«Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының iшкi нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткiзудiң 2014 жылғы 1 шілде – 31 желтоқсан кезеңіне арналған шектi бағалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 12 маусымдағы
№ 641 қаулысымен
мақұлданған
Қазақстан Республикасының ішкi нарығында тауарлық газды көтерме
саудада өткiзудiң 2014 жылғы 1 шілде – 31 желтоқсан кезеңіне
арналған шектi бағасы
Р/с |
Өңір |
Қосылған құн салығын есепке алмағанда, мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен |
1. |
Алматы қаласы |
15 881 (он бес мың сегіз жүз сексен бір) |
2. |
Алматы облысы |
15 881 (он бес мың сегіз жүз сексен бір) |
3. |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
14 616 (он төрт мың алты жүз он алты) |
4. |
Жамбыл облысы |
14 310 (он төрт мың үш жүз он) |
5. |
Қызылорда облысы |
5 705 (бес мың жеті жүз бес) |
6. |
Батыс Қазақстан облысы |
10 961 (он мың тоғыз жүз алпыс бір) |
7. |
Ақтөбе облысы |
4 105 (төрт мың бір жүз бес) |
8. |
Атырау облысы |
5 439 (бес мың төрт жүз отыз тоғыз) |
9. |
Қостанай облысы |
15 748 (он бес мың жеті жүз қырық сегіз) |
10. |
Шығыс Қазақстан облысы |
7 563 (жеті мың бес жүз алпыс үш) |
11. |
Маңғыстау облысы |
11 164 (он бір мың бір жүз алпыс төрт) |