. |
КСС БСН |
Мемлеке ттік тіркелімге енгізген КСС-тың мекенжайы, телефоны, факсі |
Негіздеме (КСС негіздемесі арқылы құрылған нормативтік құқықтық актісі) |
Негіздеме (негізінде КСС үшін ақша қаражаты бөлінетін нормативтік құқықтық акті) және қаражат бөлінетін бюджет деңгейі |
КСС шотыны ң түрі (жарғылық капиталын ұлғайтуға не мемлекеттік тапсырманың шеңберінде) |
Квазимемлекеттік сектор субъектісінің
(бюджетті атқару жөніндегі орталық
уәкілетті органның аумақтық қазынашылық
бөлімшесінің) басшысы ________ _______________________
(қолы) (қолының толық жазылуы)
М.О.
Жауапты орындаушының белгісі
____________________________ жылғы «__» _____________________ ашылды
(квазимемлекеттік сектор
субъектісінің коды)
____________________________ жылғы «__» _____________________ ашылды
(квазимемлекеттік сектор
субъектісінің коды)
Жауапты орындаушы ________________ _________________________________
(қолы) (қолының толық жазылуы)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 22 сәуірдегі
№ 385 қаулысына
2-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету ережесіне
38-қосымша
5-19-нысан
Есеп жүргізілді: күні - уақыты
Х-тен №-ге дейінгі парақ
Тиісті бюджеттердің, ақылы қызметтердің, демеушілік,
қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол
ақшасын бақылау шоттарының, жергілікті өзін-өзі басқару, сыртқы
қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау және
квазимемлекеттік сектор субъектілері шоттарының тізбесі
Өңір: _______________________________________________________________
Қаржыландыру көзі:___________________________________________________
Р/с № |
ЖСК |
Мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің коды |
БСН |
Шоттың атауы |
Ашылған күні |
Қозғалыс күні |
Қолданылу күні |
Жабылу күні |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Жауапты орындаушы ___________________________________________________
(қолы)
М.О.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 22 сәуірдегі
№ 385 қаулысына
3-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету ережесіне
39-қосымша
8-08-нысан
Есеп жүргізілді: ХХ.ХХ.ХХХХ ХХ:ХХ:ХХ
Х-тен №-ге дейінгі парақ
Қазынашылықтағы шетел валютасындағы шоттардың, сыртқы
қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарының,
сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы
шоттарына арналған шоттардың тізбесі
Өңір: ____________________________________
Мемлекеттік мекеме коды __________________
Валюта түрі: _____________________________
Қаржыландыру көзі: _______________________
Бюджет түрі |
Өңір |
Мемлекеттік мекеме коды |
Мемлекеттік мекеменің атауы |
Ерекшелік коды |
Ерекшеліктің атауы |
Валюта түрі |
Қаржыландыру көзі |
Ашылған күні |
Шотты ашу үшін негіздеме |
Соңғы операция күні |
Жабылған күні |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
Жауапты орындаушы ___________________________________
(қолы)
М.О.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 22 сәуірдегі
№ 385 қаулысына
4-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету ережесіне
46-қосымша
8-17-нысан
Есеп жүргізілді:
күні-уақыты
№-ден Х-парақ
Мемлекеттік мекемелердің шетелдік валютадағы шоттары, сыртқы
қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттары,
сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы
шоттарына арналған шоттары бойынша үзінді
Өңір:
Бюджет түрі:
Қаржыландыру көзі
Мемлекеттік мекеме атауы:
Ерекшелігі:
Валюта коды:
Кезең:
Өлшем бірлігі:
Күні |
б/шот № |
Құжаттың № |
Валютасы |
Теңге |
Төлем мақсаты |
Резидент еместің атауы |
||
Дебет |
Кредит |
Дебет |
Кредит |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Кіріс қалдығы: |
||||||||
Айналымдар: |
||||||||
Кіріс қалдығы: |
||||||||
Айналымдардың барлығы: |
||||||||
Валютадағы қалдықтардың |
||||||||
барлығы: |
||||||||
Теңгедегі қалдықтардың барлығы: |
Жауапты орындаушы __________________
(қолы)
М.О.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 22 сәуірдегі
№ 385 қаулысына
5-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету ережесіне
48-қосымша
8-07-нысан
Есеп жүргізілді
күні-уақыты
№-ден Х-парақ
Шетел валютасындағы шоттардағы, сыртқы қарыздардың немесе,
байланысты гранттардың арнайы шоттарындағы, сыртқы қарыздардың
немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына арналған
шоттардағы қалдықтар туралы есеп
_____________ бастап ___________ аралығында
Өңір: ____________________________
Бюджет түрі: _____________________
Мемлекеттік мекеме коды: _________
Валюта түрі ______________________
Қаржыландыру көзі: _______________
Бюджет түрі |
Өңір |
Валюта түрі |
Мемлекеттік мекеме |
Ерекшелігі |
Қаржыландыру көзі |
Кіріс қалдығы |
Дебет |
Кредит |
Кезеңдегі сальдо |
Шығыс қалдығы |
|
Коды |
Атауы |
||||||||||
Аумақтық қазынашылық
бөлімшенің басшысы ___________________ _________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
М.О.
Жауапты орындаушы ___________________ ___________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
М.О.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 22 сәуірдегі
№ 385 қаулысына
6-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету ережесіне
49-қосымша
5-34А-нысан
күні-уақыты
№ 1 беті
Ақылы қызметтердің, демеушілік және қайырымдылық көмектің,
ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың,
сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың
ҚБШ-сындағы және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің
шоттарындағы қалдықтар туралы есеп
Өңір: _________________
Бюджет түрі: __________
Әкімші: _______________
Қаржыландыру көзі: ______________ ММ/КСС коды _________________
Кезең: ____________________ бастап _______________________ дейін
Өлшем бірлігі: мың теңге
Әкімші/мем. мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі |
Атауы |
Кіріс қалдығы |
Дебет |
Кредит |
Кезеңдегі сальдо |
Шығыс қалдығы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Есеп бойынша жиыны |
Аумақтық қазынашылық Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті
бөлімшенің басшысы уәкілетті органның басшысы
_______ _____________ __________ _________________________
(қолы) (Т.А.Ә.) (қолы) (Т.А.Ә.)
М.О.
М.О. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті
уәкілетті органның жауапты орындаушысы
_________ ____________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
М.О. ББӘ басшысы
(аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл,
ауылдың округ әкімі)
_________ ____________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
М.О. Аумақтық қазынашылық бөлімшесінің
жауапты орындаушысы
_________ ____________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
М.О. Есепті тексеруге жауапты құрылымдық
бөлімшенің басшысы
_________ ____________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 22 сәуірдегі
№ 385 қаулысына
7-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету ережесіне
52-қосымша
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган
_____________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі (банктік
операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымы/аумақтық
қазынашылық бөлімшесі) _______ жылғы «___» _____________
№ _______ рұқсат
_________________________________________ бюджеттен қаржыландырылатын
(бюджет түрі)
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік мекеменің атауы және коды)
_____________________________________________________________________
______________________________________ шығыстарды бағыттау мақсатында
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________ негізде
(бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтініші, қарыз немесе
байланысты грант туралы шарттың атауы, нөмірі және күні)
_____________________________________________________________________
(валюта түрі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(шоттың/қолма-қол ақшаны бақылау шоттың атауы)
_______________________________________________ ашуға рұқсат етіледі.
Рұқсат ___________ жылғы «____» _________________ дейін әрекет етеді.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық
уәкілетті органның басшысы ____________ _____________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
М.О.
Рұқсат беруге жауапты бюджетті атқару
жөніндегі орталық уәкілетті органның
құрылымдық бөлімшесінің басшысы ______ _____________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Екінші деңгейдегі банктің (банктік операциялардың жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымның)/бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті
органның белгілері
Шот (қолма-қол ақшаны бақылау шоты) № __________________
Екінші деңгейдегі банктің
(банктік операциялардың жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымның)/бюджетті атқару жөніндегі орталық
уәкілетті органның жауапты орындаушысы ______ _______________________
(қолы) (қолының толық жазылуы) М.О.
