Тікелей шетелдік және отандық инвестицияларды тарту жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 570 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Тікелей шетелдік және отандық инвестицияларды тарту жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.
      2. Орындалуына жауапты орталық атқарушы органдар жарты жылда бір рет, есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жарты жылда бір рет, есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 28 мамырдағы
№ 570 қаулысымен   
бекітілген       

Тікелей шетелдік және отандық инвестицияларды тарту жөніндегі
кешенді іс-шаралар жоспары

Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушы

Орындалу мерзімі

1

2

3

4

5

1-бағыт: тікелей шетелдік және отандық инвестицияларды тарту үшін жаңа ынталандырулар топтамасы

1

Инвесторлармен инвестициялық келісімдер (келісімшарттар) жасау тетігін қайта қарауды көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу:

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

ЭБЖМ, ИЖТМ, Қаржымині, Еңбекмині, ТМРА, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «Қазагро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша)

2014 жылғы 1 маусымға дейін

1)

мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын енгізу:


объектіні пайдалануға енгізгеннен кейін мемлекет тарапынан күрделі қаржы шығындарының 30 %-ына дейін өтеу (инвестициялық субсидия);





ірі инвестициялық жобалар бойынша түзетуді және дивидендтер бойынша босатуды алып тастай отырып, корпоративтік табыс салығын төлеуден 10 жыл мерзімге босату;





ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер және ұлттық компаниялар тарапынан инвесторлардың тауарлары мен көрсететін қызметтеріне ұзақ мерзімді кепілді тапсырыс




2)

мемлекеттің мүдделері балансын сақтай отырып, инвесторлармен жасасатын инвестициялық келісімдер (келісімшарттар) шеңберінде мыналарда 10 жылға заңнаманың «тұрақтылығы» қағидатын енгізу:





мұндай тұрақтылықтың жер қойнауын пайдалану, ойын бизнесі, акцизделетін тауарлар өндірісі, квазимемлекеттік сектор, дербес білім беру ұйымдары және АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға таралуын қоспағанда, салық саласында салықтар мөлшерлемелері және алымдар бөлігінде (қосымша құн салығын және акциздерді қоспағанда);





тариф саласында ұзақ мерзімді кезеңге табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне тарифтерді бекіту бөлігінде




3)

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитетіне инвесторлардың сұрау салуы бойынша рұқсаттамалық құжаттар және ақпарат беруді үйлестіру жөніндегі функцияларды беру арқылы инвесторлар үшін «бір терезе» қағидатын енгізу




4)

инвесторларға шетелдік жұмыс күшін тартуға квотадан тыс және рұқсаттамаларсыз, инвестициялық жобаны іске асырудың бүкіл кезеңіне және объектіні пайдалануға берген соң бір жылға шетелдік жұмыс күшін тарту құқығын беру




2

Жылжымайтын мүлік құқығымен байланысты және тасымал шартынан туындайтын тасымалдаушыға талап қою жөніндегі мәселелерге қатысты дау нысанасы бөлігінде инвесторлардың мәселелерін шешу кезінде халықаралық төрелікті қолдану саласын қайта қарау мүмкіндігін қарау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭБЖМ, Әділетмині, ИЖТМ, БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша),
ЖС (келісім бойынша)

2014 жылғы 1 қазанға дейін

2-бағыт: АЭА-ны одан әрі дамыту

3

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

ИЖТМ, ЭБЖМ, Қаржымині

2014 жылғы 1 желтоқсанға дейін

3-бағыт: Визалық режимді жеңілдету

4

Ең дамыған елдердің азаматтарына визасыз режимді біржақты тәртіпте орнату мәселесін қарау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

СІМ, ІІМ, БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша)

2014 жылғы 1 қыркүйекке дейін

5

«Қазақстан Республикасының визаларын беру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидалары» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 наурыздағы № 08-1-1-1/71 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 175 бірлескен бұйрығына шетелдік компаниялардың құрылымдық бөлімшелері басшыларына инвесторлық визаларды ресімдеу кезінде өзара іс-қимыл жасау тетігі бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу

СІМ және ІІМ бірлескен бұйрығы

СІМ, ИЖТМ, ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша)

2014 жылғы 1 шілдеге дейін

4-бағыт: «Инвестициялық омбудсмен» институтын жетілдіру

6

«Инвестициялық омбудсмен» қағидаты бойынша инвесторлардың құқықтарын қорғау институтын енгізу мәселесін қарау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

2014 жылғы 1 маусымға дейін

5-бағыт: Қазақстан Республикасына шетелдік және отандық инвестицияларды тарту жөніндегі 2014 – 2015 жылдарға арналған нақты жоспар

7

Осы Тікелей шетелдік және отандық инвестицияларды тарту жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарына қосымшаға сәйкес әлеуетті инвесторлар арасында Қазақстанның басым секторларындағы жаңа инвестициялық мүмкіндіктер туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын (кездесулер, бизнес-форумдар, роуд-шоулар) өткізуді қамтамасыз ету

ЭБЖМ-ге ақпарат

ИЖТМ, СІМ

2015 жылғы 15 қаңтарға дейін

8

Жауапты дипломатиялық өкілдіктерді, салалық мемлекеттік органдар мен ұйымдарды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарды (өңірлік мамандандыруға сәйкес) бекіте отырып, Қазақстанда өндірістерді орналастыру бойынша мүдделі, оның ішінде қайта инвестициялауға мүдделі инвесторлардың тізбесін қалыптастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, СІМ мемлекеттік органдар мен ұйымдар

2014 жылғы тамыз

9

Салалардағы көшбасшы-инвесторларды тарту бойынша жол карталарын бекіту

мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының бұйрықтары

ИЖТМ, мемлекеттік органдар мен ұйымдар

2014 жылғы қыркүйек

10

Инвесторларды тарту бойынша атқарылған жұмыс жөнінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есептерін ұсыну

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, СІМ мемлекеттік органдар мен ұйымдар

2014 жылғы қараша, 2015 жылғы мамыр

11

Жауапты дипломатиялық өкілдіктерді, салалық мемлекеттік органдар мен ұйымдарды, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарды (өңірлік мамандандырумен сәйкес) бекіте отырып, Қазақстанда өндірістерді орналастыру бойынша мүдделі, оның ішінде қайта инвестициялауға мүдделі инвесторлардың тізбесін өзектілендіру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, СІМ мемлекеттік органдар мен ұйымдар

2015 жылғы ақпан, 2015 жылғы тамыз

12

Пайдалануға енгізуге және өндірістік қуатқа шығаруға дейін, сондай-ақ пост-инвестициялық кезеңде және қайта инвестициялауға дейін инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша инвесторларға мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, мемлекеттік органдар мен ұйымдар

2014 жылғы қараша, 2015 жылғы мамыр

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ТМРА – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
ҰҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ЖС – Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы
«Қазагро» ҰБХ» АҚ – «Қазагро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы
АЭА – арнайы экономикалық аймақ

Тікелей шетелдік және отандық 
инвестицияларды тарту жөніндегі
кешенді іс-шаралар жоспарына 
қосымша          

Өнім

Компанияның атауы

Іс-шаралар

Жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар

Аяқтау нысаны

Іске асыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

Машина жасау

1. Ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі

Тракторлар, астық жинайтын комбайндар, ауыл шаруашылығына арналған машина бөлшектері

CLAAS, Lemken (Германия), John Deere, AGCO, Case New Holland, Green Plain (АҚШ), Codaf SRL, Same DeutzFahrе, Scarabelli Export S.R.L., Nettuno, Pedrotti s.p.a. (Италия), Myrtech, Agrokonsultos Grupe, Bauer (Чехия), Agro-Matadex Animals Farming Stable Equipment, PRONAR (Польша), Yanmar, Kubota (Жапония), Kverneland (Норвегия), Irrifrance (Франция), Sampo Rosenlew LTD (Финляндия), Bourgault (Канада)

1. Ынтымақтастық перспективаларын пысықтау
2. Жаңа ынталандырмаларды беру мәселесін пысықтау

АШМ, ИЖТМ, «Қазагро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2014 жылғы 1 желтоқсан

2. Автокөлік құралдарының өндірісі

Автокөлік құралдарына арналған қосалқы бөлшектер, жабдықтар мен қозғалтқыштар

Denso, AisinSeiki, KomatsuCummins, Niigata (Жапония), Bosch, Hatz, MWM, Man, Mercedes Benz (Германия), Magna International, Linamar (Канада), Delphi Automotive, TRW Automotive Holdings, Kohler, Lombardini, MTU, GM (АҚШ), Valeo, Lugger (Франция), Hyundai (Оңтүстік Корея), Lister-Petter, Perkins (Ұлыбритания), Steyr (Австрия), Iveco (Италия), Volvo (Швеция)

1. Ынтымақтастық перспективаларын пысықтау
2. Жаңа ынталандырмаларды беру мәселесін пысықтау

ИЖТМ, СІМ, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2014 жылғы 1 желтоқсан

3. Мұнай өндіруші және мұнай-газ өндеуші жабдық

Арнайы машиналар мен жабдық, турбокомпрессорлар, фланцтар және басқалар

Dando Drilling Int., Bel-valves Ltd., Amarinth (Ұлыбритания), BredaEnergia,NuovoPignone, Tai Milano SpA, OmsSaleriSpA, Orlandi, Walter Tosto Spa, Rosetti Marino SpA,AturiaPompe, Cerpelli, Peroni Pompe SpA, Drilmec SpA, Tenaris (Италия) және/немесе Vallourec, Delaunay et Fils, Areva (Франция), Itochu Corporation, Mitsui (Жапония), Petrovalve, GE, Triqua BV, Framo, CAT Pumps, Vermeer, National Oilwell Varco (АҚШ), Siemens, Man-Turbo, Steinweg-Bцcker (Германия), Arc Energy Resources Ltd (Канада), Sandvik Mining And Construction Finland Corp. (Финляндия)

1. Ынтымақтастық перспективаларын пысықтау
2. Жаңа ынталандырмаларды беру мәселесін пысықтау

МГМ, «ҚМГ» ҰК» АҚ (келісім бойынша), «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2014 жылғы 1 желтоқсан

4. Тау-кен жабдығы

Толық бұрылысты машиналар, біршөмішті тиегіш машиналар, бұрғылау және жүріп өту мүмкіндігі жоғары машиналар және олардың қосалқы бөлшектері, топырақты, тасты, кенді және басқа да қазып алынатын минералдарды іріктеуге, шаюға, ұсақтауға, уатуға, араластыруға арналған жабдықтардың бөлшектері, жүк таситын өзі аударғыш машиналар, ұсақтау мен уатуға арналған машиналар, механикалық күректер, эксковаторлар және біршөмішті тиегіш машиналар

Sany Heavy Industry (Қытай), Hyundai Heavy Industries, POSCO (Оңтүстік Корея), Weir Minerals (Ұлыбритания), Toyota Tshusho Corporation, Mitsui Corporation (Жапония)

1. Ынтымақтастық перспективаларын пысықтау
2. Жаңа ынталандырмаларды беру мәселесін пысықтау

ИЖТМ, «Қазгеология» ҰГБК» АҚ (келісім бойынша), «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2014 жылғы 1 желтоқсан

5. Теміржол техникасының өндірісі

Жүк және жолаушы вагондары, қосалқы бөлшектер, теміржол техникасына арналған жабдықтар мен қозғалтқыштар

Alstom (Франция), SIEMENS, Knorr-Bremse, Zemag (Германия), Mitsui (Жапония), LG (Оңтүстік Корея), Talgo (Испания), Bombardier (Канада), General Electric (АҚШ)

1. Ынтымақтастық перспективаларын пысықтау
2. Жаңа ынталандырмаларды беру мәселесін пысықтау

«ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2014 жылғы 1 желтоқсан

6. Электротехникалық машина жасау

Трансформаторлар, тоңазытқыш және мұздатқыш жабдық, жылу сорғысы, қозғалтқыштар, электрогенераторлық қондырғылар, пульттер, панельдер, консольдер, үстелдер, бөліп таратқыш қалқандар және электр аппаратураға арналған табандар

Schneider Electric, LeGrand (Франция), Emerson Electric Manufacturing Co., Pall Corporation (АҚШ), FujiElectric, Sumitomo Electric Industries, Nidec, Furukawa Electric (Жапония), Prysmian (Италия), Rainer Lammertz, Bosch (Германия), LSCorp (Оңтүстік Корея), Dongfang Electric Corporation (Қытай)

1. Ынтымақтастық перспективаларын пысықтау
2. Жаңа ынталандырмаларды беру мәселесін пысықтау

СІМ, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2014 жылғы 1 желтоқсан

Химия өнеркәсібі

Бейорганикалық қышқыл, сілті мен негіз;
фосфорды қайта өңдеу өнімдері;
минералды тыңайтқыштар;
пестицидтер;
майлау материалдары;
тежеуіш, гидравликалық сұйықтық;
антифриз бен антимұздатқыштар;
жарылғыш заттар;
өнеркәсіптік газдар;
шиналар;
резеңке-техникалық өнім

OxyChem, UOP Honeywell company, Dow Chemicals, HillCorp., Lummus Technology, Mosaic (АҚШ), Kemira, Tikkurila (Финляндия), Evonik Industries, BASF (Германия), Solvay (Бельгия), Areva (Франция), AkzoNobel, Orica (Австралия), Maksam (Испания), AsahiKasei Corporation (Жапония), PlenumL.L.C. (ОАЭ), LG Chem (Оңтүстік Корея), YaraInt. (Норвегия), Agrium, PotashCorp (Канада)

1. Ынтымақтастық перспективаларын пысықтау
2. Жаңа ынталандырмаларды беру мәселесін пысықтау

ИЖТМ, СІМ, АШМ, «БХК» ЖШС (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2014 жылғы 1 желтоқсан

Құрылыс материалдарының өндірісі

Керамика тақташалар, отқа төзімді кірпіш, табақ шыны, жылу өткізбейтін материалдар, мәрмәр, травертин, жабындық-битумдық материалдар және иілгіш жабынқыш, сантехкерамика, тақташа және сантехкерамика өндіру үшін балшықты байыту, әйнек ыдыс өндірісі

«Lasselsberger, a. s.» (Чехия), Emil Ceramika Ideal Standard International, Ceramicas Gala S.A. (Италия), POSCO Chemtech, STX Offshore&Shipbuilding (Оңтүстік Корея), SiseCamGroup, YontemYapi, NursoyGroup, TurkMall (Түркия), URSA (Испания), Технониколь (Ресей), Saint-Gobain (Франция), Rockwool (Дания), O-I (АҚШ), Ardagh Glass, Universal Wood Products (Ұлыбритания), AEDAS (Гонконг), SekisuiSPR (Жапония)

1. Ынтымақтастық перспективаларын пысықтау
2. Жаңа ынталандырмаларды беру мәселесін пысықтау

ӨДМ, ИЖТМ, ҰКП

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2014 жылғы 1 желтоқсан

Металлургиялық кешен

Құбырлар, болаттан жасалған бос жапсарсыз пішін, құбырларға арналған құюлы емес болат фитингтер, сым, ыстықтай соғылған өзектер мен шыбықтар; тот баспайтын болаттан жасалған пішін, пісірілген пішін және болаттан жасалған шпунттық құрылымдар мен теміржол жолдарына арналған қара металдан жасалған бұйымдар, шөміштер, грейферлер, бұрғылау машиналарына арналған бөлшектер, мыс құбырлары мен түтіктер, мыс сым, мыс шыбықтар мен пішіндер, мыс тақташалар, табақтар мен жолақтар немесе таспалар, алюминий шыбықтар мен пішіндер, алюминий металқұрылымдар, бөшкелер, барабандар, құтылар, жәшіктер мен ұқсас сыйымдылықтар

ViegaGmbH, ESF Elbe-StahlwerkFeralpiGmbH, Lech Stahlwerke, ThyssenKrupp, Vossloh Group, DEB DeutscheErzeBeteiligungs AG, H.C. StarckGmbH, K&K NaturalResourcesGmbH (Германия), KofulsoCo., HyunwooCentralAsia, POSCO, KORES (Оңтүстік Корея),
Rio Tinto, AngloAmerican (Ұлыбритания), Itochu Corporation, Chiyoda Corporation (Жапония), Duhlia Mutiara SdnBhd, Melewar Industrial Group Berhad (Малайзия), SUN Group (Үндістан), Vallourec (Франция), Keppel Offshore & Marine Limited (Сингапур), Noksel (Түркия), Hebei Iron and Steel (Қытай), Gruppo, Riva, Alcoa (АҚШ), Gerdau (Бразилия), Codelco (Чили), BHP Billiton (Австралия), XstraPlc (Швейцария), Alcan Aluminum (Канада), Emirates Global Aluminum (БАЭ), Qatar Mining (Катар)

1. Ынтымақтастық перспективаларын пысықтау
2. Жаңа ынталандырмаларды беру мәселесін пысықтау

ИЖТМ, СІМ, ҰКП, «Тау-Кен Самұрық» ҰТКК» АҚ (келісім бойынша), «Қазгеология» ҰГБК» АҚ (келісім бойынша), «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2014 жылғы 1 желтоқсан

Азық-түлік өнеркәсібі

Көкөністер, жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар мен трюфельдер, жеміс және көкөніс шырындары, консервіленген азық-түлік, джем, жемісті желе, мармелад, жылумен өңдеу арқылы алынған жемісті не жаңғақтық езбе, жемісті не жаңғақты паста, тоң майлар мен майлар, сүт өнімдері, жарма, ұн, макарон және кондитерлік өнімдер, ет өнімі

Anadolu Efes (Coca-Cola), Okan Holding (Түркия), Lotte Group (Оңтүстік Корея), Danone (Франция), Lorenz GmbH (Германия), Global Beef, Cokey Systems Corporation, Feerum S.A., UNO Corporation (АҚШ), National Feedlot Corporation (NFC) (Малайзия), Americana Group (Кувейт), Indofood (Индонезия), Goon Group (Германия), Cairo Poultry Company (Мысыр)

1. Ынтымақтастық перспективаларын пысықтау
2. Жаңа ынталандырмаларды беру мәселесін пысықтау

АШМ, ИЖТМ, СІМ, «Қазагро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2014 жылғы 1 желтоқсан

Мұнай-химия өнеркәсібі
(мұнай-газ өндірісі, мұнай-газды қайта өңдеу және мұнай-химия)

Ациклдік көмірсутектер (этилен, пропилен, бутен); циклдік көмірсутектер (стирол, кумол, ксилол); полиэтилентерефталат; хош иісті көмірсутектер (бензол, параксилол); алғашқы нысандағы полимерлер (полипропилен, полиэтилен, полибутадиен); жасанды талшықтар синтетикалық каучук

BASF, Lanxess (Германия), Dow Сhemicals, Exxon Mobil Chemical, HilexPoly (АҚШ), Lyondell Basell (Нидерланды), Nissei Plastic, Asahi Kasei (Жапония), Sinopec (Қытай), Michelin (Франция), Synthos SA (Польша)

1. Ынтымақтастық перспективаларын пысықтау
2. Жаңа ынталандырмаларды беру мәселесін пысықтау

МГМ, ИЖТМ, СІМ, «ҚМГ» ҰК» АҚ (келісім бойынша), «БХК» ЖШС (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2014 жылғы 1 желтоқсан

Фармацевтикалық өнеркәсіп, медициналық жабдықтар өндірісі

Түпкі және дженериктік препараттар, медициналық жабдық

Dr. Schumacher (Германия), Polpharma (Польша), Pfizer (АҚШ), Gesan Production (Италия), Sanofi (Франция), Shimadzu Corporation (Жапония)

1. Ынтымақтастық перспективаларын пысықтау
2. Жаңа ынталандырмаларды беру мәселесін пысықтау

ДСМ, ИЖТМ, «СҚ-Фармация» ЖШС (келісім бойынша), «Қазмедтех» АҚ (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2014 жылғы 1 желтоқсан

Көлік және логистика

Көліктік, қалалық, логистикалық және портты инфрақұрылым, автомагистральдар, логистикалық орталықтар

Vinci Construction, BUSS Group, Optima Toll, Intelligent Audit, US Logistics, The Logistics Store, Target Freight Management, First Flight Solutions, Whitacre Logistics, iDrive Logistics, Freight Pros, ODW Logistics & Transportation Services, Farm2Fleet Trucking, ATDynamics, Load Delivered Logistics, Ecogistics

1. Ынтымақтастық перспективаларын пысықтау
2. Жаңа ынталандырмаларды беру мәселесін пысықтау

ККМ, ӨДМ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша), «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ (келісім бойынша) «ҚМЖМӘО» АҚ (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2014 жылғы 1 желтоқсан

Ақпараттық технологиялар

Активтерді басқару бойынша бағдарламалық қамтылым, бұлыңғыр және мобильді қосымшалар, ақпараттық мәліметтер қоры (big data)

Hewlett-Packard Company (HP), IBM, Сisco, Microsoft, Google, Qualcomm, Intel Orbitz, Samsung Electronics, Hitachi

1. Ынтымақтастық перспективаларын пысықтау
2. Жаңа ынталандырмаларды беру мәселесін пысықтау

БАА, «Қазақтелеком» АҚ (келісім бойынша), «ҰАТ» АҚ (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2014 жылғы 1 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады