Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 442 қаулысы

      «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мынадай ғимараттар:
      1) Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Барақ-Батыр ауылы, Школьная көшесі, № 1 үй мекенжайында орналасқан жалпы алаңы 1640,6 шаршы метр мектеп ғимараты;
      2) Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жантікей ауылы мекенжайында орналасқан жалпы алаңы 4084,5 шаршы метр мектеп ғимараты республикалық меншіктен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің теңгерімінен Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының  1-тармағында көрсетiлген мүлiктi қабылдау-тапсыру жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады