БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2014 жылғы 21 мамырда «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2014 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1547 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (бұдан әрі -қаулысы) № 530 қаулысын қабылдады.
Қаулы Мемлекет Басшысының 2014 жылғы 16 қаңтардағы № 61-20.266-2 тапсырмасына сәйкес әзірленді және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және енгізу мерзімдерін 2014 жылдан алынып тасталуды қамтиды.
Қаулыны қабылдау әлеуметтік - экономикалық және құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі