"Ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық
қызметті мемлекеттік қолдаушараларын іскеасыруға уәкілетті,
дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және оданда көп пайызы тікелей не жанама түрде
мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекіту
туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11
мамырдағы № 605 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер
енгізутуралы 2014 жылғы 31 мамырдағы № 592 Қазақстан
Республикасы Үкіметі қаулысына баспасөз-релиз
«Ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іскеасыруға уәкілетті, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және оданда көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 605 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы 2014 жылғы 31 мамырдағы № 592 Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы №17-50/226 тапсырмаға сәйкес әзірленген.
Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қаурыны қабылдаудың негізгі мақсаты ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесіне Оңтүстік Қазақстан облысында аймақтық инновациялық жүйені құруға және дамытуға мүмкіндік беретін толықтырулар енгізу.
Қаулы «Индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шеңберінде іс-шараларды іске асыру» 004 бюджеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылады және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.
Тиімділік болжамы: қызметі Оңтүстік Қазақстан облысында аймақтық инновациялық жүйені құруға және оны ары қарай дамытуға бағытталған аймақтығ даму институтын қаржыландыруын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігі