"Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 22 мамырдағы № 437 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 411 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 542 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 22 мамырдағы № 437 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 18, 178-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидаларында:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Аттестаттау инспекторлардың құзыреттiлiгiн, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтердi бiлуiн анықтау, олар жүзеге асыратын жұмыстардың сапасын жақсарту, құрылыс саласында болып жатқан өзгерiстердi ескере отырып, жаңа талаптарды зерделеу мақсатында жүргiзiледi және мынадай екі кезеңнен тұрады:
      1) тестілеу;
      2) әңгімелесу.»;
      7-тармақтың екіншіүшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Аттестаттау комиссиясы комиссия төрағасынан, төрағаның орынбасарынан, мүшелерi мен хатшысынан тұрады. Комиссия мүшелерiнiң саны бес адамнан кем болмауға тиiс.
      Аттестаттау комиссиясының отырысында аттестатау комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда, оған аттестаттау комиссиясы төрағасының орынбасары төрағалық етеді.»;
      мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
      «13-1. Егер, аттестаттау комиссиясының мүшесі аттестаттаудан өткен жағдайда, өзіне қатысты дауыс бере алмайды.»;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Қызметтiк мiнездеме аттестатталатын адамның кәсiптiк, жеке қасиеттерi мен қызметтiк iс-әрекетi нәтижелерiнiң бағасын қамтуға тиiс және оған:
      1) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттiк құрылыс инспекторының орынбасарлары үшін – уәкілетті органның басшысы;
      2) аумақтық бөлімшелердің бас мемлекеттiк құрылыс инспекторлары үшін – уәкілетті орган басшысының орынбасары;
      3) бас мемлекеттiк құрылыс инспекторлары мен аумақтық бөлімшелердің мемлекеттiк құрылыс инспекторларының орынбасарлары үшін – уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшелерінің басшылары;
      4) уәкілетті органның мемемлекеттiк құрылыс инспекторлары үшiн – уәкiлеттi орган басшысының орынбасарлары;
      5) аумақтық бөлімшелердің мемлекеттiк құрылыс инспекторларының орынбасарлары үшiн – уәкiлеттi органның тиiстi аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары не олардың орынбасарлары қол қояды.»;
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Аттестатталатын адам өзiне берiлген қызметтiк мiнездемемен келiспеген жағдайда, аттестаттау комиссиясының отырысына дейiн екi апта қалғанда жұмыс органына өзiн сипаттайтын қосымша ақпарат беру арқылы өзінің келiспейтiнi туралы мәлiмдеме жасай алады.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1-бөліммен толықтырылсын:
      «4-1. Тестілеу өткізу
      20-1. Жұмыс органы тест сұрақтарын жасайды және оны уәкілетті органның басшысы бекітеді.
      Тест сұрақтары жауаптар парақтарын толықтыру түрінде аттестатталатын адамның білім деңгейін бағалаған кезде пайдаланылады.
      20-2. Тестілеу екі кезеңнен тұрады:
      1) тестілеуге қатысушылардың тестіден өтуі;
      2) нәтижелерді есептеу.
      Тестілеу тестілеуге қатысушының өтiнiшi бойынша мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде жүргiзiледi.
      20-3. Тестілеу кезінде қатысушылардың:
      1) тестілеу аяқталғанға дейін үй-жайдан кетіп қалуына;
      2) тестілеуге қатысушылармен сөйлесуіне және басқа да іс-қимылымен кедергі жасауына;
      3) жеке электрондық құралдарды (оның ішінде компьютерді, ұялы телефонды) пайдалануына рұқсат етілмейді.
      Жоғарыда көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда тестілеуге қатысушы тестілеу өткізіліп жатқан үй-жайдан шығарылады; осы адам үшін тестілеу өтпеді деп танылады және тестілеуге қатысушы әңгімелесуге жіберілмейді, бұл туралы аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасында көрсетіледі.
      Осы адам аттестаттау комиссиясы белгілеген мерзімдерде, бірақ үш айдан ерте емес мерзімде қайта аттестаттаудан өтеді.
      20-4. Тест тапсырмаларын орындауға берілген жалпы уақыт 90 минутты құрайды. Тест сауалнамалары 100 (жүз) сұрақтан тұрады.
      Тесті орындау үшін бөлінген уақыт аяқталғаннан кейін материалдар аттестаттау комиссиясына ұсынылады.
      20-5. Тестілеу нәтижесін санауды 3 (үш) сағаттан аспайтын уақыт ішінде дұрыс жауаптардың кодтарын пайдалана отырып, аттестатау комиссиясы жүргізеді.
      20-6. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік инспекторларының орынбасарлары үшін шекті мән – кемінде 70 %; аттестаттауға жататын қалған санаттар үшін – кемінде 60 %, тестілеу нәтижесі есептеледі.
      20-7. Тестiлеуден өту кезінде шектi мәннен төмен баға алған тестілеуге қатысушы әңгiмелесуге жiберiлмейдi.
      Осы адам аттестаттау комиссиясы белгілеген мерзімдерде, бірақ үш айдан ерте емес мерзiмде қайта тестілеуден өтеді.
      20-8. Қайта тестілеуден өткен кезде тестілеуге қатысушы шектi мәннен төмен баға алса, онда аттестатау комиссиясы тестілеуге қатысушы атқаратын инспектор лауазымына сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.»;
      30-тармақтың 2) және 3) тармақшылар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) аттестатталған жоқ, қайта аттестаттауға жатады;
      3) аттестатталған жоқ және инспектор атқаратын лауазымға сәйкес келмейдi (тек қайта аттестатталған жағдайда).»;
      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «31. Аттестаттау комиссиясының шешiмi оның отырысына қатысқан төраға, төрағаның орынбасары, аттестаттау комиссиясының мүшелерi мен оның хатшысы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi.»;
      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «37. Аттестаттаудан өтпеген, бiрақ қайта аттестаттауға жататын адам аттестаттау комиссиясы белгiлеген мерзiмде, бiрақ кемiнде үш ай өткеннен кейiн аттестаттаудан қайта өтуi мүмкiн.»;
      көрсетілген Қағидаларға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

      Қазақстан Республикасы  
      Үкіметінің        
      2014 жылғы 28 сәуірдегі
      № 411 қаулысымен   
      бекітілген      

Сәулет-құрылыс бақылауын және  
қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк
құрылыс инспекторларын аттестаттау
қағидаларына қосымша        

Аттестаттау парағы

Аттестатталатын инспектор туралы ақпарат ____________________________
Тегi, аты, әкесiнiң аты _____________________________________________
Туған күнi және жерi ________________________________________________
Бiлiмi ______________________________________________________________
Лауазымы және тағайындалған күнi ____________________________________
Жалпы еңбек _________ өтілі (оның ішінде мемлекеттік сәулет-құрылыс
бақылау органдарында), оның iшiнде осы лауазымда ___________________

Қосымша мәлiметтер:

Аттестаттау нәтижелерi туралы мәлiметтер:
Қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелерiнiң саны ________

Дауыс беру нәтижелерi:
«Жақтағандар» ______________
«Қарсы» ____________________

Қабылданған шешiм: __________________________________________________
(аттестаттаудан өттi; аттестатталған жоқ және қайта аттестаттауға
жатады; аттестатталған жоқ және инспектор атқаратын лауазымға сәйкес
келмейдi)

Төраға               /________________/
Төрағаның орынбасары /________________/
Хатшы               /________________/
Мүшелері           /________________/
                  /________________/
                 /________________/

Қабылданған шешiммен таныстым ______________________________________
                            (аттестатталатын адамның қолы және күнi)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады