Сент-Люсия және Сент-Винсент және Гренадиндерге ресми ізгілік көмек көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 517 қаулысы

      Сент-Люсия және Сент-Винсент және Гренадиндерде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне 2014 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен айырбасталатын күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы бойынша Сент-Люсияге 50000 (елу мың) АҚШ долларына және айырбасталатын күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы бойынша Сент-Винсент және Гренадиндерге 50000 (елу мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлсін.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен көрсетілген қаражатты Сент-Люсияның және Сент-Винсент және Гренадиндердің арнайы банк шоттарына аударуды қамтамасыз етсін:

      Сент-Люсия
      Bank: Bank of America
      Name of Account: Permanent Mission of Saint Lucia
      Account Number: 226004431873
      Routing Number: 054001204
                      026009593 (for wire transfers)
      SWIFT Code: BOFAUS3N
      Address: 800 Second Avenue, 5th Floor, New York, NY 10017

      Сент-Винсент және Гренадиндер
      Bank: Bank of St. Vincent and the Grenadines
      Name: Accountant General (St. Vincent and the Grenadines) Disaster Relief Fund
      Account Number: 137741
      SWIFT Code: NCBVVC22
      Address: Bedford Street, Kingstown, St. Vincent and the Grenadines

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады