Акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банктің кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға бергені провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін кіріс деп танылмайтын және талап ету құқығын беруден түсетін, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банктен кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға байланысты алынған табыстары жиынтық жылдық табысынан алып тасталуға жататын заңды тұлғаны айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 693 қаулысы

«Акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі
ұлттық даму институты болып табылатын банктін кредит (қарыз)
бойынша талап ету құқықтарын басқаға бергені провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін кіріс деп танылмайтын және талап ету құқығын беруден түсетін, акцияларының бақылау пакеті ұлттық баскарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банктен кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға байланысты алынған табыстары жиынтық жылдық табысынан алып тасталуға жататын заңды тұлғаны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 693 қаулысына баспасөз хабарламасы

      «Акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банктің кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға бергені провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін кіріс деп танылмайтын және талап ету құқығын беруден түсетін, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банктен кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға байланысты алынған табыстары жиынтық жылдық табысынан алып тастапуға жататын заңды тұлғаны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 693 қаулысы (бұдан әрі - қаулы) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 90-бабы 2-тармағының 4-2) тармақшасына және 99-бабы 1-тармағының 14-3)тармақшасына сәйкес әзірленді.
      Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қаулының мақсаты «Қазақстанның инвестициялык коры» акционерлік қоғамын:
      1) акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банктің кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға бергені провизиялардың (резервтердін) мөлшерлерін азайтудан түсетін кіріс деп танылмайтын;
      2) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банктен кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға байланысты алынған табыстары жиынтық жылдық табысынан алып тасталуға жататын заңды тұлға болып айқындау болып табылады.
      Қаулы республикалық бюджеттен қаржы шығындарын болжамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкелмейді.
      Болжанатын тиімділігі:
      1) проблемалык кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын «Қазакстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамынан «Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамына беру;
      2) «Қазакстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамынан кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға байланысты алған табыстарды жиынтық жылдық табыстан алып тастау болып табылады.

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа
      технологиялар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз