"Қазақстан ипотекалық компаниясы" ипотекалық ұйымы" акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакетін "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 537 қаулысы

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 249-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакеті орналастырылған акциялардың жалпы санының 26,11926 %-ы мөлшерінде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады