Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Иеліктен шығаруға жатпайтын объектілердің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Иелiктен шығаруға жатпайтын объектiлердің тiзбесi туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 94-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1.рҚоса берiлiп отырған иелiктен шығаруға жатпайтын объектiлердің тiзбесi бекiтiлсiн.
2.рҚазақстан Республикасының Үкiметi өз шешiмдерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
3.рМыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1)р«Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 28 шiлдедегi № 422 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 29, 354-құжат);
2)р«Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 28 шiлдедегi № 422 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1021 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 7, 68-құжат).
4.рОсы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2014 жылғы " "
№ Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Иелiктен шығаруға жатпайтын объектiлердің тiзбесi
1. Жер (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген негiздерде, шарттарда және шектерде жеке меншiкте болуы мүмкiн жерден басқа), оның қойнауы, су көздері, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар.
2. Мемлекеттiк қадағалау желісі және оның мүлкі.
3. Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi.
4. 1992 жылғы 30 мамырға дейiн қоймаға қойылған немесе минералдық ресурстардың мемлекеттiк қорына қосылған техногендiк минералдық түзiлiмдер.
5. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, ішкі су жолдары және оларда орналасқан кеме қатынасы үшiн пайдаланылатын кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстары, шамшырақтар, кеме қатынасының қауiпсiздiгiн реттейтiн және оған кепiлдiк беретiн құрылғылар мен навигациялық белгiлер, шлюздер, әуе қозғалысын басқару органдарының аэронавигациялық құрылғылары, әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты инженерлiк желiлер, сондай-ақ метрополитен.
6. Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары.
7. Ауылда медициналық-санитарлық алғашқы көмек, мамандандырылған көмек көрсететiн (қан, ана мен баланы қорғау жөнiндегi, радиациялық медицина орталықтары, онкологиялық, туберкулез, АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын ауруларды және жұқпалы, терi-венерологиялық, психикалық аурулармен ауыратындарды емдеу объектiлері), сондай-ақ облыстың, қаланың, ауданның қызмет көрсетiлетiн аумағындағы жалғыз мемлекеттiк медициналық ұйым болып табылатын медициналық ұйымдар, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға арналған госпитальдар.
8. Халықты әлеуметтiк қорғау объектiлерi, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары, сәбилер үйлерi, балаларға, қарттарға, мүгедектерге, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және оларға теңестiрiлген тұлғаларға арналған санаторийлер, интернаттар мен госпитальдар, сондай-ақ қарттарға, мүгедектерге, оның iшiнде мүгедек балаларға арналған мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелер (ұйымдар).
9. Азаматтық қорғаныс және Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет объектiлерi мен мүлкi.
10. Пайдаланылмайтын әскери мүлiктi қоспағанда, мемлекеттiк меншiк болып табылатын, экономика салаларының ұйымдарына жедел басқару, шаруашылық жүргiзу құқығында бекiтiлген және қорғаныс мұқтаждарын қамтамасыз етуге және жұмылдыру тапсырмаларын орындауға арналған объектiлер мен мүлiк.
11. Пайдаланылмайтын әскери мүлiктi қоспағанда, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттiк мекемелерiне жедел басқару құқығында бекiтiлген әскери мүлік.
12. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған немесе құрылатын ұйымдар.
13. Арнаулы мемлекеттік органдар бейбіт уақытта пайдаланбайтын жылжымайтын мүлік.
14. Мемлекет меншігіндегі Ұлттық мұрағат қорының құжаттары, сондай-ақ мемлекеттiк мұрағаттар мен олардың филиалдарының ғимараттары, үй-жайлары мен жабдықтары.
15. Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпарат.
16. Мемлекет меншігіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттары.
17. Бастауыш, негiзгi орта, орта бiлiм беретiн (жалпы орта, техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн), Қазақстан Республикасының аумағында азаматтардың бiлiм алуға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк ұйымдар, сондай-ақ мемлекеттiк мектепке дейiнгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары.
18. Протездiк-ортопедиялық салада тәжiрибелiк-эксперименталдық жұмыстар жүргiзудi жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдар.
19. Мемлекеттiк мәдениет ұйымдары, мемлекет меншiгiндегi ұлттық мәдени игiлiк объектiлерi, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және басқа субъектiлерге тиесiлi емес тарих және мәдениет ескерткiштерi.