Рұқсат ____ жылғы «__» _________ алынды.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 22 сәуірдегі
№ 385 қаулысына
8-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету ережесіне
81-қосымша
Бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға арналған өтінім
1. Шот нөмірі _______________________
Астана қаласының Қазынашылық департаменті
2. Өтінім нөмірі ______________________
3. _____________________________________________ төлеуіңізді сұраймыз
(валюта түрі) (төлеуге жататын сома санмен және жазбаша)
Бірлесіп қаржыландыру қаражатын алу туралы өтініммен жүгінеміз және
өзіміздің мыналармен келісетінімізді растаймыз:
А. Осы өтінімде қамтылатын тауарлар мен қызметтер қарыз туралы шартқа
(байланысты грантқа) сәйкес сатып алынды немесе сатып алынып жатыр.
Б. Шығыстар келісімшарттарда немесе басқа да құжаттарда аталған
тауарларға немесе қызметтерге байланысты ғана жүргізілді немесе
қазірге кезде жүргізілуде.
_____________________________________________________________________
Шығыстар сипаттамасы: |
Төлем нұсқаулығы |
5. Өнім беру деректемелері: 1) шарттың (келісімшарттың) немесе жеткізуге тапсырыстың нөмірі мен күні (немесе келісімшарттық құжатқа басқа сілтемелері) |
9. Қаражатты алушы банктің атауы мен деректемелері және шот нөмірі |
2) Шарттың (келісімшарттың) (Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бекітуіне жататын шарттарға (келісімшарттарға қатысты толтыру) мақұлданған күні |
10. Төлемді алушы банк-корреспонденттің атауы мен деректемелері |
3) тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің қысқаша сипаттамасы |
11. Арнайы төлем нұсқаулықтары, шот-фактура туралы ақпарат |
4) шарттың (келісімшарттың) валютасы және жалпы құны |
12. _____________________ |
5) өтінімде қамтылған шот-фактуралардың жалпы сомасы (ұстап қалулардың және басқа да ұстап қалуларды есептемегенде) |
|
6. Алуға қабылданған қаражат ерекшелігі |
13. ______________________ |
7. ______________________ |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 22 сәуірдегі
№ 385 қаулысына
9-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету ережесіне
93-қосымша
Нысаналы трансферттер жөніндегі нәтижелер туралы
үлгі келісім
1. Тараптарды айқындау
«Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің атауы» (бұдан әрі - ЖТББӘ) атынан бірінші басшысы «Т.А.Ә.» бір тараптан және «облыстың (республикалық маңызы бар қала, астананың) әкімі, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі» атынан бірінші басшысы «Т.А.Ә.» (бұдан әрі — әкім) бірлесіп төмендегілер туралы осы Келісімді жасасты.
2. Келісім мәні, мақсаттары мен міндеттері
1 Осы Келісімге сәйкес ______ қаржы жылына арналған ________ бюджеттік бағдарлама бойынша бюджетте көзделген нысаналы трансферттер шегінде тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу бойынша міндеттемені ЖТББӘ береді, ал әкім өзіне қабылдайды.
2 Мақсаттар:
1)
2)
3 Міндеттер:
1)
2)
4 Тікелей нәтижелер:
1)
2)
(Мысал: жылу энергетикалық жүйесінің (магистральдық газ құбырының) объектісін салуға бағытталған нысаналы даму трансферттері бойынша тікелей нәтижелер магистралдық газ құбырын салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемін орындау және оны белгіленген тәртіппен қаржыландыру, магистралды газ құбырын салуды іс жүзінде аяқтау және оны пайдалануға тапсыру болып табылады.
Дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға бағытталған ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша тікелей нәтижелер халыққа иммунопрофилактика өткізу, ересек гемотологиялық ауруларды химиялық препараттармен қамтамасыз ету, халықты вакциналауды қамту және т.б.) болып табылады.
5 Түпкілікті нәтижелер:
1)
2)
(Мысал: жылу энергетикасы жүйесінің объектілері бойынша түпкілікті нәтиже өңірді тұрақты газбен жабдықтау, тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, өндірісті дамыту және жұмыс орындарын құру болып табылады.
Дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алу бойынша түпкілікті нәтиже халықтың ауруға шалдығу көрсеткіштерін төмендету, күтілетін өмір сүру ұзақтығын арттыру, медициналық қызметтердің сапасына халықтың шағымдарын төмендету және т.б.) болып табылады.
3. Нысаналы трансферттердің сомасы және ақы төлеу тәртібі
1. _______ облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)/аудан (облыстық маңызы бар қала) үшін ______ бюджеттік бағдарламасы бойынша нысаналы трансферттің сомасы _______ мың теңгені құрайды.
2. ЖТББӘ-нің _________ облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)/ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік кірісіне нысаналы трансферттің сомасын аудару:
1) ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша айдың (қаңтар, 25 күнінен кешіктірмей) бірінші 5 жұмыс күнінде;
2) дамудың нысаналы трансферттері бойынша осы Келісімнің 3.3-тармағына сәйкес 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
3. Жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансфертті төменгі тұрған бюджеттің кірісіне аудару үшін мынадай құжаттар қажет:
1) Нысаналы трансферттер жөніндегі нәтижелер туралы келісім;
2) төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарлары.
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
1. Әкім:
1) осы Келісімде келтірілген тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуді толық көлемде және кепілдендірілген сапада, уақтылы қамтамасыз етуге;
2) 10-тармақта көрсетілген мерзімде және нысанда ЖТБНӘ-ге тікелей және түпкілікті нәтижелерге іс жүзінде қол жеткізу туралы есепті ақпарат беріп отыруға;
3) қызметтің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізбеу тәуекелдерін басқару бойынша шараларды уақтылы қабылдауға;
4) мемлекеттік орган қызметінің жоспарланған көрсеткіштеріне барынша табысты қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық қажетті шараларды қабылдауға, оның ішінде қосымша іс-шараларды өткізуге;
5) тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу үшін жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді уақтылы, тиімді және мақсатқа сай пайдалануға;
6) жоғары тұрған бюджеттен нысаналы дамуға арналған нысаналы трансферттері есебінен қаржыландырылатын әрбір жаңа жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға жергілікті бюджеттен қаражат бөлуге;
7) республикалық бюджеттен дамуға нысаналы трансферттер есебінен орындалатын іс-шаралармен байланысты шығыстарды, объектілердің техникалық өлшемдері, өндірістік қуаттары өзгерген жағдайларда жергілікті бюджеттен қаржыландыруға;
8) өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылында жоғары тұрған бюджеттің бюджет қаражатының қалдығы есебінен пайдалануға (түгел пайдалануға) рұқсат етілген дамудың нысаналы трансферттерінің сомасын және ол ағымдағы қаржы жылы пайдаланылмаған жағдайда тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісінің кассалық шығыстарын қалпына келтіру жолымен ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кешіктірмей қайтаруға;
9) өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылында жергілікті бюджеттердің бюджет қаражатының қалдығы есебінен пайдалануға (түгел пайдалануға) рұқсат етілген дамудың нысаналы трансферттерінің сомасын және ол ағымдағы қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған жағдайда тиісті бюджетті түзету және бюджетті атқару жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органның «Пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару» түсімдер кодына аудару жолымен ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кешіктірмей жоғары тұрған бюджеттің кірісіне қайтаруға;
10) өткен қаржы жылында республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің сомасы, ол бойынша ағымдағы қаржы жылында одан әрі пайдалану (түгел пайдалану) туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстың жергілікті атқарушы органы шешім қабылдамаған жағдайда, жыл басына арналған бюджеттік қаражат қалдықтары есебінен ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейін оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтаруға;
11) мемлекеттік қаржылық бақылау органы нысаналы трансферттер сомасының мақсатқа сай пайдаланылмағанын айқындаған жағдайда, бақылау актісіне қол қойылғаннан кейін үш айдан кешіктірілмей осы трансферттерді бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтаруға міндеттенеді.
2. Әкімнің:
1) ЖТББӘ-ден нысаналы трансферттердің уақтылы аударылуын талап етуге;
2) ЖТББӨ-ден нысаналы трансферттерді уақтылы аудармаған жағдайда бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін (аудан әкімі, бірінші басшы - облыс әкімі) хабардар етуге;
3) өткен қаржы жылында республикалық немесе облыстық бюджеттен дамытуға бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану кезінде үнемі пайда болған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар ағымдағы қаржы жылының соңына дейін олар бойынша жоғары тұрған бюджеттен дамуға нысаналы трансферттерді пайдалану жүзеге асырылған бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсартуға үнемдеудің тиісті сомасын пайдалануға;
4) ЖБББӘ келісімі бойынша Келісімге өзгерістер енгізу бойынша
ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
3. ЖТББӘ:
1) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың/ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті кірісіне нысаналы трансферттің сомасын осы Келісімнің 3.2-тармағында көрсетілген мерзімде аударуға;
2) жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен орындалатын іс-шаралардың мониторингін жүргізуге;
3) конкурстық рәсімдерді уақтылы жүргізуге міндеттенеді1.
4. ЖТББӘ:
1) Келісімге қосымшаға сәйкес тікелей және түпкілікті нәтижелерге уақтылы, толық, сапалы қол жеткізуді талап етуге;
2) мемлекеттік орган қызметінің көрсеткіштеріне қол жеткізу кемшіліктерін жедел жоюды, қызметтің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізбеу тәуекелдерін басқару бойынша шараларды уақтылы қабылдауды талап етуге;
3) Үкіметті:
Әкімнің осы Келісімге сәйкес міндеттемелердің орындалғанын растайтын құжаттарды ұсынбағаны туралы;
Келісімге қосымшаға сәйкес олардың орындалуы үшін жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер бөлінген іс-шараларды әкім уақтылы және тиісінше орындамауы туралы хабардар етуге;
осы Келісімнің міндеттемелерін бұзғаны үшін әкімге әкімшілік шаралар қолдану туралы Үкіметке ұсыныс беруге;
осы Келісімге әкіммен келісу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
___________________________
1 Егер конкурстың рәсімдерді жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі жүзеге асырса
5. Ресми хабарламалар
1. Егер әкім Келісімді орындау кезеңінде нысаналы трансферттер
шеңберінде тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу бойынша
міндеттемелерді уақтылы орындауға кедергі болатын жағдайларға тап болса, әкім кешіктірілу фактісі, оның болжамды ұзақтығы мен себебі туралы ЖТББӘ бірден хабардар етуі тиіс.
Бұл ретте, Келісімге өзгерістер енгізу осы Келісімнің 7-тармағына сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Бір Тарап екінші Тарапқа жіберетін кез келген хабарлама Келісімге сәйкес кейіннен хабарламаның түпнұсқасын жібере отырып, хат, жеделхат немесе факс түрінде жіберілуі мүмкін.
6. Тараптардың жауапкершілігі
1. ЖТББӘ өзіне алған міндеттемелер үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес:
1) нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімді уақтылы жасамағаны үшін;
2) осы Келісімнің 3.2-тармағына сәйкес төменгі тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттерді уақтылы аудармағаны үшін;
3) конкурстық рәсімдерді уақтылы өткізбегені үшін жауапты болады2.
2. Әкім өзіне алған міндеттемелерге Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасына сәйкес:
1) осы Келісімге сәйкес нысаналы трансферттерді пайдаланғаны үшін;
2) Келісімді уақтылы жасаспағаны үшін;
3) тікелей және түпкілікті нәтижелерге іс жүзінде қол жеткізу туралы есептік ақпаратты ұсынбағаны немесе уақтылы, толық ұсынбағаны үшін;
4) мақсаттарға, міндеттерге, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбегені үшін жауапты болады.
______________________
2 Егер конкурстың рәсімдерді жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері жүзеге асырса
7. Келісімге өзгерістер енгізу
Келісімге өзгерістер енгізу мынадай жағдайларда:
1) нысаналы трансферт сомасы анықталған немесе түзетілген;
2) бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде объектілер арасында сомаларды қайта бөлу;
3) күтпеген мән-жайлар туындаған жағдайда өзара келісім бойынша
жүргізіледі.
8. Форс-мажорлық мән-жайлар
Тараптардың біреуі шартты толық немесе ішінара орындауды мүмкін емес ететін жағдайлар, атап айтқанда: тараптарға байланысты емес өрт, дүлей апаттар, әскери қақтығыстардың барлық түрлері және баска да тежеусіз күштік мүмкін жағдайлары туындаған кезінде міндеттемелердің орындалу мерзімдері осы жағдайлардың әрекеті ішіндегі уақытқа ұзартылады.
9. Дауларды шешу
1. Осы Келісімнен туындайтын немесе оған байланысты кез келген дау немесе келіспеушілік ЖТББӘ бірінші басшысы мен әкім арасында өзара келіссөздер жүргізу жолымен шешілетін болады.
2. ЖТББӘ және Әкім:
1) олардың арасындағы өзара қолайлы шешімді іздеу мақсатында туындаған мәселенің талдануын қамтамасыз етуге;
2) олардың арасындағы өзара қолайлы шешімді таппаған жағдайда Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне туындаған жағдай туралы ұсыныс енгізуге тиіс.
10. Есепті ұсыну нысаны мен мерзімі
1. Әкім 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелерге іс жүзінде қол жеткізу туралы аралық және қорытынды есепті ЖТББӘ және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
2. Әкімнің тікелей және түпкілікті нәтижелерге іс жүзінде қол жеткізу туралы аралық есебі ағымдағы жылғы 30 шілдеден кешіктірілмей жарты жылдықтың қорытындылары бойынша берілуі тиіс.
3. Әкімнің тікелей және түпкілікті нәтижелерге іс жүзінде қол жеткізу туралы қорытынды есебі келесі қаржы жылының 15 ақпанынан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс*
11. Қолданылу мерзімі
Келісім қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
12. Заңды мекенжайлары мен банктік деректемелері
Екі Тараптың банктік деректемелері көрсетіледі.
_______________________ ________________________
(қолы) (қолы)
Мемлекеттік органның бірінші Облыстың (республикалық маңызы
басшысы - жоғары тұрған бар қаланың, астананың), ауданның
бюджеттік бағдарламалар (облыстық маңызы бар қаланың)
әкімшісі әкімі.
М.О. М.О.
*Ауданның (облыстың маңызы бар қалалардың) бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне тікелей және түпкілікті нәтижелерге іс жүзінде қол жеткізілгендігі туралы аралық және қорытынды есептерді көрсетілген мерзімге 10 күн қалғанға дейін ұсынуы тиіс.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 22 сәуірдегі
№ 385 қаулысына
10-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету ережесіне
81-1-қосымша
Сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоттан
Үкіметтік сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың қаражатын
алуға арналған өтінім
1. Шот нөмірі ____________________________
Астана қаласының Қазынашылық департаменті
2. Өтінім нөмірі _________________________
3. ______________________________________ төлеуіңізді сұраймыз
(валюта түрі) (төлеуге жататын сома, санмен және жазбаша)
Үкіметтік сыртқы қарыз немесе байланысты грант қаражаттарын алу
туралы өтініммен жүгінеміз және осымен өзіміздің мыналармен
келісетінімізді растаймыз:
А. Осы өтінімде қамтылатын тауарлар мен қызметтер қарыз туралы шартқа
(байланысты грантқа) сәйкес сатып алынған немесе сатып алынып жатыр.
Б. Шығыстар келісімшарттарда немесе басқа да құжаттарда аталған
тауарларға немесе қызметтерге қатысты ғана жүргізілді немесе қазіргі
кезде жүргізілуде.
Шығыстар сипаттамасы: |
Төлем нұсқаулығы |
5. Өнім беру деректемелері: |
9. Қаражатты алушы банктің атауы мен деректемелері және шот нөмірі |
2) тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің қысқаша сипаттамасы |
10. Төлемді алушы банк-корреспонденттің атауы мен деректемелері |
3) шарттың (келісімшарттың) валютасы және жалпы құны |
11. Арнайы төлем нұсқаулықтары, шот-фактура туралы ақпарат |
4) өтінімде қамтылған шот-фактураның жалпы сомасы (ұстап қалулардың және басқада ұстап қалуларды есептемегенде) |
12. _______________________________ |
6. Алуға қабылданған қаражаттар ерекшелігі |
13. _______________________________ |
7. ___________________________ |