Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 600 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 589 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.07.2015 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      2) «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеуге және өткізуге (оның ішінде өзге де беруге) лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      3) «Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызмет көрсетуге лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      4) «Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беретін рұқсат) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      5) «Шифрлау (криптографиялық) құралдарын Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге (рұқсат беретін құжат) қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      6) «Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      7) «Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 50 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 12, 227-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2014 жылғы 31 мамырдағы
№ 600 қаулысымен   
бекітілген      

«Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы
техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу
жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, оны қайта
ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. «Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - ҰҚК) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті ҰҚК (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді ӨҚК-нің Арнаулы ақпараттық қызметі, оның ішінде www.e.gov.kz. «электрондық үкімет» веб-порталы және www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген сәттен бастап:
      лицензия беру үшін - 15 жұмыс күні; лицензияны қайта ресімдеу үшін - 10 жұмыс күні; лицензияның телнұсқасын беру үшін - 2 жұмыс күні;
      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, ендіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру не электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық құжат нысанында ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады.
      Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін лицензиялық алым алынады, ол:
      1) лицензия беру үшін — 20 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК);
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін - 2 АЕК-ті;
      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін - 20 АЕК-ті құрайды.
      Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлем екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жүзеге асырылады, олар көрсетілетін қызметті алушыға төлемнің мөлшерін және күнін растайтын құжатты (түбіртекті) береді.
      Портал арқылы жүгінген кезде төлем «электрондық үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында, сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін (өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады);
      2) портал - тәулік бойы (техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) лицензия алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға (заңды тұлғалар үшін) не 2-қосымшаға (дара кәсіпкерлер үшін) сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер нысаны;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      лицензияның деректері көрсетілген лицензияны қайта ресімдеу туралы еркін нысандағы өтініш;

      3) лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталда лицензия туралы мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды ұсына отырып, жүгінеді:
      лицензияның телнұсқасын беру туралы еркін нысандағы өтініш. Қағаз жеткізгіште берілген лицензия бүлінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алғанға дейін осыдан бұрын алынған лицензияның түпнұсқасын көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады;

      порталға:
      1) лицензия алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі;

      3) лицензияның телнұсқасын алу үшін:

      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Өтініштің көшірмесіндегі құжаттар топтамасының қабылданған күні, уақыты, қабылдаған адамның тегі және аты-жөні көрсетілген белгі көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш бергенін растау болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылған құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі қойылып, мемлекеттік қызметті алушыға жіберіледі (беріледі).
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін алу күні және уақыты көрсетіле отырып, хабарлама-есеп жіберіледі.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жарғы, көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлға ретінде, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік, көрсетілетін қызметті алушының салық органының есебінде тұрғаны, жеке басын куәландыратын құжат, лицензиялық алым (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында дербес алады.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілетін қызметті алушылардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;
      2) мәлімделген қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;
      3) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған мәлімделген қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;
      5) сот орындаушысының ұсынысы негізінде көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға соттың тыйым салуы;
      6) ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісінің анықталуы болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап олардың толықтығын екі жұмыс күні ішінде тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту жөнінде дәлелді жауап береді.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда почта байланысы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес қабылданады, телефон 8 (7172) 76-42-30, 76-42-33.
      Шағымның көшірмесіндегі қабылданған күні, уақыты, шағымды қабылдаған адамның қолы, тегі және аты-жөні көрсетілген белгі шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің сенім телефоны: 8 (7172) 76-42-02.
      Шағымды көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен расталған электрондық құжат нысанында портал арқылы беруге болады.
      Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту жөнінде жауап) өтініш туралы ақпаратқа көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» қол жеткізе алады.
      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Шағымды қарау нәтижелері туралы жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар

      13. Көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделуі тиіс.
      14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу үшін ЭЦҚ болуы қажет.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы сондай-ақ ӨҚК-нің ресми интернет-ресурсында: www.knb.kz орналастырылған.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен», сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 76-42-50, 76-42-18, 76-42-19, 76-42-39, 76-42-54, 76-42-55* мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған
арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру,
жөндеу және өткізу жөніндегі қызметпен айналысу
үшін лицензия беру, оны қайта ресімдеу,   
лицензияның телнұсқаларын беру»      
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша                    

Нысан

_____________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
_______________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, БСН деректемелері)

ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________
(қызметтің түрін және кіші түр(лер)ін көрсету)

жөніндегі қызметпен айналысу үшін қағаз жеткізгіште лицензия және
лицензияға қосымша(лар) беруіңізді сұраймын

(лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда, X белгісі
қойылады)
Заңды мекенжайы _____________________________________________________
(индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі, кеңсе нөмірі)
Нақты мекенжайы______________________________________________________

Телефон, факс, электрондық почта_____________________________________
_____________________________________________________________________
Банк шоты____________________________________________________________
             (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Филиалдары (өкілдіктері)_____________________________________________
(индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі, телефоны, факсы, е-mаіl)
_____________________________________________парақ қоса беріліп отыр.
       (оның ішінде жазбаша көрсету)

      Осымен:
      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып
табылатыны және оларға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
      көрсетілетін қызметті алушыға лицензияланатын қызмет түрімен
айналысуға соттың тыйым салмағаны;
      қоса берілген құжаттардың барлығы жарамды болып табылатыны
расталады;
      осы арқылы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын
құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беріледі.

      Басшы ___________                  ____________________________
             (қолы)                                (Т.А.Ә.)

      Мөр орны         Толтырылған күні 20 жылғы «__» _______________
     (бар болса)

      Өтініш 20___жылғы «___»______сағат___минутта қарауға қабылданды
_____________________________________________________________________
          (өтінішті қабылдаған адамның қолы, Т.А.Ә.)

«Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған
арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру,
жөндеу және өткізу жөніндегі қызметпен айналысу
үшін лицензия беру, оны қайта ресімдеу,   
лицензияның телнұсқаларын беру»      
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша                   

Нысан

_____________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

_____________________________________________
(салық төлеушінің атауы, дара кәсіпкер ретінде
тіркелген жеке тұлғаның Т.А.Ә., ЖСН/БСН)

ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________
(қызметтің түрін және кіші түр(лер)ін көрсету)
_____________________________________________________________________

жөніндегі қызметпен айналысу үшін қағаз жеткізгіште лицензия және
лицензияға қосымша(лар) беруіңізді сұраймын _________________________

(лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда X белгісі
қойылады)
Тұрғылықты мекенжайы_________________________________________________
(индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі, пәтер нөмірі)
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі _______________________________,
сериясы __________________, № ______________________________________,
_____________________берілді, берілген күні _________________________
Дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік: сериясы______,
№____________________________,______________________________ берілді,
                              (салық қызметі органының атауы)
берілген күні __________________
Банк шоты ___________________________________________________________
             (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
_____________________________________________парақ қоса беріліп отыр
      (оның ішінде жазбаша түрде көрсету)

      Осымен:
      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып
табылатыны және оларға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
      көрсетілетін қызметті алушыға лицензияланатын қызмет түрімен
айналысуға соттың тыйым салмағаны;
      қоса берілген құжаттардың барлығы жарамды болып табылатыны
расталады;
      осы арқылы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын
құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беріледі.

Дара кәсіпкер _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
                (салық төлеушінің атауы, қолы, Т.А.Ә.)

Мөр орны              Толтырылған күні 20 жылғы «_____»_____________
(бар болса)

Өтініш 20___жылғы «__»_________сағат_____ минутта қарауға қабылданды
_____________________________________________________________________
             (өтінішті қабылдаған адамның қолы, Т.А.Ә.)

«Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған
арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру,
жөндеу және өткізу жөніндегі қызметпен айналысу
үшін лицензия беру, оны қайта ресімдеу, 
лицензияның телнұсқаларын беру»      
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша                      

Көрсетілетін қызметті алушының жедел іздестіру іс-шараларын
жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу,
өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметпен айналысу үшін
біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы
мәліметтер нысаны

      1. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы
техникалық құралдарды әзірлеу және өндіру жөніндегі қызметпен
айналысу үшін:
      1) заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің мәртебесі туралы
ақпарат__________________________________________________________;
(мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірін және берілген күнін
көрсету)
      2) жоғары техникалық білімі бар мәлімделген маман(дар) туралы
ақпарат __________________________________________________________
       (мамандығын және біліктілігін, сондай-ақ диплом(дар)ының
             көшірмесін(-лерін) қоса беріп, диплом(дар)ының
____________________________________________________________________;
нөмірін, берілген күнін және орнын, оқу орнының атауын көрсету)
      3) мәлімделген қызмет түрі бойынша Қазақстан Республикасының
мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтермен жұмыс жүргізуге
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары рұқсатының
болуы туралы ақпарат ________________________________________________
(құжаттың көшірмесін қоса беріп, рұқсаттық деректемелерін: нөмірін,
__________________________________________________________________
күнін және осы рұқсатты берген Қазақстан Республикасы ұлттық
қауіпсіздік органдарының
_____________________________________________________________________
                 бөлімшесін көрсету)
      4) техникалық құралдардың және бақылау-өлшеу жабдығының ең аз
жинағының болуы туралы ақпарат_______________________________________
                              (осы құралдардың және жабдықтың меншік
____________________________________________________________________
құқығында болуын растайтын құжаттарды қоса беріп, көрсетілетін
қызметті алушы
____________________________________________________________________;
хатының деректемелерін: тіркеу нөмірін және күнін көрсету)
      5) арнайы бөлінген өндірістік үй-жайдың болуы туралы ақпарат
_____________________________________________________________________
(құжаттың көшірмесін қоса беріп, меншік құқығын немесе өзге заңды
негізді растайтын
____________________________________________________________________
құжаттардың деректемелерін: құжаттың атауын, тіркеу нөмірін және
күнін көрсету)
      6) әзірленіп жатқан және өндірілген арнайы техникалық
құралдарды сақтау үшін арнайы бөлінген үй-жайдың болуы туралы ақпарат
____________________________________________________________________
(құжатт(ард)ың көшірмесін(-лерін) қоса беріп, меншік құқығын немесе
өзге де заңды негізді
_____________________________________________________________________
растайтын құжаттың, сондай-ақ мамандандырылған ұйым(дар)мен
автоматтандырылған күзет және
_____________________________________________________________________
өрттен қорғау сигнализация жүйелеріне қызмет көрсету туралы
шартт(ард)ың
_____________________________________________________________________
деректемелерін: тіркеу нөмірлерін және күндерін, сондай-ақ тиісті
ұйымдардың атауларын
____________________________________________________________________;
                                  көрсету)

      2. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы
техникалық құралдарды жөндеу және өткізу жөніндегі қызметпен айналысу
үшін:
      1) заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің мәртебесі туралы
ақпарат
_____________________________________________________________________
   (тіркеу туралы куәліктің нөмірін және берілген күнін көрсету)
      2) жоғары техникалық білімі бар мәлімделген маман(дар) туралы
ақпарат __________________________________________________________
         (мамандығын және біліктілігін, сондай-ақ диплом(дар)ының
                     көшірмесін(лерін) қоса беріп,
____________________________________________________________________
диплом(дар)ының нөмірін, берілген күнін және орнын, оқу орнының
                        атауын көрсету)
      3) мәлімделген қызмет түрі бойынша Қазақстан Республикасының
мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтермен жұмыс жүргізуге
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары рұқсатының
болуы туралы ақпарат
_____________________________________________________________________
(құжаттың көшірмесін қоса беріп, рұқсаттың деректемелерін: нөмірін,
күнін және осы
____________________________________________________________________;
рұқсатты берген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік
органдарының бөлімшесін көрсету)
      4) техникалық құралдардың және бақылау-өлшеу жабдығының ең аз
жинағының болуы туралы ақпарат ______________________________________
                             (осы құралдардың және жабдықтың меншік
_____________________________________________________________________
құқығында болуын растайтын құжаттарды қоса беріп, көрсетілетін
қызметті алушы
____________________________________________________________________;
хатының деректемелерін: тіркеу нөмірін және күнін көрсету)
      5) арнайы бөлінген үй-жайдың болуы туралы ақпарат
_____________________________________________________________________
(құжатт(ард)ың көшірмесін(-лерін) қоса беріп, меншік құқығын немесе
өзге заңды негізді
_____________________________________________________________________
растайтын құжаттың, сондай-ақ мамандандырылған ұйым(дар)мен
автоматтандырылған
_____________________________________________________________________
күзет және өрттен қорғау сигнализация жүйелеріне қызмет көрсету
туралы шартт(ард)ың
_____________________________________________________________________
деректемелерін: тіркеу нөмірлерін және күндерін, сондай-ақ тиісті
ұйымдардың атауларын
_____________________________________________________________________
көрсету)

      Ескертпе: мәлімделген адамдардың білім деңгейін бағалау жедел
іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық
құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу бойынша біліктілік
сынағының нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
      Біліктілік сынағына арналған сұрақтар тізбесін көрсетілетін
қызметті беруші белгілейді. Біліктілік сынағы көрсетілетін қызметті
алушы қызметін жүзеге асыратын жері бойынша көрсетілетін қызметті
берушінің бөлімшесінде тапсырылады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 31 мамырдағы
№ 600 қаулысымен
бекітілген    

«Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеуге және
өткізуге (оның ішінде өзге де беруге) лицензия беру, оны қайта
ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеуге және өткізуге (оның ішінде өзге де беруге) лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - ҰҚК) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті ҰҚК (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді ҰҚК-нің Арнаулы ақпараттық қызметі, оның ішінде www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген сәттен бастап:
      лицензия беру үшін - 15 жұмыс күні; лицензияны қайта ресімдеу үшін - 10 жұмыс күні; лицензияның телнұсқасын беру үшін - 2 жұмыс күні;
      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеуге және өткізуге (оның ішінде өзге де беруге) лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру не электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық құжат нысанында ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады.
      Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін лицензиялық алым алынады,ол:
      1) лицензия беру үшін - 9 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК);
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін - 0,9 АЕК-ті;
      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін - 9 АЕК-ті құрайды.
      Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлем екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жүзеге асырылады, олар көрсетілетін қызметті алушыға төлемнің мөлшерін және күнін растайтын құжатты (түбіртекті) береді.
      Портал арқылы жүгінген кезде төлем «электрондық үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында, сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін түскі үзіліспен 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін (өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады);
      2) портал - тәулік бойы (техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі)жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) лицензия алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға (заңды тұлғалар үшін) не 2-қосымшаға (дара кәсіпкерлер үшін) сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер нысаны;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      лицензияның деректері көрсетілген лицензияны қайта ресімдеу туралы еркін нысандағы өтініш;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталда лицензия туралы мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды ұсына отырып, жүгінеді:
      лицензияның телнұсқасын беру туралы еркін нысандағы өтініш. Қағаз жеткізгіште берілген лицензия бүлінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алғанға дейін осыдан бұрын алынған лицензияның түпнұсқасын көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      порталға:
      1) лицензия алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер нысаны;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі;
      3) лицензияның телнұсқасын алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Өтініштің көшірмесіндегі құжаттар топтамасының қабылданған күні, уақыты, қабылдаған адамның тегі және аты-жөні көрсетілген белгі көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш бергенін растау болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылған құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі қойылып, мемлекеттік қызметті алушыға жіберіледі (беріледі).
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін алу күні және уақыты көрсетіле отырып, хабарлама-есеп жіберіледі.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жарғы, көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлға ретінде, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік, көрсетілетін қызметті алушының салық органының есебінде тұрғаны, жеке басын куәландыратын рұқсат, лицензиялық алым (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында дербес алады.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілетін қызметті алушылардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;
      2) мәлімделген қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;
      3) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған мәлімделген қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;
      5) сот орындаушысының ұсынысы негізінде көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға соттың тыйым салуы;
      6) ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісінің анықталуы болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап олардың толықтығын екі жұмыс күні ішінде тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту жөнінде дәлелді жауап береді.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда почта байланысы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес қабылданады, телефон 8 (7172) 76-42-30, 76-42-33.
      Шағымның көшірмесіндегі қабылданған күні, уақыты, шағымды қабылданған адамның қолы, тегі және аты-жөні көрсетілген белгі шағымның қабылданған растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің сенім телефоны: 8 (7172) 76-42-02.
      Шағымды көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен расталған электрондық құжат нысанында портал арқылы беруге болады. Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту жөнінде жауап) өтініш туралы ақпаратқа көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» қол жеткізе алады.
      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Шағымды қарау нәтижелері туралы жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар

      13. Көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделуі тиіс.
      14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу үшін ЭЦҚ болуы қажет.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы сондай-ақ ҰҚК-нің ресми интернет-ресурсында: www.knb.kz орналастырылған.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен», сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 76-42-50, 76-42-18, 76-42-19, 76-42-39, 76-42-54, 76-42-55, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын
әзірлеуге және өткізуге (оның ішінде өзге де
беруге) лицензия беру, оны қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»    
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша                  

Нысан

_______________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
(заңды тұлғаның толық атауы, БСН деректемелері)

ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________
(қызметтің түрін және кіші түр(лер)ін көрсету)
_____________________________________________________________________

жөніндегі қызметпен айналысу үшін қағаз жеткізгіште лицензия және
лицензияға қосымша(лар) беруіңізді сұраймын
_____________________________________________________________________
     (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда, X
                        белгісі қойылады)

Заңды мекенжайы______________________________________________________
(индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі, кеңсе нөмірі)
Нақты мекенжайы______________________________________________________
   (индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі, кеңсе нөмірі)
Телефон, факс, электрондық почта ____________________________________
_____________________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________________
               (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Филиалдары (өкілдіктері)_____________________________________________
_____________________________________________________________________
(индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі, телефоны, факсы, е-maіl)
____________________________________________парақ қоса беріліп отыр.
      (оның ішінде жазбаша көрсету)

      Осымен:
      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып
табылатыны және оларға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
      көрсетілетін қызметті алушыға лицензияланатын қызмет түрімен
айналысуға соттың тыйым салмағаны;
      қоса берілген құжаттардың барлығы жарамды болып табылатыны
расталады;
      осы арқылы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын
құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беріледі.

      Басшы ____________             ________________________________
               (қолы)                            (Т.А.Ө.)

      Мөр орны                   Толтырылған күні 20 жылғы «__» _____
      (бар болса)

Өтініш 20 жылғы «___»_____сағат______минутта қарауға қабылданды
_____________________________________________________________________
              (өтінішті қабылдаған адамның қолы, Т.А.Ә.)

«Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын
әзірлеуге және өткізуге (оның ішінде өзге де
беруге) лицензия беру, оны қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»    
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша                  

Нысан

_____________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

_____________________________________________
(салық төлеушінің атауы, дара кәсіпкер ретінде
тіркелген жеке тұлғаның Т.А.Ә., ЖСН/БСН)

ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________
(қызметтің түрін және кіші түр(лер)ін көрсету)
_____________________________________________________________________

жөніндегі қызметпен айналысу үшін қағаз жеткізгіште лицензия және
лицензияға қосымша(лар) беруіңізді сұраймын _________________________
_____________________________________________________________________
     (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда X
                         белгісі қойылады)
Тұрғылықты мекенжайы_________________________________________________
_____________________________________________________________________
(индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі, пәтер нөмірі)
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі________________________________,
сериясы__________________, №________________________________________,
_____________________берілді, берілген күні_________________________
Дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік: сериясы______,
№____________________________,______________________________ берілді,
                              (салық қызметі органының атауы)
берілген күні __________________
Банк шоты ___________________________________________________________
             (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
_____________________________________________парақ қоса беріліп отыр
      (оның ішінде жазбаша түрде көрсету)

      Осымен:
      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып
табылатыны және оларға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
      көрсетілетін қызметті алушыға лицензияланатын қызмет түрімен
айналысуға соттың тыйым салмағаны;
      қоса берілген құжаттардың барлығы жарамды болып табылатыны
расталады;
      осы арқылы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын
құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беріледі.

Дара кәсіпкер _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
                 (салық төлеушінің атауы, қолы, Т.А.Ә.)

Мөр орны              Толтырылған күні 20 жылғы «_____»_____________
(бар болса)

Өтініш 20___жылғы «__»_________сағат_____минутта қарауға қабылданды
_____________________________________________________________________
              (өтінішті қабылдаған адамның қолы, Т.А.Ә.)

«Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын
әзірлеуге және өткізуге (оның ішінде өзге де
беруге) лицензия беру, оны қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»    
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша                  

Көрсетілетін қызметті алушы ақпаратты криптографиялық қорғау
құралдарын әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру)
жөніндегі қызметпен айналысу үшін біліктілік талаптарына
сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

      1. Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу
жөніндегі қызмет үшін:
      1) заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің мәртебесі туралы
ақпарат ____________________________________________________________;
        (мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірін және берілген
                         күнін көрсету)
      2) техникалық немесе физика-математика мамандығы бойынша жоғары
білімі бар мәлімделген маман(дар) туралы ақпарат
_____________________________________________________________________
   (диплом(дар)ының көшірмесін(-лерін) қоса беріп, мамандығын және
 біліктілігін, сондай-ақ диплом(дар)ының нөмірін, берілген күнін
_____________________________________________________________________
             не орнын, оқу орнының атауын көрсету)
      3) арнайы бөлінген үй-жайдың болуы туралы ақпарат
_____________________________________________________________________
(құжатт(ард)ың көшірмесін(-лерін) қоса беріп, меншік құқығын немесе
өзге заңды негізді растайтын құжаттық, сондай-ақ мамандандырылған
_____________________________________________________________________
    ұйым(дар) мен автоматтандырылған күзет және өрттен қорғау
_____________________________________________________________________
      сигнализация жүйелеріне қызмет көрсету туралы шартт(ард)ың
деректемелерін: тіркеу нөмірлерін және күндерін, сондай-ақ тиісті
_____________________________________________________________________
                 ұйымдардың атауларын көрсету)

      2. Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізу (оның
ішінде өзге де беру) жөніндегі қызмет үшін:
      1) заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің мәртебесі туралы ақпарат _____________________________________________________________
         (мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірін және берілген
                              күнін көрсету)
      2) техникалық немесе физика-математика мамандығы бойынша жоғары
білімі бар мәлімделген маман(дар) туралы ақпарат
_____________________________________________________________________
   (диплом(дар)ының көшірмесін(-лерін) қоса беріп, мамандығын және
____________________________________________________________________
біліктілігін, сондай-ақ диплом(дар)ының нөмірін, берілген күнін және
           орнын, оқу орнының атауын көрсету)
      3) арнайы бөлінген үй-жайдың болуы туралы ақпарат
_____________________________________________________________________
(құжатт(ард)ың көшірмесін(-лерін) қоса беріп, меншік құқығын немесе
_____________________________________________________________________
өзге заңды негізді растайтын құжаттың, сондай-ақ мамандандырылған

ұйым(дар)мен автоматтандырылған күзет және өрттен қорғау сигнализация
жүйелеріне қызмет көрсету туралы шартт(ард)ың деректемелерін:
_____________________________________________________________________
   тіркеу нөмірлерін және күндерін, сондай-ақ тиісті ұйымдардың
                     атауларын көрсету)

      Ескертпе: көрсетілетін қызметті алушының лицензияны «ақпаратты
криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу» жөніндегі қызметтің кіші
түріне алу үшін өтінішін қарау кезінде көрсетілетін қызметті беруші
мәлімделген адамдардың білім деңгейін біліктілік сынағын өткізу
арқылы бағалайды.
      Біліктілік сынағына арналған сұрақтар тізбесін көрсетілетін
қызметті беруші белгілейді. Біліктілік сынағы қызметті жүзеге
асыратын жері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің бөлімшесінде
тапсырылады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 31 мамырдағы
№ 600 қаулысымен
бекітілген    

«Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел
Іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық
құралдарды анықтау бойынша қызмет көрсетуге лицензия беру,
оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. «Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызмет көрсетуге лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі — мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі — ҰҚК) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті ҰҚК (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді ҰҚК-нің Арнаулы ақпараттық қызметі, оның ішінде www.e.gov.kz. «электрондық үкімет» веб-порталы және www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген сәттен бастап:
      лицензия беру үшін - 15 жұмыс күні;
      лицензияны қайта ресімдеу үшін - 10 жұмыс күні;
      лицензияның телнұсқасын беру үшін - 2 жұмыс күні;
      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара
автоматтандырылған).
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызмет көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру не электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық құжат нысанында ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады.
      Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін лицензиялық алым алынады, ол:
      1) лицензия беру үшін - 20 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК);
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін - 2 АЕК-ті;
      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін - 20 АЕК-ті құрайды.
      Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлем екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жүзеге асырылады, олар көрсетілетін қызметті алушыға төлемнің мөлшерін және күнін растайтын құжатты (түбіртекті) береді.
      Портал арқылы жүгінген кезде төлем «электрондық үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында, сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін (өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады);
      2) портал - тәулік бойы (техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) лицензия алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға (заңды тұлғалар үшін) не 2-қосымшаға (дара кәсіпкерлер үшін) сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер нысаны;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      лицензияның деректері көрсетілген лицензияны қайта ресімдеу туралы еркін нысандағы өтініш;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталда лицензия туралы мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды ұсына отырып, жүгінеді:
      лицензияның телнұсқасын беру туралы еркін нысандағы өтініш. Қағаз жеткізгіште берілген лицензия бүлінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алғанға дейін осыдан бұрын алынған лицензияның түпнұсқасын көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      порталға:
      1) лицензия алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер нысаны;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі;
      3) лицензияның телнұсқасын алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Өтініштің көшірмесіндегі құжаттар топтамасының қабылданған күні, уақыты, қабылдаған адамның тегі және аты-жөні көрсетілген белгі көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш бергенін растау болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылған құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі қойылып, мемлекеттік қызметті алушыға жіберіледі (беріледі).
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін алу күні және уақыты көрсетіле отырып, хабарлама-есеп жіберіледі.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жарғы, көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлға ретінде, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік, көрсетілетін қызметті алушының салық органының есебінде тұрғаны, жеке басын куәландыратын құжат, лицензиялық алым (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында дербес алады.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілетін қызметті алушылардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;
      2) мәлімделген қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;
      3) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған мәлімделген қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;
      5) сот орындаушысының ұсынысы негізінде көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға соттың тыйым салуы;
      6) ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісінің анықталуы болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап олардың толықтығын екі жұмыс күні ішінде тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту жөнінде дәлелді жауап береді.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда почта байланысы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес қабылданады, телефон 8 (7172) 76-42-30, 76-42-33.
      Шағымның көшірмесіндегі қабылданған күні, уақыты, шағымды қабылдаған адамның қолы, тегі және аты-жөні көрсетілген белгі шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің сенім телефоны: 8 (7172) 76-42-02.
      Шағымды көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен расталған электрондық құжат нысанында портал арқылы беруге болады. Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту жөнінде жауап) өтініш туралы ақпаратқа көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» қол жеткізе алады.
      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Шағымды қарау нәтижелері туралы жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар

      13. Көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделуі тиіс.
      14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу үшін ЭЦҚ болуы қажет.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы сондай-ақ ҰҚК-нің ресми интернет-ресурсында: www.knb.kz орналастырылған.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен», сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 76-42-50, 76-42-18, 76-42-19, 76-42-39, 76-42-54, 76-42-55, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды 
және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге   
арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау
бойынша қызмет көрсетуге лицензия беру, оны
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша                     

Нысан

____________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы
______________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, БСН деректемелері)

ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________
               (қызметтің түрін және кіші түр(лер)ін көрсету)
_____________________________________________________________________
жөніндегі қызметпен айналысу үшін қағаз жеткізгіште лицензия және
лицензияға қосымша(лар) беруіңізді сұраймын
_____________________________________________________________________
    (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда, X
                   белгісі қойылады)
Заңды мекенжайы _____________________________________________________
               (индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі,
                                кеңсе нөмірі)
Нақты мекенжайы _____________________________________________________
                 (индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі,
                                кеңсе нөмірі)
Телефон, факс, электрондық почта ____________________________________
_____________________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________________
              (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Филиалдары (өкілдіктері) ____________________________________________
                        (индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй
                              нөмірі, телефоны, факсы, е-mаіl)
____________________________________________ парақ қоса беріліп отыр.
        (оның ішінде жазбаша көрсету)

      Осымен:
      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып
табылатыны және оларға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
      көрсетілетін қызметті алушыға лицензияланатын қызмет түрімен
айналысуға соттың тыйым салмағаны;
      қоса берілген құжаттардың барлығы жарамды болып табылатыны
расталады;
      осы арқылы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын
құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беріледі.

      Басшы______________                    ________________________
              (қолы)                               (Т.А.Э.)

      Мөр орны             Толтырылған күні 20 жылғы «___» __________
      (бар болса)

Өтініш 20___ жылғы «___»_____ сағат _____ минутта қарауға қабылданды
____________________________________________________________________
            (өтінішті қабылдаған адамның қолы, Т.А.Ә.)

«Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды
және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге
арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау
бойынша қызмет көрсетуге лицензия беру, оны
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша                    

Нысан

_____________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
_____________________________________________
(салық төлеушінің атауы, дара кәсіпкер ретінде
тіркелген жеке тұлғаның Т.А.Ә., ЖСН/БСН)  

ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________
             (қызметтің түрін және кіші түр(лер)ін көрсету)
_____________________________________________________________________
жөніндегі қызметпен айналысу үшін қағаз жеткізгіште лицензия және
лицензияға қосымша(лар) беруіңізді сұраймын _________________________
_____________________________________________________________________
 (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда X белгісі
                        қойылады)
Тұрғылықты мекенжайы ________________________________________________
_____________________________________________________________________
(индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі, пәтер нөмірі)
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі _______________________________,
сериясы ________________________, № ________________________________,
_________________________ берілді, берілген күні ____________________

Дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік: серияс ______,
№ _____________________________, ___________________________ берілді,
                                (салық қызметі органының атауы)

берілген күні_________________

Банк шоты ___________________________________________________________
               (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
_____________________________________________ парақ қоса беріліп отыр
     (оның ішінде жазбаша түрде көрсету)

      Осымен:
      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып
табылатыны және оларға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
      көрсетілетін қызметті алушыға лицензияланатын қызмет түрімен
айналысуға соттың тыйым салмағаны;
      қоса берілген құжаттардың барлығы жарамды болып табылатыны
расталады;
      осы арқылы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын
құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беріледі.

      Дара кәсіпкер _________________________________________________
_____________________________________________________________________
                 (салық төлеушінің атауы, қолы, Т.А.Ә.)

      Мөр орны               Толтырылған күні 20___жылғы «___» ______
      (бар болса)

Өтініш 20__жылғы «__»_______ __сағат___минутта қарауға қабылданды
_____________________________________________________________________
          (өтінішті қабылдаған адамның қолы, Т.А.Э.)

«Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды
және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге 
арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау
бойынша қызмет көрсетуге лицензия беру, оны
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша                  

Көрсетілетін қызметті алушының ақпарат таралып кететін
техникалық арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын
жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша
қызмет көрсету үшін біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы
мәліметтер нысаны

      1. Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің мәртебесі туралы ақпарат
____________________________________________________________________;
      (мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірін және берілген
                            күнін көрсету)
      2. Жоғары немесе орта кәсіптік техникалық білімі бар
мәлімделген маман(дар) туралы ақпарат _______________________________
_____________________________________________________________________
   (диплом(дар)ының көшірмесін(-лерін) қоса беріп, мамандығын және
____________________________________________________________________;
  біліктілігін, диплом(дары)ның нөмірін, берілген күнін және орнын,
                оқу орнының атауын көрсету)
      3. Техникалық іздестіру құралдарының ең аз жинағының болуы туралы ақпарат ______________________________________________________
            көрсетілген құралдардың меншік құқығында болуын растайтын
____________________________________________________________________;
     құжаттарды қоса беріп, көрсетілетін қызметті алушы хатының
          деректемелерін: тіркеу нөмірін және күнін көрсету)
      4. Арнайы бөлінген үй-жайдың болуы туралы ақпарат
_____________________________________________________________________
(құжатт(ард)ың көшірмесін(-лерін) қоса беріп, меншік құқығын немесе
_____________________________________________________________________
өзге заңды негізді растайтын құжаттың, сондай-ақ мамандандырылған
    ұйым(дар)мен автоматтандырылған күзет және өрттен қорғау
_____________________________________________________________________
   сигнализация  жүйелеріне қызмет көрсету туралы шартт(ард)ың
деректемелерін: тіркеу нөмірлерін және күндерін, сондай-ақ тиісті
_____________________________________________________________________
                  ұйымдардың атауларын көрсету)

      Ескертпе: мәлімделген адамдардың білім деңгейін бағалау
мәлімделген қызмет түрі бойынша біліктілік сынағының нәтижелері
бойынша жүзеге асырылады. Біліктілік сынағына арналған сұрақтар
тізбесін көрсетілетін қызметті беруші белгілейді. Біліктілік сынағы
көрсетілетін қызметті алушы қызметін жүзеге асыратын жері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің бөлімшесінде тапсырылады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 31 мамырдағы
№ 600 қаулысымен   
бекітілген      

«Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды
Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге және Кеден одағының
кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беретін құжат)
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. «Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беретін құжат) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - ҰҚК) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті ҰҚК (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді. ҰҚК-нің Арнаулы ақпараттық қызметі, оның ішінде www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген сәттен бастап - күнтізбелік 15 күн.
      Арнайы техникалық құралдардың үлгілерін ұсыну мерзімі көрсетілетін қызметті алушы тиісті хабарламаны алған сәттен бастап (көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде) немесе хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» түскен сәттен бастап (портал арқылы жүгінген кезде) күнтізбелік 5 күнді құрайды. Осы мерзім мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беретін құжат) беру не электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық құжат нысанында ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады.
      Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында, сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін (өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады);
      2) портал — тәулік бойы (техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      2) сыртқы сауда келісімінің (келісімшарттың), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың көшірмесі және (немесе) тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжаттың көшірмесі;
      3) арнайы техникалық құралдарға техникалық құжаттама;
      4) арнайы техникалық құралдардың үлгілері (көрсетілетін қызметті берушінің талабы бойынша) (арнайы техникалық құралдардың үлгілерін ұсыну қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны жазбаша хабардар етеді);
      порталға:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) сыртқы сауда шарты (келісімшарт), оған қосымша және (немесе) толықтыру және (немесе) тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжат сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі;
      3) арнайы техникалық құралдарға техникалық құжаттама электрондық құжат нысанында немесе сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Арнайы техникалық құралдардың үлгілерін ұсыну қажет болған жағдайда (көрсетілетін қызметті берушінің талабы бойынша), көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» тиісті хабарлама жібереді.
      Өтініштің көшірмесіндегі құжаттар топтамасын қабылдау күні, уақыты, қабылдаған адамның қолы, тегі және аты-жөні көрсетілген белгі көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш бергенін растау болып табылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» сұрау салудың қабылданғаны туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні және уақыты көрсетіле отырып хабарлама-есеп жіберіледі.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлға ретінде, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік, жеке басын куәландыратын құжат, жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында дербес алады.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттардың ұсынылмауы;
      2) үшінші елдерде олардың кедендік аумағына арнайы техникалық құралдарды әкелуге шектеудің болуы;
      3) Кеден одағына мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру ықтималдығы болып табылады, ол арнайы техникалық құралдарды және (немесе) олардың құжаттамасын зерттеу (сынау, сараптау) нәтижелері бойынша айқындалады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның
лауазымды, адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері
бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда почта байланысы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес қабылданады, телефон 8 (7172) 76-42-30, 76-42-33.
      Шағымның көшірмесіндегі қабылданған күні, уақыты, шағымды қабылдаған адамның қолы, тегі және аты-жөні көрсетілген белгі шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің сенім телефоны: 8 (7172) 76-42-02.
      Шағымды көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен расталған электрондық құжат нысанында портал арқылы беруге болады. Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту жөнінде жауап) өтініш туралы ақпаратқа көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» қол жеткізе алады.
      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Шағымды қарау нәтижелері туралы жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар

      13. Көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделуі тиіс.
      14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу үшін ЭЦҚ болуы қажет.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы сондай-ақ ӨҚК-нің ресми интернет-ресурсында: www.knb.kz. орналастырылған.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен», сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 76-42-50, 76-42-18, 76-42-19, 76-42-39, 76-42-54, 76-42-55, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы
техникалық құралдарды Кеден одағының 
кедендік аумағына әкелуге және Кеден одағының
кедендік аумағынан әкетуге қорытынды  
(рұқсат беретін құжат) беру»     
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша                  

Нысан

____________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
____________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының     
толық атауы немесе Т.А.Ә.)       

ӨТІНІШ

Мынадай арнайы техникалық құралдарды ________________________________
                      (тауарды алып жүру түрін көрсету: әкелу, әкету,
_____________________________________________________________________
              уақытша әкелу, уақытша әкету, тасымалдау)
қорытынды (рұқсат беру құжатын) беруді сұраймын:

Р/с

Бұйымның құрамы көрсетілген оның атауы

Моделі

Зауыттық нөмірі

Сериялық нөмірі

Саны

КО СЭҚ ТН коды** Бірыңғай тізбенің 2.17-бөлімінен

1.

2.

Көрсетілетін қызметті алушының ЖСН/БСН* _____________________________
                                (көрсетілетін қызметті алушының жеке
                           сәйкестендіру нөмірін және (немесе) бизнес
                                    сәйкестендіру нөмірін көрсету)
Көрсетілетін қызметті алушының заңды мекенжайы ______________________
_____________________________________________________________________
(индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі, кеңсе нөмірі)
Көрсетілетін қызметті алушының нақты мекенжайы* _____________________

Көрсетілетін қызметті алушының телефоны, факсы, электрондық почтасы*_
_____________________________________________________________________
Алушы/жөнелтуші* ____________________________________________________
            (әріптес ұйымның толық ресми атауын және толық мекенжайын
      көрсету. Бұл ретте алушы ретінде көрсетілетін қызметті алушыдан
       тауарға құқық алатын ұйым, ал жөнелтуші ретінде - көрсетілетін
           қызметті алушыға осы құқықты беретін ұйым көрсетіледі)
Межелі/жөнелту елі __________________________________________________
                    (межелі /жөнелту түпкі орны болып табылатын елдің
                                      атауын көрсету)
Транзит елі _________________________________________________________
             (транзитпен өткізген жағдайда, аумағында транзит жүзеге
          асырылатын Кеден одағына мүше мемлекеттің атауын көрсету)

Әкелу/әкету мақсаты* ________________________________________________
                  (тауарды әкелу, әкету, уақытша әкелу, уақытша әкету
                                     мақсатын көрсету)
Уақытша әкелу/әкету мерзімі _________________________________________
                 (уақытша әкелінетін/әкетілетін жағдайда,  тауарларды
                      уақытша әкелу немесе уақытша әкету жөніндегі
                     міндеттеме қолданысының аяқталу күнін көрсету)
Негіздеме* __________________________________________________________
              (мемлекеттік қызмет көрсету үшін негіздеме болатын
                             құжаттарды көрсету)

Қосымша ақпарат _____________________________________________________
          (өтініштің басқа жолдарындағы ақпаратты айқындайтын қосымша
_____________________________________________________________________
  мәліметтерді, қажет болған жағдайда, осыдан бұрын берілген арнайы
техникалық құралдарды әкелуге және әкетуге қорытындының (рұқсат
_____________________________________________________________________
    беретін құжаттың) деректемелерін, сондай-ақ тауардың құны және
____________________________________________________________________
қосымша берілетін құжаттар, оның ішінде тауардың фотографиялық
             суреті туралы ақпаратты көрсету)
____________________________________________ парақ қоса беріліп отыр.
        (оның ішінде жазбаша көрсету)

      Осымен:
      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып
табылатыны және оларға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
      қоса берілген құжаттардың барлығы жарамды болып табылатыны
расталады.

      Басшы ___________________                      ________________
             (қолы)                                      (Т.А.Ә.)

      Мер орны       Толтырылған күні 20___жылғы «__»___________
      (бар болса)

Өтініш 20__жылғы «__»______ ___сағат____минутта қарауға қабылданды
__________________________________________________________________
              (өтінішті қабылдаған адамның қолы, Т.А.Ә.)

      Ескертпе:
      1) кестенің барлық бағандары міндетті түрде толтырылуы тиіс;
      2) * - жол міндетті түрде толтырылуы тиіс;
      3) **- Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар
номенклатурасының коды;
      4) *** - Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2012 жылғы
16 тамыздағы № 134 шешіміне № 1 қосымша (Еуразиялық экономикалық
қоғамдастығы шеңберінде үшінші елдермен сауда жасауда Кеден одағына
мүше мемлекеттердің әкелуге немесе әкетуге тыйым салу немесе шектеу
қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесі).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 31 мамырдағы
№ 600 қаулысымен
бекітілген     

«Шифрлау (криптографиялық) құралдарын Кеден одағының кедендік
аумағына әкелуге және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге
(рұқсат беретін құжат) қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. «Шифрлау (криптографиялық) құралдарын Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге (рұқсат беретін құжат) қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - ҰҚК) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті ҰҚК (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді ҰҚК-нің Арнаулы ақпараттық қызметі, оның ішінде www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген сәттен бастап — күнтізбелік 15 күн.
      Шифрлау құралдың үлгілерін ұсыну мерзімі көрсетілетін қызметті алушы тиісті хабарламаны алған сәттен бастап (көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде) немесе хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» түскен сәттен бастап (портал арқылы жүгінген кезде) күнтізбелік 5 күнді құрайды. Осы мерзім мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты — 20 минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі шифрлау (криптографиялық) құралдарын Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге (рұқсат беретін құжат) қорытынды беру не электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық құжат нысанында ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады.
      Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында, сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін (өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады);
      2) портал - тәулік бойы (техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі)жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      2) шифрлау құралына техникалық құжаттама (бастапқы кодтарды ұсыну міндетті талап болып табылмайды, көрсетілетін қызметті алушының бастапқы кодтарды ұсынудан бас тартуы өз бетінше өтініш бойынша бас тарту үшін негіздеме болып табылмайды);
      3) шифрлау құралының үлгілері (көрсетілетін қызметті берушінің талабы бойынша ғылыми-техникалық сараптама жүргізу үшін) (шифрлау құралының үлгілерін ұсыну қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны жазбаша хабардар етеді);
      4) сыртқы сауда келісімінің (келісімшарттың), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың көшірмесі және (немесе) тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжаттың көшірмесі;
      порталға:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) шифрлау құралына техникалық құжаттама электрондық құжат нысанында немесе сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі. Бастапқы кодтарды ұсыну міндетті талап болып табылмайды. Көрсетілетін қызметті алушының бастапқы кодтарды ұсынудан бас тартуы өз бетінше өтініш бойынша бас тарту үшін негіздеме болып табылмайды;
      3) сыртқы сауда шарты (келісімшарт), оған қосымша және (немесе) толықтыру және (немесе) тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжат сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Шифрлау құралының үлгілерін ұсыну қажет болған жағдайда (көрсетілетін қызметті берушінің талабы бойынша ғылыми-техникалық сараптама жүргізу үшін), көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» тиісті хабарлама жібереді.
      Өтініштің көшірмесіндегі құжаттар топтамасын қабылдау күні, уақыты, қабылдаған адамның қолы, тегі және аты-жөні көрсетілген белгі көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш бергенін растау болып табылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» сұрау салудың қабылданғаны туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні және уақыты көрсетіле отырып хабарлама-есеп жіберіледі.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтыған көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлға ретінде, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік, жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында дербес алады.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттардың ұсынылмауы;
      2) үшінші елдерде олардың кедендік аумағына шифрлау құралдарын әкелуге шектеудің болуы;
      3) Кеден одағына мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру ықтималдығы болып табылады, ол шифрлау құралдарын және (немесе) олардың құжаттамасын ғылыми-техникалық сараптау нәтижелері бойынша айқындалады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда почта байланысы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес қабылданады, телефон 8 (7172) 76-42-30, 76-42-33.
      Шағымның көшірмесіндегі қабылданған күні, уақыты, шағымды қабылдаған адамның қолы, тегі және аты-жөні көрсетілген белгі шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің сенім телефоны: 8 (7172) 76-42-02.
      Шағымды көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен расталған электрондық құжат нысанында портал арқылы беруге болады. Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту жөнінде жауап) өтініш туралы ақпаратқа көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» қол жеткізе алады.
      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Шағымды қарау нәтижелері туралы жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар

      13. Көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделуі тиіс.
      14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті-портал арқылы алу үшін ЭЦҚ болуы қажет.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы сондай-ақ ҰҚК-нің ресми интернет-ресурсында: www.knb.kz орналастырылған.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен», сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 76-42-50, 76-42-18, 76-42-19, 76-42-39, 76-42-54, 76-42-55, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Шифрлау (криптографиялық) құралдарын Кеден
одағының кедендік аумағына әкелуге және Кеден
одағының кедендік аумағынан әкетуге (рұқсат
беретін құжат) қорытынды беру»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша                  

Нысан

_____________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
_____________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының    
толық атауы немесе Т.А.Э.)       

ӨТІНІШ

Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын мынадай тауарларды
_____________________________________________________________________
      (тауарды алып жүру түрін көрсету: әкелу, әкету, уақытша әкелу,
                        уақытша әкету, тасымалдау)
қорытынды (рұқсат беру құжатын) беруді сұраймын*:

Р/с №

Бұйымның құрамы көрсетілген оның атауы

Моделі

Зауыттық нөмірі

Сериялық нөмірі

Саны

КО СЭҚ ТН коды ** Бірыңғай тізбенің 2.17-бөлімінен

1.

2.

Көрсетілетін қызметті алушының ЖСН/БСН*______________________________
                                 (көрсетілетін қызметті алушының жеке
                                 сәйкестендіру нөмірін және (немесе)
                                бизнес сәйкестендіру нөмірін көрсету)
Көрсетілетін қызметті алушының заңды мекенжайы* _____________________
_____________________________________________________________________
(индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі, кеңсе нөмірі)
Көрсетілетін қызметті алушының нақты мекенжайы* _____________________
_____________________________________________________________________
(индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі, кеңсе нөмірі)
Көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы* ___________________________
_____________________________________________________________________
Алушы/жөнелтуші* ____________________________________________________
            (әріптес ұйымның толық ресми атауын және толық мекенжайын
             көрсету.Б ретте алушы ретінде көрсетілетін қызметті
           алушыдан тауарға құқық алатын ұйым, ал жөнелтуші ретінде -
            көрсетілетін қызметті алушыға осы құқықты беретін ұйым
                                          көрсетіледі)
Межелі/жөнелту елі* _________________________________________________
                      (межелі /жөнелту түпкі орны болып табылатын
                              елдің атауын көрсету)

Транзит елі _________________________________________________________
            (транзитпен өткізген жағдайда, аумағында транзит жүзеге
            асырылатын Кеден одағына мүше мемлекеттің атауын көрсету)
Әкелу/әкету мақсаты* ________________________________________________
                   (тауарды әкелу, әкелу, уақытша әкелу, уақытша
                              әкету мақсатын көрсету)

Уақытша әкелу/әкету мерзімі _________________________________________
                  (уақытша әкелінетін/әкетілетін жағдайда, тауарларды
                   уақытша әкелу немесе уақытша әкету жөніндегі
                   міндеттеме қолданысының аяқталу күнін көрсету)
Негіздеме* __________________________________________________________
            (мемлекеттік қызмет көрсету үшін негіздеме болатын
                         құжаттарды көрсету)
Тауарды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына жатқызу
тұрғысынан техникалық зерттеу бойынша қорытындының деректемелері
_____________________________________________________________________
      (тиісті қорытындының тіркеу нөмірін және берілген күнін
  көрсету, ұйымдар шифрлау құралдарын өз мұқтаждықтарын қамтамасыз
           ету мақсатында әкелген жағдайда толтырылады)

Қосымша ақпарат _____________________________________________________
          (өтініштің басқа жолдарындағы ақпаратты айқындайтын қосымша
_____________________________________________________________________
  мәліметтерді, қажет болған жағдайда, осыдан бұрын берілген шифрлау
(криптографиялық) құралдарын әкелуге және әкетуге қорытындының
_____________________________________________________________________
(рұқсат беретін құжаттың) деректемелерін, сондай-ақ тауардың құны
        және қосымша берілетін құжаттар, оның ішінде тауардың
_____________________________________________________________________
      фотографиялық суреті туралы ақпаратты көрсету)
____________________________________________ парақ қоса беріліп отыр.
            (оның ішінде жазбаша көрсету)

      Осымен:
      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып
табылатыны және оларға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
      қоса берілген құжаттардың барлығы жарамды болып табылатыны
расталады.

      Басшы _______________                     _____________________
              (қолы)                                   (Т.А.Ә.)

      Мөр орны               Толтырылған күні 20 __ жылғы «___» _____
      (бар болса)

      Өтініш 20 жылғы «__» _________ ____ сағат ____ минутта қарауға
қабылданды
_____________________________________________________________________
                (өтінішті қабылдаған адамның қолы, Т.А.Ә.)

      Ескертпе:
      1) кестенің барлық бағандары міндетті түрде толтырылуы тиіс;
      2) * -жол міндетті түрде толтырылуы тиіс;
      3) ** - Кеден одағының сыртқы экономиқалық іс-қимылының тауар
номенклатурасының коды;
      4) *** — Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2012 жылғы
16 тамыздағы № 134 шешіміне № 1 қосымша (Еуразиялық экономикалық
қоғамдастығы шеңберінде үшінші елдермен сауда жасауда Кеден одағына
мүше мемлекеттер әкелуге немесе әкетуге тыйым салу немесе шектеу
қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбес).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 31 мамырдағы
№ 600 қаулысымен 
бекітілген    

«Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және
жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы
техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу
жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. «Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - ҰҚК) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті ҰҚК (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді ҰҚК-нің Арнаулы ақпараттық қызметі, оның ішінде www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген сәттен бастап - 5 жұмыс күні.
      Тауардың үлгісін ұсыну қажет болған жағдайда — тауардың үлгісі ұсынылған күннен бастап, күнтізбелік 30 күн. Тауардың үлгісін ұсыну мерзімі көрсетілетін қызметті алушы тиісті хабарламаны алған сәттен бастап (көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде) немесе хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» түскен сәттен бастап (портал арқылы жүгінген кезде) - 5 жұмыс күні;
      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу бойынша электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған қорытындыны беру болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық құжат нысанында ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады.
      Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі
      1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында, сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін (өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады);
      көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін қоса есептеледі, сағат 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;
      2) портал - тәулік бойы (техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      2) зерттелетін тауарға техникалық құжаттама;
      3) тауарды жеткізуге келісімдердің (келісімшарттардың) көшірмелері (бар болса);
      4) тауардың үлгісі (қорытынды шығару кезінде қиыншылық туындаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің талабы бойынша) (тауардың үлгісін ұсыну қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны жазбаша хабардар етеді);
      порталға:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) зерттелетін тауарға техникалық құжаттама электрондық құжат нысанында немесе сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау сұрау салуға қоса тіркеледі;
      3) тауарды жеткізуге келісімдер (келісімшарттар) (бар болса) сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі;
      4) тауардың үлгісін ұсыну қажет болған жағдайда (қорытынды шығару кезінде қиыншылық туындаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің талабы бойынша), көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» тиісті хабарлама жібереді.
      Өтініштің көшірмесіндегі құжаттар топтамасының қабылданған күні, уақыты, қабылдаған адамның тегі және аты-жөні көрсетілген белгі көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш бергенін растау болып табылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» сұрау салудың қабылданғаны туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні және уақыты көрсетіле отырып, хабарлама-есеп жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында айқындалған құжаттардың толықтығын қамтамасыз етеді.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда почта байланысы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес қабылданады, телефон 8 (7172) 76-42-30, 76-42-33.
      Шағымның көшірмесіндегі қабылданған күні, уақыты, шағымды қабылдаған адамның қолы, тегі және аты-жөні көрсетілген белгі шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті-берушінің сенім телефоны: 8 (7172) 76-42-02.
      Шағымды көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен расталған электрондық құжат нысанында портал арқылы беруге болады. Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту жөнінде жауап) өтініш туралы ақпаратқа көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» қол жеткізе алады.
      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Шағымды қарау нәтижелері туралы жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      11. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар

      12. Көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделуі тиіс.
      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу үшін ЭЦҚ болуы қажет.
      14.Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы сондай-ақ ҰҚК-нің ресми интернет-ресурсында: www.knb.kz орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен», сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 76-42-50, 76-42-18, 76-42-19, 76-42-39, 76-42-54, 76-42-55, мемлекеттік. қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Тауарларды ақпаратты криптографиялық
қорғау құралдарына және жедел-іздестіру
іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы
техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан
техникалық зерттеу жүргізу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына 
қосымша                 

Нысан

_____________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
_____________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының       
толық атауы немесе Т.А.Ә.)         

Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және
жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы
техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық
зерттеу өткізуге
ӨТІНІШ

      Мына тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізуді сұраймын:

Р/с №

Бұйымның құрамы көрсетілген оның атауы

Мақсаты

Моделі

Зауыттық, сериялық нөмірі

Саны

КО СЭҚ ТН коды**

1.

2.

3.

Сыртқы сауда шарты (келісімшарты), оған қосымша және (немесе)
толықтыру және (немесе) тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжат
_____________________________________________________________________
(тиісті құжаттың нөмірі және жасасу күнін, парақтар санын көрсету)
Көрсетілетін қызметті алушының ЖСН/БСН*______________________________
           (көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірін
            және (немесе) бизнес сәйкестендіру нөмірін көрсету)
Көрсетілетін қызметті алушының заңды мекенжайы*______________________
_____________________________________________________________________
(индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі, кеңсе нөмірі)
Көрсетілетін қызметті алушының нақты мекенжайы*______________________
_____________________________________________________________________
  (индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі, кеңсе нөмірі)
Көрсетілетін қызметті алушының (оның ішінде көрсетілетін қызметті
алушы орындаушысының) телефоны, факсы, электрондық почтасы, ресми
интернет-ресурсы (бар болса)*________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________парақ қоса беріліп отыр.
      (оның ішінде жазбаша көрсету)

      Осымен:
      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып
табылатыны және оларға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
      қоса берілген құжаттардың барлығы жарамды болып табылатыны
расталады.

      Басшы____________                     _________________________
             (қолы)                                (Т.А.Ә.)

      Мөр орны                Толтырылған күні 20 жылғы «___»________
      (бар болса)

Өтініш 20 жылғы «__»_____ ____сағат______минутта қарауға қабылданды
____________________________________________________________________
              (өтінішті қабылдаған адамның қолы, Т.А.Ә.)

      Ескертпе:
      1) кестенің барлық бағаны міндетті түрде толтырылуы тиіс;
      2) * — жол міндетті түрде толтырылуы тиіс;
      3) ** - Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар
номенклатурасының коды.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 31 мамырдағы
№ 600 қаулысымен
бекітілген   

«Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың
(өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. «Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі — мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - ҰҚК) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті ҰҚК (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді ҰҚК-нің Арнаулы ақпараттық қызметі, оның ішінде www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және www.e.gov.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген сәттен бастап - 10 жұмыс күні;
      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: қағаз түрінде және электрондық құжат нысанында шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияны тіркеу не тіркемеу туралы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған шешімі.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында, сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін (өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады);
      2) портал — тәулік бойы (техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) еркін нысандағы ілеспе хат;
      2) Нотификацияны тіркеу тәртібі туралы ережеге («Тарифтік емес реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134 шешімімен бекітілген Шифрлау (крифтографиялық) құралдарын Кеден одағының кедендік аумағына әкелу және Кеден одағының кедендік аумағынан әкету тәртібі туралы ережеге 3-қосымша (бұдан әрі - Ереже) сәйкес толтырылған және ресімделген осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы нотификация екі данада;
      3) *.хls. пішінді жеткізгіштегі (компакт-диск, флэш-жады) нотификацияның электрондық көшірмесі (көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылатын нотификацияның файлы құрылымының сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген);
      4) көрсетілетін қызметті алушыға өндірушінің атынан әрекет етуге құқық беретін заңдастырылған құжат (апостиль, консулдық заңдастыру). Көрсетілген құжат шет тілінде дайындалған жағдайда, түпнұсқасына немесе нотариус куәландырған көшірмесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасы қоса беріледі (нотификацияны Кеден одағына мүше емес елдің өндіруші ұйымы ресімдеген жағдайда, нотификация заңдастырылуы тиіс);
      порталға:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) Нотификацияны тіркеу тәртібі туралы ережеге сәйкес (Ережеге 3-қосымша) толтырылған және ресімделген осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы нотификация электрондық құжат нысанында электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі;
      3) электрондық сұрау салуға қоса тіркелетін *.хls. пішіндегі нотификацияның электрондық көшірмесі (көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылатын нотификацияның файл құрылымының сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген);
      4) көрсетілетін қызметті алушыға өндірушінің атынан әрекет етуге құқық беретін заңдастырылған құжаттың (апостиль, консулдық заңдастыру) сканерленген көшірмесі электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі. Көрсетілген құжат шет тілінде дайындалған жағдайда, электрондық сұрау салуға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасы қоса тіркеледі (нотификацияны Кеден одағына мүше емес елдің өндіруші-ұйымы ресімдеген жағдайда, нотификация заңдастырылуы тиіс).
      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасының толықтығын тексергеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының осы тармағының алтыншы абзацында көзделген құжатты көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама жібереді. Нотификацияны Кеден одағына мүше емес елдің өндіруші ұйымы ресімдеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының осы тармағының төртінші абзацында көзделген құжатты көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама жібереді. Аталған құжаттарды ұсыну мерзімі көрсетілетін қызметті алушы хабарлама алған сәттен бастап 3 жұмыс күнін құрайды.
      Ілеспе хаттың көшірмесіндегі құжаттар топтамасын қабылдау күні, уақыты, қабылдаған адамның тегі және аты-жөні көрсетілген белгі көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш бергенін растау болып табылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» сұрау салудың қабылданғаны туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні және уақыты көрсетіле отырып, хабарлама-есеп жіберіледі.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік, жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында дербес алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының осы тармағында белгіленген құжаттардың толықтығын қамтамасыз етеді.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда почта байланысы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес қабылданады, телефон 8 (7172) 76-42-30, 76-42-33.
      Шағымның көшірмесіндегі қабылданған күні, уақыты, шағымды қабылдаған адамның қолы, тегі және аты-жөні көрсетілген белгі шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің сенім телефоны: 8 (7172) 76-42-02.
      Шағымды көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен расталған электрондық құжат нысанында портал арқылы беруге болады. Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту жөнінде жауап) өтініш туралы ақпаратқа көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» қол жеткізе алады.
      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Шағымды қарау нәтижелері туралы жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      11. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар

      12. Көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделуі тиіс.
      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу үшін ЭЦҚ болуы қажет.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы сондай-ақ ҰҚК-нің ресми интернет-ресурсында: www.knb.kz орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен», сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 76-42-50, 76-42-18, 76-42-19, 76-42-39, 76-42-54, 76-42-55, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Шифрлау (криптографиялық) құралдарын
қамтитын тауарлардың (өнімдердің) 
сипаттамасы туралы нотификацияларды
тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына       
1-қосымша             

Нотификация нысаны

Тізілімде тіркелген 20____ж. «____»___________№______________________
М.О._____________________________________ ___________________________
   (уәкілетті орган тұлғасының қолы)               (Т.А.Ә.)
---------------------------------------------------------------------

Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын
тауардың (өнімнің) сипаттамасы туралы
НОТИФИКАЦИЯ

1. Тауардың (өнімнің) атауы__________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Тауардың (өнімнің) мақсаты________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Тауарды (өнімді) өндірушінің деректемелері________________________
_____________________________________________________________________
4. Пайдаланылатын криптографиялық алгоритмдер:     № 1 қосымшадан
                                                   тауар санатының №

а)_________________________________________________________
___________________________________________________________

ә)_________________________________________________________
___________________________________________________________

б)_________________________________________________________

_____________________________________________________________________

5. Тауарда (өнімде) пайдаланушыға Ұсынылған пайдалану құжаттамасында
сипатталмаған функционалдық мүмкіндіктердің болуы______
_____________________________________________________________________
6. Нотификацияның қолданылу мерзімі - 20__ж. «___»_____________дейін.
7. Өтініш берушінің деректемелері____________________________________
_____________________________________________________________________
8. Нотификацияны ресімдеу бойынша өкілеттіктерді уәкілетті адамға
берген өндіруші (әзірлеуші) құжатының деректемелері (қажет болса)____
_____________________________________________________________________
9. Нотификацияны қабылдау күні 20____ж. «___»:_______________________
М.О.__________________________________________ ______________________
              (өтініш берушінің қолы)                 (Т.А.Ә.)

Ескертпе: бланкінің сырт жағын пайдалануға болады.

Шифрлау (криптографиялық) құралдарын
қамтитын тауарлардың сипаттамасы туралы
нотификацияларды тіркеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына  
2-қосымша            

Көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылатын
нотификация файлы құрылымының сипаттамасы

Атауы

Жол түрі

Мағыналық мазмұны

Міндеттілігі

1

Нөмірі

Символдық

Тіркеу нөмірі

Жоқ

2

Тауардың (өнімнің) атауы

Символдық

Тауардың (өнімнің) атауы

Иә

3

Тауарды (өнімді) әзірлеуші

Символдық

Тауарды (өнімді) әзірлеуші

Иә

4

Нотификацияның тіркелген күні

Күні кк.аа.жжжж пішінде

Нотификацияның тіркелген күні

Жоқ

5

Қолдану мерзімі

Күні кк.аа.жжжж пішінде

Нотификацияның қолданыс мерзімі

Иә

6

Мәртебесі

Логикалық

Нотификацияның мәртебесі, қолданыста/ жойылған деген мәні бар

Жоқ

7

Сәйкестендіргіш

Символдық

Тауардың (өнімнің) сәйкестендіргіші 11 символдық код

Иә

      Ескертпе:
      * - «Сәйкестендіргіш» деген жол («Мағыналық мазмұны» деген бағанда) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген нотификация нысанының «Пайдаланылатын криптографиялық алгоритмдер» деген 4-бағанына енгізілген деректер негізінде толтырылады. Мәні 11 символдан қалыптастырылады, әрбір символ Ережеге № 1-қосымшаның көрсетілген тармағына сәйкес тексеріледі. Егер сәйкестендіргіш символының реттік нөмірінің мәні Ережеге № 1-қосымша тармағының мәніне тең болса, символға бір деген, болмаса - нөл деген мән беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады