Ақмола облысы Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2014 - 2016 жылдарға арналған жоспарын (II кезең) бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 476 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ақмола облысы
Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2014 – 2016
жылдарға арналған жоспарын (ІІ кезең) бекіту туралы» 2014 жылғы
12 мамырдағы № 476 қаулысына баспасөз-хабарламасы.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ақмола облысы Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2014 – 2016 жылдарға арналған жоспарын (ІІ кезең) бекіту туралы» 2014 жылғы 12 мамырдағы № 476 қаулысы Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді.
      Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қаулының мақсаты шетелдік және отандық инвесторлар үшін тартымды инвестициялық жағдай жасау, Ақмола облысына туристер ағынын қамтамасыз ету болып табылады.
      Аталған қаулы республикалық және жергілікті бюджеттен 47 580,6 миллион теңге көлемінде қаржылық шығыстарды қарастырады және жағымсыз әлеуметтік-экономиалық және құқықтық салдарды көздемейді.
      Болжамды тиімділік: Щучинск-Бурабай курорттық аймағының туристік саласын дамыту, экологиялық мәселелерді шешу, көліктік-логистикалық және телекоммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту, Щучинск-Бурабай курорттық аймағын қауіпсіздікпен қамтамасыз ету және Ақмола облысы Бурабай курорттық аймағының жүйелі жоспарының ұсынымдарын есепке ала отырып, Щучинск-Бурабай курорттық аймағының туристік әлеуетін дамыту.

      Қазақстан Республикасы Индустрия
      және жаңа технологиялар
      министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз